- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
Гельминтоз - құрттардың ағзаға еніп зақымдауы, көбінесе балалар арасында кең тараған. Құрттар балалар ағзасында токсиндер бөледі. Гельминттердің 3 түрі бар: нематодтар (жұмыр құрттар), цестодтар (таспа құрттар), трематодтар (жалпақ құрттар). Гельминттер ішекті зақымдап, ішек гельминтозын шақырады және ішектен тыс (бауыр, өт, өкпе, бас миын, тері,, қан және лимфатикалық тамырлар) зақымдап, ішектен тыс гельминтоз шақыруы мүмкін. Ішек гельминтозының клиникалық белгілері біріңғай: АІЖ қызметінің бұзылуы, жүйке жүйесінің бұзылуы, аллергиялық реакциялар, анемия.. Препаратты таңдау копроовоскопиялық(үлкен дәретті) зерттеу нәтижесіне қарай белгіленеді. Қазіргі кезде клиникалық тәжірибеде көптеген дәрілер енгізілген, олардың спектрі кең және тиімді болып келеді.
1. Нематодоздарда қолданылатын дәрілер. Нематодоздарға: аскаридоз (қоздырғышы аскарида (жылан құрт)), энтеробиоз (қоздыргышы бәсір), трихоцефалез (қоздыргышы власоглав), анкилостомидоз (қасық бас қоздыргышы), стронгилоидоз (қоздыргышы ішек кенелер). Нематодоздарды емдеу үшін: пиперазин, нафтамон (алькопар), левамизол (декарис), мебендазол (вермокс), медамин, пирантел (комбантрин, немоцид), пирвиний (ванквин), дитиазанин (тельмид), дифезил қолданылады. Қазіргі кездегі нематодтарға қарсы дәрілердің улылығы төмен, АІЖ нашар сіңіріліп, арнайы диетаны қажет етпейді және іш жүргізетін дәрілер (препараттардың іш жүргізетін әсері бар) белгіленбейді, емдеу ұзақтығы 1-3 күн. Әсер ету механизмі: құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметін бұзып, құрттарда глюкозаның сіңірілуін қайтымсыз бұзады. Аскаридозда, энтеробиозда; трихоцефалезда; тениозда; анкилостомидозда колданылады.
Рiperazini adipinas - пиперазин адипинаты: 0,5 таб.; 3-4 таб. тәулігіне 2 рет (тамақтан 1 сағ. алдын немесе тамақтан 1 сағ. кейін); аскаридозда 2 тәулік; энтеробиозда 5 тәулік бойына қолданады. 1 апта үзіліспен 2-3 курс өткізеді. Жүрек айну, іш тұсының ауыруы, бас ауыру, бұлшық ет әлсіздігі және діріл байқалуы мүмкін. ОЖЖ-ң органикалық зақымдалуында қолдануға болмайды.
Нафтамон - (5,0 ұнтақты кант сиропында немесе 0,5 шекте еритін 10 таб. таңғы астан 2 сағ. алдын) аскаридозда, энтеробиозда, трихоцефалезда және анкилостомидозда (стационарда) қолданылады. Левамизол - 0,15 - 1 таб. ұйықтар алдында (1 аптадан кейін қайталау) аскаридозда, анкилостомидозда және стронгилоидозда қолданылады. Левамизолдың иммуностимуляторлық әсері бар.
Меbendazolum - мебендазол (Б): 0,1 таб. - гельминтке қарсы спектрі кең, тиімділігі жоғары, энтеробиозда, трихоцефалезда, аскаридозда, анкилостомидозда, стронгилоидозда, шек цестодозда, трематодозда, аралас инвазияда қолданылады. Энтеробиозда тек қана 1 таб., ал қалған жағдайда 1 таб. күніне 2 рет 3 күн бойына қолданылады. Аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Медамин - мебендазолға ұқсас, шек нематодозында қолданылады.
