- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
6. Вирусқа қарсы дәрілер.
Вирустар жасуша ішіндегі паразиттер болып табылады. Жасуша иесінде РНҚ және ДНҚ вирустарының өзін өзі өндіру нәтижесінде вирустар көбейіп, одан жасуша алмасуы бұзылып, синтетикалык ресурстары азаяды. Жасуша иес1нщ сыртындагы вирустар зат алмасуы жойылган жэне дәрілік заттар оларға әсер ете алмайды, Жасуша иесіндегі вирусқа микроорганизм жасушасын зақымдамай әсер ету мүмкін емес. Вирусқа қарсы дәрілердің қолданылуына қарай жіктелуі:
1. Тұмауды алдын алу үшін қолданылатын дәрілер: ремантадин, дейтифорин, адапромин, оксолин, арбидол, рибамидил (рибавирин), лейкоцитарлы интерферон. Ремантадин, дейтифорин, адапромин, оксолин - тұмау вирусының адам ағзасының жасушасына енуінен қорғайды, эпидемия кезеңінен ауру басталғанша және аурудың алғашқы 2 күнінде тиімді (ауру кезеңдерін жеңілетеді). Ремантадин мен дейтифорин тұмау вирусының А түріне (әсіресе А2,), адапромин - тұмау вирусының А жэне В түріне, оксолин - вирус А мен аденовирусқа әсер етеді. Ремантадин, дейтифорин, адапромин 0,05 таблетка түрінде шығарылады. Жанама әсері жағынан ремантадинде асқазан тұсының ауырсынуы, дейтифоринде диспепсия және терінің аллергиялық реакциялары, адапроминде АҚ-ң төмендеуі және ұйқы келуі байқалуы мүмкін. Препараттарды бауыр және бүйрек ауруларында, жүктілікте (тератогенді және эмбриотоксикалық әсер) және тиреотоксикозда қолдануға болмайды.
Remantadinum - ремантадин (Б): 0,05 таб. - 2 таб. шығарылып, 1-ші күні 3 рет, 2-ші және 3-ші күні 2 рет, ал 4-ші күні 1 рет тамақтан кейін; тумауды алдын алу үшін - 1 таб. күніне 1 рет 10-15 күн бойына тағайындалады.
Охolinum- оксолин (Б): 0,25% жағылма түрінде тұмауды алдын алу үшін, оны мұрынның шырышты қабықшасына тәулігіне 2 рет жағады; 0,2% жаңа дайындалған ерітінді аденовирусты конъюнктивитте көз тамшысы түрінде (күніне 5-6 рет); 0,25% жағылма түрінде көздің қабағына түнде жағу үшін. Жанама әсері: тітіркендіріп, күйдіргіш сезімін тудыруы мүмкін. Оксолин сондай-ақ терінің вирусты ауруларында (кәдімгі ұшық, белдеулі теміреткі) 1%, 2% және 3% жағылма түрінде қолданылады.
Тұмауға қарсы дәрілерге сондай-ақ әсер ету механизмі басқа да препараттар жатады:
Арбидол - тұмау вирусының А және В түріне тежегіш әсер етіп, интерферонның, жасушалық және гуморальды иммунитетің өндірілуін күшейтіп, алдын алу және емдеу мақсатында қолданылады.
Рибамидил (рибавирин) - РНҚ және ДНҚ вирусының синтезін тежейді. Тұмау вирусының А және Б түріне, ұшық, қызылша, жел шешек, гепатит А және В вирустарына әсер етеді. Жанама әсері: асқазан тұсының ауырсынуы, метеоризм, қандағы тікелей емес билирубиннің жоғарылауы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: жіті бауыр және бүйрек аурулары, тиреотоксикоз, жүктілік.
Ribamidil - рибамидил (Б): 0,2 таб. - 1 таб. күніне 3-4 рет тамақтан соң тағайындалады.
Interferonum leicocyticum - лейкоцитарлы интерферон - 2 мл флаконда құрғақ ұнтақ түрінде шығарылып, ампула құрамын 2 мл суытылған қайнаған су қосып, ерітіндіні әр мұрын қуысына 5 тамшыдан тәулігіне 2 рет немесе ингалятор көмегімен белгіленеді. Тұмауды, ЖРВИ (ОРВИ) және көздің вирусты ауруларды алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Интерферон адамның вирусқа қарсы иммунитетінің табиғи факторы болып табылады.
