Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhALPY_ZhAUAPTAR_GAK.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.65 Mб
Скачать

15.2 Жинау – жуу және тазалау жұмыстарына арналған жабдықтар.

Тазалау- жуу жұмыстарының көлемі мен құрамы автомобильдің ластануымен анықталады. Ластану деңгейі тасымалдаулар қандай жолдармен жүргеніне ( қатты, шаң жолдар), құрғақ және ылғалды ауа-райында , қандай климаттық аумақта орналасқанына, жұмыстың жазда немесе қыста орындалғанына байланысты да анықталады. Автомобильдің барлық сыртқы беттері ( жоғары, бүйірлік, төменгі беттері), сонымен қатар мотор маңы, капот асты кеңістігі, кузовтың іші, автобус салоны периодты түрде жуып- тазалап тұруды қажет етеді. Жуу жұмыстары тазалау жұмыстарына қарағанда механизациялауға көбірек келеді. Тазалап –жуу жұмыстарын жүргізу технологиясы мынадай: автомобильдің кабинасын, салонын немесе кузовын тазалайды, автомобильді сыртынан жуады, автомобильді құрғатады немесе терезелерін сүртеді. Бұл жұмыстарды автомобильді сыттай жуу аймағында ұйымдастырылады.

Автомобильді жуу тәсілдері орындалу тәсіліне қарай бөлінеді:

  • Қолмен жуу

  • Механикаландырылған жуу

  • Комбинацияланған жуу.

Қолмен жуған кезде су ағымының төменгі қысымы 0,2-0,4МПа, ал жоғарғы қысымы 1,0-2,5 МПа.

Механикаландырылған жуу арнайы қондырғылармен жүргізіледі, құрылысы мен пайдалану жағдайына байланысты былай бөлінеді:

  • Жұмыс органының конструкциясына байланысты: ағынды, щеткалы, ағынды щеткалы.

  • Автомобиль мен қондырғының жұмыс органының салыстырмалы жылжуына байланысты: өтпелі және қозғалмалы.

  • Пайдалану жағдайына қарай: тұрақты және жылжымалы.

  • Басқару тәсіліне қарай: қолмен басқарылатын және автоматты.

Тазалау- жуу жұмыстарына арналған жабдықтар былай бөлінеді:

  • Тазалау жұмыстары мен автомобильдің кузовын санитарлық өңдеуге арналған жабдықтар;

  • Автомобильді жууға арналған жабдықтар;

  • Жуып болған соң автомобильді үрлеу мен құрғатуға арналған жабдықтар;

  • Өндіріс жағдайында регенерацияланған суды пайдалануға арналған қосымша жабдықтар.

Қазіргі кезде ең көп тараған М-130 маркалы ағынды щеткалы жуу қондырғысы. Оның техникалық сипаттамасы:

1)типі: тұрақты, автоматты

2) өнімділігі: автомобиль (сағат 50-70)

3) су шығыны: литр ( автомобиль 600-1200)

4) су қысымы: 3,8 МПа

5) электр қозғалтқыштардың жалпы қуаты : 45кВт

6) габариттік өлшемдері: 7500х5500х40000 мм

7) массасы: 1200 кг

15. 3 Бұрамдықты жұптың кинематикасы мен геометриясы.

  1. 9.2 Бұрамдықты жұптың кинематикасы мен геометриясы

Бұрамдықты беріліс кинематикасы тісті беріліс кинематикасынан өзгеше келеді. Біріншіден, беріліс санының шамасын диаметрлер қатынасы арқылы анықтауға болмайды. Екіншіден, червяк пен червяк дөңгелегінің шеңберлік жылдамдықтары әр түрлі жазықтықта бағытталғанына байланысты, олардың шамысы мен бағыты да әр түрлі келеді. Сондықтан бұрамдықты берілістерде әлбетте сырғанау пайда болады.

Бұрамдықты жұптардың беріліс саны, червяк бір айналғанда, червяк дөңгелегінің ілінісетін тістер санына тең болады.

(9.1)

мұнда n2, z2 – дөңгелектің айналым және тістер саны;

n1, z1 – бұрамдықтың айналым саны және бұранда сызығының кіріс саны.

Беріліс саны әдетте 8-ден 80-ге дейін болады. Қазіргі кезде Бұрамдықты берлістің қуаты 50 киловаттан артпайды. Бұрамдық бұрамасының қадамы рt ілініс қадамы деп аталады, ал оның -ге қатынасы ілініс модулі деп аталады.

(9.2)

Бұрамдық бұрандасы бір кірісті және көп кірісті болуы мүмкін. Ол z1 арқылы белгіленеді.

Бұрамдықтар. Беттік формасы бойынша бұрамдықтар: цилиндрлі және глобоидты болып бөлінеді.

Бұрамдық профилінің формасы бойынша: архимедті, конволютті және эвольвентті болып бөлінеді.

Бұрамдықты ось арқылы қиғанда (I-I) түзу сызықты пішін пайда болса, онда оны архимедті бұрамдық дейді, олар трапециялы бұрандаға ұқсас келеді, сондықтан оларды жиі кездесетін қарапайым бұранда кескіш станоктарда дайындауға болады. Бірақ оларды ажарлау қиын, себебі өңдеу үшін белгілі пішінді өңдейтін арнаулы қайрақтар керек. Осыған байланысты ажарлауды қажет етпейтін, қыздырумен өңделмеген червяктер көбінесе архимед қисығына ұқсас сол пішіндес етіп жасалады.

Ал егер түзу сызықты пішін бұрамдық бұрандасына түскен перпендикуляр арқылы пайда болса, (IІІ -IІІ), онда бұрамдық конволютті бұрамдық деп аталады. Мұндай бұрамдықтерді бұранда ажарлайтын қарапайым станоктарда ажарлау ды қажет ететін бұрамдықтарда жиі қолданылады.

