Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перевод МШБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.72 Кб
Скачать

1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.

Осы жас ерекшілігіне сәйкес бақылаулар нәтижесінде балалардың қарым-қатынасы (сөйлесу) әртүрлі жағдаяттарда мынадай 4 түрлі ерекшілікті көрсетеді.

1-ден балалардың өзі қатар құрбыларына қызықты объект ретінде қарауы, яғни оның іс-қимылы келесі баланы бақылау нәтижесінен көрінеді сыртқы бейнесін бақылай отырып бала өз қатарына жақындап ,оның үстіндегі киіміне,түріне,сұлбасына назар аудару арқылы ересектер секілді өзінше бақылау жасайды.Жаңадай бір затты аударып қарау баланың дамуындағы бір белес болып табылады.

2-ден бұл ерекшілік бала өз құрбысына куыршағындай қарайды,яғни бұл қимыл-қозғалыс оның ешнәрсесінің мәніне қарамай немесе алдында тұрған өзі секілді баланың сезімдеріне мән бермейді, ол үшін құрбысы қуыршақ секілді. Бала оның шашынан ,құлағынан тартып,басынан ұрып,қолынан, аяғынан тартып өзіне көңіл аудартады.Дегенмен мұндай әрекетті ол үлкендерге жасамайды.

3-ден бұл әрекетке баланың үлкендердің қарым-қатынасындай бақылау жатады,яғни олардың артынан бақылауы,соларға ұқсау,еліктеу қасиеті, көзіне үңілу,күлімсіреу,өзінше сөйлеу әрекеттері жатады.

4-ден бұл ерекшілік баланың нақты өз құрбысымен қарым-қатынасындағы қимыл-қатынасы алынады, яғни бұл жерде олардың ерекше сезімдері мен ұялу ,тартыну, жасқаншақтану қасиеттері бақыланады.Балалар көңілді секіріп,шыңғырып, бірін-бірі мазақтап,бірін-бірі қуып, тығылып,қорқытып, қиратып,қуану,секілді эмоцияларын көрсетеді.Сонымен қатар ерекше ұнамсыз эмоцияларын да көрсетеді. Ойыншық үшін тартыс,жақын көршісіне деген ұнатпау қимыл-әрекеті төбелеске дейінгі жату әрекеттері ерекшеленеді.

1жастан 3жасқа дейінгі аралықта балалардың өз қатарымен қарым-қатынас жасау деңгейі бірнеше рет өзгереді. Айталық 1.5 жастан кейін баланың өз қатарымен араласуы өте мұқияттылығымен іске асады,Жас өскен сайын бала өз қатарларымен араласу мазмұны тереңірек,яғни өз құрбысының ойын сырттай бақылау және оған ұқсау,еліктеу сияқты әрекеттері көбіне эмоциянальды түрде дамып жатады.

Бұл жастағы балалардан төртінші бөліміндегі әрекет тез көзге түседі.Дегенмен баланың қарым-қатынасқа түсуі іскерлік бағытпен салыстыруға болмайды,олардың бұл қатынасы көбіне бір-біріне ұқсау арқылы арақатынастың жалпы түріне арнап келеді.Дәлелімізді мысал арқылы түсіндірейік.

Дима 1жас, 1 жас 9айындағы Катяның іс-қимылын бақылап отыр.Катя дастарханды орап ойнап отыр Дима күлімсіреп келіп,Катяның жасағанын қайталайды Катя әуелде мән бермейді ,Дима әрекетін тағыда қайталайды.Осылайша бір-бірінің іс-әрекетін қайталау арқылы байланысқа түседі.

Бұл мысал арқылы осы жастағы балалардың қарым-қатынас деңгейі белгілі бір баланың жеке іс-әрекетіне негізделеді және сол арқылы көңіл аударту ,яғни қарым-қатынасқа түсудің алғы шарттарын орындау анықталады.

Осындай мазмұндағы балалардың қарым-қатынасы әр уақытта өте ашық –жарқын эмоциялармен беріледі,олар бір-бірінің іс-әрекетін қайталау арқылы өз көңіл-күйлерін білдіреді.Балалар арасындағы эмоцианальды қарым-қатынас ең таза есептелінеді.Егер осы аралықта оларға ойыншық ұсынылса,онда олардың көңілі ойыншыққа беріліп,сол үшін тартыс басталуы мүмкін.Үлкендердің араласуы да оларға кедергі келтіреді,олар ересектің өзіне көңілін аудартуды қарайды ,ол өз құрбысына қарағысы келмейді.

Бұл жастағы балалардың қарым-қатынасы сырт көзге қарапайым болып көрінгенімен ,біржақты анықтама беруге келмейді.Дегенмен үлкендердің сәбилермен қарым-қатынасы көбіне-көп физикалық әрекет ретінде қарастырылады.Ал балалардың өз-өзімен араласуы.

Эмоциянальды түрде болғандықтан ,бала өз қатарына көп мән бермегендіктен және бұл жерде жеке әр баланың өз көңіл-күйі ескеріледі.Сондықтан мұндай қатынасты өз қатарына ұқсау ,еліктеу ретінде қарастыру қажет.