2. Ұшықты зақымдануларда қолданылатын дәрілер: рибамидил (рибавирин), ацикловир (зовиракс, виролекс), валацикловир (валтрекс), фамцикловир (фамвир), видарабин, идоксуридин (керецид), теброфен, риодоксол. Әсер ету механизмі: барлық препараттар вирустың нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады.
Асусlovir - ацикловир (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне 4-5 рет; 0,25 құрғақ заты флаконда - 50-100 мл 0,9% NaСl ерітіндісімен к/т тамшылатып, әр 12 сағ. сайын; 3% көз жағылмасы тюбикте, 5% 4,5 және 5,0 крем тюбикте шығарылып, зақымдалған жерге жағу үшін белгіленеді.
Кәдімгі ұшықта, ұшықтық кератитте, генитальды ұшықта, жел шешекте қолданылады. Жанама әсері: диспепсия, бас ауыруы, тер бөртпелері, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуы, жергілікті - тітіркендіргіш әсер, ал к/т енгізгенде флебиттер байк,алады. Жүктілікте қолдануға болмайды. Валацикловир және фамцикловир - ацикловир аналогы, валацикловир АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзада ацикловирге айналады. Видарабин - жергілікті (жағылма, көз жағылмасы) қолданылады, ұшықты энцефалитте күре тамырға енгізіледі. Идоксуридин – көздің ұшықты жұқпалы ауруларында жергілікті (0,1% көз тамшылары) қолданылады. Теброфен - 0,5% көз жағылмасы, 2% және 5% жағылмасын зақымдалған тері аймағына жергілікті қолданылады. Риодоксол - 0,5% жағылма түрінде жергілікті тері және ауыз қуысының шырышты қабықшасының зақымдануында қолданылады.
3. Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер: ганцикловир (цимевен), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвин, триаптен). Цитомегаловирус (ұшық (герпес) вирусының тұқымдасына жатады) иммунитет тапшылық жағдайда пневмонияның ауыр түрінде, гепатит, менингоэнцефалит, көз торының зақымдалуы, көзге қауіп тудыруы, АІЖ-ы мен бүйректің, зақымдалуына алып келеді. Бұл препараттар ДНҚ вирусының синтезін бұзады. Кәдімгі ұшықта, белдеулі теміреткіде және АИТВ (ВИЧ) (адамдагы иммуннотапшылык, вирусы) инфекциясында қолданылады. Екі препаратта күре тамырға, ганцикловир ішке, ал фосфоноформат 2% крем түрінде ұшықты зақымдалуда жергілікті белгіленеді. Препараттар улы болып келеді, тырысулар, бас ауыру, лейкопоэздің тежелуі байқалады, ганцикловирде гепатотоксикалық нейротоксикалық және тератогенді әсер, жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылуы, ал фосфоноформатта нефротоксикалық және гипокальциемия байқалуы мүмкін. Жүктілікте, лактацияда, жоғары сезімталдықта қолдануга болмайды.
Gancyclovir - ганцикловир - 0,5 құрғақ заты флаконда - нұсқауы бойынша к/т; 1,0 капс. - күніне 3 рет.
4. Адамдағы иммуннотапшылық вирусына (АИТВ) әсер ететін дәрілер: азидотимидин (зидовудин, ретровир), фосфоноформат (фоскарнет, фоскарвир, триаптен), ганцикловир (цимевен). Адамдағы иммуннотапшылық вирусы ретровирус тұқымдасына жатады. Препараттар ауру белгілері байқалғанға дейін тиімді. Әсер ету механизмі: АИТВ- протеиназа ферментін және қайтымды транскриптазаны тежейді.
Zidovudin- зидовудин - 0,1 капс. -1 -2 капс. күніне 4-6 рет. Ретровирус репликациясын (өзіне сәйкес құрылым өндіру) тежеп, ауру дамуы баяулап, 6-8 айдан кейін оған вирустың тұрақтылығы пайда болады. Жанама әсері:қан жүйесінің бұзылуы (анемия, лейкопения және т.б.), бас ауыру, ұйқысыздық, миалгия, қызба, бүйрек қызметінің тежелуі және т.б. Жүктілікте, емізулі әйелдерге қолдануға болмайды.
