Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhALPY_ZhAUAPTAR_GAK.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.65 Mб
Скачать

2.1 Роторлы –поршенді қозғалтқыш.

Роторлы қозғалтқыштың артықшылықтары мен кемшіліктері

Поршеньдің, иінді білік пен бұлғақтың болмауы Ванкел қозғалтқышының көлемін және массасын азайтуға көмектеседі, ол көлік құралының басқарулылығын және сипаттамаларының жақсаруын көрсетеді. РПҚ шығудағы қуаттары поршенді қозғалтқыштарға қарағанда біршама төмен. Роторлық қозғалтқыштың барлық бөлшектері бір бағытта айналады, бұл қарапайым қозғалтқыштарға піспектің айнымалы бағыттағы қозғалысымен байланысты вибрацияларды болдырмайды. Ванкел қозғалтқышының көрнікті артықшылықтарымен бірге өтелу күрделі құрылымдық кемшіліктері де бар. Роторлы қозғалтқыштың жану камерасы жоспарда ораққа ұқсас формада болады. Сондықтан бірдей көлемде қарапайым мотордың цилиндрлік камерасы сияқты оның беттік ауданы біршама үлкен. Нәтижесінде қозғалтқыштың үлкен жылу жүктемесі және төмен жылулық ПӘК болды. Одан басқа орақ формалы болуы отын ауа қоспасының толық жануының әкелетін жану камерасын құйынды толтыруға мүмкіндік бермейді. Бұдан поршенді қозғалтқыштармен салыстарғандағы нашар экономикалық тиімділік және зиянды заттар шығару мәселесі туады. Технологиялық кемшіліктер тізімі де өте үлкен. Бірінші орында желінуге төзімді бетті күрделі формадағы статорды жасау процесі тұр. Қиындықтың тағы бірі, ол статор қарапайым моторларға қарағанда температуралық деформацияларға қарсы тұруы керек. Қарапайым моторларда жылу кернеулігі жоғары жану камерасы енгізу және таза жұмыстық зарядты сығымдау фазасында біртіндеп салқындайды, мұнда жану процесі барлық уақытта қозғалтқыштың бір бөлігінде жүреді, ал енгізу басқасында. Келесі бір мәселе ол роторды тығыздықтау. Егер поршенді қозғалтқышта цилиндр айнасымен сақиналар бір шеиімен ғана және тұрақты бұрышпен жанасатын болса, ал РПҚ роторының шындарының тығыщдықтары статорымен әрдайым өзгеретін бұрышпен жанасады, бұл олардың шегінде үлкен жүктемеге алып келеді. Бұдан басқа бұл тығыздықтар шектеулі майлау және нашар жылу алуда жұмыс істейді. Оларды майлау үшін енгізу коллекторына тікелей қосымша май шашу қажет болады, РПҚ экологиялық көрсеткіштерін нашарлатады.

2.2 Көліктік техниканың физикалық ескіру себептері.

КТ жұмыс жағдайы айтарлықтай әр қилы: көбінесе өзінін ауыспалылығындағы абсалютті және келтірілген жүктелулер жоғары; сырғанаудың жоғарғы жылдамдықтары; сусымалы, монолитті және газтәрізді материалдарды қайта өңдеу және тасымалдау; қауіпті ортаның әсері және басқа да пайдалану әсерлері.Бұл әсерлер уақыт өткеннен кейін машиналарда өсе беретін өзгерістерді тудырады, яғни машинаның бөлшектерінің физикалық ескіруі болады.Бұдан бөлек, ескірудің себептері құрылманың жетілмегендігімен, дайындаумен және пайдалану технологиялылығымен (сур.1) байланысты.

Сондықтан ескіру үрдістерін тудыратын факторлардың мәніне және әрекет сипатына байланысты соңғыларында әртүрлі көрсетулер – түрлер бар.Ескіру түрі бойынша оның себебін, ескірудің сол немесе басқа түрінін қауіптілік дәрежесін білуге болады.

Білімнің әртүрлі салаларын біріктіретін ескіру үрдістерін меңгеруге жүйелік - кешендік кірісу әрекеттері белгілі.Мұндай кірісудің тармақтарының бірі, әр түрлі жүйелердегі жұмыстың және басқарудың жалпы принциптерімен айналысатын кибернетика – ғылымы болып табылады.Ескіру үрдісінің әр түрлі жағының диалектикалық бірыңғайлығын, олардың байланысынын әр қилылық формаларын мойындау бұл үрдістің заңдылығын меңгеру, әр түрлі объектілер үшін оны реттеу тәсілдерін табу әдістемелік принцип болуы мүмкін.

