Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

Абсаттарова Перизат 133-137б

“ Құрал саймандарды меңгеріп алу іс – әрекеті ”

Құрал саймандар мен қолдық іс- әрекетінің нақты айырмашылығын енгізген – П.Я.Гальперин. Бірінші жағдайда бұйымның іс- әрекеті қолдың іс – әрекетіндей жұмыс атқарады. Оны қолдың өзіндік қолдың жалғасы деп айтуымызға болады. Екінші жағдайда қол құрал – саймандардың талабына сай қызмет атқарады. Құралды қолданып пайдалану операциясын үйрену бала үшін жаңа мүмкіндіктер болып табылады. Бала 1 бұйыммен 2 – ші бұйымды алу іс – әрекетін үйренеді. Бір бұйыммен іс- әрекет қол мен немесе құрал сайманмен орындалады. Мысалы, баланың қасықпен тамақ ішу әрекеті оңай болғанымен, бала үшін қиын және тез арада үйренетін іс-әрекеті емес.

Осы жағдайды түсіндірген П.Я. Гальперин:

“Ең алдымен қасықты бала дұрыс ұстамауы мүмкін. Бала қасықты жұмыс атқаратын басына бұл бұйымды қалай ұстау керектігі бәрібір . Негізінде кез – келген бұйымда оның ортада қалай қолдану керек екендігі жазылмаған ” . Дұрыс пайдаланып қолдануды үлкендер көрсетті. Сондықтан бұйымды пайдалану көрсетілген нұсқалар арқылы болады, оған қосылатыны «құрал - саймандар» болып табылады.

Сонымен, ең басты құралды пайдаланып үйрену әрекеті баланың үлкендермен үйлесімді болы келеді. Үлкендер балаға қоршаған ортада бұйымдарды пайдалану тәсілін үйретеді. Ешқандай бала 2 жасында өзі қасықты, кесені және қыш құмыраны қолдануды үйреніп, біле алмайды. Бірақта кейбір балалар осы жасында игеріп алуы мүмкін, сонда да өзі емес үлкендердің көмегімен әрине.

Үлкендер балалармен ортақ іс – әрекетте бірнеше қызмет атқарады. Баланың түсінігі бойынша тамақты қалай жеу керек немесе қалай оны ұстау, үлкендердің пайдалануынан бөлек.

Осы мысалда қолды пайдаланудың орнына құрал - саймандарды қолданады. Мұндай ауысым маймылдарда болмайды. Маймылдар көптеген көмек құралдарын пайдаланады. ( Мысалы, таяқпен керек затын алу). Олар үшін мұндай құралдар қолжалғау немесе қол ұзату болып табылады.

Бұл әрекеттердің барлығы үлкендердің ұсынуымен орындалады. Бала өз әрекеттерін құралды қолдану логикасын пайдаланбайды. Ол құралды пайдаланудың өзіндік нұсқасын қолданады.

Құралды баланың ерте жаста қолдану нұсқасы толығымен және қызықты талқылаған Д.Б.Эльконин болатын.

Оның көңіл бөлгені :

  1. Балаға бұйымды пайдалану түсінігін береді, оның ортақ тәсілін түсіндіреді;

  2. Іс – әрекетті ұйымдастырады. Баланың қимылын , техникалық пайдалануды үйретеді;

  3. Баланың іс – әрекетін қолдап , нұсқап отырып бақылайды.

Бұйымдық іс – әрекетте Д.Б.Эльконин 2 жағын бөліп көрсеті : мағыналық және техникалық . Бірақта іс – әрекеттің дамуында екеуі бөлінбей бірге жүреді.

Д.Б.Эльконин өз немересіне жүргізген бақылауынан мысал көрсетеді.

“ Андрей үстелдің үстіне кесе мен тәрелкені тасығанды ұнатады”. Осылай жүріп келе артында келе жатқан үлкенге қарай берді. Оның арты апатқа алып келді. Оның іс- әрекеті екіге бөлінді. Бір жағынан өзінің бұйымдармен бос болмады, 2- ші жағынан оның іс – әрекетін қолдап, нұсқап отырған үлкенге қарау.

Осы мысалда маңызды жағдай туындайды: Баланың іс – әрекетінің мағынасы үлкеннің тапсырмасын онымен бірге орындау. Бірақ ортақ мағына айқын болу үшін, жасап жатқан іс- әрекеті үлкендер көрсеткендей болуы керек.

Бала өз іс – әрекетінде үлкендер көрсеткен нұсқаны орындауда. Осындай кейіппен операциялық – техникалық іс – әрекеттің құрамында көрінеді.

“Андрей орташа доппен ойнап жүрді”. Доп шкафтың астына кетіп қалды. Ол еденге жатып допты қолмен алайын деп еді, болмады. Сосын, көмек сұрап келді. Біз ұзын таяқтың көмегімен допты алдық. Одан кейінгі ойындарында ,

кез- келген бұйым қол жетімсіз жерге кеткенде. Андрей атасына келіп “ Ата, таяқ” деп сұрап жүрді. Оның іс – әрекеті нақты болмады. Өзі ала алмаған заттарын “Ата, өзің ал” деп келді. Біз бірге таяқты ұстап заттарды алдық.

Д.Б.Эльконин басқа мысалында оның немересі ойыншық көлікті кілтпен қосуды үйренді. “ Ол кілтті көлікке салып ары – бері қосайын деп еді, болмады. Ол кездеде “ Ата , өзің қос” деп келді.

Осы мысалдарда іс – әрекеттің мағынасы және оның операциялық - техникалық құрамы көрсетілген. Бала заттың ортақ мағынасын түсінді.

( Таяқпен қол жетпейтін затты алу, кілтпен көлікті қосу), бірақ өзіндік іс – әрекетті орындауды әлі үйренуде.

Операциялық – техникалық іс – әрекет үлкеннің көмегімен орындалады. Ал заттың мағынасын бала өзі шешеді. Бала операциялық – техникалық іс - әрекетте тек қана үлкеннің үйреткенімен емес, бала өзіндік іс – әрекетін жасайды. Қоршаған ортаға байланысты бала операциялық –техникалық іс- әрекеттер қолданады.

Бала өз іс – әрекеттерінің дұрыс немесе бұрыс екенін үлкендерден сұрауды қояды. Ондай жағдай үлкеннің үйреткенін меңгеріп , болғаннан кейін. Бала дамуында үлкендер үйреткен нұсқаны пайдаланады. Бала дамуының соңғы этапына келгенде де, бала өз іс – әрекетін үлкендердің бағалауына бағыттайды. Мұның барлығы баланың үлкендерге бұғауланғандығын көрсетеді.

Сонымен, операциялық – техникалық іс – әрекет тек қана үлкендердің үйретуімен ғана емес, сонымен қатар баланың бұйыммен іс- әрекет нұсқасы болыпта табылады. Көрініс, нұсқаға қарағанда өмірдің ішкі және психикалық көрінісі. Заттарды пайдалану нұсқасы бір орындағаннан бала қоймайды, ол көптеген іс – әрекеттерден қалыптасады.