Ставудин (зерит) - зидовудин аналогі, зидовудинмен ұзақ уақыт емделгеннен кейін ішке қолданылады. Диданозин (видекс) және зальцитабин (хивид) ЖИТС кешенді емдеуде және зидовудиннің тиімс1зд1пнде колданылады.
АИТВ (ВИЧ) инфекциясын емдеу үшін терапия құрамына вирусты протеиназа ингибиторы болып табылатын препараттар қолданылады, олар вирус ақуыздарының түзілу процесін бұзады, вирустың белсенділігі темендеп, ауру дамуы баяулайды. Протеиназа ингибиторлары: саквинавир (инвираза), нельфинавир (вирасепт), индинавир.
5. Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: метисазон (марборан). Метисазон вирус ақуызының синтезін тежеп, вирустардың репродукциясын (қайта жаңғыру) жояды. Шешекті алдын алу үшін және шешекке қарсы егуден кейінгі асқынуды емдеу үшін қолданылады. Жанама әсері жағынан диспепсия, бас айналуы байқалуы мүмкін. Бауыр, бүйрек, АІЖ-ң ауруларында қолдануға болмайды.
6. Гепатит вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: Интерферон альфа (альфаферон, велферон) - гепатит В және С. Интерферон альфа-2А (реаферон, роферон-А) - гепатит В. Интерферон альфа-2А (интрон-А, реальдирон) -созылмалы гепатитте А, В және С. Интерферон - вирустардын енгізілуіне жауап ретінде жасушада өндірілетін вирусқа қарсы иммунитеттің бейспецификалық факторы. Вирус талғамалы ақуыз синтезін тежейді. Интерферонның вирусқа қарсы белсенділ'ігінің спектрі кең (тұмау, ұшық, гепатит, ЖИТС (СПИД) және т.б.), сонымен қатар иммуностимуляторлық және ісікке қарсы әсері бар. Интерферон вируспен зак,ымдалатын жасушаның тұрақтылығын күшейтіп, вирустардың репродукциясын жояды. Интерферондар жергілілікті (көз тәжірибесінде, ұшықтык, зақымдалуда, тұмауда-мұрынға арналған тамшы және ингаляция түрінде) және парентеральды (гепатит, ЖИТС, ісіктер) қолданылады. Парентеральды енгізгенде тұмау сияқты жағдай, ал ұзақ қолданғанда қан жасалуының, бауыр қызметін бұзылуы және аллергиялық жағдайлар байқалуы мүмкін.
Interferon а1pha (Wellferon) - интерферон альфа (велферон): 10 000 000 ӘБ құрғақ зат флаконда - арнайы ерітіндіде ертп.10 000 000 ӘБ күн ара б/е (т/а) енгізіледі.
Rеаvеrоnum - реаферон (Б): құрғақ зат 1 мл амп. - инъекцияға арналған суда еріліп, 1 мл-ден тәулігіне 2 рет (реальдиронға ұқсас) енгізіледі.
Интерфероногендер - интенферонның, түзілуін тудыратын заттар. Бұндай қасиет вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтардан басқа медицина тәжірибесінде вирусты инфекциялардың кешенді емдеуінде қолданылатын кейбір химиялық қосылыстарда бар:
Тұмау мен ЖРВИ ауыр түрінде: неовир (б/е), арбидол (таб.);
Ұшықты зақымдануында: мегасин, ларифан (жергілікті); циклоферон (б/е, к/т);
Көздің вирусты инфекциясында: полудан (көз тамшысы);
Вирусты гепатиттің А, Б, С, Д түрінде, АИТВ-инфекциясында, екіншілік иммуннотапшылықта, хламидиозда: циклоферон (б/е және к/т).
Әсер ету механизмі: адам ағзасында эндогенді интерферонның синтезін қуаттандырады.
Интерфероногендер улы емес, науқастарда жеңіл өтіп, басқа препараттармен сыймды.
