Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

Майда еритін витаминдер

Ретинол ацетаты – Retinoli acetas : 3 300 ХБ драже; 0,2 капс (3 300 және 5 000 ХБ) – алдын алу үшін; 33 000 ХБ таб және капс; 25 000 ХБ; 50 000 және 100 000 ХБ 1 мл майлы еріт. амп емдеу үшін б/е енгізіледі. А витамині балық майы, сиыр майы, бауыр, сүт және сүт өнімдерінің құрамында кездеседі. Ағзада витамин А-ға айналатын өсімдіктің құрамында (сәбіз, шырғанақ, итмұрын және т.б.) каротин түрінде кездеседі. Тотығу-тотықсыздану процестеріне, ақуыз, көмірсу, май синтезіне, көру пурупурасына қатысады. Жеткілісіздігінде гемеролопия (ақшам соқыр), терінің қабыршақтануы, ксерофтальмия, кератомаляция, жоғарғы тыныс жолдарының, АІЖ-ң несеп джыныс жолдарының зақымдалуы, гипохромды анемияға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі байқалады.

Гипервитаминозда: бас ауруы, ұйқы келуі, лоқсу, құсу, көз қарығуы (жарыққа қарай алмау), тырысулар, терінің құрғауы, дақтану, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы, буын аурулары, ал балаларда-гиперостаз, бауыр мен көк бауырдың үлкеюі, диспепсия және бас ауруы байқалады. Емдеу А-витаминін қабылдауды доғару болып табылады.

Эргокальциферол – Ergocalciferolum (Vit. D2)(Б): 0,125% 10 мл майлы ерті. Флаконда шығарылып, 0,5% 5 мл спиртті ерітіндісін 1-2 тамшыдан тағайындайды. Д2 витамині балық майының, сары май, жұмыртқа сарысының құрамында кезедеседі. Сүйек ұлпасының минерализациясы мен қандағы кальций иондарының мөлшерін реттейді. Жеткіліксіздігінде: рахит, остеомаляция, остеопоро байқалады. Рахитте, остеодистрофияда тағайындалады. Гипервитаминозда: сүйектің патологиялық деминерализациясы және бүйрек, қан тамыр, жүрек, өкпе, ішекте кальций иондарының көбеюінен адам өліміне алып келуі мүмкін. Е, А, В, С витаминдерін, магний, калий препараттарын, кортикостероидтарды белгілейді.

Токоферол ацетаты – Tocopheroli acetas: 5%, 10%, 30% 1 мл майлы еріт. амп шығарылып, б/е енгізіледі; 5%, 10%, 30% 25мл және 50 мл майлы еріт. флаконда шығарылып, 5-15 тамшыдан тәулігіне 1-2 рет ішке; 0,1 капс белгіленеді. Өсімдік майларының құрамында кезедеседі. Жыныстық бездерінің қызметін реттейді. Антиоксидантты әсері бар. Өздігінен болған түсікте, бұлшық ет дистрофиясында, стенокардияда, шеткерлік тамырлардың зақымдалуында және ревматоидты артритте белгіленеді.

Витамин К («Викасол» препараты). («Қан жүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбына қара).

Поливитаминдер

Поливитаминді препараттардың құрамында әртүрлі микро-макро элементтер қосылған әртүрлі мөлшердегі витаминдер жиынтығы. Әртүрлі жағдайларда емдеу және алдын алу үшін қолданылады.

Толықтырғышы жоқ поливитаминді препараттарға «Аскорутин», «Пентовит», «Гексавит», «Гептавит» «Декамевит» таблетка; «Ревит», «Ундевит» драже; «Аевит» капсула; «Витанова» грануласы және т.б. жатады.

Микро және макро элементтері қосылған поливитаминді препараттарға: «ОЛиговит», «Супрадин», «Квадевит» драже; «Юникап М», «Юникап Т», «Прегнавит» (таб, капс); «Таксофит» капс Джунгли (таб. сироп, тамшы), т.б. жатады.

Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер