Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер

1. М-холиномиметиктер: пилокарпин, ацеклидин.

М-холинорецепторларды қуаттандырып, келесі әсерлер шақыруы мүмкін: көз қарашығының тарылуы (миоз), жүрек соғуының баяулауы (брадикардия), қан тамырларды кеңейтіп, артериялық қысымның (АҚ) төмендеуі, бронхиолалардың тарылуы және АІЖ-ның бездері секрециясы мен толқи жиырылу қызметінің күшеюі.

Пилокарпин гидрохлориді – Pilocarpini hydrochloridum (А): 1-2% 5 және 10 мл еріт – көз тамшылары; 2% 3,0 көз жағылмасы; көз пленкалары түрінде шығарылып, глаукомада қолданылады; пилокарпин көз қарашығын тарылтып, көз ішілік сұйықтығының ағуын күшейтіп, көз ішілік қан қысымын төмендететін әсері бар.

Жанама әсері: аккомодацияның түйілуі және көз жасының ағуы байқалады.

АцеклидинAceclidinum (А): 2-5% еріт. – көз тамшысы; 3-5% көз жағылмасы түрінде шығарылып, глаукомада қолданылады; 0,2% 1 мл және 2 мл еріт. шығарылып, АІЖ-ы мен қуық атониясында (операциядан кейінгі) тері астына енгізіледі.

Жанама әсері: бронхспазм, тұншығу, брадикардия, жүрек өткізгіштігі мен автоматизмнің төмендеуі және артериялық қысымның төмендеуі байқалады. Бронх демікпесінің, жүрек ауруларының ауыр түрінде, жүрек талмасында (стенокардияда), АІЖ-нан қан кетуде, эпилепсияда, гиперкинезде, жүктілікте және операцияға дейінгі іш қуысының қабыну ауруларында қолдануға болмайды.

2. Н-холиномиметиктер: цититон, лобелин гидрохлориді. Олар каротидті шумақтың Н-холинорецепторларын қоздырып, тыныс алу орталығын рефлекторлы қуаттандырады. Тыныс алу рефлекторлы түрде тоқтағанда, газбен уланғанда және жаңа туған баланың асфиксиясында (тұншығуында) қолданылады. Бірақ ондай жағдайда көбінесе жасанды өкпеге дем беру жүргізіледі. Н-холиномиметиктер тыныс алу орталығының тежелуінде (мысалы, морфинмен, барбитураттармен және т.б уланғанда) әсері жоқ..

Цититон – Cytitonum (Б): 1 мл амп. Шығарылып, 0,5мл күре тамырға енгізіледі. Н-холиномиметиктер никотинге тәуелділікті төмендету мақсатында, темекіден арылуды жеңілдету мақсатында кеңінен қолданылады. («Табекс» таб, 1 таб тәулігіне 1-5 рет 20-25 күн бойы; «Лобесил» таб, 1 таб тәулігіне 4-5 рет тамақтан бұрын 7-10 күн бойы; «Никоретте» сағыз түрінде, 1 сағыздан тәулігіне 3-4 рет). Атеросклерозда, гипертониялық ауруларда, ірі қан тамырлардан қан кетуде, өкпе ісінуінде және тырысуға бейімділікте қолдануға болмайды. Никотиннің улы әсері: темекі шегу, гипертониялық аурулар мен жүректің ишемиялық ауруларында; жүрек аритмияларынна; эндартеритке, созылмалы бронхит пен пневмонияға, жел өкпеге, өкпенің қатерлі ісігі мен нашарлауына алып келеді.

3.Антихолинэстеразды дәрілер эндогенді ацетилхолиннің жиналуына алып келетін, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігін тежейді, нәтижесінде ағза мен ұлпаға оның әсері күшейіп, ұзарады. Антихолинэстеразалық дәрілерді таңдау олардың белсенділігімен, ұлпаны тосқауылдау арқылы өту қабілетімен, әсерінің ұзақтығымен тітікендіргіш әсері және улылығымен анықталады. Антихолинэстеразды дәрілерді миастенияда және бұлшық ет дистрофиясында (жүйке бұлшық ет өткізгіштігін жақсартады); салдануда, невритте; менингиттен, полиомиелиттен, энцефалиттен кейін; ішек пен қуық атониясында; толғақтың әлсіздігінде қолданады. Эпилепсияда, гиперкинезде, бронх демікпесінде, стенокардияда, атеросклероз және жүктілікте қолдануға болмайды.

