
- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Владимир Санжар 156-160 бет
Үш жастағы баланың тілдік грамматикалық құрылымын меңгеруі
Бала тілінің дамуында үшінші жас ерекше орын алады. Оның негізгі мазмұны сөйлемді құрудағы грамматикалық құрылымның қалыптасуы болып табылады. Сөз қоры жылдам әрі айтарлықтай деңгейде толығады. Сөздік қорда сөз таптарының барлығы дерліктей кездеседі. Осы жас бала тілінің белсенді дамуымен ерекшеленеді және ол бірнеше жолдар бойынша анықталады.
Біріншіден, баланың тілдік қарым-қатынас жасау ортасы кеңейеді, ол тек өзінің ата-анасымен ғана сөйлесіп қоймай, сонымен бірге өзіне бейтаныс адамдармен де қарым-қатынасқа түсе бастайды, тіл арқылы өзінің құрдастарымен сөйлеседі. Бала үлкендерге кез-келген себептер бойынша жүгініп отырады: сұрайды, көрсетеді, атайды, талап етеді, шағымданады, баяндайды және т.б. Алайда, ерте кездегі қарым-қатынас ретіндегі тілдің дамуы баланың тек практикалық іс-әрекетімен байланысты. Осы жағдайда балалардың тілі диалог түрінде болады, яғни үлкендердің қойған сұрақтарына нақты жауап қайтару немесе оларға сұрақ қойған кезде. Диалог бала мен үлкендер арасындағы бірлесіп жасайтын іс-әрекеттің бір бөлігі ретінде қызмет жасайды, ол әлі де болса өзара әрекеттесудің нақты жағдайларынан бөлініп алынбаған.
Екіншіден, баланың өзіндік іс-әрекеті мен ойын кезіндегі тілдік белсенділік бірден жоғарылай түседі. Баланың өзіндік сөйлеу тілі көбінесе оның заттық іс-әрекеттерімен байланысты болады. Мысалы, бала ойыншықтың құлап қалғанын немесе орнын ауыстырғанын («қонжық құлады», «доп домалап кетті») белгілейді, өзінің текше пішінді ойыншықтарымен жасаған әрекетін түсіндіреді («үлкен үй қирап қалмайды»), жылқыны айдайды («тезірек шап») және т.б. Бұл сөйлеу тілі бір қарағанда ешкімге бағытталмаған, ол тек баланың іс-әрекетін белгілейтін тәрізді. Алайда, осындай тілдік фиксация баланың вербальды ойлау қабілетінің дамуына үлкен ықпал жасайды.
Үшіншіден, бала үлкендердің сөздеріне қызығушылық таныта бастайды. Балалар тек оларға бағытталған сөздерді тыңдап және түсініп қана қоймайды, сонымен қатар өзіне бағытталмаған сөздерге де мән бере бастайды. Бала үш жасында қарапайым ертегілер мен өлеңдердің мағынасын түсінеді. Олар аз шумақты өлеңдер мен қысқа ертегілерді жеңіл жаттап алып, тура солай қайталап айтып бере алады. Үлкендерге өздерінің әсерлерін, жанында жоқ заттар туралы айта алады. Бұл тілдің көрнекі-бейнелік сипаттан бөліне түсіп, баланың өзіндік ойлау және қарым-қатынас құралына айналып келе жатқанын көрсетеді.
Барлық осы жетістіктер баланың тілдік грамматикалық формасын меңгеріп жатқанына байланысты, ол жеке сөздерді бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Баланың автономды сөйлеу кезеңінде бала өзінің нақты көргенін ғана айтып бере алатын болса, бала тілінің грамматикалық құрылымының дамуы барысында бала көрнекі-бейнелі жағдайларға сүйенуден алшақтай түседі. Бастапқыда заттарға деген қандай да болсын объективті қатынас нақты бір қабылданған жағдайларға байланысты тілдің лексикалық құралдары арқылы белгіленеді. Кейін заттық жағдайларға қатысты қарым-қатынасты белгілейтін грамматикалық форма айқындалады.
