Zhansaya4
.docx№4 Зертханалық жұмыс. Бір өлшемді массив типіндегі мәліметтермен жұмыс
Жұмыстың мақсаты: Есепті шешуде бір өлшемді массив типті мәліметтер құрылымын қолданып бағдарламалауды үйрену.
Зертханалық жұмысты орындаудың әдістемелік ұсыныстар. Массивтер – бұл бірдей типтегі элементтер жиыны (double, float, int ). Массивті жариялағанда компилятор массив элементтерінің типі және олардың саны туралы ақпарат алуы керек. Массив сипатталуының түрі:
спецификатор-тип сипаттаушы [константа - өрнек];
Сипаттаушы - массив идентификаторы.
Спецификатор-тип массивтің элементтерінің типі.
Константа-өрнек массив элементтерінің саны.
С тілінде массивтің бірінші элементінің индексі 0-ге тең.
Зертханалық жұмыс тапсырмалары.
Бір өлшемді массивтерді өңдеу тапсырмаларын шешетін блок-схема түріндегі алгоритм мен бағдарлама құру. Төменде көрсетілген тапсырмаларды бағдарламалауда циклдік операторлардың әр түрін қолдану ұсынылады.
Тапсырма нұсқалары:
-
А(10) массиві берілген. Массив элементтерінің арасындағы алғашқы кездесетін нөлге тең элементке дейінгі оң элементтерінің саны мен қосындысын табу.
-
А(20) массиві берілген. Массив элементтерінің оң сандарының ең кішісі мен ең үлкенін және олардың реттік нөмірін табу.
-
А(15) массиві берілген. Массивтің тақ орындарында орналасқан элементерінің арасындағы ең кіші элементті анықтау керек.
-
А(30) массиві берілген. Массивтің ең кіші және ең үлкен элементтерінің арасындағы оң элементтердің саны мен қосындысын табу.
-
А(20) массивінде соңғы элементтің квадратына тең элемент болса, онда бұл элементтен кейін тұрған барлық элементтерді квадратта, әйтпесе массивті өзгеріссіз қалдыр.