Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

Кусайынова Айнур 171-173б

Белгілі жағдайларда ( бұл жағдайлар ерте жас кезінде пайда болады) сөз бен әрекет байланысы арта бастайды. Затпен ойнау баланың сөздік іс-әрекетін арттырады. Л.С.Выгодскийдің айтуы бойынша « заттық ойлау арқылы, белгілі бір нарсеге ұқсата ойнайды, бірақ оны зат ретінде қолданбайды». Бірақ бала берілген затты өзіне керек затқа ұқсатпағанша, интеллектуалды түрде әрекет жасай алмайды. Ж. Пиаженің айтуы бойынша белгілігі бір зат балаға қажетті ойыншықтың орнын ауыстыра алады. Д.Б.Элькониннің бақылауы нәтижесінде бір зат көп функциялы бола алады. Мысалы таяқты алатын болсақ ол атқа мүлдем ұқсамайды. Сонымен қоса ол жылан да, ойыншық қару және ағаш та бола алады, ол баланың оған қандай ат бергенімен және ойын уақытында не үшін қолданып жатқанына байланысты болады. Ойын таңбалық ой әрекетіне жатпайды. Баланың психологиялық ойлауы таңбалық түрде емес, тек орын ауыстыру түрінде жүреді. Яғни бұл баланың ойлау, қиялдау процестерінің дамығандығымен сәйкес келеді. Затпен ойнау барысында заттың тек әрекеті ғана өзгермей, оның аты да өзгереді, себебі алғашында бала өзі затқа ат қойып алып, сонымен ойнайды. Бұл кезде «зат - әрекет – сөз» құрылымы «сөз - әрекет – затқа» ауысады. Яғни бала затты қалай атаса, сол бойынша онымен әрекет жасайды. Осыдан сұрақ туындайды қалай бала өзіне қажетті затты басқа затпен орын ауыстыру арқылы ойнайды? Бұл сұраққа жауап беру үшін ерте жастағы бала кезеніне оралу қажет.

Зерттеулер мен бақылаулар нәтижесінде баланың заттық әрекеті мен затпен ойнай білуі өзінен-өзі пайда болмайды, оның жанында оған үйрететін жақындары, я болмаса ойыншықпен ойнай алатын өзінен үлкен балалар болуы қажет. Егер балаға заттарды қалай қолдану керектігін, қалай ойнау керектігін ешкім көрсетпесе, ол ойыншықпен ойнауды және заттарды басқа өзіне қажетті зат ретінде қолдана алмайды. Жабық мекемелердегі мектепке дейінгі балалар, басқа отбасылық өздерімен жатсы балардан заттық іс-әрекеті қалыңқы болып келеді. Оның себебі олармен ересек адамдардың өте аз мөлшердегі байланысы мен әрекеті болып табылады. Бұның барлығы баланың заттық дамуы оның табиғи өсуінде емес, керісінше айналамен байланысы екенін көрсетеді. Яғни баланың ойын ойнау қабілетін ересек адам үйрете білу қажет. Осы жерден сұрақ туындайды

Балаға қалай ойын ойнауды үйретесін? Ол өздігінен пайда болатын әрекет емес пе?

Бұл әрине дұрыс, бірақ ересек адам баламен бірге қосылып ойын ойнауы қажет, оған ойынның дұрыстылығын көрсету қажет. Л.Н.Гализузова баланың заттармен ойнай алу қабілетін тексеру барысында мынадый эксперимент жасады. Ойынның аты «Қуыршаққа қарау» Бала алдына арнайы ойыншық пен заттары бар үстел қойылды. Онда ойыншық кровать, тарақ, ыдыстар болды, сонымен қоса кәдімгі заттар да болды. Ересек адам баланың көзінше заттарды ойыншық ретінде қолдана, олардың атын айта ойнай бастады.

Бақылаулар нәтижесінде:

Бірінші кезеңде бала ересектін бұл әрекетіне еш мән бермейді. Ересек балаға керек затты тауып беруін сұрағанда ( қанекей қуыршаққа кәмпит берейікші, кайда кәмпит?) бала жауап бермей, я болмаса кері жауап қайтарып отырды ( мұнда кәмпит жоқ). Ал өзі шынайы ойыншықтармен ойын ойнап отырды.

Екінші кезеңде бала назарын ересектін заттармен ойнауы қызықтыра бастайды. Ол ересектін сөзін және ісін қайталай бастайды. Бірақ бала ол әрекетті кез-келген затқа қолдана бастайды. Яғни бала шынайы мәнді түсініп отырған жоқ, ол тек көрген әрекетін қайталап отыр.

Үшінші кезеңде бала ересек әрекетін толығымен меңгеріп, оны дәлме дәл сол затқа қолдана бастайды, бірақ өзіндік жаңа әрекет жасамайды. Бұл кезеңде бала әрекеті критикалық түрде болады. Мысалы балаға тіс щеткасымен қуыршаққа тамақ бер десе, бала ойлана тоқтап қалып, кейіннен қуыршаққа қасықпен тамақ беріп, тіс щеткасымен тісін жуады. Бұл кезеңде бала өзіне таныс қана әрекет жасайды, ал өзіне таныс емес әрекетті жасаудан бас тартады.

Төртінші кезеңде баланың өзіндік заттық әрекеті пайда болады. Бала ересек көрсеткен әрекеттерді бұлжытпай, шатастырмай орындайды. Бала сол аралықта заттардың образдарын қолданады. Бірақ дегенімен де бала әрекеті бұл кезеңде саналы түрде болмайды, тек әрекет түрінде болады. Себебі балаға қолыңдағы заттың атын айт десе, бала оның шынайы атын айтады, ал қай ойыншық орнына қолданып жатқаны туралы айтпайды.