Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

Қалиева Әселхан 174-176 б

Мысалы ер бала тамақ әзірлеумен айналысып: тағамды қазанға салады, үрлейді, дәмнің көреді. Ересек адамның «Сен не пісіріп жатырсын?» деген сұрағына «Таяқша және сақинаша» деп жауап береді. Кейбір заттардың екі түрлі атауы да болады, мысалы «шар-алма» немесе «сақина-печенье», бірақ бұл атаулар өте тұрақсыз және жиі қолданылмайды. Заттардың шынайы және ойын функциялары осындай ауыстыруларда бірге орналастырылады. Заттардың өзіндік ойын атаулары әлі жоқ.

Бұл кезеңде заттық орнын ауыстыратын әрекет бар екенін атап өту маңызды, бірақ бұл заттардың ойын атаулары әлі де жоқ. Бала заттармен сәйкесінше әрекеттенбей, ойынның ерте кезеңдегі заттарды жаңа атаумен атай алмайды.

Ойын кезінде баланың ойынға эмоцияналды қызығушылығына және ересек адамның іс-әрекетінде заттың атын өзгерту шарты маңызды болып табылады. Балалар ойынға ересек адамның белсенді әрекеті кезінде заттарды жаңа атаумен қабылдап, қайталап атайды. Егер де ересек адам заттармен жаңа іс-әрекет кезінде жай ғана көрсетіп айтып отырса, бала еліктеумен ғана шектеледі, бірақ ешқашан заттарды жаңа атаумен атамайды және өз бетінше ауыстырмайды.

Бесінші кезеңде затты ойындық атаумен атау, баланың іс-әрекетін өзгертеді. Айқындалған сөздегі заттың жаңа мағынасы қалай да осы затты жандандырады, барлық жағдайда оны қолдануда ерекше кейіп тудырады. Л.Н.Галигузованың айтуы бойынша тағы бір мысал келтірейік.

Қыз бала пирамиданың тесілген ұшын қуыршаққа беріп тамақтандырады. Ересек адам одан: «Қуыршақ не жеп жатыр?» деп сұрайды. Қыз бала затқа қарап «Печенье» деп сенімсіз жауап берді. Содан соң сөзін жөндеп: «Жұмыртқа» деп жауап береді. Оны түсінген ересек адам басын изейді де, тез қасықты алып, жұмыртқаны ұрып, қабығын тазартып, үрлей отырып «Ыстық жұмыртқа, бұны суыту қажет» дейді.

Келтірілген мысалда, баланың іс әрекетіндегі жағдайдың бар мағынасына айтылған сөз сәйкес келіп тұр. Олар сәйкесінше еліктеу жағдайында әлдеқайда эмоцияналды маңызды болады. Заттың алғашқы ойындық атауын ауыстырудан кейін, яғни ересек адамның әрдайым заттың атауын ауыстыруды (жай ғана қайталауы емес) қабылдау болып табылады, заттармен әсер етудің жаңаша, шартты амалы пайда болады. Бала ойынға бір мезгілде орын ауыстыруды нақты енгізеді. Заттардың атауын өзгертуде алғашқы ойындық іс-әрекетке ауыстырады, сонда әлдеқайда саналы болады.

Осылайша, ерте жастағы дамудың ойындық ауыстыруы келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Ересек адамның ойынын бақылау;

  2. Оған қосылу, яғни бірігіп ойнау;

  3. Ересек адамның іс-әрекетіне еліктеу;

  4. Өзіндік ұзартылған еліктеуімен вариативтік ойындық әрекетінің пайда болуы.

  1. Өзбетінше ойындық іс-әрекеттің пайда болуы.

Бұл кезеңдер баланың өзіндік іс-әрекетінің бөтен іс-әрекетке тікелей бұрмалануын бейнелейді, «мәдениет қаруы» есебіндегі белгімен жанамаланған, яғни сөзбен, заттан емес сөздің әрекетінен (немесе ойлаудан) пайда болады. Бұндай бұрмаланушылық ересек адамның белсенді және тікелей қатысуымен пайда болады. Ауыстыру қызметі басқа да психикалық қызмет сияқты алдымен бала мен ересек адамның арасында және интерпсихикалық формада болады, одан кейін баламен игеріледі және оның интерапсихикалық қызметі болады. Белгіні енгізу балаға ішкі қабылданған жағдайдан мағыналылыққа өзгертеді. Қабылдау сөзбен жанамаланады, ал алдыңғы заттар жаңа мағынамен толықтырылады. Тікелей әрекеттен жанамалыққа ауысу аффективтік пен зиялылық бірлігінде болады: бір заттың мағынасының екінші затқа ауысуы, баланың ойынға эмоцияналды қызығушылығында және ойын әрекетінің аффективтік маңыздылығында ғана мүмкін.