
- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
Өмірінің алғашқы жартыжылдығында сәбидің тілдесу амалдарына тек қана жандану комплексінің құрамына кіретін экспрессивті- мимикалық амалдар кіреді. Екінші жартыжылдығында жаңа әлеуметтік даму жағдайына сәйкес бала ересектермен қарым-қатынас орнатудың түбегейлі жаңа тәсілдерін талап ете бастайды. Көп кешікпей экспрессивті-мимикалық және заттық-әрекеттік құралдар іскерлік байланыс үшін жеткіліксіз екендігі байқалады. Сол себептен екінші жартыжылдықта сәбиде адамдар арасындығы қарым-қатынас орнатуының жаңа және ең маңызды құралы болып табылатын – сөйлеу процесі қалыптасады. 10-12 айға дейін бала әлі де сөйлемейтін жанды ағза және 1жасқа дейінгі уақыт вербалды емес дамудың кезеңі болғанымен, осы кезде келесіде сөйлеу тілінің дамуына қатты әсер ететін аса маңызды алғышарттар қалыптасады. Сөйлеу тілінің қалыптасуы 2 түрлі жолмен іске асады:
Ересектердің сөздерін түсінуін дамыту( немесе пассивті сөйлеуінің дамуы);
Өзіндік белсенді сөйлеу тілінің дамуына тікелей әсер ететін вокализацияларын дамыту.
Бірінші жол есту қабілетінің дамуына байланысты болса, екіншісі – сөйлеу артикуляцияларын дағдыландырумен байланысты.
Аталып өткендей, бірінші жартыжылдығында сәбилер өзін қоршаған ересектердің сөйлеу дыбыстарына ерекше көзқарас білдіреді екен: сәбиге бағытталған ересек адамның сөзі балада барынша қатты және ұзаққа созылатын жандану комплексінің пайда болуына әкеліп соғады. 3-5 айлығында сәбилер адам дауысы мен кез-келген физикалық объектілердің(зуылдақ, қоңырау,музыкалық инструменттер және т.б.) дыбыстарын айқын ажырата алу деңгейіне жетеді.
Екінші жартыжылдығында сөйлеу тілін түсінуде әртүрлі салмақ түсіретін сөйлеу дыбыстарын екі түрлі компоненттеріне қарай бөліп ажырату орын алады: тембрлік( фонематикалық) және тональдық(жоғары дыбыстар). Көптеген заманауи тілдер арасында, сонымен қатар орыс тілінде де сөздің мағынасын айыруға көмектесетін бірліктер болып тембрлік дыбыстар немесе фонемалар табылады. Тілдесу амалы ретінде сөйлеу тілін игеру тек дыбыстарды қабылдап, құлақ қалқанында дифференциалдайтын фонематикалық есту қабілетінің әжептәуір дамыған кезінде ғана қалыптасады. Сөйлеу тілі сөздің мағынасын ауыстыруға әсер ететін дыбыс элементтерін анықтай алуды талап етеді( мысалы, «сақ-лақ» немесе «қас-жас» және т.б.).
Осы жаста сәбиде фонематикалық есту қабілетінің қарқынды даму процесі жүре бастайды, нәтижесінде жылдың соңына қарай бала ересектердің көптеген сөздерінің мағынасын түсініп, бір-бірінен айыра алады.
Алғашында баланың сөздерді түсінуін белгілі бір(балаға таныс) затты атағанда, оны көзбен іздеп-табуынан көрінеді. Алты –жеті айлық бала затты атағанда басын бұрып, іздей бастайды, егер зат өз орнында тұрса,көзімен бекітеді.7-8 айлық бала аталған затты кез-келген жерден тауып көрсете алады. Дәл осы жасында сәби ересектің өтінішімен «шапалақ ұрамыз» сөзіне қолымен қарапайым қозғалыстар жасай бастайды; мысалы, алақандарымен шапалақ ұрып немесе «сау бол» дегенде, қолын бұлғауды үйренеді. Жылдың соңында сәби өзінің ойыншықтарының көбісінің атауын және қарапайым таныс қимыл-қозғалыстарды(жеу, ішу, жату,жүру және т.б.) түсіне бастайды.
Фонематикалық есту қабілеті мен үлкендердің сөзін түсінуден басқа балада жандану комплексінің құрамына кіретін және бірінші жартыжылдықта жиі бақыланатын сөйлеу тілінің дамуының алғышарты болып табылатын вокализациялар орын алады. Оларға жататындар:
Айқайлар(қатты эмоционалды қаныққан дыбыстар);
Гу-гулеу( қысқа дауыссыз дыбыстар типі «кхх», «хм» немесе «агу»);
Гуілдеу(әндеткенге ұқсас созылмалы дыбыстар,мысалы «аааа» немесе «гулииии»).
