
- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
Баланың ерте жасының басына қарай, өз бетімен әрекет етуді иеленуге, ересектен тәуелсіз болуға тырысады, бірақ бәрі - бір ересекпен объектті түрде де (оған әлі де көмек қажет) субъектті түрде (ересек адамның оған көңіл бөлуі және баға беруі қажет)байланысын үзбейді. Бұл қарсылық өз шешімін бала дамуының жаңа әлеуметтік жағдайларда табады, одан бала мен ересектің біріккен іс – әрекеттерін байқаймыз.
Бала мен ересектің арасындағы тікелей қарым – қатынас байланысы нәрестелік кезеңнің екінші жартысында жоғала бастайды: ол заттармен өзгере бастайды. Бірақ, бала өмірінің алғашқы жылында заттардың жеке түрлерін ғана бөліп қарайды, оны затпен жасалынатын іс – әрекет емес, заттың физикалық құрылысы қызықтырады. Барлық заттармедың жасалуы тиіс әрекеттеріне қарамастан олармен бірдей әрекет жасайды. Оған қоса олзаттық әрекетпен оның нұсқауларын белгілейді. Ал, ересек адам бала үшін қызықты заттармен, әсерлердің орталығы болып табылады. Ол тек балаға әр түрлі заттарды көрсетіп береді, ал олармен әрекеттерді бала өзі ойлап табады.Өмірінің екінші жылында заттық әрекеттік ынтымақтастық бала мен ересек адамның арасында түбегейлі өзгереді. Олардың біріккені қызметінің құрылымы заттармен әрекеттерді дұрыс жасаумен көрініс береді. Өзіндік әлеуметтік жағдайлардың дамуы Д.Б. Элькониннің тұжырымдамасында былай көрсетілген: «ол ересекпен тұрмайды, керісіеше ересек арқылы, оның көмегімен тұрады. Ересек оның орнына ештене жасамай, бірге жасайды. Ересек ол үшін тек көңіл бөлетін жіне әсерлер беретін, заттарды беретін орталық қана емес, оған қоса адми заттық әрекеттер спецификасының көрінісі.
Дегенмен ерте жас бойы ересектермен қарым-қатынасқа түсу формасы жағдайлы-іскерлік болып қалыды, іскерлік қарым – қатынастың түрі елеулі түрде өзгереді. Мұндай серіктестік тікелей көмек тежеледі немесе заттар көрсетіледі. Енді ересек адамның көмегі қажет, онымен бірге сол баяғы тәжірибелік іс –әрекет жасалады. Мұндай серіктестік барысында бала бір уақытта үлкеннің өзіне көңілін аударады, және өзімен іс-әрекетке қатыстырады, және ең бастысы –жаңа затпен, сәйкесінше тәсілдермен іс – әркет жасайды. Ересек адам баланың қолына затты беріп қана қоймай, сонымен бірде ол заттың іс-әрекетін, қолдану тісілін көрсетеді.
Мұндай іскерлік серіктестікте қарым-қатынас жасау маңызды іс-әрекет болуды доғарады, ол заттарды пайдаланудың тәсіліне айналады. Баланы іскерлік себеп қозғайды, затпен әрекет жасауға талпынады, ал ересек адам ол үшын үлгі ретінде болады. Ересекпен қарым – қатынас жасау затпен әрекет ету барысында орындалады.
Әлеуметтік дамудың жаңа жағдайына іс – әрекеттің жаңа басқарушы типі сәйкес келеді. Бұл тек заттармен айла – амал жасау емес, заттық- іс – әрекет, ол заттармен қоғамдық-өндіргіш тәсілдерді меңгеру іс –әрекетімен байланысты. Ерте жас заттың әрекет жасау түрлерін меңгерудің ең қызықты кезеңі. Бұл кезеңнің аяғына таман бала тұрмыстық заттарды қолдана алады және ойыншықтарымен ойнай алады. Ерте жаста заттық-тәжірибелік және заттармен ойнау әрекетінің дифференциясы болады. Процессуалдық ойын баланың өзідік іс-әрекет түрі ретінде көрінеді.
Заттық іс-әрекет басқарушы іс-әрекет болады, өйткені ода баланың өмірлік дамуы жүзеге асады. Дәл осы іс –әрекетте ерте жаста пайда болатын сөйлеу қалыптасады. Заттық іс-әрекет пен іскерлік қарым қатынасты жүзеге асыру үшін экспрессивті- мимикалық және локомоторлық қарым – қатынас түрі аздық етеді. Баланың белсенді түрде сөйлеуі ерте жастың ең маңызды уақыты болады.
Ерте жастағы танымдық белсенділік және баланың ойлауы заттық іс-әрекетке жатады және өзіндік түрі бар. Ерте жастың аяғында көрнекі – бейнелік және мәндік ойлау негіздері қалыптасады.
Ерте жаста заттық - тәжірибелік және ойындық іс –әрекеттер дифференциясы болады. Заттық әрекеттің және сөйлеу тілінің дамуы нәтижесінде және процессуалды ойын барысында балаларда ойындық ауысуы пайда болады. Ойындардың қалыптасуындағы жаңа формадағы әрекеті – сюжетті-ролді ойынға, келесі этапта бала дамуының бастамасы.
Баланың заттық іс-әрекетіндегі және үлкендердің мойындауы оның жеткен жетістіктеріндегі өзіндік «Мен» және озіне сенімділігін күшейтеді. Балаларда өз іс-әрекетінің нәтижесіне деген ұмтылыс пайда бола бастайды. Бұл периодтың соңы баланың үш жастағы кризисімен, осы кездегі оның өз бетінше жүріп-тұруымен және мақсатты бағытталған іс-әрекетімен сипатталады.
Көріп отырғандай, заттық іс-әрекет барлық психикалық процесстер мен баланың жеке дамуын толыққанды дамытады. Сол үшінде осы заттық іс-әрекет осы жастың маңызды бастамасы болып табылады. Сонымен бірге затық іс-әрекет ерте жаста дамып, қалыптасады.