Машиналарда болып жатқан ескіру үрдістерінің физикалық мәнін түсіндіру үшін замануй ғылым машиналардың бөлшектерінің құрылымын және қасиеттерінің өзгеруін үш деңгейде қарастырады: субмикроскопиялық, микроскопиялық және макроскопиялық .

Субмикроскопиялық деңгейде бөлшектердің бетіңдегі және көлеміндегі атомдардың диффузиясын, нүктелік дефектінін және дислокацияның өзара әсерін және қозғалысын, атом аралық байланыстың флуктуациондық айырымын қарастырады.Бұл үрдістер атомдық физика және кванттық механикаға сүйенетін қатты дене физикасы - ғылымын зерттейді.

Микроскопиялық деңгейде құймалардағы құрылмалық айналуларды қарастырады мысалы, материалдың толық қасиеттеріне ие бөлшектін түйір шегінде немесе бөлігінде туған температуралық әсерлер, яғни бұлар материалдың алғашқы қасиеттерінің өзгеруіне әкеп соғады.Металдардың және құймалардың қасиеттерімен құрылысы,құрамы арасындағы байланысты орнататын металлтану бұл айналуларды меңгерумен айналысады.Тоттық ортаның әсеріне тап болған бөлшектің материалының бұзылуын осы деңгейде қарастырады, сонымен қатар жанасатын беттердің қиылысу зонасындағы беттік құбылыстар.Бұл үрдістер физикалық химияны, термодинамиканы сонымен қатар механохимияны меңгереді.

Макроскопиялық деңгейде барлық бөлшектердің алғашқы қасиеттерінің өзгеруін қарастырады - әр түрлі деформациялар, тозу кезінде өлшемдердің өзгеруі және басқалар.Бұл үрдістер төзімділік теориясы, иілгіштік теориясы, сырғу теориясы, триботехника бөлімдері – үйкелу және тозу ғылымдарын зерттейді.

Айтылғаннан белгілі, яғни өзінін табиғаты бойынша және көрінуі бойынша әрқилы физиткалық ескіру үрдістері күрделі.Бөлшектердің алғашқы күйінін өзгеруін тудыратын деформациялық , жылулық , химиялық және басқа да үрдістердің бір уақыттағы әрекеті көбінесе жағдайларда орын алатындықтан шын жағдайларда олардың қиындығы одан сайын күшейеді.Машинадағы жекелеген бөлшектердің ескіруі басқа бөлшектердің күшейе ескіруіне әкеп соқтырады.Мысалы, топсаның шпинделінің тозуы динамикалық күштердің тууына әкеп соғады, яғни бұл күштер топсадағы үйкеліс жағдайын қиындатады, бөлшектердің бұзылуына себепші болатын бөлшектердегі кернеулердің жоғарылауын тудырады.Бөлшектердің қасиеттерінің өзгеруі машиналардың жұмыс істеу параметрлерінің өзгеруіне, өнімнің сапасының төмендеуіне немесе машинаның тоқтауына әкеп соқтырады.

Сондықтан көліктік техниканы жоғары өнімділікті, тиімді, қауіпсіз пайдалану тек оларды жасау және шығару, техникалық күтуді және жөндеуді (ТКЖ) қоса алғанда экономикалық , әлеуметтік, техникалық , технологиялық және арнаулы талаптарды орындау кезінде ғана мүмкін.

КТ қойылатын экономикалық талаптар жобалау кезінде, және дайындау кезінде, және пайдалану кезінде әрекет етеді және өнімнің материал сыйымдылығының, металлсыйымдылығының, энергосыйымдылығының минималдығына жетуге бағытталған, яғни өнімді (МЕСТ 14.205.-88) дайындау, пайдалану және жөндеу үрдістерінде материалдық қорды минималды шығындау және машиналарды максималды өндіру және еңбектің максималды өнімділігі кезінде өнімнің өзіндік құнының минималдылығы.

КТ қойылатын әлеуметтік талаптар, оларды максималдық

қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, еңбектің санитарлы-гигиеналық шарттарына ережелік талаптарды қоюға, физикалық қиын қолдық еңбектің үлесін макси-малды төмендетуге, өнді-рістік үрдістерді кешендік механизациялауға және автоматтандыруға бағыт-талған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]