- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Баймағамбет Салтанат 142-146 б
Ерте жастағы ойлаудың ерекшеліктері
Ерте жастағы балалардың ойлау қабілеті жекелеген іс- әрекетінен көрініс табады. Заттардың арасындағы байланыстарды бала өзінің іс -әрекеттері арқылы біле бастайды,мысалы ойыншықты өзіне жақындату үшін жібінен тартады.Бірақ мұндай сезімдер тек қана бір- бірімен байланысқан заттарды көргенде ғана көрініс береді(ойыншық жіпке байланып тұрған жағдайда ғана).Бала ерте жастан ақ обьективті түрде бөлек тұрған заттардың бір- бірімен байланысын көзбен көру арқылы түсінеді және оларды практикада байланыстырады.Бұл ересек адамдарға таныс іс- әрекеттер. Ересек адамдардың іс- әректерінен үлгі ала отырып жасағандықтан,бұл іс -әрекеттер баланың өздігінен ойлау қабілетін аса қажет етпейді.Бірақ,осы іс -әрекеттерді қайталау арқылы жекелей заттардың және олардың бір- бірімен байланысын түсініп,одан әрі қарайғы жағдайларда өзінің практикасында қолдануына себеп болады.Ересек адамның көрсеткен іс -әрекеттерін баланың өздігінен қайталауға көшуі баланың ойлау қабілетін дамытудағы маңызды қадам.
Ең алдымен заттарды байланыстыру практика жүзінде қолдану арқылы жүзеге асады. Қорапшаның ішіндегі өзін қызықтыратын ойыншықты алу үшін,ол қорапшаны ашу үшін түрлі тәсілдерді қолданып,жаңа әсерлер алады.Мысалға шөлмектің емізігін кездесоқ қысып қалған кезде емізіктен шашыраған судан жаңа әсерлер алады,пеналь қорапшаның қақпақшаның жылыту арқылы өзін қызықтыратын ойыншыққа қол жеткізеді.Баланың іс -әрекеттерді қайталау арқылы пайда болған іс- әрекетін бейнелік іс әрекеттік ойлау деп атайды.Ойлау қабілетінің осы формасы ерте жастағы балаларға тән ойлау түрі болып табылады.Сәбилер бейнелік іс- әрекеттік ойлау қабілетін әр түрлі заттарды қоршаған ортамен және басқада заттармен байланыстыруда қолданылады. Бейнелік, практикалық бағдарлау іс- әрекеттері ойлау қабілетінің басқа формаларының дамуында негізгі қызмет атқарады.Жеңіл және біртекті іс- әректтерді тұрақты түрде қайталауға дағдыланып алынған іс -әрекеттер балада ойлау қабілетінің келесі формасына өтуіне негіз болады.(Қорапшаны ашып жабу, дыбыс шығаратын ойыншықтардың дыбыс беруі, заттарды бір- бірімен салыстыру, бір заттың екінші затқа әсері т.б.) Әрине бұл іс- әрекеттер толық игерілмеген және де заттардың жекелей қасиеттерінде емес, жалпылама заттық,функцианалдық қасиеттері дағдысында көрініс береді.Мұндай құбылыстар балада жаңа танымдық әсерлер мен эмоциялар, қызығушылық, таңдану, қуаныш сезімдерін тудырады.Ерте жастағы ойлаудың танымдық белсенділік және ерте жастағы баланың ойлау қабілетінің дамуында практикалық тапсырмалардың жағымды нәтижесінде ғана емес оны эксперименттеудегі эмоционалдық қызығушылығын, өзінің зерттеу барысындағы іс -әрекеттеріне қанағаттаушылық сезімі туындайды. Зерттеу іс -әрекеттерін орындау және қайталау негізінде ішкі жан дүниенің психологиялық негізі жинақталады.Ерте жастағы балалар іс- әрекеттерді ойлау арқылы қалыптастырады.Мысалы: жоғары сөредегі заттарды алу үшін ұзын таяқшаны қолдануға болатынын,диван астына домалап кеткен допты алу үшін басқа заттың көмегіне жүгіну керектігі.Бейнелік обрыздық ойлау дегеніміз ішкі іс- әрекеттердің сыртқы обрыздармен байланысу арқылы ойлау іс- әрекетінің бір нәтижеге жетуі.Ерте жаста ойлаудың бұл түрі енді ғана туындап, шектеулі іс- әрекеттер шеңберінде ғана қолданылады.Күрделі тапсырмалардың шешімін табу нәрестеге қиын болғандықтан, ол оны бейнелік іс -әрекет арқылы іске асырады. Ерте жастағы баланың ойлау қабілетінде жалпылаудың дамуы ерекше орын алады.Бала заттардың немесе ұқсас іс- әрекеттерді ойша қосу арқылы топтастырады.
