- •Фармакология -1-1 .Кіріспе . Жалпы рецептура
- •Жеке фармакология
- •Нитрофурган туындылары
- •Антибиотиктер.
- •1. Карбапенемдер (I буыны: имипене, «тиенам, «примаксин», II буыны: меропенем).
- •2. Макролидтер
- •3 Тетрациклиндер.
- •4. Левомицетин (хлорамфеникол) тобы.
- •5. Аминогликозидтер.
- •6. Полимиксиндер
- •7. Әртурлі топтағы антибиотиктер
- •1. Гликопептидтер: ванкомицин (эдицин), тейкопланин (таргоцид).
- •2.Синтетикалық микробқа қарсы дәрілер
- •3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
- •4.Мерезге қарсы (сифилиске қарсы) дәрілер
- •5. Саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер
- •6. Вирусқа қарсы дәрілер.
- •7. Қарапайымдыларға қарсы дәрілер
- •8. Құрттарға қарсы (антигельминтті) дәрілер.
- •2.Құсық шақыратын және құсыққа қарсы әсер ететін дәрілік заттар. (анорексигенді дәрілер).
- •2. Құсық шақыратын дәрілік заттар көп.
- •3.Асқазанның шырышты қабаттарына әсер ететін дәрілік заттар.
- •2. Асқазандағы тұз қышқылының секрециясын тежейтін дәрілік заттар.
- •4. Ұйқы безінің секрециясы бұзылғанда әсер ететін дәрілік заттар.
- •Синтетикалық препараттары: фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.
- •Шеткерлік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар
- •А. Афферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Б. Эфферентті иннервацияға әсер ететін дәрілер
- •Холинергиялық жүйелерді тітіркендіргенде байқалатын негізгі әсерлер :
- •1. Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •2. Адренергиялық синапстарға әсер ететін дәрілер
- •Дофаминергиялық дәрілер
- •Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар.
- •Хирургиялық наркоз:
- •2. Этил спирті
- •3. Ұйықтататын дәрілер
- •5.Паркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.
- •6. Анальгетиктер
- •Наркотикалық анальгетиктердің антагонистері: налорфин, налоксон, налтрексон.
- •2. Наркотикалық емес анальгетиктер
- •2. Пиразолон туындылары: антипирин, амидопирин, анальгин.
- •Салицил қышқылының туындылары: метил салицилаты – сұйық зат, сыртқа қолданылады, мазьдердің линименттердің құрамына кіреді, артирит, миоз емдейді.
- •2. Басқа топқа жататын дәрілік заттардың туындылары:мепротан (мепробамат), амизил, оксилидин, мебикар, триоксазин.
- •3. Седативті әсер ететін дәрілік заттар. (тыныштандыратын)
- •4. Антидепрессанттар
- •8. Аналептиктер.
- •Жүрек – қан тамыр жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •Тез әсер ететін препараттар (жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде қолданылады)
- •Жүректің β1 – адренорецепторларын қуаттандыратын: дофамин, добутамин.
- •Фосфодиэстераза ингибиторлары: амринон, милринон.
- •2. Антиаритмиялық дәрілік заттар
- •Тахиаритмияны басатын дәрілір
- •Жүрек ишемиялық ауруында қолданылатын дәрілік заттар. (Антиангинальды дәрілер)
- •Стенокардия ұстамасының алды налу үшін қолданылатын дәрілер:
- •Оксигенотерапия.
- •1.Буыны:каптоприл(капотен);
- •2.Буыны:эналаприл(ренитек,энам),лизиноприл(привинил,диротон),рамиприл(тритаце),циллазаприл(инхибес),периндоприл(престариум),фозиноприл(моноприл)трандолаприл(гоптен)
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер.
- •2Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •1.Атерогенді липопротеиндердің түзілуін тежейтін дәрілер:
- •2. Катаболизмді және холестериннің шығарылуын күшейтетін дәрілер.
- •5. Несеп айдаушы дәрілер (диуретиктер)
- •Подаграны емдеу үшін қолданылады:
- •Жөтелді басатын дәрілер.
- •4. Бронхолитикалық дәрілер.
- •Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.
