Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108 Кб
Скачать
☆

Мырзақұл Інкәр 180-184б

Бақылаудың бірінші бөлімінде балаларға өз қатар құрбыларына және ойыншықтардың суреттері бар слайттар көрсетілді.Өзі секілді балалардың қимыл-қозғалыстары,эмоциялары бейнеленген сұрақтар балаларға ерекше әсер береді.

Үлкендердің бейнесіне қарағанда өзіндей балалардың суреті екі есе әсер қалдырып,ең бастысы,бейнелерден балалар өзін-өзі танығандай болды.Мысалға алар болсақ,

Виталик 2жас 1ай ал суретке мұқият қарап,тәжірибе жасап тұрған адамға көңіл аудартып, "Виталик,Виталик"-деп қайталады.

Сережа В 2жас 8ай жылап тұрған балалардың суретіне қарап,тәжірибе жасаушы адамға:"Мына бала анасына барғысы келеді,ол жатын киімімен тұр,менде кішкентайлар тобына барғанда жылығанмын" -деді.

Вика К 1 жас 11 ай Мына бала Вика секілді басын ауыртып алған.

Суреттерге назар аудара отырып,балалар өз қатарымен жансыз суреттегі бейнелермен сөйлесті, оларға өз көңілдерін білдірді, бір жағдайларды естеріне түсірді.

Ал ойыншықтар мен үлкендердің суреттерінен мұндай әсер алған жоқ. Ойыншықтарды көре отырып оларды атады.Мынау ит ,мынау арыстан деп.Үлкендердің суретіне қарай отырып,аналарымен болған кездесулерді атап өтті,кейде қасында аналары болмағаннан өкініштерін білдіріп отырды.

Бақылау нәтижесінде тәжірибеге алынған суреттердің ішінен , тек балалар суреті ғана олардың ерекшк сезімдеріне ие болды.Олар суретке үңіле отырып,өздерін тани бастады.Бірақ бұл тәжірибе бұл жастағы балалардың үлкендермен және қатарластарымен қарым-қатынас әрекетін толық ашпады.

Екінші тәжірибесіне балаларға суретке қарапемес, нақты жағдаят ұсынылады.Бұл жолы кереуетке отырған балаға ойыншық,өзі қатарлы бала және ересек адам алынады.Бала мен ойыншық келесі кереуетте ,ал үлкен адам өзі отырған кереуеттің жанындағы орындықта отырды.Бұл жағдайда баланың көңілін қасында отырған үлкен адамға бірден ауды. Себебі келесі кереуетте отырған бала ойыншықпен қанша ойнаса да,оның көңілі ересек адамда болады.Бала үлкеннің көңілін өзіне қарату мақсатында барлық мүмкіндікте пайдаланды себебі тәжірибедегі ересек адам еш қиялсыз орындықта отыр. Тәжірибеден анықтағанымыздай ерте даму жасындағы балалардың қарым-қатынасы үлкендермен кәдімгідей үлкен мәселеге айналып отыр.

М.И.Лисина балалардың қарым-қатынаста 4 маңызды кретерийді анықтап берді.

1өзге адамға деген қызығушылық әрі көңілі

2Ол адамға деген эмоциянальды сезімі

3 Үлкендердің көңілін өзіне аудару

4 Олардың қимыл-қозғалысына деген сезімі

Л.Н.Гамяузованың тәжірибесі көрсеткендей ,ерте даму жасындағы балалардың қимыл-әрекеті барлық кретерийлерге сай келеді.Атап айтсақ ,біріншіден баланың өз құрбысына деген эмоциянальды көңіл-күйі, өзге баланың суретіне қарай отырып байқалады.

2-ден ол суреттегі өз қатарына мұқият бақылады,оның қимыл-қозғалысына үлкен мән берілді.

3-ден өз қатарындағы баланың өзіне деген көзқарасы,ниеті,әрекеті бақыланды.

4-ден балалар өзі секілді балалардың өзіне қалай қарым-қатынас жасай алатындығы және бұл әрекетте олардың ішкі сезімдері бақыланды.

Дегенмен бұл тәжірибелерден балалардың қарым-қатынасы белгілі бір деңгейдегі коммуникативті болмады,сондықтан 2жастағы балалар өз қатарларымен бірден сөйлеу әрекетіне жете алмайды тек 3 жастағы балалардан бұл әрекетті байқауға болады.