Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)

Строфантин К – Strophantinum K (А): 0,05% 1мл ерітіндісі амп 10-20мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен араластырып к/т баяу енгізеді әсері 5-10мин басталып 0,5-1,5сағ созылады, ағзадан 1-3 күннің ішінде шығады.

Коргликон – Corgliconum (Б): 0,06% 1мл ерітінді амп – 10-20мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен араластырып к/т баяу енгіземіз. Строфантинге қарағанда әсері тез бірақ қысқа.

Улану: бұл дәрілік заттарды мөлшерінен тыс асырғанда ағза улануы мүмкін.

Белгілері: БРАДИКАРДИЯ, АРИТМИЯ, ҚҰСУ, ЛОҚСУ, Көздің көруінің нашарлауы, сандырақ, галлюценация, тырысулар және ағза қысымының төмендеуі мүмкін. Жүрек қызметі тоқтауынан адам өледі.

Жәрдем: дәрілік заттың берілуі тоқталынады, жүрек гликозидінің антоганисі (унитиол), калий препараттары (калий хлориді к/т; панангин – ішке); антиаретмиялық дәрілік заттар (лидокаин, дифенин, амиодарон және т.б.), брадикардияда – атропин.

Жүрек гликозидтері қандағы калий ионының концентрациясын төмендететін дәрілік заттармен (тиазидті диуретиктер, кортикосероидтар) бірге қолданылады. Сол кезде кардиотоникалық әсері күшейеді.

Бейгликозидті (стероидты емес) кардиотоникалық дәрілер.

Жүрек жұмысын күшейтетін дәрілерге сонымен қатар адреномиметиктер дофамин, метилксантиндер және глюкагон жатады. Бірақ жүрек – қан тамыр жүйесіне жанама әсері (тахикардия, аритмия, және т.б.) көп болғандықтан, кардиотоникалық дәрі – дәрмек ретінде қолданылуы шектеулі. әсер ету механизміне қарай келесі топтарға жіктейміз:

  1. Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.

  2. Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.

Әсер ету механизмі:Синтетикалық препараттар жүрек гликозидтерінен айырмашылығы миокард жасушасындағы кальций бос иондарымен ц-АМФ-ң құрамы жоғарлауы мен байланысты. Амринонды жүрек жеткіліксіздігінде жүрек гликозидтерінің әсері тиімсіз болғанда қолданамыз. Күре тамырларды кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді, өкпе артериясы және шеткі тамырлардың қарсылығын төмендетеді. Терапевтік дозада жүрек ритміне және артериялық қысымға әсер етпейді.

Қолданылуы: қысқа уақыттағы терапияды, жүрек жетіспеушілігінде қолданамыз.

2. Антиаритмиялық дәрілік заттар

Бұл препараттар жүрек жиырылу ритмінің өзгеруін ескереді. Автоматизм өткізгіштігін, қоздырғыштығын өзгертеді.

Аритмияның түрлері:

  1. экстрасистолия – жүрекше мен қарыншаның ретсіз жиырылуы;

  2. ұстамалы тахикардия – суправентрикулярлы немесе вентрикулярлы;

  3. жыпылық аритмия – жүрекше және қарынша жыпылықтауы;

  4. жүректің өткізгіштік жүйесінің (синоартериальды немесе атриовентрикулярлы бөгет) бөгеті.

Жүрек жиырылуы ырғағының бұзылуын емдеудің алдын алу үшін ырғақсыздыққ қарсы дәріліер қолданылады. Негізігі бағыты мен әсері ету механизміне қарай мына топтарға бөлеміз:

    1. Тахиаритмияны басатын дәрілір

I тобы. Мембрананы реттеуші дәрілір – натрий, калий, кальций, хлор иондарының тасымалдануын тежеп қозғыштықты, өткізгіштікті және афтоматизмді төмендетіп жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады.

I А топшасы (хинидин тобы): хинидин сульфаты, новокаинамид (прокаинамид), дизопирамид (корапейс, норпейс, ритмилен, ритмодан), этмозин (морацизин) – жүрекше мен қарыншаның өткізгіштігін төмендетеді, Әртүрлі қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады. Хинидин, дизопирамид және этмозиннің М – холинолитикалық әсері бар, сондықтан тахикардия тудырып, атриовентрикулярлы өткізгіштікке алып келеді.