- •Миометрияның жиырылу белсенділігін қуаттандыратын дәрілер (Утеростимуляторлар)
- •Тек миометрия тонусын жоғарлататын дәрілер
- •Миометрияның тонусы мен жиырылуын төмендететін дәрілер.
- •I. Эритропоэзды күшейтетін дәрілер
- •II. Лейкопоэзды күшейтетін дәрілер
- •III.Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер
- •1. Тробоциттердің агрегациясын (бірігуі) және адгезиясын (жабысуы) күшейтетін дәрілер:
- •2. Қан ұюын төмендететін дәрілер (Антикоаугулянттан).
- •Зат алмасу процесін реттейтін дәрілер Гормонды және олардың синтетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
- •1. Гипофиз гормондарының препараттары
- •2. Қалқанша безі гормондарының препараттары (антитиреоидты дәрілер)
- •3. Қалқансерік безінің гормонды препараттары
- •4. Ұйқы безі гормондарының препараттары және ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер
- •5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары
- •6. Жыныстық гормондарының препараттары Әйелдің жыныстық безінің препараттары
- •Ұрықтануға қарсы ауыз қуысы арқылы енгізілетін дәрілер (Контрацептивтер)
- •Еркектің жыныс гормонының препараттары (андрогенді препараттар)
- •Анаболитикалық стероидтар
- •8. Витаминді препараттар (Дәрумендер)
- •Суда еритін витаминдер
- •Майда еритін витаминдер
- •Поливитаминдер
- •Қабыну және аллергия процестеріне әсер ететін дәрілер
- •1. Қабынуға қарсы дәрілер
- •Стероидты қабынуға қарсы дәрілер (сққд)
- •2. Аллергияға қарсы дәрілер
3. Туберкулезға қарсы дәрілер.
Қазақстанда туберкулез әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға байланысты негізгі орын алады. Сондықтан туберкулезге қарсы препараттар өзінің мәнін жоғалтпады және олардың, номенклатурасы әр жылы жаңа препараттармен толықтырылады. Қазіргі таңда ғалымдардың негізгі мақсаты белсенділігі жоғары, улылыры мен жанама әсері төмен препараттарды іздестіру болып табылады. Маңыздысы болып микобактерияға тұрақтылық баяу пайда болуы болып саналады. Мұндай препараттар медициналық тәжірибеде бағасы төмен болуы қажет, себебі олармен емдеу мерзімі ұзақ болып келеді. Туберкулезді дәрілермен кешенді емдеуде негізгі орынды химиотерапевтикалық дәрілер алады. Туберкулезге қарсы дәрілер антимикробты спектрі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Туберкулезге қарсы дэрілер концентрациясына байланысты бактерицидеті немесе бактериостатикалық әсер көрсетеді. Туберкулез химиотерапиясының ұзақтығын (12-16 ай және одан да көп) ескере отырып, қоздырғышқа тұрақтылық, мәселесіне үлкен мән беріледі. Негізінен кейбіреулеріне(рифампицин, стрептомицин) ол тез, басқаларға салыстырмалы баяу (натрий парааминносамицилаты) пайда болады.
Туберкулезге қарсы дәрілердің жіктелуі:
Негізгі препараттары (І-топ): изониазид, рифампицин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин - әсері жоғары, жеңіл қабылданады, бірақ туберкулез микобактериясына тұрақтылық тез пайда болады.
Қосымша препараттары (ІІ-топ): этионамид, протионамид, канамицин, циклосерин, натрий пара-аминосалицилаты (ПАСҚ аминацин), тиоацетазон - 6елсенділігі төмен, улылығы жоғары, микобактериялардың негізгі препараттарға тұрақты болғанда немесе оларды қабылдай алмаған жағдайда қолданылады. Тұрақтылықтың даму жылдамдығын төмендету үшін 2-3 препаратты қиыстырады. Емдеу басында бірден бірқатар туберкулезге қарсы дәрілерді қолданудың мағынасында берілген науқастың белгілі препараттарға сезімталдығының белгісіз болуы және бірнеше аптадан кейін анықталу мүмкіндігі жатыр. Сонымен қатар емдеуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жақсы ем жүреді, сондықтан химиотерапияны бактериологиялық зерттеулердің нәтижелерін күтпей бастайды. Туберкулезді емдеу клиникалық жағдайда процестің кезеңіне, түрне, орнығуы мен өршуіне байланысты арнайы кесте бойынша жүргізіледі.