Ацетилхолинэстераза тазартылған және кристалл түрінде бөлініп алынған белокты зат.

Қозудың берілуін жеңілдету мүмкіншілігінің бірі ацетилхолинэстеразаны тежеу болып табылады.Осы мақсатпен холинэстеразаға қарсы заттар қолданылады.

Холинэстеразаға қарсы препараттардың ацетилхолинмен байланысуының тұрақтылығына қарай оларды екі топқа бөлуге болады :

а) әсері қайтымды препараттары: физостигмин, галантамин (нивалин), прозерин (неостигмин), пиридостигмин (калимин, местинон), оксазил – орташа әсерлі; дистигмин (убретид) - әсері ұзақ.

б) әсері қайтымсыз препараттары: армин, ФОҚ. Әсері өте ұзақ.

Үшіншілік аминдер: физостигмин, галантамин – гематоэнцефальды кедергіден жеңіл өтетін болғандықтан, полиомиелиттен кейінгі жағдайды емдеу үшін қолданылады. Глаукома кезінде прозерин, физостигмин, фосфакол тағайындалады. Жергілікті әсер үшін (миастенияда, ішек пен қуық атониясында, полиомиелиттен кейін, антидеполяризациялық кураре тәрізді дәрілердің антагонистері ретінде) әдетте салыстырмалы улылығы аз дәрілерді – прозерин, галантамин, сирек жағдайда физостигминді таңдайды.

Прозерин – Proserinum (А): 0,015 таб – 30 мин тамақтан алдын; 0,05% 1 мл еріт. амп, 1 мл тәулігіне 1-2 рет т/а енгізіледі.

Галантамин гидробромиді – Galanthamini hydrobromidum (А): 0,02 таб; 0,5%, 1% және 1,5% 1 мл еріт. амп – тәулігіне 1-2 рет т/а енгізіледі.

ФОҚ (фосфорорганикалық қосылыстар) - әсері қайтымсыз, өте белсенді және улы болып келеді. Табун, зарин, заман – химиялық төнгіш заттарға жатса, ал дихлофос және т.б. инсектицид ретінде қолданылады. Антихолинэстераздық дәрілермен улану мүмкіндігі бар. Ол негізінен ағзада ацетилхолиннің жоғары концентрациясын жиналуымен, сонымен бірге холинорецепторларды тікелей қоздырумен байланысты, әсіресе ФОҚ уланғанда ағзаға қауіп тудыруы мүмкін.

Улану белгілері: тыныс алудың қиындауы, брадикардия, АҚ төмендеуі, сілекейдің ағуы, терлеу, құсу, іш өту, тырысулар, миоз және аккомодацияның бұзылуы байқалады.

Жәрдем: шұғыл түрде атропинді енгізіп, жасанды дем беру қажет (тыныс алу тоқтағанда), асқазанды шайып, симтоматикалық ем (жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер, тырысуға қарсы дәрілер және т.б.) дүргізіп, холинэстеразды реактиваторлар (дипироксим, изонитрозин) енгізу қажет.

4. М-холиноблокаторлар М-холинорецепторларды тежейтін заттар болып табылады. Оларға: атропин (кәдімгі итжидек, қара меңдуана, сасық меңдуана алкалоидтар), итжидек препараттары, платифиллин (зиягүл алкалоиды), метацин жатады. Ацетилхолиннің әсерін жояды, сондықтан симпатикалық иннервацияға тән әсер көрсетеді: көз қарашығының кеңеюі (мидриаз), көз ішілік қан қысымының жоғарлауы, жүрек соғуының күшеюі және жиілеуі (тахикардия), АҚ көтерілуі байқалады. Берілген топтың ең жақсы игерген өкілі, атропин, сондықтан М-холиноблокаторларды атропин тәрізді дәрілер деп атайды.

