- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
Ситуативті –іскерлік тілдесудің пайда болуы және дамуы ересектерге қатынасы мен әртүрлі әсер етушілерге деген сезімталдылығында көрініс табады. Алғашқы алты айлығында сәбилер ересектердің жағымды және жағымсыз ықпалдарына бірдей жауап қайтарады;екі жағдайда да жағымды эмоциялар орын алады. 5-6 айға дейін барлық балалар ересек адамның кез-келген назар аударуына қуанышпен жауап береді. Екінші жарты жылдықта көрініс өзгере бастайды.
Алты айдан кейін сәбилер ересектердің жағымды және жағымсыз ықпал етулерін айыра бастайды және оларға әртүрлі жауап қайтарады: егер ересек адам баланы сөгіп кінәласа, балада басым түрде жағымсыз эмоциялар біліне бастайды, олар ренжіп, кері бұрылып,тіпті кейде жылап та жібереді.
Қызықтысы,жағымды және жағымсыз ықпалдарға дифференциалды қарым-қатынастың пайда болу уақыты балаларды тәрбиелеу шарттарына тәуелді екен.
С.Ю.Мерещякованың басшылығымен жүргізілген зерттеулер көрсеткендей,балалар үйінің тәрбиеленушілері ересек адамның жағымсыз әсер етуіне де жағымды эмоциялармен жауап қайтаратындығын анықтады, ал қалыпты отбасыдағы балалар болса өмірінің бірінші жарты жылдығының соңына қарай оларға негативті жауап қайтарады. Бірінші жартыжылдығында отбасында өсіп жатқан сәбилерде балалар үйінің тәрбиеленушілерімен салыстырғанда жарқын күлкі, көңілді вокализациялар ,қозғалысының жандануының қарқынды дамуы айқын түрде басым болады. Екінші жартыжылдығында оларда жағымсыз эмоциялар бой алып, көрініс табады: отбасы балалары ренжиді,ашуланады, шағымданып қыңқылдайды,наразылықтың әртүрлі қырлары ашылады,ұялу, «қылымсушылық» пайда болады, ал балалар үйіндегі сәбилер көбінесе тұйықталған, қорқыныш және әлсіз наразылық танытады.
Әсіресе балалардың ситуативті-тұлғалық және ситуативті-іскерлік тілдесу кезінде байқалатын эмоциялық ерекшеліктері қызық. Ситуативті-тұлғалық тілдесу кезінде жағымды эмоциялар жағымсыздарға қарағанда әлдеқайда басым болса, ал ситуативті- іскерлік кезінде керісінше, жағымсыз эмоциялар қарқынды көрініс табады.
Осылайша, өмірінің екінші жарты жылдығында сәбидің ситуативті-іскерлік тілдесуге көшуі ересектермен қарым- қатынасындағы маңызды құрылымдардың өзгеруімен тікелей байланысты. Сәбилерде ересектерге бағытталған және олармен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз эмоциялар да қалыптаса бастайды.
5-6 айдан кейін балалардың таныс және таныс емес адамдарға деген қарым-қатынасында сапалық ерекшеліктер байқалады. Сәбилердің ересектерді тани алу сипаты өмірінің бірінші жылдығында айтарлықтай өзгереді:
Бірінші кезеңде(бір айлығында) сәбилерде ересек адамның кез-келген әсер етуіне тұрақты жауап қайтаруы қалыптаспаған;
Екі айлығында сәбилер ересектердің өзіне назар аударып тұрма/ жоқпа соны жақсы айырады,алайда ересектерді жақсы танымайды, кез-келгенін қуанышпен қарсы алады .
Үш айлығында қоршаған адамдарға дифференциалды қарым-қатынасы пайда болып, толыққанды процесс ретінде тек 5 айлығында қалыптасады. Еске сала кететіні,адамдарды айырып тану процесі жағымды эмоциялармен қатар жүреді, бала кез- келген ересек адамға қуанады, бірақ өзі танитын адамға көбірек жағымды эмоциямен жауап береді.
Тек 5 айлығынан кейін әртүрлі ересектерге қатысты туындайтын сапалық ерекшеліктер орын ала бастайды- таныс емес адамдар сәбиде ұялу, сезіктену,шиеленіс сезімін туындатса, жақындары- жарқын жағымды эмоциялар сыйлайды.
Бірінші жартыжылдықта сәбилерде жағымды эмоциялардың белгілері әртүрлі интенсивтілікте байқалады( балалар жат кісілерге қарағанда жақындарына көбірек қуанады). Екінші жартыжылдығында таныс емес адамдар сәбиде ұялу, сезіктену,шиеленіс сезімін туындатады, ал жақын адамдар байсалды қабылданып,ситуацияға байланысты көпқырлы эмоцияларды көрсетумен сипатталады(көрген кезде шаттану, қоштасқанда күйіну,ойын ойнау кезінде қуану,тыйым салғанда ашулану және ренжу). Таныс ересек адамдар көбінесе байсалды, жағымды қарым-қатынасқа ие болады.
Жоғарыда келтірілгендердің барлығы сәбилердің таныс және таныс емес адамдарды айқын ажыратып, олармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсетіндігін көрсетеді. Атап өтетін жайт- жақындарына сәбилер бірінші жартыжылдығының соңына қарай қалыптасатын айқын құштарлық танытады. Дәлелі ретінде сәбилердің алты айға дейін кез-келген жаңа ересек адамды оңай және қиындықсыз қабылдайтындығын, сонымен қатар асырап алу кезінде жаңа шарттарға тез сіңісетіндігін келтіруге болады. 7 айлығынан кейін сәби үшін анасынан айырылу өте ауыр кезең; жаңа ересек адамдарға әрең үйренеді.
Осылайша, 1 жыл ішінде ересек адамдарға деген қарым-қатынасы айтарлықтай өзгеретіндігін байқауға болады. Сонымен қатар баланың психикалық дамуының айқындаушы белгілерінің негізгі факторы болып сәбилік кезеңдегі ересектермен қарым- қатынасы болып табылады екен.
