Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.

а) Н2- гистаминоблокаторлары: циметидин (гистодил, нейронорм, примамет, тагамет), ранитидин (зантак, зоран, ранисан), фамотидин (гастросидин, ульфамид, фамосан, квамател), низатидин (аксид, низакс), роксатидин (алтат).

Әсер еті механизмі: асқазан қабырғасында орналасқан Н2 - гистамин рецепторларының түнгі және базальді секрециясын тежейді, тағаммен бірге түзелетін асқазан тұз қышқылының секрециясын да тежейді. Олар күндізгі және түнгі ауырып тұрған сезімді басады, гастропротекторлы әсер етіп, асқазандағы және онекі елі ішектегі ойық жараларды жазады. Таблетка және ампулада ерітінді түрінде көк тамырға енгізуге арналған.

Н2 - гистаминоблокаторларды асқазандағы және онекі елі ішектегі ойық жараларды, гиперацидтік гастриттерде қолданамыз.

Кері әсері:диспепсия, бас және бұлшықеттердің ауыруы, теріде бөріткен пайда болады, бас айналады, бауырдың істеу функциясы бұзылады, лейкопения, депрессия шақырады.

Қабылдауға болмайды:бауыр, бүйрек дерттерінде, 14жасқа дейінгі балаларға, бала емізгенде, жүкті болғанда.

Циметидин-Cimetidinum(Б) таб.0,2-1 таб.күніне 3 мезгіл тамақпен бірге және 1-2 таб. ұйықтар алдында;амп.10%ерітінді 2 мл көк тамырға 4-6 мезгіл.

Ранитидин - Ranitidinum таб. 0,15 және 0,3- күніне 2 мезгіл; амп.2,5% ерітінді 2 мл - көк тамырға күніне 3-4 мезгіл .

Фамотидин - Famotidinum таб.0,02 және 0,04 -күніне 2 мезгіл.

б)М-холиноблокаторлар:

Селективті емес: атропин, метацин, платифиллин, красавка препараттары: курстық ем жасағанда кері әсері көп, тез бейімдеушілік болады, ол терапевтік белсенділігін азайтады. Антацидтермен бірге жақсы әсер етеді және әсер етуін созады. Н2 - гистаминоблокаторлармен бірге қосып пайдаланған жөн.

Селективті: пирензепин (гастрозепин) асқазандағы М1 – холинорецепторларын.

Пирензепин - Pirenzepinumтаб. 0,025 және 0,05 күніне таңертең және кешке 30 тамақ алдында 2 таб. қабылдаймыз.

Амп.0,5%ерітінді 2мл в/м, в/в тамшылап күніне 2 мезгіл.

в)ингибиторлар:

омепразол ()пантопразол (контролок), ланзопразол (ланзап, ланзоптол), рабепразол.

Әсер ету механизмі:асқазанда сутек ионының түзілуін бұзады, бактериостатикалық әсер көрсетеді.

Қолданылуы: пептиттік ойық жарада, егер басқа препараттар көмектеспесе.

Кері әсері:диспепсия, бас ауырады, ұйқышылдық пайда болады.

Қабылдауға болмайды:бала емізгенде, жүкті болғанда.

Омепразол-Omeprazol (Б) капс.0,02 -таңертең тамақ алдында 1 капс,күніне бір мезгіл.

3.Гастропротекторлар:

Олар асқазанның шырышты қабаттарын қорғайды. Жараларды жазады. Оларға: висмут препараттары жатады: де-нол, Викалин, Викаир. Олар асқазанның шырышты қабаттарын тітіркенуден қорғайды. Антацидтік әсер көрсетеді. Бактерицидтік әсер көрсетеді. таб.0,12 гр.тамақ алдында 30 минут бұрын немесе ұқтар алдында күніне 4 мезгіл, курстық ем 4-8 жұма.

Простагландиндер: мизопростол (цитотек, сайтотек) – простагландин Е1-ң синтетикалық аналогы, стериолты емес қабынуға қарсы дәрілердің ульцерогенді әсерін алдын алу үшін тиімді.

Карбеноксолон (биогастрон, дуогастрон) – мия тамырының препараты, қабынуға қарсы және минералогкортикоидты белсенділігі бар. Асқазан шырышының зақымдаушы факторларға тұтқырлығын жоғарлатып және оның қорғаныш қызметін күшейтеді, шырышты қабатты қанмен қамтамасыз етілуін күшейтіп, көбінесе дәрілік заттардың әсерінен пайда болған, ойық жараларды емдеу мақсатында қолданылады.

4. Репаранттар – бұл препараттар асқазан мен ұлтабардың жараларының жазылу барысын күшейтіп жазылу барысын күшейтетіп, регенерацияны қуаттандырады (тек гастроэнтрологияларда ғана емес, сонымен қатар медицинаның барлық салаларында қолданылады): анаболикалық стероидтар (феноболин, ретаболил және т.б.) және метаболитикалық процесті қуаттандыратын дәрілер (метилурацил, пентоксил, калий оротаты, АТФ препараттары, этаден); биогенді күшейткіш препараттары (солкосерил, алоэ сығындысы, калонхоэ шырыны, апилак, прополия және т.б.): шырғанақ (оюлепиха) пен раушан (шиповник) майлары, гастрофарм және т.б. жатады.