- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
Өкпе ісінуі жүрек қан - тамыр жүйесінің аурулары кезінде химиялық заттармен өкпенің зақымдалуы кезінде, бірқатар жұқпалы аурулар кезінде, бүйрек, бауыр патологиясында, ми ісігінде пайда болуы мүмкін.
Келесі топ препараттары қолданылады:
Көбікті басатын дәрілер (этил спиртінің буын оттегімен араластырып дем алады).
Наркотикалық анальгетиктер: морфин, фентанил, таламонал (фентанил дроперидолмен) – шеткерлік артериямен күре тамырларды кеңейтіп, қан айналымының кіші шеңберінде іркіліп қалуын азайтып, артериялық қысымын төмендетеді.
Дегидратациялық (сусыздандыратын) дәрілер: маннит, мочевина – судың ісінген ұлпалардан тамырларға өтуін қамтамасыз етіп, несеп айдаушы әсері бар. Күре тамырға енгізіледі.
Несеп айдаушы дәрілер: фуросемид, этакрин қышқылы – айналымдағы қан көлемін төмендетіп, гипотензивті әсер етеді.
Гипотензивті дәрілер – артериялық, веналық қысымын төмендетеді. Ганглиоблокаторлар: бензогексоний, пентамин; әсері миотропты гипотензивті дәрі натрий нитропруссиді.
Егер өкпе ісігі жүреу қызметінің жеткіліксіздігімен байланысты болса (қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда), онда әсері тез жүрек гликозидтерін белгілейді: строфантин, коргликон.
Глюкокортикоидтар – қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, преднизолон күре тамырға енгізіледі.
Миометрияға әсер ететін дәрілер
Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігін нейрогуморальды механизмдер реттейді. Миометрияда М-холинорецепторлар, α және β2 – адренорецепторлар орналасқан. Миометрияның секреторлы белсенділігіне сонымен қатар эстроген (әйел жыныс гормоны), окситоцин (гипофиздің артқы бөлігінің гормоны) және простагландин қуаттандырғыш әсер көрсетеді. Миометриияның жиырылғыштық қызметін фармакологиялық тұрғыда реттеу жатырға нейрогенді немесе гуморальды әсер ететін түрі өзгерген эндогенді заттар мен препараттар қолдануға негізделеді.
Миометрияның тонусы мен секреторлы белсенділігіне әсер ететін дәрілер бірнеше топтарға жіктеледі:
Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
миометрия – жатырдың бұлшық етті жүйесі. Миометрияның ырғақты жиырылуын күшейтетін дәрілер тек клиникалық жағдайда босану ағынын жеңілдетеді.
Окситоцин тобының препараттары: окситоцин (синтоцинон), метилокситоцин, дезаминоокситоцин (сандопарт), питуитрин, гифотоцин (питуитрин М).
Окситоцин – миометрияның ырғақты жиырылуын тудыратын гипофиздің артқы бөлігінің (синтетикалық препараттарда осындай атауға ие) гормоны. Окситоцин миометрия мембранасының жасушаларына калий иондарының өткізгіштігін жоғарлата отырып, әсер потенциалын азайтып, қозуды күшейтеді. Окситоцинге жатыр жүктіліктің соңғы айларында әсіресе босану кезінде күшейтеді. Окситоцин мерзімінен бұрын су кеткенде тиімді. Миометрияда окситоциннің әсерінен эстрогенді гормондар күшейтеді. Окситоцин сүт безінің секрециясын жоғарлатады. Босануды (толғақты) шақыру және қуаттандыруда (к/т (мин 8-40 тамшыға дейін), босанғаннан кейінгі жатырдан гипотониялық қан кетуді тоқтату үшін қолданылады. Жамбас пен ұрықтың (іштегі бала) өлшемі сәйкес келмеуінде, ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуында, жатырдың жыртылу қауіпінде, кесар тілігінен кейінгі жатыр тыртығында қолдануға болмайды.
Окситоцин – Oxytocinum (Б): 1 мл (1мл – 5ӘБ) амп к/т (1 мл-н 5% 500мл глюкоза ерітіндісімен) тамшылатып енгізіледі.