Руrantelum - пирантел (Б): 0,25 таб.; 5% 15 мл (3 ас қасық); 3 таб. таңертең 1 рет. Аскаридозда, энтеробиозда, анкилостомидозда, трихоцефалезда (сирек) тиімді. Диспепсия, бас ауыруы, бас айналуы байқалуы мүмкін. Пирвиний памоаты - энтеробиозда тшмдк Дитиазанин - трихоцефалез бен стронгилоидозда тиімді. Дифезил - тек трихоцефалезде қолданылады.
Барлық нематодқа қарсы дәрілерді жатырдың біріңғай салалы бұлшық ет тонусын жоғарылатуына байланысты жүктілікте қолдануға болмайды, ал қанға сіңірілгеннен кейін тератогенді әсер көрсетеді.
2. Цестодоздарда қолданылатын дәрілер. Цестодоздарға тениоз (қоздырғышы қарулы (шошқа) таспа құрт), тениаринхоз (қоздыргышы қарусыз (өгіз) таспа құрт), дифиллоботриоз (қоздыргышы жалпақ құрт) және гименолепидоз (қоздырғышы ергежейлі таспа құрт). Цестодоздарды емдеу үшін: фенасал (йомесан, никлозамид), аминоакрихин, празиквантель (азинокс, билтрицид) қолданылады. Әсер ету механизм»:құрттардың жүйке-бұлшық ет жүйесін уақытша әлсіруіне алып келеді.
Рhenasalum
- фенасал (Б):
0,25 таб.- таңертең аш қарынға бірден 8-12
таб. қабылдайды. Науқасқа көмірсу
диетасын белгілеп, кешке тек шай
мен жеміс шырындарын қабылдап, ал түнде
клизма қойылады. Жүрек айну,
аллергиялық реакциялар, нейродерматиттің
асқынуы байқалуы мүмкін.
Фенасал тениаринхозда, дифиллоботриозда,
гименолепидозда колданылады.
Тениозда
аз қолданылады, себебі цистицеркоз
пайда болу қауіпі
бар (фенасал
шошқа таспа құртынын, жұмыртқасына әсер
етпейді, мүшесінің
бұзылуынан ішекте жұмыртқасы жарылып,
одан шыққан ұрық аш
шектің қабырғасы арқылы, күре тамырда
қан ағысымен миға, көзге, жүрекке,
көлденең жолақ бұлшық еттеріне,
тері
асты клетчаткасына түсіп,
цистицеркоз
дамиды).
Тениозды
фенасал препаратымен емдеуде міндетті
түрде
қоса іш жүргізетін дәрілер белгіленеді.
Аминоакрихин
-
улы, гименолепидозда
қолданылады. Цестодоздарға қарсы
дәрлермен емдеу стационар
жағдайында жүргізіледі.
Рraziquantel - празиквантель (Б): 0,6 таб. - 2 таб. (1күн) тәулігіне 3 рет. Са2+ иондары үшін гельминттердің жасуша мембраналарының өткізгіштігін жоғарылатып, құрттардың бұлшық ет жүйесінің спастикалық салдануына алып келеді. Цестодозда, трематодозда және аралас инвазияда қолданылады. Жүрек айну, іш тұсының ауыруы, бас ауыруы мүмкін. Цестодозды емдеу үшін мебендазол мен асқабақ дәндері қолданылады.
