Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать
  1. Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.

  2. Пиразолон туындылары: бутадион (фенилбутазон) – қабынуға қарсы ұзақ әсер етеді бірақ бутадион уытты, диспепсиялық әсер көрсетеді, ісік шақырады, аллергиялық реакциялар, бауыр функциясын бұзады.

Бутадион – Butadionum (Б): таб 0,15; күніне 3-4 мезгіл тамақпен бірге немесе тамақтан кейін 1 таб. мазь түрінде 5% ды 20 мл.

Реопирин (бутодион+амидопирин) синонимі Пирабутол таб және амп 5мл бұлшық етке.

        1. Басқа топқа жататын туындылар: индометацин (метиндол, индобене) Indometacinum (Б): таб және кап 0,025; 0,05 – 1-2 таб (капс) тамақпен бірге немесе тамақтан кейін күніне 2-4 мезгіл, свечи 0,05; 0,1: амп 3% ды ерітінді 1 және 2мл – в/м; мазь 5% және 10% ды 30-40 мл. Индолуксусты қышқылының туындылары бутадионмен салицилаттарға қарағанда тиімділігі жоғары. Оларға: толметин (толектин), сулиндак (клинорил), кеторол (кеторолака трометамин).

Кеторол – Ketorol: таб 0,01 күніне 4-6 мезгіл 1-2 таб, амп 3% ды ерітінді 1мл ден в/м, в/в.

Диклофенак – натрий (ортофен, вольтарен) Diclofenac – natrium (Б): таб 0,025; 0,05: 1-2 таб күніне 2-3 мезгіл тамақпен бірге немесе тамақтан кейін, амп 2,5% ерітінді 3мл в/м. Уыттығы төмен сондықтан терапевтік әсер етуі кең қабынуға қарсы дәрілік зат ретінде жиі қолданады.

Ибупрофен (бруфен, нурофен)Ibuprofenum (Б): таб 0,2; 0,4. фенил пропион қышқылының туындылары болып келеді, белсенділіг жағынан бутадинға жақын уыттығы төмен, асқазан ішек жолдарының шырышты қабаттарын тітіркендірмейді. Басқа дәрілік заттармен қорсылып келген препараттары: «ибуклин», «новиган».

Напроксен (напросин) – Naproxenum (Б): таб 0,25 таңертең және кешке 1 таб. әсер етуі басқаларына қарағанда ұзақ бірақ қабынуға қарсы әсері төмен, уыттығы аз.

Кетопрофен (кетонал)Ketoprophenum (Б): капс 0,05 тамақпен бірге күніне 3мезгіл, таб 0,2 таңертең тамақпен бірге немесе тамақтан кейін күніне 1таб, бірден жұту керек ащты болады, свечи 0,1, амп 10% ды ерітінді 1мл в/м, ибупрофенге әсер етуі және құрылымы ұқсас.

Окскам туындылары: пироксикам (фелден) – әсер етуі ұзақ тәулігіне мезгіл қолданамыз.

Лорноксикам (ксефокам) – анальгетикалық әсер етуі жоғары операциядан кейінгі кезеңдегі ауырып тұрған сезімді және ісік дертіндегі сезімдерді алып тастайды.

Мелоксикам (мовалис)қабыну очагын бұзады қайшы әсері аз целекоксиб, нимесулид (месулид, нимесил, нимулид) – сульфонаниламидтердің туындысы терапевтік дозалары асқазан ішек жолдарына әсер етпейді, тробоцидтердің агрегациясына өзгеріс енгізбейді.

Қабылдауға болмайды: он екі елі ішек және асқазан ойық жараларында асқазан мен ішектен қан аққанда, бауыр. Бүйрек функциясы бұзылса, бронхоспазмде («аспирин» астмасы туу мүмкін) лактация, лейкопения, жүктілікте, кішкентай балаларға байқап қабылдаумыз керек.

7. Психотропты дәрілік заттар.

Психотропты дәрілер адамның психикасы мен эмоциясына, көңіл-күйіне, мінез құлқына және ойлау қабілетіне таңдамалы әсер етеді.

Психотропты дәрілдердің жіктелуі:

    1. Нейролептиктер

    2. Транквилизаторлар

    3. Тыныштандыратын (седативті) дәрілер

    4. Антидепрессанттар

    5. Нормотимиялық дәрілер

    6. Психостимуляторлар

    7. Ноотроптар

    8. Жалпы тонусын реттейтін дәрілер (Адаптогендер)

1. Нейролептиктер (психозға қарсы дәрілер): қабылдауды және ойлау қабілетін қалыпты жағдайға келтіріп, психикалық қозуды (сандырақ, елестеу, қорқыныш, озбырлық (агрессивтілік) басатын дәрі-дәрмектер тобы. Бұл топ препараттардың көбісінің айрықша тыныштандыратын қасиеті бар. Нейролептиктердің жіктелуі:

      1. Фенотиазин туындылары: аминазин (хлопромазин), трифтазин (трифлуперазин, стелазин), левомепромазин (тизерцин), этаперазин.

      2. Тиоксантен туындысы: хлорпротиксен (трусал).

      3. Бутирофенон туындысы: галоперидол, дроперидол.

      4. Химиялық құрылысы басқа да препараттары: клозапин (азалептин, лепонекс), сульпирид (эглонил).

Әсері айрықша байқалады. ету механизмі әртүрлі: дофаминолитикалық, серотонинолитикалық, α-адренолитикалық, М-холинолитикалық әсер етеді.

Фармакологиялық әсері:

        1. Психозға қарсы (сандырақ, елестеуді басады) – аминазинде, трифтазинде, левомепромазинде, этаперазинде, галоперидолда, хлорпротиксенде айрықша байқалады.