Балада заттық іс -әрекетте жалпылаудың дамуы
Заттарды жинақтауда құрал -сайманның атқаратын қызметі басты бейнелік қызметке жатады.
Біріншіден,бұл әсерлер барлық басқа түрлі нақты және тұрақты, сондықтан бұл әдіс ерекшеленіп, нәрестенің санасында жеңіл қалыптасады.
Екіншіден, Заттық құрал саймандар баладағы жалпылаудың бірінші құрылымы болады,бала бұл құрал саймандарды әр түрлі жағдайларда қолдануға тырысады (қасық, таяқша, қарындаш).
Үшіншіден,Құрал саймандық операцияларда әр түрлі заттардың байланысы беделді бейнеленген,сол затқа бағытталған құрал -сайманның іс- әрекеттері.Осы арқылы жағымды бейнелеулер мен байланыстар орнатылады.
Заттық іс -әрекетті меңгеру жалпылаудың құрылуындағы шешуші ықпал болып жатады.Әдетте олардың заттық немесе сыртқы көрінісіне емес функцианалдық мағынасына байланысты болады. Мысалға шынаяқ өзінің түсі, көлемі, салмағы әр түрлі болғаны мен сұйықтық ішетін ыдыс болып табылады,бірақ осы физикалық қасиеттері баланың қабылдауында анағұрылым анықтау болып, заттардың жалпылаудың классификациялық ең алғашқы негізі болып табылады.
Н.Х.Швачкина зерттеулерінде балалардың алғашқы жалпылаудың белгілері мен құрылымдары зерттелді.Жұмыс екі тәсілмен жүргізілді:алғашқы тәсілде балаларға ойыншықтар беріліп, олардың аттары аталды.Балалар осы ойыншықтарды аттарымен танып білген соң экспериментке түсі, көлемі басқа дәл осындай ойыншықтар қосып отырған.Бұл жағдайда балалардың ойыншықтардың жалпылама аттарын алғашқы ойыншықтан дәл сондай түрі мен көлемі басқа ойыншықты тануын анықтады.
Екінші тәсілде балалар ойыншықтар жинағы беріліп, олардың атын, іс әрекетін ажыратуын қажет етті.Осылайша қалақшамен құмды төгіп, шелектегі суды таниды.Заттардың атаулары және де затпен іс -әрекеттері меңгерілгеннен кейін ойынға түсі мен көлемі кіріктіріліп, олардың да жалпылаудағы мүмкіндіктері анықталды.
Зерттеудің алғашқы бастамасында бастапқы ойыншықтармен кейінгі түрі мен түсі басқа ойыншықтардан ұқсата алмады:қызыл және жасыл немесе үлкен және кіші шелектерді балалар әр түрлі заттар деп таныды.Осы ойыншықтар практикаға кіріктіріліп, таныстырылғаннан кейін бұлардың бірдей заттар екендігіне балалар тез үйреніп кетті. Екінші тәсілдің тиімділігі абстрактылық мүмкіндіктеріне қарарғанда жалпылау атау қасиеттеріне мүмкіндік береді.Швачкинаның зерттеулері негізінде 1-2,5жастағы балалардың жалпылауының дамуын үш негізгі тәсілге бөлуге болады.
Бірінші тәсілінде ерте жастағы баланың бейнелік ойлауының ашық жарқын мазмұнына,түсіне, көлеміне мән беріледі.Бұл кезеңде бала заттық іс- әрекетті меңгермейді.
Екінші кезеңде балалар бейнелік және де нақтылық образдарды тұтас көрініске айналдырып, заттардың қасиеттерін айқындай бастайды. Бұл кезеңдегі бала заттардың негізгі қасиеттерін екіншілік өзгермелі қасиеттерінен айыра алмайды.
Үшінші кезеңде жалпылама түсініктер қалыптаса бастайды.Заттардың тұрақты және өзгермелі қасиеттерін бір -бірінен айыра алады, заттардың функциаларын және іс- әрекет түрлерін таниды.Осылайша заттық іс -әрекетті қабылдауда құрал саймандардың, заттардың жалпылама және тұрақты қасиеттері жалпылаудың құрылу мазмұндылығына әкеледі.
Баланың жалпылық ойлау қабілетінің дамуы іс -әрекетпен ғана емес сөйлеу тілінің дамуымен де анықталады.Ойлау мен қабылдау ерте жастағы баланың психикасы дамуындағы маңызды функциясы болып табылады.
|