Изониазид (изоникотин қышқылының гидразиді (ГИНҚ), тубазид) - тек туберкулез микобактериясына әсер ететін синтетикалык препарат, туберкулезге қарсы дәрлердің ішінде әсері жоғары болып табылады. Әсер ету механизмі: ауыр металл иондарымен хелатты кешен түзіп, микобактерияның тынысын тежейді. Жасуша жанында және жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактериостатикалық немесе бактерицидті әсер көрсетеді. АІЖ-да жақсы сіңіріліп, ағзаның барлық ұлпаларына өтеді, сонымен қатар гематоэнцефальды кедергіден өтіп, қандағы терапевті концентрациясы 6 сағаттан 24 сағатқа дейін сақталады. Изониазид туберкулезу- дің, барлық түрлерінде сонымен бірге алдын алу үшін қолданылады. Жанама әсері: нейротоксикалық (шеткерлік невриттер - алдын алу үшін В6 тагайындайды), бас ауыру, бас айналу, жүрек тұсының ауыруы, лоқсу, құсу, терінің аллергиялық реакциялары, эйфория, ұйқысыздық, кейде психоз, дәрілік гепатит, ерлерде гинекомастия, ал әйелдерде меноррагия байқалады. Қолдануға қарсы көрсеткіші: эпилепсия және тырысу ұстамасына бейімділік, бурын полиомиелитпен ауырған жағдай, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, айқын атеросклероз, ал флебитте к/т енгізуге болмайды.
Isoniazidum-изониазид (Б): 0,1; 0,2 және 0,3 таб.- тамақтан кейін; 10% 5 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т, ингаляциялық, каверноз ішіне енгізіледі.
Изониазидтің аналогтары: фтивазид, салюзид, метазид, этионамид, протионамид - белсенділігі мен улылығы төмен.
Рифампицин («Антибиотиктер» тақырыбына қараңыз) - белсенділігі жағынан изониазидке ұқсас, қандағы терапевті концентрациясы 8-12 сағат, жасуша жанындағы, жасуша ішіндегі, жасушадағы және казеозды ошақтағы (каверн ішіндегі) орналасқан микобактерияларға басқа препараттар әсері болмағанда тиімді. Стрептомицин («Антибиотиктер» тақырыбына қараңыз) -тек жасуша жанындағы микобактерияларға әсер етеді. Стрептомицин аналогтары (канамицин, амикацин, флоримицин, капреомицин) - кейде стрептомицинге тұрақтылык, жағдайында тиімді Этамбутол - жасушадан тыс және жасуша ішінде орналасқан микобактериялардың өсуін тоқтатып, бактериостатикалық әсер көрсететін синтетикалық препарат. Этамбутол АІЖ-да жақ.сы с'іңіріліп, басқа туберкулезға қарсы дәрілермен (микобактериялардын, турак,тылыгын алдын алу үшін) қиыстырып қолданылады. Жанама әсері аз байқалады, көз көруінің нашарлауы, түсті қабылдаудың бұзылуы (жасыл және қызыл түстің), жүрек айну, анорексия(тәбеттің жойылуы), бас айналу, тері бөртпелері. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: көз көруінің бұзылулары, жүктілік.
Еthambutolum-этамбутол (Б): 0,1; 0,2 және 0,4 таб. шығарылып, бір рет таңертеңгі тамақтан соң белгіленеді. Пиразинамид – жасуша ішінде орналасқан микобактерияларға бактерицидті әсер етіп, жұлын ми сұйықтығы мен туберкулезбен зақымдалған ошаққа жеңіл өтетін синтетикалык, препарат. Казеозды лимфаденитте, туберкуломада, казеозды пневмониялық процеске әсер етеді. Жанама әсерлері: диспепсия, анорексия, аллергиялык, реакциялар, буын ауруы, подагра, бауыр қызметінің бұзылуы. Қолдануға қарсы көрсеткіштері: бауыр қызметінің бұзылуы мен подагра.
Рirazinamidum- пиразинамид (Б): 0,5 және 0,75 таб. түрінде шығарылады. Туберкулез қоздырғышының РНҚ-ң синтезін тежейді. Туберкулостатикалық, туберкулоцидтік әсер етеді.
