Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

2. Наркотикалық емес анальгетиктер

Наркотикалық емес анальгетиктер ауырып тұрған сезімді басады, көтерілген дене температурасын түсіреді, қабынуға қарсы әсер етеді.

Қолданылуы: оларды қабыну кезінде болатын ауырып тұрған сезімді алып тастау үшін қолданамыз: невралгияда, радикулитте, тіс, бас, буын бұлшық еттердің ауырғанда, ревматизмде, СЫНЫҚТАРДА ҚОЛДАНБАЙМЫЗ. Наркотикалық емес анальгетиктер жоғары дене температурасын түсіру үшін қолданылады. Наркотикалық анальгетиктерге қарағанда олар ұйқтатын және седативті әсері жоқ тыныс алу және жөтелу орталығын тежемейді, эйфария шақырмайды, дәрілік бейімдеушілігі жоқ.

Анальгетиктердің әсер ету механизмі: циклооксигеназдың ферментінің ингибиторы (тежегіш).

Дененің жоғары температурасын төмендетуі: дене температурасының реттегіш орталығын сезімталдығын төмендетеді.

Қабынуға қарсы әсері: простагландин медиаторының бөлінуін азайтады.

Классификациясы:

а) анальгетиктер – антипиретиктер (анальгетикалық және дене температурасын төмендететін дәрілік заттар).

  1. Салицил қышқылының туындылары: ацетилсалицил қышқылы (асперин), натрий салицилаты, салициламид.

  2. Ацетилсалицил қышқылы – Acidum acetylsalicylicum: таб 0,25; 0,5 тамақтан кейін 1-4 мезгіл, ұсатып сүтпен бірге қабылдаймыз. Қабынуға қарсы, ауырып тұрған сезімді жояды, дене температурасын төмендетеді.

Кері әсері: диспепсия, жүрек айниды, құсық болады, асқазанда ауру сезімі пайда болады, асқазан ішек жолдарынан қан ағуы мүмкін, аллергиялық реакциялар, бронхоспазм, бас айналады, есту қабілеті төмендейді, құлақта шу пайда болады, қанның ұюы төмендейді. Ацетилсалицил қышқылынан дайындалатын препараттар: тромбо АСС, аспирин-кардио, 0,05; 0,1г болып келеді, тез еритін таб түрінде «Асперин С», «АЦЦ+С-Меркле», «Форталгин С», «Алка-Зельтцер».

Инекцияға арналған дәрілік заттар: ацеоизин (аспизоль), флакон 1мл ден 5мл инекцияға арналған сумен араластырып в/в, в/м – тамшылатып натрий хлорид немесе глюкоза ерітінділерін 200мл көлемде қосып енгіземіз, натрий салицилаты: амп 10% ерітінді 5 және 10мл болады в/в. Қосылып келетін препараттар: «Асфен», «Аскофен», «Кофицил», «Цитрамон», «Седальгин», «Олдон», «Ацифеин», «Миронал», «Томапирин», «Ринг N».

2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.

Анальгин – Analginum (Б): таб 0,5; амп 50% ды ерітінді 1 және 2мл ден в/м, в/в. Анальгин ауырып тұрған сезімді алып тастайды, қабынуға қарсы әсер етеді, дене температурасын түсіреді.

Кері әсері: қанның ұюын тежейді (лейкопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз), аллергиялық реакциялар, ісінулер. Анальгиннен дайындалатын препараттар: баралгин, максиган, спазган, спазмалгон, триган – таб және амп түрінде 5мл – в/м, в/в, құрамдары (анальгин+миотропты спазмалитик+М холиноблокатор) бұл препараттар анальгетикалық, спазмалитикалық әсер көрсетіп бүйрек, бауыр, ішек шаншуларында, панкриатитте қабыладанады. Темпалгин (анальгин+темпидин-транквилизатор) бас, тіс ауырғанда, радикулитте қолданамыз.

Тетралгин, пенталгин – анальгетик ретінде қолданылады. Андипал (анальгин+дибазол+папаверин+фенобарбитал) – анальгетикалық, спазмалитикалық, сосударасширяющие (тамырды кеңейтеді) әсер көрсетеді.

3. Пара-аминофенол туындылары: парацетамол (панадол, ацетаминофен, эффералган, тайленол, калпол) – анальгетикалық және дене температурасын төмендеткіш қасиеті бар, қабынуға қарсы әсер етпейді.

Кері әсері: нефротоксинді және гепатотоксинді қанның түзілуі бұзылады, аллергиялық реакциялар болады, кішкентай балалар жиі салицилаттарды қабылдап папацетамолды аз қабылдағанның өзінде Рейе синдромы өте ауыр түрінде болады: бүйректің дистрофиясы (асқынған майлы, ми, бауыр) көбінесе өліммен аяқталынады.

Папацетамол – Paracetemolum (Б): таб 0,5; 0,2: свечи 0,25; 0,5. солпадеин (парацетамол+кодеин+кофеин); таб «Дарвал», «Панадол-экстра» (парацетамол+кофеин), «Колдрекс», «Фервекс», «Тера-Флю», «Ибуклин», «Ринза» және т.б.

б) Стероидты емес қабынуға қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (қабынуға қарсы әсері жоғарылау тағы да дене температурасын төмендетеді және ауырып тұрған сезімді алып тастайды).

Қабылданылуы: ревматизмде, ревматоидты артритте, полиартитте, миокардитте, радикулитте, Бехтерева дертінде, артрозда, невралгияда, миозитте, флебитте, подаграда.