Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармакол. каз.лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
441.8 Кб
Скачать

2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).

Құсық шақыратын дәрілік заттар көп қолданбайды.Уытты заттардан асқазанды босататын әдістердің бірі :асқазанды жуу,адсорбенттерді және тұзды іш өткізгішті ерітінділерін қолданамыз.

б)Тәбетті төмендететін дәрілік заттар (анорексигенді дәрәләк заттар):фепранон, Дезопимон, дексфнефлурамин (изолипан, минифаж, фенфлурамин, пондимин); мазиндол (теронак, санорекс).

Әсер ету механизмі: гипоталамустегі тоқтық орталығын ынталандырады да,аштық сезімді азайтады.

Қолданылуы:алиментарлы семіздікке (тамақты көп жегенде) гормондардың түзілуі бұзылғанында семіздік пайда болса,аз калориялы тағамдарды қабылдап,арнаулы диета ұстаймыз.

Кері әсері: ауыз қуысыкебеді,іш қатуы немесе өтуі мүмкін, қан қысымы көтеріледі, психостимуляторлық әсерінен ұйқы бұзылады, тез ашуланшақ келеді (сондықтан анорексигенді препараттарды күннің бірінші жартысында қабылданады), ұзақ қолданғанда бейімдеушілік пайда болады.

Қабылдауға болмайды: жүкті болғанда,гипертензияда (қан қысымы жоғары болса), ми қабатының және коронардың қан айналуы бұзылса, психикалық дерттерде, глаукомада, эпилепсияда,психозда.

Ең алдымен фенамин анорексигенді препараты қолданған, бірақ оның кері әсері өте жоғары болғандықтан, қазіргі кезде оны қолданбаймыз. Оған сәйкес келетін аналогтарын қолданамыз:

Фепранон – Phepranonum (А) драже 0,025гр. күніне таңертең және күннің орта шенінде (тамаққа дейін 1 сағат) екі мезгіл 1 дражеден.

Дезопимон – Desopimonum (А) таб.0,025 тамақтанған кезде фенаминге қарағанда екі препаратта әлсіздеу, бірақ кері әсерлері аз.

Мазиндол – Mazindol (А) таб. 0,001-тамақпен бірге. Фенаминге қарағанда белсенділігі артық, дәрілік бейімделушілікті аз шақырады.

Дексфенфлурамин - Dexfluramin(А) капс.0,015 және 0,06 тыныштандырғыш әсер көрсетеді, қан қысымын көтермейді.

Барлық анорексигенді препараттар тек қана рецепт арқылы беріледі.

2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.

Тура (орталыққа) әсер ететін дәрілік заттар (құсық орталығын ынталандырады): апоморфин, морфин, наперстянка препараттары, ісіке қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

Рефлекторлы әсер ететін дәрілік заттар (асқазанның шырышты қабатындағы рецепторларын тітіркендіреді): термопсис препараттары және ипекакуана, меди сульфаты, цинк сульфаты.

Практикада апоморфинді ғана қолданамыз. Ішімдіктен айырғанда оны арақтан рефлекторлы жүрек айнытқызып емдік жүргіземіз (тек стацинарда).

Apomorphini hydrochloridum-апоморфин гидрохлориді - (А) амп. 1% ерітінді 1мл тері астына 0,2 - 0,5мл енгіземіз.

- Құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар көп қолданады.

1.Нейролептиктер (этаперазин, трифтазин галоперидол және т.б. ) - құсық орталығының рецепторларын тежейді, химия терапияда, хирургиялық операциядан соң және жүкті әйелдердің токсикозында қолданамыз .

Метоклопрамид (церукал, реглан) - нейролептиктермен әсер ету механизмі ұқсас, асқазанның босауын тездетеді, асқазан және онекі елі ішектің ойық жараларында, метеоризмде қолданамыз. Ағза жақсы қабылдайды, ұйқышылдықты шақырады, ауыз қуысы кебеді, құлақта шуыл пайда болады, паркинсонизм болуы мүмкін.

Метоклопрамидке бромоприд ұқсайды.

Метоклопромид - Metoclopramidum. таб.0,01 күні 1 таблеткадан 3-4 мезгіл тамақ алдында, бірден жұтқан дұрыс. амп. 1% ерітінді 2мл көк тамырға және бұлшық етке тәулігіне 1-3 мезгіл енгіземіз.

Тиэтилперазин (торекан) - Құсық орналығын тежейді, кері әсері нейролептиктерге қарағанда аздау: ауыз қуысын кептіреді, ұйқышылдық шақырады, ұзақ қолданғанда паркинсониз болуы мүмкін.

Тиэтилперазин - Thiethylperazinum. (Б) таб.(драже) 0,0065 -1таб (драже) күніне 2-3 мезгіл;свечи 0,0065. амп. 0,65%1 мл ерітінді бұлшық етке.

М-холиноблокаторлар (Аэрон) және антигистаминдік (аллергияға қарсы) (димедрол, дипразин) құсық орталығын тежейді, жүрек айнығанда пайдаланамыз.

Жергілікті анестетиктер (анестезин, новокаин) - құсыққа жақсы әсер етеді, гастриттерде, айық жараларда қолданамыз. Химиотерапиялық ісіктерде тропесетрон (навобан) және ондансетрон (зофран) құсыққа қарсы қолданамыз.