Жанама әсері: миокард жиырылуының тежелуі, жүректің қан айдау қызметі мен артериялық қысының төмендеуі байқалады, жүрек өткізгіштігінің бұзылуында (II-III дәрежелі бөгетте) айқын жүрек жеткіліксіздігінде және ГИПОТОНИЯДА қолдануға болмайды.

Хинидин сульфаты – Chinidini sulfas (Б): 0,1-0,2таб - 0,2гр таб әр 1сағат сайын немесе басқа сызба бойынша ұстама басылғанша беріледі.

Жанама әсері: лоқсу, құсу, іш өту, есту мен көру қабілетінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар байқалады.

Новокаинамид – Novocainamidum (Б): таб 0,25-0,5 – 1-4таб тәулігіне 4-6мезгіл, 10% ерітінді амп б/е, к/т, натрий хлорид изотоникалық ерітіндісімен (глюкоза ерітіндісімен тамшылатып күре тамырға енгіземіз).

Кері әсері: гипотензия, лоқсу, құсу, ауызға ащы дәмнің келуі, іш өту, жалпы әлсіздік, бас ауырады, ұйқысыздық пайда болады, қозғыштық және ұйқысыздық пайда болады.

Дизопирамид – Disopyramidum (Б): 0,1 капс. – 1-2капс.тәулігіне 3-4 мзгіл, амп 1% 5мл ерітінді амп.шығарылып к/т 1-3мл ден енгізіледі.

Этмозин – Aethmosinum (Б): таб 0,1 – 1 таб 3-4 мезгіл тәулігіне, амп 2,5%

Ерітінді 2мл б/е, к/т.

I В топшасы (лидокаин тобы): лидокаин (ксикаин), мексилетин (мекситил), дифенин (фенитоин, дифенилгидантоин). Бұл топтың I А топшасынан айырмашылығы мембранада калий иондарының өткізгіштігін жоғарлатып жасушадан шығуын жеңулдетеді. Лидокаин автоматизмді тежеу нәтижесінде эктопиялық қозу ошақтарын төмендетеді. Хинидинге қарағанда әсер потенциал ұзақтығымен қозусыздық (рефлекторлы) кезеңінің тиімділігін төмендетеді. Гемодинамикаға әлсіз әсер етеді. әсіресе жүректің ишемиялық ауруының, миокард инфарктының асқынуынан пайда болған қарынша тахикардисында қолданылады.

Лидокаин – 1-2% ерітінді, бачу ағын мен немесе тамшылап к/т енгізіледі. Енгізгеннен кейін 10-20минут ішінде әсері болады. Артериялық қысым төмендейді, бас айналады, тырысулар, атриовентрикулярлы бөгет және тахиаритмия туу мүмкін.

Мексилетин – асқазан ішек жолдарында жақсы сіңіп көбінесе қарынша экстрасистолиясында ішке және парентеральды тағайындалатын лидокаин туындысы.

Дифенин – жүрек гликозидтерінің мөлшерден тыс енгізуінен пайда болған тахиаритмияда қолданылатын, эпилепсияға қарсы дәрі-дәрмек. Автоматизмді тежеп потенциал әсерін қысқартады және өткізгіштікке әсер етпейді. АІЖ-да баяу сіңіп ішке және к/т енгіземіз.

I С топшасы: аймалин (гилуритмал), этацизин, тирацизин (боннекор), пропафенон (ритмонорм) – I А топшасына ұқсас. Жүрекше және қарынша өткізгіштігін нашарлатады. Гемодинамикаға (миокард жиырылғыштығына, жүректің қанды айдауы, артериялық қысым) әлсіз әсер етеді. қарынша үсті мен қарынша тахиаритмиясында қолданылады.

Аймалин – Ajmalinum (Б): таб 0,05; 2,5% 2 мл ерітінді. Амп б/е, к/т енгіземіз. Аймалин рауволфия алкалоиды болып табылады. АҚ төмендетіп коронарлы қан айналымды жақсартады.

