Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhALPY_ZhAUAPTAR_GAK.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.65 Mб
Скачать

19.2 Жеңіл автокөліктің дөңгелектерін басқарушы бұрыш қондырғысын тексеру және реттеу.

19.3 Біліктерді беріктікке есептеу

Біліктер өздерінің атқару қызметіне байланысты айналу моментін беруге және тісті дөңгелектерді, шкивтерді, жұлдызшаларды, жалғастырғыштарды және т.б. айналмалы бөлшектерді орналастыру үшін қолданылады. Осыған байланысты біліктерге айналдырушы моментпен отырғызылған бөлшектердегі күштен пайда болатынн ию моменті әсер етеді. Сонымен, біліктерді ию және айналдыру моменттеріне есептеу қажет, бірақ жаңа машинаны жобалауда ию моментінің шамасы белгісіз болады. Сондықтан біліктерді есептеу үш кезеңмен орындалады [18].

1. алдын ала есептеу; 2. жобалап есептеу; 3. тексеріп немесе анықтап есептеу.

Алдын ала есептеу. Біліктерді алдынала есептеу тек қана айналу моменті арқылы жүргізіледі. Біліктер тек айналу моментіне жұмыс істейді деп жорамалдаймыз, бірақ ию моментін де ескеруіміз қажет, сондықтан мүмкіндік жанама кернеудің шамасын мөлшерден аз аламыз.

(10.1)

Егер P-кВт, Т-Н·мм, n- мин-1, өлшемдерінде алсақ, d-мм өлшемінде табылады.

Осы есептеуге байланысты жалпы машина жасау өнеркәсібінде, редукторлар дайындауда біліктердің диаметрін төмендегіше анықтауға болады:

мм (10.2)

Сондай-ақ электр қозғалтқышымен жалғасатын біліктердің диаметрі d1 =(0,8 -1,2)dэл қатынасын қанағаттандыру керек.

Есептеліп алынған біліктің диаметрлері бойынша мойынтірек таңдап алып, 9.1 суретте көрсетілгендей машина торабынының жобасын жасаймыз. Бұл жобадан біз біліктің конструкциясын және тіректер ара қашықтығын, тірек пен күш түсетін нүкте ара қашықтықтарын (а, b, с және l) анықтаймыз.

  1. - Билет

1. Қозғалтқыштың суыту жүйесіндегі термостаттың құрылысы, атқаратын қызметі.

2. ОП прибордың көмегімен автомобиль фарын тексеру мен реттеу.

3. Біліктерді жобалап есептеу.

20.1 Термостат. Құрылысы, атқаратын қызметі.

Термостат - бұл қозғалтқышты іске қосу кезінде қызуын тездетуге және оның жұмыс процесінде қажетті деңгейде салқындайтын судың температурасын автоматтық түрде реттеу және сақтау үшінқызмет етеді.

Термостат радиатордың жумысын қозғалтқыштың салқындату жүиесіне оны керекті уақыт аралығында қосып және ажырастырып отырады. Термостат /І.5-сурет/ түрқыдан (I) тез буланатын Сұйықпен толтырылған латундық гофрирленген /жасалған/ цилиндрден (2) /әдетте 15 /0судың қосылысы мен этил спиртін/, қосымша клапаннан (4), негізгі клапанда (7) штоктан 6 тұрады. Термостатты суды цклиндрдің жогарғы басынан радиаторға жеткізетін келте құбыр ға орналастырады. Салқындататын судың температурасы 70°С тан төмен болғанда гофрирленген /жиырылған/ цилиндр (2) сығылада да, клапан (7) судың арна-қуыстан радиаторға бару жолын жабады. Су цилиндр басынан терезе (3) арқылы аиналынған түтікше (8) арқылы су насосына, сонан соң қозғалтқыштың суытылатын арна қуысына барады. Бұл су айналысының тар шеңбері болып есептеледі. Бұл кезде радиатор жүйеден айыратылады. Су температурасы 70°С-дан жоғарылағанда сильфонда Сұйық көбейеді, гофрирленген цилиндр кеңейеді де, негізгі клапан (7) суытатын судың радиаторға баратын жолын ашады, бірақ бір мезетте көмекші клапан (4) жабылады да бұрушы түтікшені 8 жабады. Негізгі клапан 7 судың 86 С температурасында ашылады /ал бұл кезде көмекші клапан жабылады/. Бұл кезде судың бәрі үлкен шеңберде айналады да, олар радйатор арқылы өтерде суйды. Егер салқындататын сүйықтың температураеы 70 С-тан темендеее онда кері құбылыс байқалады.

Су насосы-суыту Жүйесіндегі су айналысын қамтамасыз етуге арналған. Жұмыс барысында еріксіз суыту жүйесінде қарапайым және сенімді жүмыс істеу деген мақсатта насостардың ортадан тепкіштік түрлері қолданылады /І.б-сурет/.Насос-кіргізетін және шығаратын келте құбырлы тұрқыдан (I) , білікшеге (3) орналасқанда қалақшадан (2) және тыгыздақыштық құрам-дардан түрады. Насостың бөлікшесі әдетте желдеткіштің білікшесімен қосылған және де иінді біліктің шкивінен берілетін сынақайысты беріліс арқылы айналымға келеді. Насостың жүмыс істеуі төмендегідей. Су жүйеге насостың қанатшыларының аиналуы арқылы келеді, суды насостың қанатшыларымен қарамай отырып, еріксіз насостың түрқысының қабырғасына лақтырады, сосын осы жерден су айдау қуысына ығыстырылып шығарылады да, келте құбыр бойынша қозғалтқыштың блогының су баратын қуысына беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]