Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

3. Ұйықтататын дәрілер

Ұйқының 2 кезеңі болады: жылдам басталатын ұйқы және баяу басталатын ұйқы.

Баяу басталатын ұйқыда ағзада зат алмасу, бездің секрециясы, биологиялық белсенді заттардың бөлінуі, артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады. Бұл саты ұйқының 75% құрайды.

Жедел ұйқы кезеңінде адам түс көреді, ол қайталанып отырып, ұйқының 25% құрайды. Ұйқы процесіне холинергиялық және ГАМК-қ жүйе әсер етеді.

Соңғы жылдары эндогенді заттар табылған – ол гипногенді, ұйықтататын әсері бар ағзадағы пептидтер. Ол пептидтер ұйқы механизмін ашуға және жаңа ұйықтататын дәрілер іздестіруге мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары өмір қарқынының тездетуімен, стресс жиілігінің жоғарылауымен байланысты ұйқы бұзылыстары жиілеп кетті. Ұйқысыздық әртүрлі психикалық ауруларды, невроздарды шақыруы мүмкін. Сол себептен ұйқысыздық жағдайда ұйқының тәртібін бұзбау үшін күндізгі ұйқыдан бас тартып және кешке ұйықтар алдында серуендеу, т.б. тыныш ұйықтауға жағдай жасау қажет. Егер де бұл тәсіл болмаған жағдайда, ұйқы бұзылысын реттеу үшін ұйықтататын дәрілер қолданылады. Ұйықтататын дәрілер ретінде әртүрлі фармакологиялық топтағы препараттарды қолданады.

Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі:

Барбитур қышқылының туындылары

Бензодиазепин туындылары

Басқа да химиялық қосылысты дәрілер

Фенобарбитал

(люминал), этаминал-натрий (нембутал)

Эстимал (амитал)

Циклобарбитал

(фенодорм)

Циклобарбитал+диазепам

(«Реладорм»)

Нитразепам (радедорм, эуноктин, берлидорм).

Флунитразепам

(рогипнол, сомнубене).

Триазолам (хальцион).

Мидазолам (дормикум, флормидал).

Флуразепам (далмадори)

Лоразепам (толид)

Темазепам (ленал)

Зопиклон (имован)

Золпидем (ивадал)

Доксиламин

(донормил)

Бромизовал

Метаквалон

Геминейрин

(хлометиазол)

Хлоралгидрат

Натрий оксибутираты

Фенибут

Ұйықтататын дәрілерге қойылатын талаптар: тиімді, жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы және ұйқы сатысының ұзактығына әсер етуі, ағзада жиналмауы, мүшелер мен жүйелерге кері әсер етпеуі, үйренгіштік және тератогенді әсер шақырмауы қажет. Классикалық ұйықтататын дәрілер (барбитураттар, кейбір алифатты қосылыстар) ОЖЖ-нің таңдамалы әсерінің жоқтығына байланысты наркотикалық типті заттарға жатады.

Орташа мөлшерде – ұйықтататын, ал үлкен мөлшерде – наркотикалық әсер көрсетеді. Наркотикалық кеңдігінің аз болуына байланысты оларды наркоз үшін қолданбайды. Қазіргі кезде ұйықтататын әсері бар препараттардың ішінде негізінен психотропты дәрілірге дәрілерге жататын бензодиазепин қатарындағы ансиолитиктерді белгілейді. Ұйықтататын дәрілер ОЖЖ-ң әртүрлі түзілулердегі нейронаралық түзілулерге тежегіш әсер көрсетеді.

Әсер ету механизмі: Ұйықтататын дәрілік заттар ҰДЗ ОЖЖ-ң табиғи тежеуші гаммо-амино май қышқылы медиаторының тежейтін әсерінің күшеюімен байланысты. Ұйықтататын дәрілік заттар ретикулярлы формациядан бас миының қыртысын өтіп жатқан белсенді импульстарды әлсіздендіреді. Ұйқы келу процесі бұзылуында әсері қысқа дәрілер белгіленеді. Ұйқы келу процесі бұзылуынан басқа, ұйқы шала және ол жиі оянып, қорқынышты түс көруде әсері ұзақ ұйықтататын дәрілер белгіленеді. Егер ұйқы тез оянумен өтетін жағдайда, оянған кезде әсері қысқа немесе ұйықтар алдында әсер ұзақ дәрілер белгіленеді. Фармакологиялық әсері – аз мөлшерде тыныштандыратын, ал орташа мөлшерде ұйықтататын, тырысуға қарсы, ансиолитикалық және бұлшық етті босаңсытатын әсер көрсетеді.

Фенобарбитал – Phenobarbitalum (Б): 0,05 және 0,1 таб шығарылып, 1-2 таб. тағайындалады. Әсері 6-8сағ созылады. Фенобарбитал тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы қолданылады.

Этаминал – натрий: ұнтақ; ұйықтардан 0,1-0,2 таб 30 мин алдын қабылдау қажет. Әсері 4-6 сағатқа созылады. 5% 5-10мл еріт к/т енгізіледі.

Эстимал – Aesthimalum (Б) -0,1-0,2 таб ұйықтардан 15-30мин алдын қабылдайды. әсері 6-8 сағ созылады.

Циклобарбитал – 0,1-0,2 таб, («Реладорм» таб) – этаминал – натрийге ұқсас.

Нитразепам – Nitrazepamum (Б): 0,005 және 0,01 таб шығарылып, ұйықтардан 30 мин бұрын қабылдайды. әсері 6-8 сағатқа созылады.

