Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.

Ұйқы безінің секрециясы жетіспегенде:созылмалы панкреатит болады. Бұл кезде ас қорыту жолдарының ферменттері: протеаздар (көбінесе триптин), амилаздар, липаздар және басқа қосымша заттар - гемицеллюлоза, пепсин, өт компоненттері қолданылады.

Препараттар:панкреатин (трипсин + амилаза) солизим және нигедаза, Мезим-форте, Трифермент, Панзинорм форте, Дигестал, Энзистал, Фестал (протеаз + липаз + амилаз), Креон, Ликреаза, Панцитрат - жоғары ферменттік белсенділіктері бар.

Бұл препараттарды асқазанды, бауыр және ішек жолдарын жақсы жұмыс істеуіне қолданамыз. Препараттар жақсы әсер етеді.

Қабылдауға болмайды:өткір панкретитте қолданбаймыз.

Панкреатин -Pancreatinu таб.(драже) 0,5 тамақпен бірге немесе тамақтан кейін.

Креон-Сreon:капс.0,3 -тамақпен бірге.

Фестал-Festal-драже №20,100 тамақпен бірге немесе тамақтан кейін.

Өткір панкреатитте - ұйқы безінің ферменттік белсенділігі онекі елі ішекте емес, бездің тіндерінде сектецияланады.

а)ұйқы безінің секрециясын төмендететін дәрілік заттар:М-холиноблокаторлар,антацидті дәрілік заттар (асқазан шырынының тұз қышқылын бейтараптайды,ол ұйқы безінің ширататынзаты);

б)протеолитикалық ферменттердің ингибиторы (тежегіш) (антиферментті препараттар) пантрипин, ингитрил, контрикал (трасилол), гордокс, антагозан-ферменттердің белсенділігін тежейді. Барлық препараттарды тамшылатын көк тамырға немесе баяу енгіземіз. Алларгиялық реакция шақырады.

Контрикал-Contrycal:фл.(амп.)10 000;30 000 және 50 000ЕД құрғақ ұнтақ;0,9% натрий хлоридін көк тамырға тамшылап 500мл дейін енгіземіз.

5. Өт айдайтын дәрілер

Өттің құрамында ішектегі майлардың, майда ерігіш дәрумендерді эмульгирлеп және сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылдары бар. Оның бауыр жасушаларының түзілуінің бұзылуымен немесе өт түтіктерінен ұлтабарға шығуының қиындауымен байланысты. Осыған орай медициналықтәжірибеде өт айдаушы дәрілерді екі топқа жіктейміз.

а) Өт түзілуін күшейтетін дәрілер. Холеретиктер - өттің түзуін күшейтетін дәрілік заттар болып табылады (Холесекретиктер – холеретиктер):

- жануарлардан алынған: «Аддохол», «Холензим», «Лиобил» таб – құрамында жануарлардың құрғақ өті бар.

- синтетикалық: оксафенамид, никодин, циквалон, гимекромон (одестон):

- өсімдіктен алынған: құмдық салаубас гүлі (қайнатпа, құрғақ сығындысы, фламин препараты), жүгері шашағы (қайнатпа, сұйық сығынды), танацехол түймешетен гүлінің препараттары), холосас (раушан жемісінің шырыны), берберин биосульфаты (барбарис препараттары), холагол (құрамында куркума сығындысы, бұрыш жалбыз майы, эссенциальды фосфолипидтер және т.б.).

Холесекретиктер өт секрециясын күшейтуден басқа, оларды сұйылтуына және айдауына алып келеді, нәтижесінде инфекцияның жамуын және тастардың түзілуін жойып, өттің айдалуын жақсартып, қабыну процесін төмендетеді. Олар созылмалы гепатитте, холесцистидте және холангитте қолданылады. Кейбір препараттар холеретикалық әсерінен басқа спазмолитикалық әсер: оксафенамид, көптеген өсімдік препараттары.

циквалон – қабынуға қарсы:

никодин – микробқа қарсы әсер көрсетеді.

Холесекретиктерді жіті қабынуы мен бауырдың айқын дистрофиялық процестерінде және өт жолдарының тығындалуымен жүретін өт тас ауруларында қолдануға болмайды.

Аллохол – Allocholum: 1 таб тамақтан кейін тәулігіне 3 рет белгіленеді.

