Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.72 Кб
Скачать

Тойболдиев абзал 186-190б

Екінші эксперименталды топта қалыптасу барысындағы сабақтарда балалардың бір-біріне деген қызығушылығы арта берді. Индивидуалды ойын тартымдылығының өзінде де олар, қызығушылық танытып жастасының бетін және қолын бақылай берді. Сәбилер жастасын бақылап бақытты күлімсіреді, оның түрлі қимылдарына күлді. 4-6 сабақтарда жастасына деген эмоционалды әрекеттер пайда болды(«жасырымбақ», «ешкі» ойындары, т.б.) Нәтижесінде балалар арасында бірлескен, әрі белсенді ойындары пайда болды. Индивидуалды ойын периодтары эмоционалды-практикалық байланысқа ауысып отырды. Сабақтағы бұндай байланыс түрлерін ересек адам балаларға көрсетпеген еді. Ол тек қана баланың жастастарына назарын аудартқан және қызығушылық пен тілектестікті оятқысы келген. Нәтижесінде жастасына қызығушылық, ақ көңілділікпен қатар, үлкен жас балалардікіне ұқсас өзіндік байланыс тәсілдерін орнатты. Осылайша, балалар арасындағы байланыс құрылу эксперименті балалардың субъективті, өзіндік коммуникативті әрекеті ересек адам арқылы ғана мүмкін болуы көрсетілді. Ересек адам ғана балаға жастасынан өзіне ұқсас сәби екенін байқатады. Осыған жетудің тиімді жолы – балаларды субъективті біріктіру. Олардың жасына тән ойыншықтарға қызығу серігін «байқауға» бөгет болады. Ойыншық өзге сәбилердің адами қасиетін жауып қойғандай. Оларды бала тек ересек адам арқылы аша алады.

Түйіндеме (Резюме)

Серіктерімен байланыс қажеттілігі 1-3 аралықтағы ерте жаста құралады. Оның дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді. Балаларда 2-ші жасында бір-біріне деген қызығу байқалады; 2-ші жастың соңына қарай өзіне назар аудару және өзінің жетістіктерін көрсету байқалады; Өмірінің 3-ші жасында өзге құрдастарына сезімі пайда болады, ол байланыс қажеттілігінің толық қалыптасуына әкеледі.

Балалардың бір-бірімен ерте жастағы тілдесуі эмоционалдық-практикалық байланыс формасы болады, ал олардың ерекшеліктері мыналар:

1. Өзінділік, пәндік мазмұн жоқтығы.

2. Емін-еркіндік, эмоционалдық молдығы

3. Нормасыздық және коммуникативті амалдар стандартсыздығы

4. Серіктестен пайда болатын айналық әрекеттері мен қимылдары. Балалар бір-біріне эмоционалдық ойын әрекетті көрсету, қайталауы; әрекеттер бірлестігі және эмоционалдық көріністері өзіне деген сенімділік, айқын эмоционалдық күйініш береді. Бала серігі арқылы өзін бөледі, өзіндік жеке ерекшеліктерін сезінеді.

6-шы бөлім

Тұлғалық қалыптасу алғышарттары және 3 жас кризисі

Ситуативтілік ерте жастағы басты характеристика ретінде

Ерте жас кезеңі арасында бала жүріс-тұрысы ситуативті, яғни тек қазір және осындағы әрекетке байланысты. Бұл ерте жас ерекшелікке алғаш назар аударған ұлы неміс психологы Курт Левин. Өзінің түпнұсқалық эксперименттерінде ол, бала әрекеті толығымен ситуацияға байланысты және одан ажырамайтынын көрсетеді. Осы бала әрекетін «далалық» деп атады, яғни көруімен сипатталады. Әрбір зат баланы «тартады»: ұстауға, қолына алуға немесе, керісінше, арырақ тұруға итермелейді. Левин сөзіне қарағанда, ерте жаста әрбір зат әміршілдік сипат алады: әрбір затқа өзіндік аффект тән, қозғаушылығы соншалық, бала үшін «мәжбүрлі» сипатқа ия аффект болады. Өйткені бұл жаста бала тек нәрселер күш өрісінде болады, бұнда әрқашан «магниттік күш» тартады немесе итереді. Баланың заттарға деген немқұрайлығы немесе шеттелу қатынасы болмайды. Баланың бұл сыртқы заттарға бекітілуі «заттық фетишизм» деп өзгеше аталған.

К. Левин көру аймағында жоқ затқа баланың отыруы қиындығы туралы тәжірибесін сипаттаған. Осылайша, бала тасқа отыра алмаған, өйткені белін бұрса көрмей қалады. Ол тасты қолымен ұстай отырып бұрылады, бірақ іске дұрыс аспайды. Ақыры, бір бала өзіндік жолмен амалын табады: бүгіліп, аяқ астына қарайды, осылайша үстіне отыра алады. Басқа жағдайда тәжірибеші бала қолын тасқа қояды және бала өз қолына отырады, өйткені бала қолын қоюдан алдын тас болуына сенімсіз болды.