Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

6. Полимиксиндер

Полимиксин М, полимиксин В (аэроспорин, полмикс, бациллоспорин), полимиксин Е (колистин) сульфаттары.

Әсер ету механизмі: микроорганизмдердің цитоплазмасының құрылысы мен қызметін бұзып,бактерицидті әсер көрсетеді.

Әсер ету спектрі тар: грамм (-) таяқшаларға: көкірің таяқшаларға, дизентерия мен шек

таяқшаларына, іш сүзегі мен паратиф таяқшаларына, холера вибрионына, клебсиеллаға,энтеробактерге, гемофильді таяқшаларына әсер етеді.

Қолдану көрсеткіштері: полимиксиндер - терапевті әсерлерінің кеңдігі аз, жоғары уытты

препараттар, сондықтан оларды тек өте қажетті жағдайда қолданады. Емдеу ұзақтығы 5-7 күннен аспауы тиіс. Полимиксиндер АІЖ-да сіңірілмейді және парентеральды енгізгенде ұлпаларға нашар таралады. Полимиксин М сульфаты іріңді жарақаттарды, күйік және жараларды, іріңді отит пен конъюктивитті емдеу үшін ертінді немесе жағылма түрінде жергілікті сыртқа қолданылады. Басқа антибиотиктерге (гастроэнтероколит, жітіт және созылмалы дизентерия) сезімталдығы төмен көкірің таяқшалары мен басқа да грамм (-) флора тудырған ауыр ішек инфекцияларында, сонымен бірге операция алдында ішекті санация жасау үшін ішке қолданылады. Полимиксин В және Е сульфаттары көкрің таяқшаларымен, клебсиелламен және энтеробактермен шақырылған сепсисте, пневманияда, эндокардитте, несеп шығару жолдарының созылмалы ауруларында парентеральды енгізіледі.

Жанама әсері: полимиксин М сульфатын ішке және жергілікті қолданғанда жанама әсер

байқалмайды. Эпигастра тұсының ауырсынулары, диспепсия, аллергия аз байқалып, суперинфекция болуы мүмкін. Полимиксин В және Е сульфаттары парентеральды енгізгенде флебит, нефро- және нейротоксикалық әсер көрсетуі мүмкін.

Қарсы көрсеткіштері бауыр, бүйрек қызметінің бұзылуы және жүктілікте.

Полимиксин М сульфаты Polimyxini M sulfas(Б): 500 000 ӘБ және 1 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда шығарылып,50-100 мл 0,9% NaCl ертіндісі немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіп, ертіндіні тампон мен сальфетканы дымқылдап, шаю (бүрку) үшін немесе тамшы түрінде қолданылады; 2% жағылма;500 000 ӘБ таб. шығарылып, 1-2 таб. тәулігіне 4-6 рет белгіленеді.

7. Әртурлі топтағы антибиотиктер

1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).

Гликопептиттер - стафилакокктарға қарсы резервтегі антибиотиктер. Олар бактерецидті әсер көрсетеді: жасуша қабықшасының синтезін тежейді, цитоплазмалық мембраманың құрылысы мен қызметін бұзып, рибасома деңгейінде РНҚ-ң синтезін әлсіретеді.

Әсер ету спектрі тар: тек грамм (+) аэробты бактерияларға,бета-лактамаза түзушілер мен метициллинрезистентті стафилакокктарға,клостридиялар мен корнебактерияларға әсер етеді.Микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі өте баяу дамиды,басқа антибиотиктермен қиыспалы тұрақтылығы жоқ.. Күре тамырға өте баяу енгізіледі. Басқа антибиотиктерге тұрақты стафилакококктар тудырған ауыр инфекцияларда: сепсисте, стафилакоккты және стрептококкты эндокардитте, пневманияда, менингитте, стафилакоккты энтероколитте, псевдо-мембранозды колитте, аурухана ішілік инфекцияларда қолданылады. Гликопептидтер - терапевтикалық әсерінің кеңдігі тар улы антибиотиктер.

Жанама әсері: нефроуытты; отоуытты; гемотоуытты; тромбофлебит; анафилаксия; бет пен мойынның қызаруы, гипотензия, кеуде мен омыртқа жотасының түйілуі (әсіресе жылдам енгізгенде) байқалуы мүмкін.