Атропин сульфаты – Atropini sulfas (А): 1% еріт – көз түбін зерттеу үшін қолданылады және көзілдірік таңдауда көз тамшысы түрінде шығарылып; иритте, иридоциклитте; 1% жағылма; көз пленкалары (атропин көз қарашығын кеңейтіп, аккомодацияның салдануын тудыруы мүмкін – жақыннан көре алмаушылық көз ішілік қысымын жоғарлатады, әсері 7-8 күнге созылады) түрінде; 0,1% 1 мл еріт. амп шығарылып, 0,25-1 мл т/а, б/е, к/т енгізіледі. Спазмолитик ретінде атропинді біріңғай салалы бұлшық ет түйілуінде (бауыр, бүйрек пен ішек шаншуларында), бронхспазмда қолданылады. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың жарасында, наркоздан алдын премедикация үшін, брадиаритмияда, бронх демікпесінде, артиовентикулярлы блокадада, паркинсонизмде, сондай-ақ М-холиномиметиктермен және антихолинэстеразды дәрілермен уланғанда және көз тәжірибесінің диагностикасында қолданылады.

Жанама әсері: тахикардия, ауыз қуысының құрғауы мен көз қарығу байқалады.

Платифиллин гидротартарты – Platyphyllini hydrotartras (А): 0,2% 1 мл еріт. амп шығарылып, т/а енгізіледі, платифиллин миотропты спазмолитикалық әсер көрсетіп, АҚ төмендетеді.

Метацин – Methacinum (А): 0,1% 1 мл еріт. амп шығарылып, т/а, б/е, к/т енгізіледі.ОЖЖ-не, аккомодациясы аз әсер етіп, бронхолитикалық әсері айқын байқалады.

Скополамин гидробромиді – ОЖЖ-н тежеп, әуе мен теңіз ауруларында («Аэрон», «Скоподерм ТТС» таб) қолданылады.

Итжидек препараттары: «Бекарбон», «Бесалао», «Белластезин», «беллалгин» таблеткасы – жара ауруларында, гастритте және шаншуларда қолданылса; «Анузол», «Бетиол» супп – тік ішектің қабыну ауруларында, АІЖ-ң түйілуінде; ал «Солутан» - бронхолитикалық және жөтелге қарсы және т.б. дәрі-дәрмек ретінде қолданылады.

Ипратропиум бромиді (атровент) – 0,01 таб, мөлшерленген аэрозоль түрінде; окситропиум бромиді және тровентол – мөлшерленген аэрозоль түрінде шығарылып, бронхтарға таңдамалы әсер етіп бронх демікпесінде қолданылады.

Пирензепин – асқазан безінің М холинорецепторының арнайы тежегіші болып табылып, гиперацидті гастрит пен асқазан жарасында қолданылады.

Тропикамид – көз тамшысының әсері қысқа 2-6 сағ; гоматропин – көз тамшысы, әсері 15-20 сағ созылады.

М-холиноблокаторларды гаукомада, миокардтың, бауыр мен бүйректің ауыр органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды.

М-холиноблокаторлармен улану кезінде келесі белгілері байқалады: мидриаз, ауыз қуысының құрғауы, тері қабаттарының құрғауы, тамыр соғуының жиілеуі, психикалық қозу, галлюцинация, ОЖЖ-нің тежелуі, тыныс алу орталығының салдануынан өлімге алып келуі мүмкін.

Жәрдем: асқазанды шаю (танин ерітіндісімен немесе белсендірілген көмірдің суспензиясымен), ішке тұзды іш айдағыш, антихолинэстеразды дәрілер, үлкен мөлшерде тыныштандыратын, ұйықтататын дәрілер, форсирленген диурез, гемосорбция және жасанды дем беру қажет.

5. Ганглиоблокаторлар симпатикалық және парасимпатикалық ганглиялардағы вегетативті түйіндердің Н-холинорецепторларын бөгеу нәтижесінде, қан тамырлары кеңейіп, артериялық және веноздық қан қысымын төмендетеді; АІЖ-ң бездерінің секрециясы мен толқи жиырылуын тежейді. Ганглиоблокаторлар гипертониялық криз ұстамаларында, өкпе ісінуінде, тығындалған эндортеритте, кей кезде асқазан жарасында қолданылады.