Оксафенамид – Oxaphenamidum: 0,25 таб шығарылып 1 таб тамақ алдында тәулігіне 3 мезгіл.

Никодин – 0,5 гр таб, 1 таб тамақ алдында 3 мезгіл.

Холосас – 300 мл флаконда 1шай қасықтан 30 мин тамақ алдында тәулігіне 2-3 мезгіл.

Холагогум – 1-2 капс тамақпен бәрге немесе тамақтан кейін белгіленеді.

б) Өт бөлуін жеңілдедетін дәрілік заттар (холекинетиктер) - өттің ағуын жеңілдетеді.

- өт бөліну жолдарының дискензиясының гипотониялық түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қуығының тонусын жоғарлататын Одди свинктерін босаңсытатын препараттар: магний сульфаты, ксилит, сорбит, маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады.

Әсер ету механизмі: ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байланысты,магний сульфаты өт түтігіне спазмалитикалық әсер көрсетеді осы топ препараттары өт түтігіне әсер етіп өт қалтасының атониясында, дисенезияларында, созылмалы холециститте, гипотитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазанның жедел қабыну ауруларында, өт-тас ауруларында қолдануға болмайды.

Магний сульфаты – Magnesii sulfas: ұнтақ түрінде, 1 ас қасықтан 25% 50мл жылытылған ерітінді тағайындалынады.

-өт бөліну жолдарының дискенизиясының гипертоникалық түрінде өт жолдарының біріңғай бұлшық еттерін босаңсытатын препараттар: М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин), миотропты спазмолитиктер (папаверин, но-шпа), өсімдіктерден алынған препараттар (холагол, олиметин) қолданылады. Бұл препараттар өт-тас ауруларында ауырсыну түйінін басу үшін белгіленеді.

Холелитолитикалық дәрілер - өт қалтасындағы тастарды ерітеді: хенодезоксихол қышқылы (хенофальк, хенодиол), урсодезоксихол қышқылы (урсофальк, урсосан) – 0,25 капс. Тек қана түнде қабылдау қажет, себебі өт холестеринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырда холестерин синтезін бұзып, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді. Препараттарды ұзақ 6 айдан 3 жылға дейін қабылдау қажет.

Гепетопротекторлар (бауырды сақтандыру дәрісі) – бауыр жасушаларына қорғаныш әсер көрсетіп, қайта қалпына келуіне мүмкіндік жасайды, жағымсыз әсерлерге тұрақтылығын күшейтеді. Олар созылмалы гепотитте, бауыр дестрофиясында, цейрозында, бауырдың улы заттар мен зақымдалуында қолданылады.

  • теңбіл ширақкөк (расторопша) препараттары: легалон, карсил (әсер етуші зат силимарин), силибор, гепабене

  • дәрілік шөптерден алынған препараттар: ЛИВ-52, хофитол, артишок, тыквеол, валилив;

  • мүйізді қара малдың бауырынан алынған препараттар: сирепар, витогепат, вигератин;

Эссенциал – (құрамында фосфолипидтер, В6,В12, В5, РР витаминдер).

Бұл препарат зат алмасу белсенділігі бұзылған бауырды жоғары энергетикалық «эссенциалды» фосфолипидтердің сіңірілуіне дайын жоғары мөлшерде қамтамасыз етеді.

Қолданылуы: бауырдың май басқан дегенерациясы, созылмалы гипотит, цирроз, бауыр жасушасы некроз, бауыр комасы, команың алдын алу, бауырдың уытты зақымдануы, жүктілік кезінде уланулар, операция алдындағы және кейін емдеу, псориаз.

2 капсуладан тәулігіне 3 мезгіл тамақпен бірге қолдануға болады. 10мл амп түрінде 10-20мл 5% глюкоза ерітіндісімен 200-500мл көлемінде к/т тамшылатып тәулігіне 2-3 мезгіл енгіземіз.

6. Іш жүргізетін дәрілер

а) Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер. Тұзды іш жүргізетін дәрілер (ішектің осмыстық қысымын жоғарлатады): магний сульфаты, натрий сульфаты, табиғи карловар тұзы.