  1. Ристомицин - микроб қабықшасының синтезін бұзып, бактероцидті әсер етеді. Көбінесе грамм (+) кокктарға (стафилококк, стрептококк, пневмококк, энтерококк), сонымен бірге грамм (+) бактерияларға (листерия, клостридия, кейбір анаэробтар, коринебактериялар) әсер көрсетеді. Ристомицин грамм (+) қоздырғыштармен шақырылған (көбінесе стафилакокк немесе басқа антибиотиктер әсер етпей жатқанда) ауыр септикалық ауруларда тағайындап, тек к/т енгізіледі. Микроорагнизмдердің екіншілік резистенттілігі баяу дамиды. Ристомицин — улы; флебит, аллергия, дірілдеу, жүрек айну, есту жүйесінің қайтымсыз зақымдалуы, гемато-, нефро-, кейде гепатотоксикалық әсер тудыруы мүмкін.

  2. Анзамициндер: рифампицин (бенемицин). Әсер ету механизмі: РНҚ-ң синтезін бұзып, бактериостатикалық әсер етеді.

Әсер ету спектрі кең: сонымен қатар рифампицинге жоғары сезімтал микроорагнизмдерге (туберкулез микробактериясына, лепра, гемофильді таяқшалар) бактерицидті әсер етеді. Кокктарға, соның ішінде гонорея, сібір жарасының таяқшасы, газды гангрена клостридиясы, протей, сальмонелла, бруцелла, трахома, коклюш, кұтыру қоздырғыштарына белсенділігі жоғары.Рифампицинге микроорганизмдердің екіншілік резистенттілігі жылдам пайда болады, сондықтан резервтегі антибиотик болып табылады. Оны көбінесе басқа микробқа қарсы дәрілермен қиыстырады.

Қолдану көрсеткіштері :негізгі қолдану көрсеткіштері өкпе мен басқа да мушелердің туберкулезі (рифампицин АІЖ-да жақсы сіңіргіш, ағзаның барлық ұлпалары мен сұйытықтарына жақсы таралады, туберкулезді емдеу үшін туберкулезге қарсы дәрлермен қиыстырылып қолданылады), алапесті (лепраны) емдеуде, тыныс алу мүшелерінің инфекциясында, менингитте, остеомиелитте, зәр және өт жолдарының инфекциясында, жіті гонореяда қолданылады.

Жанама әсері аллергиялық реакциялар, диспепсия, бауыр қызметің бұзылуы, лейкопения, зәр, сілекей, көз жас сұйықтықтарының қызыл сары түске боялуы мүмкін. Рифампицин бауырдың метаболикалык процестеріне әсер етіп, кейбір заттардың биотрансформациясын жылдамдатады (оймақгул препараттары, әсері тікелей емес антикоаугулянттар, пероральды гипогликемиялық дәрілер, контрацептивтер, Д, К, Вс витаминдері).

Қарсы көрсеткіштері: бауыр мен бүйрек ауруларында, көтере алмауда, жүктілікте, емшектегі балаға қолдануға болмайды.

Рифампицин-Rifampicinum (Б): 0,15 және 0,3 капс шығарылып, 1-2 капс, 2-3 рет тәулігіне 30 минут -1 сағат тамақтан бұрын; 0,15 құрғақ зат флаконда шығарылып, 2-5 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 125 мл 5% глюкоза еріт. тәулігіне 2-3 рет тамшылатып к/т енгізіледі.

Рифампицин туындылары: рифабутин (микобутин) - туберкулез микробактериясына әсері

жағынан рифампициннен 2-20 есе жоғары: рифамлетен - әсері ұзартылған препарат, аптасына 1 рет белгіленеді.

4.Фузидин - натрий - ақуыз синтезін тежеп, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Фузидин

стафилакокктарға, сонымен қатар стрептококктарға, менингококктарға, гонококктарға белсенділік көрсетеді. Стафилакоккты остеомиелитте және басқа да стафилококты инфекцияларда: пневмания, бауыр мен ет жолдарының ауруларында, септицемия, тері мен жұмсақ ұлпа инфекцияларында қолданылады. Жанама әсері ішке қабылдағанда диспепсия, күре тамырға енгізгенде флебит байқалуы мүмкін.

5. Фузафунжин (биопарокс) - микробқа қарсы және қабынуға қарсы әсері бар.

Әсер ету спектрі: стрептококктар, пневмококктар, кейбір анаэробты, микоплазма, кандида

тобындағы саңырауқұлақтар. Мұрын, жұтқыншақ, тыныс жолдарының (синусит, ринит, фарингит, тонзилит, ларингит, трахеит, бронхит) қабыну және жұқпалы ауруларын жергілікті емдеу үшін тек ингаляция түрінде белгіленеді.Емдеу курсы 10 күн, өйткені дисбактериоз пайда болуы мүмкін. Жанама әсері тітіркендіргіш әсер көрсетуі мүмкін.