Флунитразепам (рогипнол) - әсері нитразепамға ұқсас 0,002 таб, 0,002 құрғақ зат + 1мл еріткіші бар амп шығарылады.

Триазолам (0,00025 және 0,005 таб) және мидазолам (0,015 таб, 0,5% 3 мл ерітінді ампулада) - әсері қысқа 10-20 минуттан кейін басталып 2-3 сағатқа созылады.

Зопиклон – Zopiklon 0,0075 таб шығарылып, ұйықтар алдында алдында 1 таб ұсынылады. Әсері 20-30мин басталып 6 сағ созылады.

Золпидем - әсері қысқа (2-3 сағ).

Метаквалон - әсері 6-8 сағ.

Жанама әсері: күндіз ұйқының келуі, әлсіздік, атаксия, жүру бағдарының бұзылуы, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, материалды кумуляция (барбитураттарға тән қасиет, әсіресе фенобарбиталда) байқалуы мүмкін. Дәріні доғарғанда абстиненция, ұйқы мен көру қабілетінің бұзылуы, тырысу мен ортостатикалық гипотензия байқалады. Сондықтан ұйықтататын дәрілерді 4 аптадан артық қабылдауға болмайды. Препаратты абайлап, мөлшерін азайтып доғару қажет. Басқа да жанама әсерлері: диспепсия (жүрек айну, ауыз қуысына металл дәмінің келуі) және аллергиялық реакциялар. Бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуында, (әсіресе жүктіліктің алғашқы 3 айыйнда), көлік жүргізушілеріне және жылдам қимыл қажет ететін қызметкерлерге қолдануға болмайды. Ұйықтатын дәрілермен бірге алкогольды сусындар қолдануға болмайды. Ұйықтататын дәрілермен анальгетиктерді, наркотикалық дәрі – дәрмектерді, нейролиптиктерге, транквилизаторларды бірге қолданғанда синергизм байқалады.

Ұйықтататын дәрілермен жедел улану. Абайсызда, әдейі немесе қате артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді.

Белгілері: ұйқы келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ң төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдануынан өлімге алып келуі мүмкін.

Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жеңіл уланғанда күре тамырға оның антогонисттері темегрид (0,5% -10мл ерітінді ампулада), флюманезил, оттегімен емдеу, пневманияның алдына алу үшін антибиотиктер; инфузиялық терапия – полиглюкин, витаминдер.

4. Эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

Эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттарды талманың күшін жиі болмауын қадағалау үшін қолданамыз. Дертті мүлдем емдеуге мүмкін емес. Эпилепсияның бірнеше формасы бар:

  1. Үлкен талма (Grand mal) тырсулар, естің жоғалуымен болады бірнеше минуттан кейін адам ұйықтап қалады.

  2. Кіші талмалар (Petit mal) тез уақытта (бірнеше секундта) адам естен танады, бет бұлшық еттері тырысуы мүмкін.

  3. Психомоторлы автоматизмдер – адам талады, есінен танады, кей кезде өзінің істеп жатқан ісіне жауап бере алмайды. Көліктерге отырып басқа жақтарға кетіп қалуы мүмкін.

Дәрілік препараттарды осы эпилепсияның формасына қарап қолданамыз. Әр науқасқа дозасы сайланады.

  1. Үлкен талма және психомоторлы ұстамаларда қолданылатын дәрілік заттар: фенобарбитал, бензонал, гексамидин, дифенин (фенитоин), карбамазипин (финлепсин, тегретол), хлоракон.

  2. Кіші талмаларда қолданылатын дәрілік заттар: этосуксимид (суксилеп), триметин (триметадион).

  3. Әр түрлі ұстамаларға қолданылатын дәрілік заттар: (көбінесе эпилепсия ұстамалары 3 формасы араласып келеді, осы кезде қолданылатын дәрілік заттар). Вальпроат натрий (конвулекс, депакин, ацедипрол), вальпроат кальций (конвульсофин), клоназепан (антелепсин).

Әсер ету механизмі: эпилепсияға қарсы әсер ететін дәрілік заттардың әсері патологиялық жағдайда эпилептоген орталығындағы нейрондардың белсендігін басу немесе олардың басқа ми бөлімдеріне өтуін тежеу. Бірден емдік дозасын алып тастасақ немесе азайтып тастасақ дерт ынталанып кетуі мүмкін. Сондықтан емдік дозаны біртіндеп азайтамыз.

Кері әсері: ұйқышылдық, бас ауырады, мидың сақтау қабілеті төмендейді, депрессия, аллергиялық реакция, диспепсия. Дифенин препараты гиперплазия (ауыздың шырышты қабаттарының асқынуы) шақырады.

Қабылдауға болмайды: жүрек жетіспеушілігінде, бауыр, бүйрек функциялары бұзылғанда, жүкті болғанда, бала емізгенде, қан айналым системасы бұзылғанда.

Гексамидин Hexamidinum. (Б): таблетка 0,125-0,25 ½ – 2 таблеткадан күніне 1-2 мезгіл.

Дифенин – Dipheninum (Б): таблетка 0,117 – күніне 3 мезгіл 1-3 таблеткадан.

Карбамазепин – Carbamazepinum (Б): таб 0,1; 0,2; 0,4 күніне 1-3 мезгіл тамақпен бірге немесе тамақтан кейін 1-2 таблеткадан.

Этосуксимид – Ethosuximidum (Б): капсула 0,25 күніне тамақпен бірге 3-4 мезгіл 1 капсуладан.

Натрия вальпроат – Natrii valproas (Б): таб 0,3; 0,5 күніне 1-3 мезгіл 1-2 таб.