Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

Арынтай Бақыт 117-121 б

Нәрестенің манипулятивті іс – әрекетінің дамуы

Бірінші жартыжылдықтың маңызды жетістігі – затты қағып алу – жаңа манипулятивті іс – әрекеттің бастауы. Екінші жартыжылдықта бұл іс – әрекет бала үшін негізгісі болады және де жетекші іс – әрекетке айналады, өйткені ода баланың жан – жақты психикалық дамуы жүреді.

Бұл жаста баланың негізгі қызығушылықтары затқа бағытталған – ол өзін қоршаған заттарды қағып алуға және тисуге әрекет етеді. Бұл жаста заттық іс – әрекет түрлері көп емес. Барлық заттармен бала бірдей әрекет жасайды: тиседі, қармалайды, лақтырады, сілкейді, аузына салады және т.б. Бұл іс-әрекеттер заттың қасиеті мен оның қолдануына қарамай жасалғандықтан, оларды спецификалық емес деп атайды. Іс – әрекеттің қарапайымдылығы мен біркелкілігі балаға заттардың бүкіл қасиетін ашуға мүмкіндік бермейді, сол себепті оның белгілі бір затқа деген қызығушылығы тез басылады және жаңа жатқа ауысады.

Сонымен қатар екінші жартыжылдықта балада қызықты ұстап алу және манипулятивті іс – әрекеттер дамуы болады. Алдымен бала саусақтарын алақанға жақындату арқылы барлық заттарды бір уақытта ұстап алуға тырысады. Затқа созған қол, түзу сызықпен қозғалмай, ілмек тәрізді қозғалады, яғни затқа қарай жорамалдап созылады. Өмірдің 5-7 айларында қағып алудың жетілген түрі пайда болады. Біріншіден, нысанаға көздлген қолдың қозғалысы нақты бола бастайды; екіншіден, қолы ашылады, бас бармақтың қалған саусақтарға қарама- қарсы тұруы пайда болады, саусақтардың орындары баланың қандай затты алатынына байланысты болады: допты алшақтау орналасқан саусақтар арқылы алады, бауды саусақтардың ұшымен және т.б.

Ұстап алу іс-әрекеттерін жетілдіру манипулятивті іс- әрекеттің қиындатылуына әкеледі. Оңай іс – әрекет болса да қандай да бир нәтиже көрсетеді – ойыншықтың жақындауы мен жойылуы, сылдырмақтың сыңғырлауы, резеңкелі ойыншықтың дауысы жіне т.б. Бала бұл нәтижені байқай бастайды және оны белсенді түрде қабылдайды – сылдырмақты сыңғырлатады, төсектің аяқтарынан таяқпен тарсылдатады, шиқылдайды, ойыншықтарын төсектің үстінен лақтырады және т.б. Екінші жартыжылдықта жарқын түрде нәтижеге бағытталу пайда болады, баланың затпен іс-әрекетінде болатын өзгерістер көрінеді.

Манипуляцийның кейінгі дамуы нәрестенің бір ғана затпен емес бір уақытта екі затпен іс- әрекет етуінен тұрады. Мұндай іс- әрекеттің оңай мысалы – екі сылдырмақпен тақылдату. Бала бір затты екіншісіне жақындатуға тырысады, бір затты екіншісіне тығу немесе салу, біреуін екіншісіне қою, тұрғызу, кигізу және т.б. Мұндай іс – әрекеттерде нәтижеге бағытталу айтарлықтай әлбетті – заттың белгілі жерге түсуі нәтиже болады немесе екі заттың бірдей қалыпқа тұрғызылуы.

1 жастың аяғында балалар өз іс-әрекеттерін тікелей ғана емес, жанама нәтижесінде көреді – олар бауды тарту арқылы оған байланған затты өзіне жақындата алатынын, электр жарығының түймесін басу арқылы оны қосуға жіне өшіруге болатынын, телефонды көтеру арқылы дауыс естуге болатынын түсінеді. Көптеген балалар теледидардың пультин еппен басқарады, қосады және өшіреді. Барлық іс-әрекеттер балаларға қуаныш алып келеді, және олар оны көптеп істеуге тырысады.

Ересек адамның көмегімен нәрестенің іс- әрекеті кеңейе түседі: ата – аналар заттардың әр түрлі қасиеттерін және олармен жаңа іс-әрекет тәсілдерін көрсете алады. Олар допты домалатуға, пирамиданың шеңберін өзегіне кигізуге, зырылдауықты айналдыруға болатынын көрсетеді. Ересек адамдарға еліктеп, нәресте спецификалық әрекетке көшеді, 1 жастың аяғына қарай игере алатын. Спецификалық іс-әрекеттердің бала репертуарында болуы пәндік әрекеттердің келесі кезеңге тән екендігінің куәгері болады.