Метилокситоцин – окситоциннің синтетикалық аналогы; әсері, қолданылуы және қолдануға қарсы көрсеткіштері жоғарыдағыдай.
Дезаминоокситоцин – 50 ӘБ таб – босануды күшейту үшін трансбуккальды (шайнамай және жұтпай ұртында сіңіру қажет) әр 30 мин сайын 1 таб белгіленеді. Сонымен бірге босанғаннан кейінгі кезеңде жатырдың инволюциясын (қайтадан даму) тездету және лактацияны қуаттандыру үшін қолданылады.
Питуитрин – жануарлар гипофизінің артқы бөлігінен алынатын сулы сығынды. Құрамында окситоцин және вазопресин (антидиуретикалық гормон) бар. Ағзада судың сіңірілуін төмендетіп, АҚ-ы жоғарлататын әсері бар. Қолданылуы окситоцинге ұқсас, антидиуретикалық қасиетіне байланысты қантты емес диабетте және энурезде (несептің тоқтамауы) қолданылады.
Жанама әсері: жағынан АҚ-ң жоғарлауы байқалады.
Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жоғарыдағыдай және де гипертониялық ауруларда, айқын атеросклерозда, миокардитте, сепсисте, тромбофлебитте және жүктіліктің нефропатиясында қолдануға болмайды.
Питуитрин – Pituitrinum (Б): 1 мл (5 ӘБ) амп – толғақты күшейту үшін 0,2-0,25 мл әр 15-30 мин. сайын 4-6рет т/а, б/е енгізіледі; жатырдан гипотониялық қан кетуді алдын алу және тоқтату үшін 1 мл б/е және 1 мл-н 5% 500 мл глюкоза ерітіндісімен к/т тамшылатып, ал 1 мл-ден б/е – энурезде және қантты емес диабетте белгіленеді.
Гифотоцин – құрамында вазопрессині аз питуитрин болып табылады, б/е және к/т енгізіледі.
Простагландиндер тобының препараты: динопрост (энзапрост F, простагландин F), динопростон (простагландин Е, простин Е, препедил гель).
Простагландиндер – ағзаның барлық мүшелері мен ұлпаларында түзілетін, жартылай қаныққан май қышқылыдарының туындысы болып табылатын биологиялық белсенді заттар. Простагландиндердің Е және F түрі миометрияның тонусы мен жиырылу белсенділігіне күшті және қуаттандыру (кейде окситоцинмен біргі) үшін, сонымен қатар медициналық көрсеткіштері бойынша жүктіліктің соңғы айларында (13-25 апта аралығында) оны тоқтату үшін қолданылады.
Жанама әсері: жағынан лоқсу, құсу, іш өту, тахикардия, бронхспазм, гипертермия, аллергиялық реакциялар, флебиттер (әсіресе к/т енгізгенде) байқалады. Ал интравагинальды, экстрааминальды (ұрық қабықшасының сыртынан) 15 аптаға дейінгі кезеңдегі және интрааминальды (ұрық қабықшасының ішінен) 15 аптадан асқан кезеңдегі жүктілікте жанама әсерлер аз байқалады. Окситоцинге ұқсас, срндай-ақ жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларының ауыр түрінде, бүйрек, бауыр, қан жүйесінің ауруларында, бронх демікпесінде, глаукомада және эпилепсияда қолдануға болмайды.
Динопрост – Dinoprost (Б): 0,001 және 0,005 құрғақ зат амп. Шығарылады, 5% 500 мл глюкоза немесе 0,9% натрий хлорид ерітіндісінде ерітіп, нұсқауы бойынша к/т тамшылатып енгізіледі.
Динопростон – Dinoprostonum (Б): 0,0005 таб шығарылып (1 таб. әр 1 сағат сайын) тек стационар жағдайында: 0,01% 5 мл еріт. амп шығарылып, 500 мл 0,9% натрий хлорид немесе 5% глюкоза еріт. бірге к/т тамшылатып енгізіледі; 0,04% және 0,08% 3 мл гель, 0,1% 2,5 мл еріт. (бір реттік инеде) – қынапқа 1 рет немесе әр 6 сағ сайын екеуден енгізіледі.