        2. Транквилизаторлық (тыныштандырып, қорқыныш және үрейді басады) аминазинде, тизерцинде, галоперидолда, дроперидолда айрықша байқалады.

        3. құсыққа қарсы әсері - галоперидолда, дроперидолда, этаперазинде, сульпиридте айрықша байқалады.

        4. Гипотермиялық (жылу бөлінуін күшейтіп, жылу өнімін төмендетіп жасанды гипотермия тудырады) әсер көрсетеді.

        5. Бұлшық ет босаңсытады.

        6. Наркотикалық, ұйқытататын және анальгетикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.

        7. Антигистаминдік әсер көрсетеді.

        8. Гипотензивті (α-адренорецепторды тежегіш әсерімен байланысты) әсер – аминазинде, дроперидолда айрықша байқалады.

        9. Дәрілік паркинсонизм тудырады: көбінесе - галоперидолда, трифтазинде, аминазинде: сирек – хлорпротиксенде, клозапинде, сульпиридте байқалады. Осы жағдайды алдын алу үшін паркинсонизмге қарсы дәрілік заттарды (циклодол және т.б.) белгілейді.

Шизофренияда, психозда, тоқтаусыз құсуда (сәулесоқпен емдеуде, цитостактиктермен емдеуде, ми ісігінде, наркозан кейін, жүктілікті), ықылықта, гипертониялық кризде, нейролептанальгезияда және операциядан алдын қолданылады.

Жанама әсері: экстрапирамидті бұзылыстар (дәрілік паркинсонизм), артериялық гипотензия және коллапсқа алып келуі мүмкін, тахикардия, М – холинотежегіш әсерлер (ауыз қуысының құрғауы, көз қарашығының кеңеюі, глаукома, атониялық іш қату, қуық сфинктерінің дисфункциясы), бауыр қызметінің бұзылуы, қан жүйесінің бұзылуы (гемолитикалық анемия, клозапин қабылдағанда – агранулоцитоз байқалады), гипофиздің тропты гормонның секрециясының өзгеруінен (кортико -, сомато және лактотропты) эндокринді бұзылыстырға алып келуі мүмкін, аллергиялық реакциялар, күн сәулесіне тері сезімталдығының жоғарлауы, ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы (терогенді әсер) және депрессия байқалады. Аминазин тітіркендіргіш әсер көрсетеді (флебит, инфильтрат). Бауыр, бүйрек зақымдалуында, тробоэмболияда және гипотонияда қолдануға болмайды.

Аминазин – Aminazinum (Б): 0,025; 0,05; 0,1 драже. -1-2 дражеден тамақтан соң тәулігіне 1-3 рет; 2,5% -1;2;5; және 10мл амп. (1-5 мл+2-5 мл 0,25-0,5% новокаин еріт ерітіп б/е тәулігіне 3 реттен көп емес, 2-3 мл 0,25-0,5% немесе 40% глюкоза еріт к/т – баяу енгізіледі.

Трифтазин – Triftazinum (Б): 0,005 және 0,01 таб – 1 таб тамақтан соң тәулігіне 2-4 рет; 0,2% 1 мл еріт амп. Шығарылып, 0,5-1 мл тәулігіне 2-4 рет б/е енгізіледі.

Этаперазин – Aethaperazinum (Б): 0,004-0,006 және 0,01 таб 1 таб тамақтан соң тәулігіне 3-4 рет енгізіледі.

Галоперидол – Haloperidolum (Б): 0,0015 және 0,005 таб, - 1таб тамақтан бұрын тәулігіне 2-5 рет; 0,2% 10мл еріт. Флаконда шығарылып, 10-15 тамшыдан тамақтан соң тәулігіне 2-5 рет; 0,5% 1 мл еріт. Амп шығарылып, 0,4-1мл тәулігіне 2-3 рет б/е енгізіледі.

Дроперидол – Droperidolum (Б): 0,25% 5 және 10 мл еріт. Амп шығарылып, 1-2 мл б/е және к/т енгізіледі.

Хлорпротиксен – Chlorothixenum (Б): 0,015 және 0,05 таб 1 таб тамақтан бұрын тәулігіне 2-4 рет; 2,5% 1 мл еріт. амп – 1-2 мл б/е енгізіледі.

Азалептин – Azaleptinum (Б): 0,025 және 0,1 таб – 1таб тамақтан соң тәулігіне 2-3 рет; лепонекс – 2,5% 2 мл еріт амп –б/е енгізіледі.

Сульпирид – Sulpiridum (Б) таб. 0,05;0,1 және 0,2 - 1таб. күніне 1-4 мезгіл; амп. 5% ерітінді 2мл – бұлшық етке 1-3мезгіл. Құсыққа қарсы әсер ететіндігінен және асқазан шырышты қабатына «ципопротекторлы» әсер ету себебінен және нерв системасын реттеуші болғандықтан онекі елі ішектің және асқазан ойық жараларында қолданылады.

2. Траквилизаторлар(анксиолитиктер) – жүйке тозуында (невроз) және невроз тәрізді бұзылыстарда байқалатын, бұлар психотропты дәрілік заттар, қорқынышты, үрейді, эмоциялық қысылуды, мазасыздықты, невтік бұршылуды алып тастайды. Нейролептиктерге қарағанда антипсихотропты әсер көрсетпейді.

Классификациясы:

1. Бензодеазепин туындылары: диазепам (седуксен, сибазон, реланиум, валиум), феназепам, хлордиазепоксид (хлозепид, элениум, либриум), нозепам (оксазепам, тазепам), лоразепам, альпразолам (альпракс, ксанакс) медазепам (мезапам, рудотель, нобриум), тофизопам (грандаксин).