Осы кезеңдерді Ф.А.Сохин өзінің жұмыстарында нақты белгілеп берген, ол 1-3 жасар балалар үшін сөздердің қандай мағына беретінін зерттеген. Сохиннің тәжірибесінде балаларға қарапайым іс-әрекетті орындау керек болады: бір затты екінші орынға ауыстырып қою. Ол заттарға шеңбер және текше жатады, алайда олардың көлемдері қайта-қайта ауысып отырған. Балаға көлемі бірдей және түрлі пішіндегі, көлемдегі заттармен жұмыс жасау қажет болған. Осындай заттық әрекеттестікте үлкендер баланың алдында тілдік мәселені қояды, оны түсіну үшін бала нақты бір айқындауыш сөзді анықтау қажет. Ал бұл жағдайда, бала өзіне қажетті заттан теріс бұрылып, үлкендерге назар салып, ол айтып тұрған сөзді белгілеп алып, қоршаған ортаға ықпал жасау үшін осы әлеуметтік-тарихи табиғаттың (сөз) жасанды белгісін қолдану керек.
Балалардағы алғашқы сөздердің қалыптасуын М.Г.Елагина өз еңбектерінде қарастырған, оның тәжірибесінің мәні баланың үлкендермен қарым-қатынас жасаудағы адекватты құралы ретінде нақты бір сөзді белсенді түрде қолдануына бағытталған.
Үлкендер біраз уақыт бойында баланың көз алдында түрлі заттармен жұмыс жасайды (матрешка, тауық, жұмыртқа) және оларды нақты атап отырады. Кейін үлкендер ойынын тоқтатып, затты балаға көрінетіндей, алайда оның қолы жетпейтіндей жерге орналастырады. Бла үшін қиын жағдай қалыптасады. Баланың жанындағы үлкен адам осы затты тек бала тікелей үлкендерден көмек сұрап, заттың атауын нақты айтқанда ғана беріп отырады. Егер өтініш басқа әрекеттер (былдырлап сөйлеу, автономды сөздер, ым-ишара т.б.) арқылы жүзеге асырылса, үлкендер заттың атын қайталайды, бірақ ойыншықты бермейді. Осы әрекет бала үлкендерге нақты өтініш білдірсе, немесе заттың атын дұрыс атаса, немесе қарым-қатынас жасаудан бас тартқанда ғана тоқтатылады. Балалардың 75% осы тәжірибе барысында затты дұрыс атауды үйренген.
Осы жұмысқа деген ерекше қызығушылық оның нәтижесіне емес, көбінесе баланың сөздерді адекватты қолдану процесіне байланысты туындап отыр. Баланың әрекет жасау және көру фиксациясына байланысты М.Г.Елагина негізгі 3 кезеңді бөліп қарастырады, оның әрқайсысында бала үшін өзіндік мағыналық ортасы бар.
Бірінші кезеңде осындай мағыналық орта болып қандай да бір зат болып табылады. Бала оған тартылады, өзінің әрекетін түрлі мимикалық және интонациялық-айқын қозғалыстарымен көрсетеді, бұл әрекеттер үлкендерге әсер етуге бағытталған. Кейбір жағдайларда осы әрекеттер ашу, ызалану, жылау тәрізді сипатқа ие болады. Алайда көп балалар үлкендерге көңіл аудара бастаған.