Эвольвентті червяктер қисық тісті дөңгелекке ұқсас келеді (II -IІ), бірақ олардың айырмашылығы -тіс саны аз және тісінің көлбеу бұрышы үлкен. Бұрамдықтың бөлгіш цилиндрінің диаметрі:

(9.3)

мұнда q – бұрамдықтың бөлгіш цилиндрінің диаметріндегі модуль саны. Бұл шама стандартталған (МЕСТ 2144-76).

Бұрамдық бұрандалы винттерге ұқсас, сондықтан оларды бұранда сызығының кіру санына байланысты, бір, екі, үш және төрт кірмелі болып келеді z =1-4. Кірме саны z артқан сайын бұрамдықты берілістердің пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды. Бұрамдықтың бұранда сызығының көтерілу бұрышы

(9.4)

бұл формулада

S=рtz1 бұрамдық жүрісі.

Бұрамдық диаметрлері

(9.5)

Бұрамдық бұрандаларының ұзындығы олардың кірме санына байланысты қабылданады

z1 =1,2; b1 >=(11+0,06z2 )m (9.6)

z1 =4; b1 >=(12,5+0,09z2 )m

Егер Бұрамдықтарды ажарлау қажет болса, онда бұранда ұзындығы 3m мәнін ұзартылады.

Бұрамдық дөңгелектері. Бұрамдық тісті дөңгелектері көбінесе екі бөлектен тұрады. Білікке орналасатын негізгі бөлігі – күпшегі болаттан немесе шойыннан дайындаладыда, соған қоладан жасалған құрсау, тәж (венец) қондырылады. Қола мен болат жанасу кезінде үйкеліс коэффициентінің азаюына байланысты, олар берілістердің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне мүмкіншілік туғызады.

Бұрамдық дөңгелектерінің ілінісу жағдайы мен негізгі өлшемдері 4-суретте көрсетілген. Тістер саны z =26-28 -ден кем алмау керек, негізгі өлшемдері төменгі қатынастармен анықталады.

Бұл шама мемлекеттік стандарт МЕСТ 244-76 бойынша алынады.

  1. - Билет

1. Инжекторлы қозғалтқыштың отын беру жүйесі.

2. Істен шығулар және олардың жіктелуі.

3. Бұрамдықтыберілістердіиілуберіктігінеесептеу.

16. 1 Инжекторлы қозғалтқыштың отын беру жүйесі.

Отынды бүрку жүйесі (англ. Fuel Injection System) — 1980 жылдардан бастап бензинді қозғалтқыштарда жаппай орнатыла бастаған отын беру жүйесі. Карбюраторлы жүйеден негізгі айырмашылығы ол –енгізу коллекторына немесе цилиндрге отынды беру мәжбүрлі түрде форсункалар көмегімен бүрку арқылы жүзеге асырылады. Осындай оталдыру жүйесі бар автомобильдерді коп жағдайда инжекторлы деп атайды. Инжекторлы жүйеде ауа ағынына отынды бүрку арнайы форсункалармен жүзеге асырылады.

Классификациясы

Орнату орны мен форсункалар санына қарай:

Моновпрыскцентральный впрыск, или одноточечный впрыск — барлық цилиндрлерге бир ғана форсунка,әдеттегідей карбюратордың орнында орнатылады (енгізк коллекторында). Қазіргі таңда экологиялық талаптардың өсуіне байланысты танымал емес: Евро-3 экологиялық стандарт әрбір цилиндрге жеке-жеке отынды мөлшерлеуді (дозировка) талап етеді. Моновпрыск қарапайымдылығымен және өте жоғарғы сенімділігімен ерекшелінетін, себебі форсунканың өте ыңғайлы жерде және салқын ауа ағынында орнатылатындығынан.

Распределённый впрыск, или многоточечный впрыск —әрбір цилиндрге енгізу коллекторында енгізу клапанының жанында орнатылған жеке жеке форсункалар қызмет көрсетеді. Соныме қатар таратып бүркудің (распределенный впрыск) бірнеше түрібар:

Бір мезгілде бүрку – барлық форсункалар бір уақытта ашылады.

Жұпты -параллелді (Попарно-параллельный) — форсункалар жұптасып ашылады, сонымен қатар бірінші форсункка енгізу тактысының алдында ашылады, ал екіншісі шығару тактысының алдында ашылады. Отын мен ауа қоспасының цилиндрлерге енуіне клапандар жауап бергендіктен оның аса зор әсері жоқ. Қазіргі заманғы моторларда фазалық бүрку (фазированный впрыск) қолданылады, ал жұптық-параллелді бүрку тек қана қозғалтқышты оталдыру кезінде және таратушы біліктің датчигу істен шыққан кезіндегі апатты режимде ғана қолданылады..

Фазалық бүрку (Фазированный впрыск) — әрбір форсунка жеке жеке басқарылады және енгізу тактісінің алдында ашылады.

Тікелей бүрку (Непосредственный впрыск) – отынды бүрку тікелей жану камерасына барады.

Отын беру жүйесін басқару. Қазіргі таңда отын беру жүйесін арнайы микроконтроллерлермен басқарады. Бұл басқару жүйесін электронды деп атайды. Бұндай жүйенің жұмыс істеу принципы ол форсункалардың ашылу моменті мен ұзақтығын микроконтроллер датчиктерден түскен мәліметтер негізінде қабылдайды. Отын беру жүйесінің ескі түрлерінде конроллердың орнында арнайы механикалық қондырғылар болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]