Әсер ету механизмі: бұл препараттар асқазан ішек жолдарында нашар сіңіріліп ішектің осмыстық қысымын жоғарлатып судың сіңірілуін төмендетеді. Ішек құрамының көлемі жоғарлайды, ол рецепторлардың тітіркенуіне және ішектің толқи жыиырылуының күшеюіне алып келеді. Препаратты 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн. әсері 2-4 сағаттан соң басталады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуге бірге қолданылады.

Жанама әсері: магний иондары резорбтивті әсер көрсетуі мүмкін. әсіресе бауыр жеткіліксіздігінде және ОЖЖ-ң, жүрек жұмысының тежелуін шақыруы мүмкін, ал балаларда ағзаның сусыздануына алып келеді. Тұзды іш жүргізетін дәрілерді әрдайым қолдануға болмайды, себебі олар құнарлы заттардың сіңірілуін бұзады. Балалардың жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолданған жөн.

Магний сульфаты – Magnesii sulfas: ұнтақ түрінде, 10-30гр аш қарынға 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн.

Натрий сульфаты – Natrii sulfas (кастор майы) ұнтақ түрінде дәл мс сияқты қолданылады.

Касторовое масло (майсана майы) – үпілмәлік (клещевина) тұқымынан алынған препарат.

Әсер ету мехнизмі: кастор майы ұлтабарда рицинол қышқылы түзілуі арқылы ыдырайды. Ол ішектің рецепторларын тітікендіреді, толқи жиырылу қызметін күшейтеді. Судың және электролиттердің сіңірілуін тоқтатады. әсері 2-6 сағаттан соң басталады, жіті іш қатуда, ренгалогиялық зерттеулерге, науқасты дайындар алдында қолданылады.

Жанама әсері: жатыр бұлшық етінің рефлекторлы жиырылуында (бұрын босануды қуаттандыру үшіне қолданған) жиі қолдануға болмайды себебі астың қорытуын бұзады. Жүктілікте майда еритін заттармен ( бензол, фосфат және т.б) уланғанда қолдануға болмайды. Себебі кастор майы уытты заттардың сіңуін жақсартады.

Кастор майы – Oleum Ricini: 1,0 капс түрінде шығарылады, 15-30 капс болады. 30 мл флаконда 1-2 ас қасықтан ішуге белгіленеді.

Осмыстық іш өткізетін дәрілер: форлакс, лактулоза («Нормазе», «Порталак»), маннит және сорбит жатады. Бұл препараттар ішектің осмыстық қысымын жоғарлатып созылмалы іш қатуда қолданылады.

б) Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер. Әсер ету механизмі: тоқ ішекке электролиттер мен сулардың сіңіріліуін төмендетіп, тоқ ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке әсер етпейді де қоректі заттардың қорытылуы мен сіңуін бұзбайды. Әсері 8-10 сағаттан соң байқалады, көбігнесе таңертең немесе түнде тағайындалады. Созылмалы іш қатуда қолданылады.

Жанама әсері: үйренгіштік тудырады, сондықтан препарттарды кезектестіру қажет. Ұзақ қолданғанда – гипокалиемия, антраценгликозидтер, шырышты қабықшаның түпті тік ішектің бұлшық ет қабықшасының зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын, ал синтетикалық іш жүргізетін дәрілер – аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында қолдануға болмайды.

          1. Құрамында антраценгликозидтері бар өсімдік тектес препараттар: рауғаш (ревень) тамырының препараттары: Pulvis radicis Rhei – рауғаш тамырының ұнтағы: 0,5 таб 1-4 таб белгілнеді.

  • иншомырт (крушина) қабығының препараттары (қайнатпа, сұйық сығынды, құрғақ сығынды, 0,2 таб; рамнил – 0,05 таб, шай): Extr Frangula fluidumитшомырттың сұйық сығындысы: 25 мл флаконда 20-40 тамшыдан түнде ішуге белгіленеді.

  • Іш жүргізетін іш дәрі қара жемісінің (жостер слабительный) препараты (қайнатпа, тұнба).

  • Сенна жапырағының препараттары (тұнба, сығынды 0,3 таб «Сенадексин», «Сенаде», «Глаксена», антрасеннин, тисасен, пурсеннид таблеткалары; шай, брикеттер (жеміс кубиктер) – кафиол және регулакс, агиолакс – гранулалары.