Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

Дофаминергиялық дәрілер

Дофамин – α-тирозиннен түзетін биогенді амин болып табылады. Ол норадреналиннің серігі. Нейромедиатор ретінде ол ОЖЖ-нің қызметінде маңызды қызмет атқарады. Дофаминергиялық процеске әсер етуі, бірқатар нейротропты, соның ішінде психотропты препараттардың әсер ету механизмімен байланысты. Дофаминергиялық рецепторлардың әртүрлі подтиптері бар: Д1 және Д2. Д1-рецепторларының қызметі доаминнің аденилатциклазаның белсенділігі мен циклді АМФ-тың түзілуіне қуаттандырғыш әсерімен байланысты. Д2-рецепторлар бұл әсермен байланысты емес. Дофамин шок жағдайында (кардиогенді, травмалық, эндотоксикалық, операциядан кейінгі, гиповолемиялық т.б. шокта) қолданылады. Тек күре тамырға тамшылатып енгізеді. Әсері тез басталып 5-10 мин. кейін (енгізіп болғаннан соң) аяқталады.

Дофамин – Dophaminum (Б): 0,5%; 0,4% 5 мл еріт. амп; 125 мл немесе 400 мл 0,9% натрий хлорид, глюкоза ерітіндісімен араластырып, күре тамырға 2-3 сағат тамшылатып, 1-4 күн бойы енгізіледі.

Орталыққа әсер ететін тікелей дофаминомим етиктер – ОЖЖ-ң Д2 рецепторын қуаттандыратын.

Бромокриптин (парлодел) – гипоталамустың дофаминді рецепторларын қуаттандырып, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормонының әсіресе пролактин мен соматотропиннің синтезін тежейді. Лактацияны төмендету үшін, эндокринді ауруларында (акромегалия, Иценко-Кушинга), паркинсонизмде қолданылады.

Апоморфин гидрохлориді – сопақша мидың триггерлі аумағының дофаминді рецепторын қуаттандырып, қозуында күшті құстыратын әсері байқалады. («Асқорыту жүйесіне әсер ететін дәрілер» тақырыбынан қараңыз).

Тікелей емес дофаминомиметиктер: мидантан (амантадин), глудантан – орталыққа әсер ететін дофаминомиметикалық препарат, деподан дофаминнің бөлінуін күшейтіп, дофаминге дофаминді рецепторлардың сезімталдығын жоғарлатады. Паркинсонизм ауруында қолданылады. Депренил (селегилин, юмекс) леводопамен бірге паркинсонизмде қолданылады.

Дофаминді рецепторларды тежегіш дәрілер – (лимбиялық жүедегі Д2-рецепторын тежейді) – психотропты әсер көрсетеді.

Серотонин әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда кездеседі, жүйке жүйесінің синаптикалық көпіршіктерінде жиналып, жүйке импультарының әсерінен бөлініп, серотонинді рецепторлармен байланысатын биологиялық аминдер. Серотонин ОЖЖ-ң медиаторы қызметін атқарады. Серотониннің шеткерлік әсері қан тамырларды тарылтады, қабыну медиаторының бірі, жергілікті енгізгенде (т/і, т/а) ісінуі мүмкін. Серотонин тромбоциттердің агрегациясын жоғарылатады, сондықтан әртүрлі қан кетулерде қан тоқтауы үшін қолданылады.

Жанама әсерлері: күре тамырға жылдам енгізгенде ауырсыну, тромбофлебит, іш қуысы мен жүрек тұсының ауырсынуы, АҚ-ң көтерілуі, бас ауруы, тыныс алудың қиындауы, жүректің айнуы, диарея байқалады. Бүйрек ауруында, гипертония ауруында (II-III дәрежесінде) бронх демікпесінде, жедел тромбозда, Квинке ісінуінде қолдануға болмайды.

Серотонин адипинаты – Serotonini adipinas (Б): 1% 1 мл еріт. амп – 150 мл 0,9% натрий хлориді еріт. к/т тамшылатып; 0,5% 5 мл новокаин еріт. б/е енгізіледі.