- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
Мерезді емдеудің негізгі препараттары қысқа және ұзақ әсерлі пенициллиндер,мерездің барлық кезеңдеріне әсер етіп,спирохеттерге тұрақтылық пайда болмайды. Цефалоспориндердің I және ІІ буыны,макролидтер,тетрациклиндер мерезді емдеуде қосымша антибиотиктер болып табылады,бірак, олардың тиімділігі төмен.
Висмут препараттары: бийохинол, бисмоверол.
Әсер ету механизмі: микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді тобын тежеп, бактериостатикалық әсер көрсетеді. Әсер ету спектрі: тек мерез (сұр трепонема) қоздырғышына. Қолданылуы: мерездің барлық түрлерінде, белсенділігі жағынан бензилпенициллиндерге орын береді. Жанама әсері: гингивит, стоматит, қызыл иек жанында сұр висмуттық жиек түзілуі, дерматит, колит, бауыр және бүйрек зақымдалуы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: ауыз қуысының зақымдалуы, бауыр және бүйрек аурулары.
Вiiochinolum- бийохинол (Б): 100 мл флаконда (кірпіш қызыл түсті висмут тұзының қоспасы) - 3 мл-ден 3 күнде 1 рет жылы күйінде б/е енгізіледі.
Вismoverolum- бисмоверол (Б): 100 мл флаконда (ақ түсті қоспа) -1 мл-ден 2 күнде 1 рет б/е енгізіледі.
Мерезді емдеу арнайы кестемен стационар жағдайында жүргізіледі.
5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
Қазіргі кезде кең таралған ауруларды (микоздар) көптеген патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар шақырады. Қоздырғышына байланысты өздеріне сай саңырауқұлаққа қарсы әсері бар препараттарды белгілейді. Онымен бірге препараттардың фармакокинетикасы мен улылық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі.
Паразитті саңырауқұлақтармен шақырылған микозды емдеу үшін саңырауқұлаққа қарсы дәрілер тағайындалады.
Беттік микоздар: а) дерматомикоздар (эпидермофития, трихофития, микроспория, онихомикоздар және т.б.) - теі, шаш, тырнақты зақымдайды. б) кандидамикоздар (қоздыргышы-ашытқы тәрізді саңырауқұлақ түрі Сапdidа) - шырышты қабықша мен тері зақымдайды.
2.Жүйелі микоздар {бластомикоз, кокцидиоидоз, криптококкоз, гистоплазмоз, актиномикоз, нокардиоз, кандидоз, аспергиллез) - ішкі ағзаларды: өкпе, бауыр, АІЖ-н, ми мен ми қабықшаларын, сүйек, буын, лимфа түйіндерін зақымдайды.
Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілердің жіктелуі:
1.
Полиенді антибиотиктер: нистатин,
леворин, натамицин (пимафуцин),
амфотерицин В (фунгизон), микогептин.
Әсер ету механизмі:
саңырауқұлақтардың
жасуша мембранасының өткізгіштігін
бұзып,
мөлшеріне байланысты фунгистатикалық
және фунгицидті әсер көрсетеді
Микроорганизмдердің екіншілік
резистенттілігі баяу пайда болады.
Нистатин,
леворин және натамицин АІЖ-ң,
тыныс алу жолдарының,
қынаптың шырышты қабығы мен терінің
кандидамикозын емдеу
және оны алдын алу үшін қолданылады.
Барлық препараттар ішке таблетка
түрінде, жергілікті жағылма, вагинальді
супп. (нистатин)
немесе
таб.
(натамицин),
еріт.
ингаляциялау үшін, шаю, бүрку үшін
(леворин)
ерітінді
түрінде қолданылады. Леворин кейде
нистатиннің әсері болмаған жағдайда
қолданылады. Жанама
әсері: диарея,
дене қызуының көтертуі (нистатин),
терінің
қышуы (леворин)
байқалуы
мүмкін. Қолдануға
қарсы көрсеткіштері:
леворин -
бауыр, АІЖ-ң ауруларында, жүктілікте;
натамицин -
тері туберкулезінде.
Nistatinum - нистатин (Б): 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ таб. - 1-2 таб. тәулігіне 3-4 рет; 1% жағылма; 250 000 ӘБ және 500 000 ӘБ ректальды және вагинальды суппозиторий түрінде шығарылады. Нистатиннің қиыстырылған препараты: полижинакс (нистатин+полимиксин В+неомицин)
Амфотерицин В - басқа саңырауқұлаққа қарсы дәрілер әсер етпеген жағдайда, жүйелі микозда қолданылады. Амфотерицин В АІЖ-да сіңірілмейді. Жанама әсері: улы; қызба, тырысу, гипотония, гипокалиемия, флебит, анемия; бауыр, бүйрек, жүрек жұмысының бұзылуы мүмкін; өмірлік маңызды жағдайда дәрігердің қадағалауымен белгіленеді. Балалар тәжірибесінде улылығы төмен АІЖ-да жақсы еритіндіктен пероральды қолдануға арналған амфоглюкамин аналогы қолданылады. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр, бүйрек, қан жүйесі қызметі бұзылуы, қант диабеті.
