Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

Уайтова Ақбөпе 190-193б

Нәрестенің психикалық өміріндегі жан-жақты дамуын айқын қамтамасыз етілуінде не ескеріледі?

Бұл сұраққа жауап беруде Выготский ерте жастағы баланың есінің, сенсорлы және моторлық функциялардың бірізділігінде деп түсіндіреді: кез-келген қабылдаудан кейін тез арада іс- әрекет орындалады.Бұл бірізділік жай ғана шартты рефлекстың нәтижесінде туындамайды.Баланың іс- әрекетінің автоматтандырылмағандығы шартты рефлекстің айырмашылығы болып түсіндіріледі.Қабылдау мен эмоциялар бір- бірімен ажыратылмаған және де тұтастай бірізділіктің үшінші кезінің –жағдайлардағы тікелей іс- әрекетті көрсетеді.Заттардағы қызықтыратын күштер, аффективтік қуаттылығы баланың қызығушылығын оятудың негізгі көзі.Сенсо-моторлық интелектінің сапасының бастауы ретінде деген зерттеу келтірген Пиажеге қарағанда Выготский қабылдау мен іс- әрекеттің жасалыну барысындағы байланыс аффекті арқылы жүзеге асады деген негіздемеге сүйенді.Дәл осы қабылдаудың аффективтік көріністері ғана сенсо-моторлық бірлікке әкеледі.

Ерте жастағы балада ақиқатқа деген ерекше қатынас туындайды.Мұндай қарым- қатынас нәрестелік шақта әлі болмайды(ең болмағанда бірінші кезеңде)құндақталған нәресте сағаттап айналасына көз жүгіртуі мүмкін.Бұндай ерекшелік одан үлкен жастада болмайды, ол жаста бала өзінің ойлауы мен білімен басқа жерде тұрған заттарда іске асыруы мүмкін.Ситуациялық-тек ерте жастағы балалардың өзіне ғана тән ерекшелік.

Ерте балалық шақтағы кезеңде бұл ерекшелік біртіндеп жойылады. Баланың өзіне ғана тән сөйлеу тілінің қалыптасуы ересек адамның сөйлеуінің құрылымын орындау, ойынның басқа түрлерін пайдалану нәрестенің ситуацияны қабылдау мен іс-әрекеттегі тәртібінен босатуы маңызды қадамы болады.Баланың заттық іс- әрекетіндегі маңызды іс-әрекеттерің сөйлеу тілінің дамуында, символикалық ойындарда және өмірдегі жағдаяттардың басқада жағдаяттарында ерте балалық шағындағы жетістіктері, оның мінез-құлқы мен қимыл іс-әрекетін сапалы түрде өзгертеді.Баланың өміріндегі ересек адам бағыттаушы болып қалғанымен бала өздігінен дамуға ұмтылады, ересек адамнан тәуелсіз болуға және оның көмегінсіз іс-әрекеттер жасауға ұмтылады.Ерте жастағы дамудың соңына қарай бұл баланың үш жастағы дағдарысындағы «мен өзім» сезімдерінің пайда болуына әкеледі.

3 Жас дағдарысының негізгі феномендері

3 жастағы балада өзіндік қабілеттері мен ересек адамдармен пікірлері қарама-қайшылықта болады.Ерте жастағы баламен ересек адамның көзқарастары сәйкес келеді. Бала рұқсат етілмеген затты қаласа ересек адам оның зейінін басқа затқа аударады .Үш жастағы баланың қажеттілігі тұрақты, анықталған болады. Бұл «Мен» концепциясында анықталған.Ерте жас кезеңінің соңына қарай баланың іс-әрекеттері мен қажеттіліктерінде өзіндік тәуелсіздіктің пайда болуы ересектермен қарым-қатынасында кедергі келтіреді.Осы кезең психологияда үш жас дағдарыс деп аталады.Бұл кезеңнің дағдарыс деп аталуы бала мінез құлықтары мен іс-әрекеттерінде, қоршаған ортамен қарым-қатынасында қарама-қайшылық туындатады. Л.С.Выготский өз еңбектерінде үш жастағы дағдарыстың негізгі көріністерін айқындаған.

Бірінші көріністі негативизм терминімен атаған. Ең әуелі дағдарысты баланың тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Бала кейде ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бәріне қарсы шығады. Алайда, баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса, мұның бәрін дағдарыс кезеңінің көріністері деп санауға болмайды. Бала өзінің ойындағысын барынша істегісі келеді. Бірақ, оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қыңырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды.

Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп, қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, мұндай жағдай үш жастағы дағдарыстағы дейін де кездеседі. Қырсықтанған кезде сәби өз талабының орындалуын тілейді. Айталық, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік, ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгіттейміз, ол дәлелді түсінгенімен, бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшеліктейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсені сұраса, бұл қасарысу болмайды. Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны.

Үш жастағы дағдарыстың үшінші көрінісі – баланың қыңырлығы. Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай ересектерге қарсы бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінң қалпына, өмір саясатына қарсы бағытталады да баланың өзіне риза болмауын білдіреді.

Төртінші ерекшелік өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінезбен айқындалады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бәрін өзі жасағысы келеді. Міне, үш жасар баланың бойында жиі кездесетін мінез нышандар осындай. Бұл ерекшеліктердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда болып отыратын қасиеттер. Үш жастағы балада пайда болатын жағымсыз әрекет- тіл алмауды дағдарыстың негізгі көрінісі – қасарысудан айыра білуіміз керек. Қалған симтомдар сирек кездесетін болғандықтан қосымша мазмұнға ие болғанына қарамас ата-аналар балалардағы анық белгілерін атап көрсеткен:

  • Қоршаған ортаға деген қарама-қайшылықтар.Бала өзін агрессивті түрде ұстайды, олармен жиі кикілжің туғызады;

  • Жақын туыстарының қабілеттерін бағаламайды.Бала ата-анасын ертеректе айтпаған әдепсіз сөздермен айта бастайды.Дәл осылай ол өзінің ойыншықтарына деген көзқарасын өзгертіп, олармен ойнаудан бастартады;

  • Жалғыз балалы отбасындағы нәресте қоршаған ортадағы адамдарға үстемдік жүргізгісі келеді. Барлық отбасы мүшелерінің баланың қажеттіліктерін орындауды талап етеді.Олай болмаған жағдайда бала есіріп, өз-өзінен жылап, айқай- шу шығарып, ересектерге психологиялық түрде шабуыл жасайды.Егер отбасында бірнеше бала болса, бұл симптомдар қызғаныш сезімін тудырып, кішкентай балаға агрессивті көзқарас туындап, ересектердің өзіне көп назар аударын талап етеді;

Бұл жағдайларға қарамастан бірнеше психологиялық тексерулерде үш жастағы дағдарыстан балалар жеңіл түрде өтеді.Бұл уақытта баланың өзіндік дамуы қалыпты жағдайда өтеді. М.И. Лисина осы жағдайларға байланысты дағдарыстың объективті және субъективті жағдайын анықтауды ұсынды.

Субъективті дағдарыс бұл баланың өзін қоршаған адамдар мен қарым-қатынасындағы іс-әрекеттерінен жиі түрде байқалатын субъективті факторлардан көрініс табады.

Объективті дағдарыс бұл баланың өзіндік дамуындағы міндетті және маңызды кезеңі. Бұл кезеңде баланың өзіндік қасиеттерінің жаңа қабілеттері пайда болады.Бұл дағдарыста субъективті дағдарысқа қарағанда кері әсерлер көрініс берілмейді.