
- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
а)
Трихомонадозды
емдеуге арналған
дәрілер.
Трихомонадоз
-трихомонада
қоздырғышы
тудыратын несеп-жыныс жүйесінің
ауруы, әйелдерде
кольпит пен вульвовагинит, ал ерлерде
уретрит ауруын тудырады.
Трихомонадозды емдеудің
негізгі
препараттары нитроимидазол
туындылары
болып табылады.
Оларға:
метронидазол (трихопол, флагил,
метрогил, клион), тинидазол (фасижин),
орнидазол (тиберал). Облигатты
анаэробты микроорганизмдерге, бактериялар
мен қарапайымдыларға
қатысты
белсенді
болып
табылады. 5-нитротоптың
түрленуі
ДНҚ
синтезінің
басылуын, шиыршықты
құрылымның
жоғалуы
мен ДНҚ
жіптерінің
үзілуіне
әкелетін
белсенді
аралық
қосылыс
түзілуін
қамтамасыз
етіп,
ал бұл
жасушаның
жойылуына соқтырады.
Әсер
ету механизмі:
нуклеин
қышқылдарын
жойып, бактерицидті
әсер
етеді.
Әсер
ету спектрі:
қарапайымдылар
(трихомонада,
амеба, лямблий), спора
түзбейтін
анаэробты бактериялар, Неlicobacter
руlоri.
Нитроимидазол туындылары
АІЖ-да
жақсы
сіңіріліп,
ағзаның
барлық
ұлпалары
мен сұйықтықтарына,
қабыну
және
некроз, абсцесс ошақтарына
өте
жақсы
енеді.
Қарапайымды
инфекцияларда (трихомонадоз,
амебиаз, лямблиоз, тері
лейшманиозы,
балантидиаз); әртурлі
анаэробты инфекцияларда, асқазан
жарасында қолданылады.
Жанама әсері:
диспепсиялық
бұзылыстар
(тәбет
төмендеуі,
ауыздың
ащы металл татуы, жүрек
айнуы, құсу,
диарея), бас ауыру, есек жем, қышыну,
діріл,
кандидоз, полиурия, зәрдің
қызыл
қоңыр
түске
боялуы, тетурам тәрізді
әсерлер
байқалуы
мүмкін.
Қолдануға
қарсы
көрсеткіші:жүктіліктің
алғашқы үш
айында (тератогенді(іштегі
нәрестенің механикалық өзгеріске ұшырап
ауытқуы)
әсер
етеді,
сүтке
ащы дәм
береді),
лактацияда, ОЖЖ-ң
үдемелі
ауруларында. Емделу кезінде
спиртті ішімдіктер
(дисульфирамға
ұқсас
реакциялар, іштегі
толғак,
тәрізді
ауырсынулар, лоқсу,
құсу,
бас ауыру, терінің
қызаруы)
қабылдауға
болмайды.
Меtronidazolum- метронидазол (Б): 0,25 және 0,5 таб. -трихомонадозда сызба бойынша 0,25 тәулігіне 2 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін 10 тәулік бойына; амебиазда 0,25 тәулігіне 3 рет 10 тәулікке дейін; лямблиозда 0,25 тәулігіне 2 рет 5 тәулікке дейін; қынапты супп. (таб.) 0,5 түнде; 0,5% 10 мл еріт. амп. және 0,5% 100 мл еріт. флаконда шығарылып, к/т тамшылатып енгізіледі.
Трихомонадозда сондай-ақ трихомонацид, нитазол, фуразолидон қолданылады.
б) Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер. Лямблийлер ішекті, өт қапшығы мен өт жолдарын, бауырды зақымдап, энтерит, энтероколит, холангит, холецистит, дуоденит шақырады. Лямблиозда метронидазол, тинидазол, фуразолидон («Трихомонадозды емдеуге арналған дәрлер», «Нитрофуран туындылары» тақырыптарына қараңыз) қолданылады. Лямблийге қарсы аминохинол, акрихин, хлорхинальдон белсенділік көрсетеді.
в) Амебиазаны емдеуге арналған дәрілер. Амебалар тоқ ішектің бойы мен қабырғасын зақымдап, амебалық дизентерия мен созылмалы жара колиттерін тудырады. Амебалар ток ішектің шырышты қабықшасынан қан ағысы арқылы бауырға, өкпеге, миға, бүйрекке өтіп амебалы процестер шақыруы мүмкін. Сол себептен дәрілерді 2 топқа бөлеміз:
1.1шектегі амебиазда қолданылатын дәрілер (амебты дизентерия).
