Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер

Эфферентті иннервация вегетативті жүйкелерден (ішкі мүшелерді, қан тамырларды, бездерді қамтамасыз етеді) және қаңқа бұлшық еттерінің қозғалтқыш жүйкелерінен тұрады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден тұрады. Симпатикалық ганглийлер мүшелерден тыс, ал парасимпатикалық ганглийлер мүшелерде орналасқан. Преганглионарлы және постганглионарлы талшықтар деп ажыратылады. Жүйке талшықтарының мүшелердің жасушаларымен түйіскен жерін синапс (түйіспе) деп атаймыз. Синапс пен ганглийларда қозу арнайы химиялық зат – медиатор (дәнекер) арқылы өтеді. Холинергиялық синапстың, сондай-ақ симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлердің медиаторы ацетилхолин болып табылады. Холинергиялық синапста қозудың берілуі ацетилхолин медиаторы арқылы жүзеге асырылады. Ацетилхолин холинергиялық нейрондар ұштарының цитоплазмасында синтезделеді. Ол холинацетилазаның цитоплазмалық энзимінің қатынасында холин және ацетилкоэнзим – А – дан пайда болады. Ацетилкоэнзим синапстық көпіршіктерде жинақталады. Ал адренергиялық синапстың медиаторы – норадреналин болып табылады. Ацетилхолинге сезімтал рецепторды холинорецептор, ал норадреналинге сезімтал рецепторларды адренорецептор деп атаймыз. Осы рецепторларды қуаттандыратын препараттарды миметиктер, ал тежейтін препараттарды блокаторлар деп атаймыз. Холинорецепторлардың екі түрі бар: М-холинорецепторлар (мускаринге сезімтал), олар парасимпатикалық жүйке талшықтарының ганглийден кейінгі жүйке ұштарында және ОЖЖ-де орналасқан: Н-холинорецепторлар (никотинге сезімтал), олар симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде, синокаротид аймақта, бүйрек үсті безінің хромаффинді жасушаларында, қаңқа бұлшық еттерінің жасушаларында және ОЖЖ-де орналасқан. Холинергиялық синапста қозу келесі жолмен өтеді: жүйке импульсі ОЖЖ-нен холинергиялық жүйке талшықтарының ұштарына жетіп, синапстық саңылауға ацетилхолин бөлініп, постсинапстық мембрананың рецепторларымен байланысып, ол ағза қызметінің өзгеруіне алып келеді, ацетилхолинэстераза ферментінің әсерінен бұзылып, жүйке ұштарына біртіндеп жиналады.

Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :

Ынталандыратын әсерлер

Тежегіш әсерлер

Жүрек

Жүрекшелер арқылы өткізгіштіктің өту жылдамдығының күшеюі

Брадикардия,жүректің тоқтауы. Жүрекшенің жиырылу белсенділігінің төмендеуі . Атриовентрикулярлы түйіннің тежелуі және тоқтауы.Жүректің өткізгіштік жүйесі бойынша өткізгіштік жылдамдығының төмендеуі.

Қан тамырлары

Қаңқа бұлшық еттерінің және сілекей бездерінің тамырларын кеңейтеді

Тегіс бұлшық еттер

Бронхтың,асқазанның ,ішектің , өт қапшығының,өт жолдарының,қуықтың бұлшық еттерін,нұрлы қабаттың айналма бұлшық еттерін, көздің кірпікшелі бұлшық еттерін тарылтады (моторикасы мен тонусын жоғарылайды )

Асқазанның,ішектің,қуықтың сфинктерлерін босаңсытады.

Бездер

Бронхтың,асқазанның ,ішектің , сілекейдің,жастың,мұрын-жұтқыншақ бездерінің секрециясы жоғарылайды.