
- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
Подаграны емдеу үшін қолданылады:
а) Уриколитикалық дәрілер: аллопуринол (милурит), «Алломарон» таб, калий оротаты – ағзада зәр қышқылының түзілуін тежейді.
Аллопуринол – Allopurinolum (Б): 0,1 таб түрінде шығарылып, 1-3 таб тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң белгіленеді.
б) Урикозуриялық дәрілер: этамид, уродан, антуран, бензбромарон – ураттардың несеппен шығуын жеңілдетеді.
Этамид - Aethamidum (Б): 0,35 таб түрінде шығарылып, 1-2 таб, тәулігіне 4 рет белгіленеді.
11. Подаграның жедел ұстамасын басу үшін стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер және колихицин қолданылады.
Колхицин - Colchicinum (А): 0,0005 драже түрінде шығарылып, 1-2 дражеден тәулігіне 3-6 рет белгіленеді. Колхицин тамаша лапыз өсімдігінің (безвременник великолепный) алкалоиды болып табылады.
6. Тыныс алу жүйесіне әсер ететін дәрілер
Жіктелуі:
1 Тыныс алу стимуляторлары
Жөтелді басатын дәрілер
Қақырық түсіретін дәрілер
Бронхолитиктер
Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер
Тыныс алу стимуляторы (тыныс алу аналептиктер)
Тыныс алу орталығын белсендіретін дәрілер. Бұл препараттар сопақша ми орталықтарын және бас миының қыртысы астындағы түзілулерін белсендендіреді.: |
Тынысты рефлекторлы түрде қуаттандыратын дәрілер: Н - холеномиметиктер. Бұл топтағы дәрілер стенокаротинді зонадағы Н – холенорецепторларды қуаттандырып одан афферентті импульстардың сопақша миға түсуін және тыныс алу орталығының белсенділігін жоғарлатады. |
Аралас әсерлі дәрілер: бұлардың әсері рефлекторланған және орталықтандырылған болып келеді. Бұл топтағы дәрілердің орталыққа әсері каротитті шумақтағы хеморецепторлеріне қуаттандырушы әсерімен толықтырылады. |
Этимизол Кофеин натрий бензоаты Камфора (немесе оны сульфокамфокаин), Бемегрид. |
Цититон Лобелин гидрохлориді |
Кордиамин, Карбоген (5%СО2+95%О2) Көмірқышқыл – тыныс алудың физиологиялық стимуляторы |
Тыныс алу орталығын қуаттандыратын дәрілік заттар - наркотикалық анальгетиктер, көміртегі тотығы мен жеңіл уланғанда және жаңа туған нәресте асфиксиясында, наркоздан кейінгі кезеңдегіөкпеге дем берудің қажетті деңгейін қалпына келтіру үшін қолданылады. Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа, ал қайта қабылдағанда тыныс алу қызметінің төмендеуі мен қалтыраулар тудыруына байланысты аз қолданылады, сондықтан гипоксиялық жағдайларда жасанды дем беруге қолданылады.
Жөтелді басатын дәрілер.
Жөтелді басатын дәрілердің жіктелуі
Орталыққа әсер ететін дәрілер: (сопақша мида орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін тежейді)
|
Әсері шеткерлік дәрілер: (жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарына жансыздандырғыш. Бронхолитикалық және қабынуға қарсы әсері мен байланысты). |
а) наркотикалық препараттар: кодеин (метилморфин), Этилморфин (дионин) б) бейнаркотикалық препараттар: Глауцин гидрохлориді (глаувент), Тусурекс (окселадин, пакселадин). |
Либексин, Битиодин, Бутамират цитраты (синекод).
|
Жөтелді басатын дәрілер созылмалы және жіті бронхитте, жөтелді басу немесе төмендету үшін, демікпе жағдайда, бронхо пневманияда қолданылады. Жөтелді басатын дәрілер: жөтелді толық басу үшін емес, ауырсыну, ұйқысыздық, қан кету мен бронхоспазм тудыратын жөтелді басу үшін белгілейді.
Орталыққа әсер ететін дәрілер медицина практикасында кеңінен қолданылады.
Наркотикалық жөтелге қарсы дәрілердің (кодеин, этилморфин) жөтелге қарсы және әлсіз ауырған жерді басатын әсерлері бар.
Жанама әсері: тыныс алу орталығын тежейді, тыныс алу көлемін төмендетеді, бронх тонусын төмендетеді, жыбырлатқыш эпителий белсенділігінің төмендетеді, ұйқы келу, іш қату және дәріге тәуелділік (құмарлық, нашақорлық) пайда болады. Кодеин мен этилморфинді 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Ал бейнаркотикалық анальгетиктерде мұндай жанама әсерлер байқалмайды.
Кодеин фосфаты – Codeini phosphas (Б): 0,01-0,02ГР ұнтақ түрінде қолданылады кодеин көптеген препараттар құрамына кіреді Бехтерев мекстурансының құрамына кіреді (жалын гүл шөбінің тұнбасы, натрий бромиді+кодеин); «Кодтерпин» Таб түрінде (кодеин+қақырық түсіретін терпин гидраты және т.б. дәрілер).
Этилморфин гидрохлориді морфиннің синтетикалық препараты. Жөтел орталығын таңдамалы тежеп, дәріге тәуелділік тудырмайды, бейнаркотикалық анальгетиктер: глауцин гидрохлориді және тусупрекс. Глауцин өсімдіктерден алынады да жасалынады. Ал тусупрекс синтетикалық жолмен алынады. Глауциннің жанама әсері: бас айналу мүмкін, жүрек айниуы мүмкін.
