Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

Абилдаева Дариха 125-133 б

Осындай жаңа құрылымдардың пайда болуы өскелең бала қабілеттері (қозғалыс еркіндігі) және ересектердің алғашқы тиымдарымен анықталады. Баланың объективті қабілеттерінің кеңеюі ересектер тарапынан тиым салуларға итермелейді. Бала қалауларының барлығы қанағаттанарлық болмайды: мысалы, оған саусақтарын розеткаға салуға, суды еденге төгуге, т.б. рұқсат берілмейді. Ересектердің тиымдары қоршаған ортаны қолжетімді және қолжетімсіз болып екіге бөледі. Қалаулар қанағаттандырылмайды, жалғаса береді, «ұзарады», қалау, алға ұмтылу қалпы туындайды, ал бұл өз кезегінде баланың өзі үшін анықтала бастайды. Кез келген қалау бірден қанағаттандырылғанға дейін, ол бала үшін «жоқ есебінде», жағдаят кезінде ол жоқ болып кетеді, тек қалаудың бір бөлігі ретінде ғана болады. Қалаулардың орындалмауы,сол арқылы баланың уайымдап, тануы, алға ұмтылысты жандандырады. Өз қалауларын ұстап қалу құралы сөз болады.

Осылайша осы кезеңде ересектермен алғашқы байланыс дамиды және баланың ересектен автоматтылығы туындайды, оның жеке белсенділігін жедел жоғарылатады.

Бірақ бұл автоматтылық айтарлықтай біршама ғана. Бүлдіршін әлі өздігінен ешнәрсе жасай алмайды. Ол үнемі ересектердің көмегі мен демеуіне мұқтаж болады, тіпті өздігінен жүру де ол үшін өте қиын. Ересек ол үшін бұрынғыдай әлі керек, бірақ бұл жолы басқаша: балаға тек жалпы жақсы қарым – қатынас ғана емес, оның нақты іс-әрекеттері мен жетістіктеріне деген қарым – қатынас керек. Ересектердің бағалауы мен демеуінсіз бала өзінің белсенділігі мен дербестігін сезіне алмайды. Осыдан бір жасар балалардың мадақтау және жазғыруға, өз іс – әрекеттеріне назар аударуды талап етуге деген сезімталдығы жоғарылайды. Ересектердің бағалауын бағдарлау бір жас дағдарысында болатын сапалы өзгерістер болып табылады. Ұмтылыс пен дербестік арасындағы қайшылықтар және ересектерге тәуелділік осы жас аралығындағы дағдарыстың көрінісі болып табылады. Бұл қайшылықтар дамудың келесі сатысында шешімін табады.

Түйіндеме

Екінші жартыжылдықта баланың ересектермен қарым-қатынасы өзгереді:

  1. Сәби ересектердің жағымды және жағымсыз әрекеттеріне түрліше жауап қайтарады.

  2. Балалар жақындарына және таныс емес ересектерге деген түрлі қарым – қатынастарын көрсетеді: турасында балалар жақын ересектермен аффективті – тұлғалық байланыс орнатады, ал таныс емес ересектерге сенімсіздік пен қорқыныш танытады.

  3. Тәжірибелік ынтымақтастықта баланың өз қалауларына қанағаттануы ересектерге деген қарым – қатынаспен анықталады.

Екінші жартыжылдық белсенді сөйлеуге дайындық кезеңі болып табылады. Осы кезеңде сәбиде фонематикалық есту және сөйлеуалды вокалдандыру жіті дамиды, осы арқылы былдырлап сөйлеу қалыптаса бастайды. Ересектердің жанында және олармен эмоционалдық қарым – қатынаста болу былдырлап сөйлеудің және сөйлеудің пайда болуына негізгі шарт болып табылады.

Осы кезеңде баланың өзі туралы түсінігі қалыптасады. Өзін жағымды сезіну мен манипуляциялық іс-әрекеттер негізінде тәжірибелік іс-әрекеттегі өзіне деген субъект ретіндегі көзқарасы қалыптасады. Бала өзін айнадан тани бастайды, ал бұл жеке өзінің бейнесінің бар екенін түсінетіндігін дәлелдейді.

Қалыптасқан «Мен» сенімі бала тіршілік әрекетінің барлық сферасындағы белгілерді: оның заттық әлемге, айналасындағы ересектерге және өзіне деген қарым- қатынасты қамтитын бір жас дағдарысында айқын көрініс табады

Еркіндікте қозғалып өскен баланың үлкендердің рұқсат етпеуі, баланың ұмтылысы мен сезіміне әсер етеді. Өзіндік мендік,ата-ананың ықпалынсыз алға ұмтылуға үлкендердің бағасы.Баланың алғатәуелсіздікке ұмтылуы және ата-анасына тәуелділігі дағдарыстың.1жылдығына сәйкес келеді.