Бірінші жартыжылдықтағы сәбидің вокализациялары адам сөздеріне мүлдем ұқсас емес, қайта судың лақылдауы немесе құстардың сайрауына ұқсас болып келеді, бұл дыбыстарды қайталау өте қиын. Осылайша, жылдың ортасына қарай баланың «гуілдуі» кемеліне жеткен кезде баланың вокализацияларында мағыналы сөйлеу тіліне ұқсас анық және ашық дыбыстар пайда болады: «ба-ба-та» , «ма-ма-да-да» және т.б. Сөйлеу дыбыстарына ұқсас мұндай дыбыстар типін «былдыр» деп атайды. Былдыр пайда болғаннан кейін(5-6 айға таман), сәби өзінің сөйлеу қабілеттерін ересектермен байланысқа түсу және олардың назарын аудару үшін белсене қолдана бастайды. Былдыр негізінен ересекпен қарым-қатынасқа түсу кезінде алғаш пайда болып, айқын ерекшеленеді. Жылдың соңына қарай өзіндік былдырлар қалыптасып, ашық интонацияларға ие болады. Былайша айтқанда, тек ересек адамға бағытталған «былдырлап сөйлеу» деп аталатын процесс: сәби ересектің көзіне тіке қарап, ымдайды, күледі немесе ашуланады. Сыртқы кейпінен баланың сөйлеу процесіне сай келетіндігін көреміз, себебі ересек сәбидің түріне қарап-ақ оның «не айтқысы» келгенін түсінеді, алайда ешқандай сөйлеу процесі жүрмейді. Былдыр -сөйлеу тілін дамытатын ең негізгі алғышарт, белсенді сөйлеудің бастауы болып табылады. Былдырдың пайда болуы- сәбидің сөйлеу аппаратының «адам сөздерін» айтуға дайын екендігінің дәлелі. Қызықты жайт, сөйлеуге деген белсенді дайындық барлық балаларда байқалады, тіптен туғаннан естімейтін балалардың өздерінде де бұл процесс жүреді екен. Алайда есту қабілетінің болмауы жағдайларында былдыр қалыптаспайды. Былдыр вокализациялары, гуілдеумен салыстырғанда, фонематикалық құрылымы бойынша қоршаған ересектердің ана тілінің ерекшеліктерін сипаттайды екен. Мысалы, қытай және орыс халықтарының балалары бірдей гуілдейді, бірақ былдырлары әртүрлі.
Жылдың соңында балалардың көбісінде тұрақты мағынасы және өзіндік айтылуы бар сөздер тобы пайда болады. Мысалы, няй-няй «бер»,ав-ав «ит», ам-ам «тамақ ішу». Былайша айтқанда, жоғарыда айтылғандар-автономды сөздер.
Әлбетте, былдырдың қалыптасуы-қоршаған ортадағы дыбыстармен қанығудың нәтижесі. Алайда мынадай сұрақ туындайды: сәби еститін кез-келген дыбыстар оны сөйлеу тілін игеруге итермелейме? Осы сұраққа жауап беру мақсатында М.И.Лисинаның басшылығымен жүргізілген В.В.Ветрованың зерттеу жұмысы бар.
Аталған зерттеу жұмысында жасы 10-15 ай аралығындағы балалар үйіндегі сәбилерге магнитофонның пленкасына жазып алынған балалар радиохабарламасының үзіндісі тыңдатылды. Үнжазбаны тыңдау барысында ересек баланың жанында болып,тіл қатпай, бірге тыңдап отырды.
Осындай тыңдаулардың 20-30 сеансынан кейін басқа группалармен салыстырғанда экспериментке қатысқан балалар арасында былдырлау вокализацияларының саны күрт өсті, ал жасы үлкен группалардағы кейбір балалардың тіптен өзіндік белсенді сөздері пайда болды. Осылайша, сәбиге түсініксіз сөйлеу тілі керісінше, қуанышты көңіл-күйдің көзі және сөйлеу тілінің дамуына түрткі болды. Сонымен қатар, эксперимент барысындағы түсініксіз жайт- баланың сөйлеу тілінің маңызды алғышарты - ересек адамның жанында болуы ма, әлде, таныс тексттың естілуі ме?
Бұл сұраққа жауап қайтару үшін қосымша екі эксперимент жүргізілді: біріншісінде-дәл осы текст ересек адамның қатысуынсыз(ол перде артында отырды) естіртілді, ал екіншісінде- ересек сәбидің жанында отырды, бірақ текст орнына музыка естіртті. Алайда, екі жағдай да вокализацияның қарқынды дамуына әкелмеді. Бірінші жағдайда балалар көбінесе естілген текстке назар аудармай, дыбыстың шығу көзін- ересек адамды іздеді; екіншісінде- балалардың басым бөлігі музыкаға балқып, ұйықтап қалған жағдайлар да байқалған.
Осылайша, келтірілген эксперименттерден балалардың сөйлеу тілінің дамуы естілген сөздер жақын, таныс адамдар тарапынан шықса ғана оң нәтижеге әкелетіні дәлелденді. Себебі, тек қана ересектер баланы қарым-қатынас әрекеттеріне кіргізіп, сөйлеу ғана емес, сонымен қатар тыңдау қабілетін қалыптастырады. Сөйлеу ықпалы және естілетін дыбыстар нақты адамнан ешқашан бөлектенбейді. Баланың жақын адамдарымен терең эмоционалды байланысы сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына тікелей әсер етеді. Өздігінен сөйлеу амалдарын қажет етпейтін эмоционалды байланыстар сөйлеудің дамуына екі жолмен ықпал етеді:
Ересектермен эмоционалды қарым-қатынасқа түсу баланы еркіндік,эмоционалды жайлылық күйіне бөлейді; бұл сезімдерсіз сәбидің өзіндік белсенді әрекет етуі мүмкін емес.
Ересекпен қарым-қатынасқа түсудегі бала тарапынан болған қызығушылық үлкеннің сөзіне деген зейінін арттырады: бала естіп отырған сөздерін бар зейінімен тыңдап,сөйлеу органдарын мұқият зерттейді- ересектің бет-әлпетін, қозғалып тұрған еріндері қарап отырып, қимылына еліктеп, қайталағысы келеді.
Нәтижесінде вербалды емес қарым –қатынас түкпірінде адамдардың байланысқа түсуінің ең жетілген құралы-сөйлеу қалыптасады.