Этацизин – Aethacisinum (Б): таб 0,05; 2,5% 2мл ден ерітінді к/т.

II тобы. β – адреноблокаторлар: анаприлин, метопролол және т.б. – ырғақтың синустық бөлігінде деполяризациялану кезеңінде жасуша кальий мен натрий иондарының енуін және жасушадан калий иондарының шығуын бұзып, қозғыштықты, жиырылғыштықты және өткізгіштікті төмендете отырып, адреноблокатор және тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Қарынша үсті және қарынша аритмиясында қолданылады.

Кері әсері: миокард жиырылғыштығының төмендеуінен жедел жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне өткізгіштің баяулауынан атриовентрикулярлы блокадаға алып келуі мүмкін.

III тобы. Amiodaronum – амиодарон (кордарон) (Б) 0,2 таб. 5% 3мл еріт. амп, тамшылап к/т енгіземіз.

Орнид (бретилий) - симпатолик болып табылады. Бұл препараттар кардиомиоцидтердің мембраналық К иондары үшін өткізгіштігін тежеп реполяризациялық процестің және рефлекторлы кезеңінің тиімділігін ұзарта отырып жүрекше қарынша өткізгіштігін баяулауға алып келетін артерия – қан қысым мен жиырылғыштығына біршама төмендетеді. Басқа дәрілер әсер етпеген жағдайлардағы қарынша үсті және қарынша аритмиясында көбінесе жүректің ишемиясының ауруымен ауыратын науқас өмірше қауіпті аритмияларда, миокардидте, жүрекше фибриляциясында қолданылады.

IV Са ариаларының блокаторлары .

Верапамил (изоптин, Филоптин), дилтиазем. Са иондары арқылы эктопиялық ошақтарды жасушаның кенеттен деполяризациялануын баяулатады. Са иондары жүрек қан тамыр жүйесін қызметі мен қан тамырлардың тонусы Са иондарының алмасуына көбінесе жасуша ішілік сыртқа таралуы тікелей байланысты. Сондықтан Са иондарының кинетикасын басқарудың үлкен маңызы бар. Са арналарын тежеу. Соңғы жылдары Са арналарын тежеу медициналық тәжірибеде өте кең қолданылады.

Верапамил Verapamilum (Б) таб 0,04; 0,08 1-2таб-дан тәулігіне 3-4мезгіл, тамақ 30мин алдын, 0,25% ерітінді 2мл, амп в/в Са ариаларын таңдамалы тежеп автоматизмді төмендетеді. Антиаритмиялық антиангинальды және гипотензивті әсер көрсетіп Суправен тикулярлы аритмияда жүрекше фибриляциясында, пароксизмальды қарынша үсті тахикардияда қолданылады.

Жанама әсері: гипотензия жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің күшеюі Атриовентикулярлы бөгет, лоқсу, құсу, бас айналу, реакциялық аллергия.

Әр түрлі препараттар.

Аденозин - Суправентрикулярлы ұстамалы тахикардияда қолданылады.

Жүрек гликозидтері (Дигоксин) - тек жүрекше лүпілдеуі мен жыпылықтауда қолданылады.

MaSO4 - қарынша тахикардия, жыпылықтауы.

CaCl, Панангин - гипокалимиялық ырғақсызда, жүрек гликозидтері мен уланғанда қолданылады.

2. Брадиаритмияға қарсы әсер ететін дәрілік заттар – әртүрлі брадиаритмияны (синусты брадикардия, синоатриальды, атриовентрикулярлы бөгет және т.б.) басу үшін қолданылатын дәрілер 2 топқа бөлінеді.

  1. М – холинолитиктер Атропин – кезеген жүйкенің әсерін төмендетеді.

  2. Адреномиметик: изадрин, адреналин – жүректің β – адренорецепторларын қоздырып, кардиомиоцидтерге калций иондарының және ц-АМФ құрамын жоғарлатып, автоматизмді күшейтіп және өткізгіштікті жақсарта отырып, жүрек ырғағын қалпына келтіреді.