3.Ішектен тыс гельминтоздарда қолданылатын дәрілер. Ішектен тыс гельминтоздарға трематодтар жатады: фасциолез (қоздыргышы бауыр двуусткасы, бауыр, өтті зақымдайды), описторхоз (қоздыргышы мысык, немесе сібір двуусткасы, бауыр, ұйқы безін зақымдайды), клонорхоз (қоздыргышы қытай двуусткасы, бауыр, ұйқы безін зақымдайды), шистосомоз (қоздыргышы шистосомдар, қан тамыр, қуық, ішекті зақымдайды). Филярий нематодтары филяриатоз тудырып, қан және лимфатикалық жүйені, тері асты клетчаткасын, көз ұлпаларын зақымдайды, бұл ауру тропикалық және субтропикалық елдерде таралған. Цестодоз таралуы: цистицеркоз (қоздыргышы цистицерк, булшык ет, ми, көзд1 зақымдайды) және эхинококкоз (қоздыргышы эхинококк, бауыр, өкпе, миды зақымдайды), Трематодоздарды емдеу үшін хлоксил және празиквантель қолданылады. Әсер ету механизмі: гельминттердің энергетикалық процестеріне әсер етіп, шистосоматозда (празиквантель), филяриатодозда (дитразин), тениоз, трематодозда (празикванталь).
Сhloxylum - хлоксил (Б): 2,0 ұнтақ; 1/2 стакан сүтпен әр 10 минут сайын (3-5 рет) таңғы астан 1 сағ. соң (2 күн), басқа да емдеу сызбалары бар, 4-6 айдан соң емдеу курсын қайталау қажет. Бауырдың гельминтоздарында: описторхозда, фасциолезда, клонорхозда қолданылады. Жанама әсері: бауыр көлемінің ұлғаюы, бауыр тұсының ауыруы, протеинурия, жүрек ырғағының өзгеруі, жүрек тұсының ауыруы, эозинофилия(лейкоциттердің бір түрі), аллергиялық реакциялар байқалады. Жүрек, бауыр ауруларында, жүктілікте қолдануға болмайды. Празиквантель - улылығы төмен, трематодозда және цестодозда тиімді. Филяриатозда дитразин (0,05 және 0,1 таб. таулігіне 3 рет 10 күн бойына) қолданылады. Тері бөртпелері, кышыма, бас ауыру, жөтел, жүрек айну, бауыр мен көк бауырдың көлемі ұлғаюы мүмкін.
Асқорту жолдарына әсер ететін дәрілік заттар.
Классификациясы:
1.Тәбетке әсер ететін дәрілік заттар.
2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
3.Асқазанның секроторлық функциясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
4.Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
5.Өт айдаушы дәрілік заттар.
6.Іш өткішгіш дәрілік заттар.
1.Тәбетке әсер ететін дәрілік заттар.
а)Тәбетті көтеретін дәрілік заттар.
Ащылар - өсімдік тектес дәрілік заттар,ашты дәмі бар. Дәм рецепторларын тітіркендіреді, аштық орталығын рефлекторлы ынталандырады да, тәбетті көтереді, асқазан шырынын шырышты қабаттада рефлекторлы түзілуін жоғарылатады да,астың қортылуын жақсартады.
Полын горькийдің жапырақтарында және шөбінде, вахта трехлисттінің (трофоли) жапырағында,аир күре тамырында, золототысячниктің шөбінде,одуванчиктің тамырында, подорожниктің жапырағында ашшылар болады.Ашылар препараттарын (тұнба,тұндырма,жинақтар)тамақ алдында 20-30 минут бұрын қолданамыз.Дәмді преправалар пряностілер ашты дәмді және хош иісті болып келеді.
Ащыларды қабылдауға болмайды: асқазан секрециясы жоғары болса, асқазан және онекі елі ішектің ойық жарасында.
Настойка полыни-Полынь тұндырмасы.Tinctura Absinthii.: Флакон 25мл-10-20 тамшыдан 20-30 минут тамақ алдында қабылдаймыз.
Зат алмасу процестерін ынталандыратын дәрілік заттар тәбетті көтереді:инсулин, витаминдер, анаболитикалық стероидтар, карнитин, апилак. Антигистаминді препарат ципрогептадин(апетиген,перитол) орталық ынталандырғыш әсер көрсетіп,нейрогенді анорексияда ,ұзақ созылмалы дерттерге қарсы қолданамыз.