Екінші кезеңде қалыптасқан жағдайдың негізгі компоненті үлкендер болады. Бастапқыда бала өзінің назарын заттан үлкендерге және керісінше ауыстырып отырған, соңында барлық зейін үлкендерге бағытталған. Үлкендерге қарап, бала түрлі тілдік және тілдік емес құралдарды пайдаланып отырған. Заттарды алуға бағытталған қозғалыстардың орнына қолмен көрсетіп, белсенді түрде былдырлап сөйлеп (бер-бер-бер) және үлкендерге әсер ететін басқа да әдістерді пайдалана бастайды. Кейбір жағдайда балалар үлкендеге эмоционалдық әсер ете бастайды (құшақтайды, сипалайды), басқа жағдайда керісінше үлкендерден теріс бұрылып, көздерін жұмып, өкпелейді. Сыртқы келбеті бойынша түрлі болған бұл әрекеттердің қызметі бірдей: үлкендерді бейтарап жағдайдан шығару, оның назарын баланың әрекетіне бағыттау. Алайда үлкендердің тактикасы өзгеріссіз қалып отырған: ол қажетті сөзді айтып, соны баладан естігісі келеді.
Нәтижесінде, үшінші кезеңде баланың назары сөз болып табылады. Бала тек үлкендерге қарап қана қоймай, сонымен бірге оның артикуляциясына да назар аудара бастайды. Сөздерді қайталаудың алғашқы белгілері пайда болады. Бала сөздің артикуляциялық бейнесін құруға талпынады. Осы кезеңнің соңында бала өзінен талап етілген сөзді дұрыс айтып, керекті затын алады.
М.Г.Елагина мынадай қызықты фактіні белгілеген: бала заттың атын атап, қолына алған соң үлкендерден кетпейді, керісінше осы жағдайды қайталауға шақырады. Кейбіреулері ойыншықты үлкендерге қайта береді, басқалары ойыншықты тұрған жеріне қайта қоюға тырысады, үшіншілері затқа жай ғана қолын тигізіп отырған, яғни затты алғанын көрсету үшін. Балалар ойыншыққа деген қызығушылығын жоғалтып, дұрыс айтқан сөздерді қайталап отырған. Олар өздері үшін ойыншықтың емес сөздің дыбыстық формасын ашады. 1,5-2 жасар балалар үшін тілдің дыбыстық жағы баланың әрекеттік құралы болып табылуы мүмкін.
Педагогтардың айтуынша, кішкенай балалар қандай да бір мағынасы жоқ сөздерді айтуға құмар болады, өйткені оларға оның дыбысталуы ұнайды екен. Бала тілінің білгірі – Корней Иванович Чуковский өзінің «Екіден беске дейін» атты кітабында балалардың сөздік шығармашылығының үлгілерін жинақтаған, осы кітаптан бала тілдің дыбыстық бейнесін құру барысында біршама ауыр жұмыс жасайтынын көруге болады.
М.Г.Елагинаның еңбектерінде сөздер өзінің коммуникативтік қызметінің құрал-сайманы ретінде белгіленеді. Осы тәжірибеде көрсетілгендей, сөздерді қолдану үрдісінде бала алдымен жағдайдың жалпы мәнін түсінуге тырысады. Алғашқыда бұл жағдай бала үшін коммуникативті сипатта болады (үлкендерді өзіне қарату); кейін үлкендерді әрекетке қосу үшін сөзді пайдаланады (үлкендерді сөзбен қарату керек); үшінші кезеңде жағдай нақты сөзді айтуға итермелеп, осы сөз қарым-қатынас құралы болады (үлкендерді нақты бір сөзбен қарату керек). Осылайша, заттық-саймандық әрекеттің қалыптасу жағдайы тәрізді, бала қалыптасқан жағдайдың негізгі мәнін анықтайды, сондықтан оның іс-әрекеті мақсатты бағытталған және саналы түрде орындалады.
Осыдан айта кету керек, тілдік мәселе, яғни қандай да бір әрекетті сөзбен жеткізу мәселесі үлкендердің көмегімен жүзеге асырылады. Үлкендердің бала зейінін сөздерге аударудағы тынымсыз әрекетінің нәтижесінде ғана балалар сөздерді белсенді түрде қолдана бастайды.