2.1шектен тыс амебиазда қолданылатын дәрілер.
Амебиаздың кез келген түрін емдеуге нитроимидазолдар: метронидазол, тинидазол («Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер» тақырыбына қараңыз) жатады. Амебиазаның ішектегі түрінде, сонымен қатар бацилло тасығыштарда, ішек бойына әсер ететін хинолондардың 1 буыны: хиниофон, энтеросептол, мексаформ, интестопан («Синтетикалык, микробқа қарсы дәрілер» тақырыбына қараңыз) ішек флорасын жойып, анаэробтар болып табылатын амебалардың өмір сүруіне қолайсыз жағдай жасау үшін тетрациклинмен бірге тағайындалады.
Ішектің қабырғасында және ішектен тыс орналасқан амебаға қарсы :эметин (ипекакуана тамырының алкалои.ды) әсер етеді. Ішке қабылдағанда рефлокторлы түрде құсық шақырады, сондықтан парентеральды енгізіледі. Эмотин тікелей амебицидті әсер етіп, ұлпаларға жеңіл өтіп, бауырда сақталады, сондықтан амебалы гепатитте қолдану тиімді.
Жанама әсерлері: құсу, лоқсу, тітіркендіргіш әсер, қышыма, есек жем, жүрек қызметінің бұзылуы, гипотензия, полиневрит, бұлшық ет әлсіздігі. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жүрек және бүйректің органикалық ауруларында.
Еmetini hydrochloridum - эметин гидрохлориді (Б): 1% 1 мл еріт. амп. т/а және б/е тәулігіне 2 рет тағайындалады.
Ішектен тыс амебиазада әсіресе бауырдың амебты зақымдалуында безгекке қарсы препарат хингамин қолданылады.
г) Безгекке (малярия) қарсы дәрілер. Безгек қоздырғышы малярия плазмодиі, тасымалдаушы Аnopheles масаның ұрғашысы болып табылады. Үш күндік, төрт күндік және тропикалық деген малярияның 3 түрі бар. Маса денесінде малярия плазмодиі жыныстық циклда дамиды. Дені сау адамды зақымдалған маса шақса оған спорозоиттар енеді. Адам денесінде малярия плазмодиясының жыныссыз циклі дамиды. Одан спорозоиттар қан арқылы бауырға, одан ұлпаларға (преэритроцитарлы) өтеді. Бауыр жасушасында өсіп, көбейеді, ұлпалық мерозоиттар түзеді, одан қандағы эритроциттерге еніп, ол жерде тез өсіп, эритроцитті мерозоиттарға бөлінеді, 48 сағаттан кейін үшкүндік, 72 сағаттан кейін төрткүндік, ал 24-48 сағаттан соң тропикалық маляриялар қанға өтіп, эритроциттерді зақымдайды. Бұл процесс қызба ұстамасына алып келеді. Эритроцитарлы мерозоиттардың бір бөлігі қайта эритроциттерге еніп, ал бір бөлігі жыныс түріне (гаметалар) айналады. Үш және төрт күндік малярияда ұлпалық мерозоиттардың бір бөлігі қайтадан бауырға еніп, параэритроцитарлы форма түзеді. Қызба ұстамасы қалтырау, дене қызуының 39-41°С жоғарылауымен, қатты бас ауыруы, ентігу, тахикардия, гипотензия, сандырақтау, бұлшық еттердің ауыруымен жүреді. Одан бауыр, көк бауыр ұлғайып, анемия, лейкопения, ал ауыр жағдайында маляриялық комаға ұласуы мүмкін.
Малярияға қарсы препараттар малярия плазмодиясының дамуының түріне байланысты әртүрлі кезеңдеріне әсер етеді.
1.Гематошизотропты дәрілер - эритроцитарлы түріне әсер етіп, малярия ұстамасын емдеу және алдын алу үшін және жеке химиопрофилактикасында қолданылады. Оларға: хингамин (делагил, хлорохин), хинин, мефлохин (лариам); кейде бигумаль (прокванил), хлоридин (пириметамин, тиндурин), гидроксихлорохин (плаквенил) жатады.