Жанама әсері: ішек атониясы, ортостатикалық гипотония (алдын алу мақсатында препаратты қабылдап болғаннан соң науқас 2 сағат төсекте дем алу қажет), аккомодацияның бұзылуы мен ауыз қуысының құрғауы байқалуы мүмкін. Гипотонияда, бауыр мен бүйрек ауруларында, қан кетуде, мидан қан кетуде, жүрек жұмысының бұзылуында, жедел миокард инфарктында қолдануға болмайды.

Бензогексоний – Benzohexonum (Б): 0,1 және 0,25 таб – 1-2 таб тәул 3-6 рет; 2,5% 1 мл еріт. амп т/а, б/е енгізіледі. әсері 2-4 сағ.

Пентамин – Pentaminum (Б): 5% 1 және 2 мл еріт. амп шығарлып, б/е, к/т енгізіледі. әсері 1-2 сағатқа созылады.

Пирилен – Pirilenum (Б): 0,005 таб. әсері 8-12 сағ созылады.

Гигроний және арфонад әсері қысқа (10-20 мин), қан кетуді төмендету мақсатында хирургияда қолданылады.

Пахикарпин ганглиоблокаторлық белсенділігі өте төмен және әсері қысқа, бірақ АІЖ-да жақсы сіңіріліп, миометрияға қуаттандырғыш әсер (туу қызметін қуаттандырады) көрсетеді.

6. Кураре тәрізді дәрілер (шеткерлік әсерлі миорелаксанттар) – қаңқа бұлшық еттерінің Н-холинорецепторларын тежеу нәтижесінде: қол, көз, аяқ, мойын, арқа бұлшық еттерінің, қабырға аралық бұлшық еттерінің және диафрагманың босаңсуы байқалады. Кеңірдек интубациясында, эндоскопиялық ем шараларда, хирургиялық операциялардың интубациялық, наркозында, сүйек сынықтарының орнына түсіруді жеңілдету, буын шығуын орнына келтіру мен сіреспені емдеу үшін қолданылады.

а) Әсері антидеполяризациялық миорелаксанттар: тубокурарин хлориді, панкуроний бромиді (павулон); пипекуроний бромиді (ардуан), векуроний бромиді (норкурон) – Н-холинорецепторларды тежеп, ацетилхолиннің деполяризациялық әсерін төмендетеді. Миорелексациялық әсері 20-60 минут. Антидеполяризациялық миорелаксанттардың антагонисті синапстық саңылаудағы ацетилхолиннің мөлшерін жоғарылататын антихолинэстеразды дәрілер болып табылады.

Турбокурарин хлориді (А): 1% 1,5 мл еріт. амп, 0,0004-0,0005 г/кг, к/т енгізіледі. b-Турбокурарин-оңтүстік Америка өсімдігінің әртүрлі Strychnos алкалоиды.

б) Әсері деполяризациялық миорелаксанттар: дитилин (миорелаксин, листенон) – химиялық құрылысы жағынан диацетилхолин болып табылады. Н-холинорецепторларды қоздырып, синапстан кейінгі мембрананың деполяризациясын тудырады. Әсері 5-10 минут. Антихолинэстеразды дәрілер дитилиннің әсерін күшейтеді. Дитилиннің әсерін төмендету үшін құрамында холинэстеразасы бар жаңа қан құю қажет.

Дитилин (А): 2% 5 және 10 мл еріт. амп шығарылып, 0,0015-0,002 г/кг, к/т енгізіледі.

в) Әсері аралас миорелаксанттар: диоксоний – алғашқыда деполяризация кезін тудырып, содан соң антидеполяризациялық миорелаксанттар секілді әсер көрсетеді.

г) Мелликтин (тегеурінгүл алкалоиды) – үшіншілік амин болып табылатын алкалоид. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, әсер ету жағынан тубокураринге ұқсас. Бұлшық ет тонусының жоғарлауымен жүретін ауруларда және толқи жиырылу қызметінің бұзылыстарында (постэнцефальды паркинсонизм, арахноэнцефалит және т.б) қолданылады.