Глауцин гидрохлориді - Glaucini hydrochloridum (Б): 0,05 таб – 1 таб. Тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Тусупрекс – Tusuprex 0,01 және 0,02гр. күніне 1-2 таб тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Әсері шеткерлік жөтелге қарсы дәрілерге либексин жатады, ол орталық жүйке жүйесіне әсер етпейді, дәріге тәуелділік тудырмайды. Сондықтан бейнаркотикалық препараттарға жатады.
Либексин – Libexinum (Б): 0,1гр таб түрінде 1таб күніне 2-4 мезгіл.
Қосылып келетін препарттар ішінде:
Бронхолитин – broncholytinum (Б): 125 мл флаконда (глауцин гидрохлориді+эфедрин гидрохлориді+шалфей майы+лимон қышқылы) – 1 ас қасықтан тәулігіне 3-4рет белгіленеді.
Стоптусин – Stoptussin (бутамират цитраты + гуафензин) – 10 мл флаконда, 30-40 тамшыдан 100 мл сұйықтықпен (су, шай және т.б.) күніне 3 рет тамақтан соң белгіленеді.
3. Қақырық түсіретін дәрілер.
Бұл дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп, қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Қақырық түсіретін дәрілер жыбырлатқыш эпителий белсенділігі мен бронх бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп, қақырықтың түсуіне алып келеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып қабынған шырышты бүркеп, сыртқы тітіркендіргіштен қорғайды да, ол қабыну процесінің төмендеуіне алып келеді.
Қақырық түсіретін дәрілер қабынумен жүретін бронх-өкпе ауруларын, бронхиалды обструкция синдромын кешенді емдеу үшін қолданылады.
Қақырық түсіретін дәрілерді өкпе туберкулезінің ашық түрінде, өкпеден қан кетуде, ОЖЖ-ң, жүрек қан тамыр жүйесінің (органикалық) ауруларында, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.
Термопсис шөбі – Herba Thermopsidis (Б): 0,5-200мл тұнбасы – 1ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет тамақтан бұрын белгіленеді.
Мүсәтір өніс тамшысы – Liquor Ammonii anisatus: 25 мл флаконда – 10-15 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.
Кристалды трипсин – Trypsinum crystallisatum: 0,01 құрғақ зат флаконда 2-3мл 0,9% NaCl еріт. Ерітіп, ингаляциялау үшін белгіленеді.
Ацетилцисеин - Acetylcystenium(Б) 20% 5 мл және 10 мл еріт. Амп – 2-5 мл-ден 3-4 рет ингаляция үшін (15-20 мин); жай инстиляция түрінде трахеяға 1 мл ден әр сағ сайын; 0,1 таб және 0,2 капс. – 2 таб (1 капс) тәулігіне 2-3 рет; 10% 2 және 3 мл еріт амп шығарылып б/е; 5% 10 мл еріт амп – тәулігіне 2 рет к/т тағайындалады.
Амброксол гидрохлориді – Ambroxoli hydrochloridum: 0,03 таб – 1 таб тәулігіне 2 рет тамақтан соң; ингаляцияға арналған еріт. Түрінде шығарылады.
Бромгексин – Bromhexinum 0,008 таб – 1 таб күніне 2-3 рет тағайындалады.
Қақырық түсіретін дәрілердің жіктелуі.
Қақырық түсіретін дәрілер / Муколитиктер |
||
Әсері рефлекторлы Бұл дәрілердің құрамында алколоидтар мен бірге өсімдік сапониндері бар. Дәрілерді ішке қабылдағанда асқазан рецепторларының тітіркенуін шақырады. Бұл кезде рефлекторлы түрде бронх бездерінің секрециясы жоғарлайды, жыбырлағыш эпителийлердің белсенділігі жоғарлайды да, бронх бұлшық еттерінің жиырылуы күшейеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып, тұқырланып жөтел мен бөлінуі жеңілденеді. Тамақтан ½ сағ. бұрын белгіленеді. Термопсистің тамыры (тұнба, құрғақ сығынды) Дәрілік жалбыз тікеннің тамыры (тұнба, сығынды, мукалтин препараты) Мия тамыры (сығынды, кеуде элексирі, Доктор Мом) Киікоттың тамыры (қайнатпа) Өгейшөптің жапырағы (тұнба) Терпингидрат Натрий бензоаты |
Тікелей әсерлі (резорбтивті) Тікелей әсер ететін препараттар ішекте сіңіріліп, бронх шырышында белсенді бөлініп, бронх бездеріне тікелей әсер етіп және олардың секрециясын күшейтеді. Ол қақырықтың сұйғырақ болып жөтелмен бөлінуін күшейтеді. Na(K) I NaHCO3 Аммоний хлориді Кәдімгі әніс жемісі (тұнба, әніс майы, тамшысы) Тасшөп (тұнба, сұйық сығынды, пертуссин препараты) Аңдыз тамыры мен тамырсабағы (қайнатпа) Жұпаргүл шөбі (тұнба) Қарағайдың бүршігі (қайнатпа) |
Бұл препараттардың протеолитикалық әсері бар (қақырықтың, ақуыз бен басқа да молекулаларын ыдыратып және оның тұтқырлығын төмендетеді (сұйғырақ)). Интратрахеальды енгізгенде (ингаляциялық) бронхтың дренажды қызметін күшейтіп, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. а) ферментті препараттары: Кристаллды трипсин Кристаллды химотрисин Рибонуклеза Дезоксирибонуклеаза б) синтетикалық препараттар: Ацетилцистеин (мукосольвин) Амброксол гидрохлориді (амбробене, ласольван) Бромгексин (сольвин) |