Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.72 Кб
Скачать

Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы

Нәрестелік жаста танымдық белсенділіктің дамуы, ойлаудың негізгі алғы шарты болып табылады,заттың манипулятивтік әрекеттінде пайда болады.

Заттардың әр түрлі қасиеттерімен – олардың пішінімен, көлемімен, салмағымен, тығыздығымен, төтеп бере алушылығымен және т.б. – нәресте манипуляциялық процесте танысады. Саусақтардың орындарының сол уақытта өзгеруі, баланың қолын затқа созғанда, бағдарланушылық пішін мен көлемінің жақсы көрсеткіші бола алады. Зат қолды өзінің қасиетіне қарай икемделуді үйретсе, көз қолдан үйренеді. 10-11 айларда бұл үйретулер бала затқа қарағанда оның пішіні мен көлеміне қарай икемделуіне әкеледі. Осы себепті қол мен көздің үйлестігі пайда болады, пішін мен көлемді көз арқылы қабылдау байқалады.

Заттық манипуляция заттардағы жаңа қасиеттердің пайда болуына алып келеді. Бұл мынадай қасиеттер, орын ауыстыру, құлау, дыбысталу, жұмсақтық пен қаттылық, тұрақтылық және т.б. Манипуляцияға екі қолмен өту жаңа мүмкіндіктер туғызады – бөлшектерге бөліну, бір затты басқасының ішінен, үстінен, астынан тауып алу. Бұл қасиеттерді бала өзі іс – әрекет жасағанда ғана біледі. Іс – әрекет жасауды тоқтатқанда білуіде жоғалады.

8-9 айларда баланы тек іс –әрекет пен оның нәтижесі ғана қызықтырмай, сонымен бірге нәтиже шығаратын заттардың қасиеті қызықтырады. Бұл туралы таныс емес заттарға қарым – қатынасы айтады. Жаңашылдық баланы тек 1 жыл ішінде ғана қызықтырады, белгілі мезгілге дейін жаңа зат – бұл тек атақты және қалыпты манипуляцияға жаңа мәлімет. Заттың қасиетіне қызығушылық туындайды, таныс емес затпен әрекет етпестен бұрын бала оның қасиеттерінде бағдарланады, оны зерттейді: оның үстін сипалайды, төңкереді, асықпай қозғалтады және зерттеуден кейін ғана қалыпты манипуляцияны бастайды, механикалық емес, бұл заттың неге пайдаға асатынын анықтау.

Баланың заттың қасиетіне көңіл аударуы 1 жас аяғында байқалады, түрлі қасиеттері бар әр түрлі заттарға игерген іс- әркеттерін қолдануға тырысқан кезде.

Уақыт өте келе заттар бала үшін қалыпты күйге айнала бастайды, өзгеріссіз қасиеттері бар. 8-9 айларда балалар көз алдындағы заттардың жоғалып кетуі, бар болуын әлі тоқтатпағандығын түсінеді, жай ғана басқа жерде тұрғандығын біледі; олар белсенді түрде орамалдың, қақпақтың астындағы заттарды іздей бастайды, және де ойыншықтарды тығып ойнау балалар үшін қызық бола бастайды. Осы жасқа жақын аралықта балалар заттың қайда тұрсада оны тани бастады және олардың көлемін қаншалықты алыста тұрсада анықтай білген. Сонымен тұрақтылық пен өзгермеушілік заттың қасиеті екендііг туралы ой туады. Манипуляциядан алынған әсер қабылдау бейнесін туғызады, ол ойлаудың оңай формасының негізі болып келеді.

Баланың белсенді тануы және зерттеу іс-әрекеті көп жағдайда оның үлкендермен қарым- қатынасынан анықталады.

С.Ю.Мещерякованың экспериментті жұмысында баланың 1 жас аяғында таныс емес ситуацияда аффективті – тұлғалық байланыс мінез – құлықтың зерттелу әрекеті зерттелді. Бұл жұмыста 2 топ балалар қатысты – отбасындағы нәрестелер мен жетімдер үйіндегі бала. Балалардың тәртібі 2 ситуацияда бақыланды - жағымды және жағымсыз тұрғыдан. Жағымды жақтан балаларға қызықты және қауіпсіз ойыншықтар берілді; ал жағымсыз жақты ситуацияда балаларға таныс емес, қорқынышты ойыншықтар көзсетті. Әр ситуацияда бала басында таныс ересек адамсыз болды, кейін ересек адам қасында. (отбасылық балада – анасы, жетім балада – оған қарайтын мейірбике)

Нәтижелер отбасылық балалар мен жетімдер үйінің балаларының арасында екі жағдайда да үлкен айырмашылық болатын көрсетті. Жағымды жағдайда ересек адамның келуі баланың белсенді ойнауын көтерді, олар аналарын ойынға тартпақшы болды, онымен өздері алған әсермен бөліскілері келді. Жетімдер үйінің балалары мейірбикемен қарым – қатынасқа түсуге ешқандай қызығушылық таныспады, олар одан белсенді әрекеттер күтті.

Жағымсыз жағдайда айырмашылықтар анық көріне бастады. Анасының келуі отбасылық балалардың тәртібін мүлдем өзгертті, олар қорқынышты ойыншықтардан қорқуды тоқтатты және аналарымен сөйлесіп, олардын эмоционалдық қолдау таба отырып ойыншықтарды зерттей бастады. Мейірбикенің келуі балалардың тәртібіне мүлдем әсер етпеді. Балалар тек қорқынышты ойыншықтан қорғану үшін олардың артына тығылды. Олардағы ересек адамдармен аффективті байланысқа түспеуі қоршағана ортаға деген қызығушылықты төмендетті. Балалар барлық жаңа заттардан қорқып, үлкендедің физикалық қорғанышын қажет еттті. Оларға ең қажеттісі ересек адамның арқасына тығылып қалу, тек осындай қорғау арқысында олар өздерін қауіпсіз сезінді.

Келтірілген мысалдарға сүйенсек балалардың үлкендермен эмоционалды қарым – қатынасқа түсу балаларда өздерін қауіпсіздікте сезінуге және қоршаған ортаға деген сезімділікті тудырады. Балаларға жай ғана аналарының қасында болуы олардың эмоционалды танымына үлкен септігін тигізеді. Олар өздерін қауіпсіздікте және сенімділікте сезінеді, аналары үнемі көмекке келетініне сенімді болады. Ары қарай, екінші жарты жылдықта бұл сезім баланың ішкі дәулетіне айналады, және анасының әрдайым қасында болуы қажет болмайды. Баланың анасына сенімді, эмоционалды тәуелділігі оның болашақта одан бөлінуге алып келеді, яғни, баланың дербестігі, өз өзіне деген сенімділігі, және танымдық белсенділігі.