2.Гистошизотропты дәрілер - ұлпалық түріне әсер етеді: а) преэритроцитарлы түрінде - хлоридин, бигумаль (ерте қайталануын алдын алу үшін); б) параэритроцитарлы түрінде - примахин, хиноцид (кеш қайталануын алдын алу үшін);
3.Гаметотропты дәрілер - жыныстық түріне әсер етіп, малярия химиопрофилактикасында қолданылады: примахин (примаквин), хиноцид (квиноцид), хлоридин, бигумаль.
Қиыстырылғаи препараттары: «Фансимер» таб. (хлоридин + мефлохин + сульфадоксин), «Метакельфин» таб. (хлоридин+сульфален), «Фанзидар» таб. (хлоридин+сульфадоксин).
Ескерту: хингамин жэне гидроксихлорохин коллагенозды емдеу үшін қолданылады.
Сhingaminum- хингамин (Б): 0,25 таб. 1-2 таб. 2-3 тәулігіне тамақтан соң; безгекте сызба бойынша 3 күннен 5 күнге дейін; 5% 5 мл еріт. амп. -10 мл б/е; 10 мл 10-20 мл 0,9% NaСl еріт. бірге маляриялық комада к/т енгізіледі. Жанама әсері: ұзақ қолданғанда (коллагенезді емдеуде)-дерматиттер, диспепсия, бас ауыру, ретинопатия, лейкопения, бауыр зақымданулары, миокардтың дистрофиялық өзгерулері байқалуы мүмкін. Бауыр, бүйрек, қан, жүрек ауруларының ауыр түрінде қолдануға болмайды.
Гидроксихлорохин - химиялық құрылысы, фармакологиялық әсері жағынан хингаминге құсас.
Сhloridinum - хлоридин (Б): 0,05 және 0,1 таб. - 1 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан соң (3 күн), безгекті алдын алу үшін 0,025 күніне 1 рет (маляриялық кезеңнен өткенше). Жанама әсері: диспепсия, бас ауыру, жүрек тұсының ауырсынуы, анемия, тератогенді әсер. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: қан жүйесі мен бүйрек ауруларында, жүктіліктің алғашқы 3 айында..
Рrimachinum - примахин (Б): 0,009 таб. - 1 таб. тәулігіне 3 рет (2 апта). Жанама әсері: диспепсия, жүрек тұсының ауырсынуы, цианоз (метгемоглобинемия), глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның туа біткен тапшылығында - эритроциттердің гемолизі мен гемолитикалық анемия. Қан және қан түзілу мүшелерінің ауруларында, бүйрек аурулары, стенокардияда, жіті жұқпалы ауруларда, ревматизмнің өршу кезеңінде қолдануға болмайды.
д) Токсоплазмозды емдеуге арналған дәрілер. Токсоплазмоздар - жасуша ішілік паразиттер. Тасымалдаушы мысык, кейде басқа жануарлар болуы мүмкін. Алиментарлы, су арқылы және тұрмыстық жағдайлармен жұғады. Токсоплазмоздар лимфа түйіндерін, ішекті, өкпе, бауыр, жүрек, ОЖЖ-н, көзді зақымдап, түсік және іштегі ұрық дамуының кемтарлығына алып келуі мүмкін. Емдеу үшін: хлоридин (жүктіліктің алғашқы 3 айында қолдануға болмайды), хингамин, аминохинол, сульфаниламидтер, макролидтер, тетрациклиндер, «Фанзидар», «фансимер» тағайындалады.
е) Балантидиазды емдеуге арналған дәрілер. Қоздырғышы - Ваlаntidium соli тоқ ішекі зақымдайды. Тасымалдаушысы жануарлар, әсіресе шошқалар. Емдеу - мономицин, тетрациклиндер,метродинидазол, тинидазол.
ж) Лейшманиозды емдеуге арналған дәрілер. Тері лейшманиозында (қоздырғышы - Leishmania tropica) - дененің ашық жерлерінде некроз тәрізді жара түзіледі. Висцеральды лейшманиозда (қоздыргышы -1еishmania donovani) бауыр, көк бауыр, сүйек миын зақымдайды. Науқас адамдар, ит, кеміргіштер, зақымдау көзі болып табылады. Тері лейшманиозын емдеу үшін: мономицин, сурьма препараттары (солюсурьмин, глюкантим), пентамидин, метронидазол, акрихин (жергілікті) қолданылады. Висцеральды лейшманиозда сурьма препараттары мен пентамидин қолданылады.