Аmphotericinum В - амфотерицин В (Б): 50 000 ӘБ флаконда шығарылып, 10 мл иньекцияға арналған суда ерітіп, 450 мл 5% глюкоза ерітіндісіне қосып, 4-6 сағат бойы тамшылатып к/т аптасына 2-3 рет енгізіледі, 15,0 және 30,0 (1г - 30000 ӘБ) жағылмасы бар.
Микогептин - құрылысы, әсер ету спектрі мен фармакологиялық әсері жағынан амфотерицин В-ға ұқсас, бірақ АІЖ-да жақсы сіңіріледі, сондықтан ішке (таб.) және жергілікті (жағылма түрінде) қолданады.
2. Имидазол жене триазол (азолдар) туындылары: кетоконазол (низорал), миконазол (дактарин), клотримазол (канестен, кандибене), эконазол (певарил), изоконазол (травоген), бифоназол (миноспор), флуконазол (дифлюкан), итраконазол (орунгал), тенонитрозол (атрикан), тионазол (вагистат), флутримаэол (мицетал). Әсер ету механизмі: саңырауқұлақтардың жасуша мембранасының өткізгіштігін бұзып, фунгицидті әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері: беткі және терең микозда.
Кetokonazol - кетоконазол (Б): 0,2 таб. шығарылып, 1 таб. күніне 1 рет тамақ үстінде; 2% жағылма түрінде шығарылады. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ұлпалармен сұйықтықтарға жеңіл өтеді. Жанама әсері диспепсия,бас ауыру, тері қышымасы, ұйқы келу, гинекомастия, бауыр қызметінің бұзылуы. Жүктілікте, лактацияда, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуында қолдануға болмайды.
Миконазол - улы, ішкі және жергілікті (крем, вагинальды таблеткалар және суппозиторийлер) белгіленіп, к/т (жүйелі микозда) енгізіледі.
Клотримазол, эконазол, изоконазол, бифоназол - тек жергілікті табан микозы мен урогенитальды кандидозда қолданылады.
Fluconazol - флуконазол (Б): 0,05; 0,1; 0,15 және 0,2 капс, шығарылып, 1 капс, тәулігіне 1 рет; 0,2% 100 мл флаконда шығарылып, тәулігіне 1 рет тамшылатып к/т енгізіледі. Шырышты қабықша кандидозында және терең микозда қолданылады. Жанама әсері улылығы төмен, диспепсия, тері бөрітпелері, бауыр қызметінің бұзылуы. Жүктілікте, бауыр ауруларында, 16 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Итраконазол - флуконазолга ұқсас, тек ішке қолданады.
3. Химиялық құрылысы әртүрлі саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер: гризеофульвин, тербинафин (ламизил), нафтифин (экзодерил), декамин (деквалинил), нитрофунгин (хлорнитрофенол), ундецин, цинкундан, микосептин, циклопироксоламин (батрафен), аморолфин (лоцерил), толциклат (толмицен), толнафтат (хинофунгин).
Griseofulvinum - гризеофульвин (Б): 0,125 таб. - 1-2 таб. шығарылып, тәулігіне 4 рет тамақ үстінде немесе тамақтан кейін; 2,5% линименті бар. Әсер ету спектрі тар, тек дерматомикоз қоздырғышына (эпидермофит, трихофитон, микроспорум, фавуса) әсер ететін саңырауқұлақтарға қарсы антибиотик болып табылады. Гризеофульвин нуклеин қышқылының синтезін тежеп, фунгистатикалық әсер көрсетеді. Саңырауқұлақтардың екіншілік резистенттілігі пайда болмайды. АІЖ-да жақсы сіңіріледі. Дерматомикозда қолданылады, емдеу мерзімі ұзақ.
Жанама әсері: бас ауыру, бас айналу, дезориентация, аллергиялық реакциялар, лейкопения .
Қолдануға қарсы көрсеткіштері: қан жүйесінің ауруы, бауыр, бүйрек аурулары, жүктілік, қатерлі ісік, амбулаториялық жағдайда жүргізушілерге, ұшқыштарға және т.б. белгіленбейді.
Теrbinafin - тербинафин (Б); 0,125 және 0,25 таб. - 0,25 күніне (тамак, қабылдауына тәуеліз), 1% жағылмасы бар. Саңырауқұлақтардың жасуша қабықшасының синтезін бұзып, фунгицидті әсер етеді, екіншілік резистентік пайда болмайды, дерматомикозда әсіресе тырнақтың зақымдалуында, сонымен бірге тері кандидозы мен кебект теміреткіде қолданылады. Жанама әсері диспепсия, терінің аллергиялық реакциялары. Жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды.
Нафтифин –беттік микозда тербинафин тәрізді әсер етеді,бірақ тек жергілікті (крем, ерітінді түрінде) қолданылады.
Декамин - тері кандидозында, табан эпидермофитиясында (жағылма түрінде), стоматитті кандидозда, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну ауруларында (карамель – тіл астына) қолданылып, антибактериальды және фунгистатикалық әсер көрсетеді.
Нитрофунгин (25 мл флаконда) ундецилен қышқылының препараттары - «Ундецин», «Цинкундан» және «Микосептин», циклопироксоламин, антисептиктер (салицил, бор, бензой қышқылдары, йод ертндісі, метилен көгі, бриллиантты жасыл) - беттік микоздарда сыртқа қолданылады. Қиыстырған препараттары: микозолон (клион Д + кандерм-БГ).
