- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Бөлеген Айкүміс 152-156 б
Баланың еркін сөйлеуінің феномені
Бала өмірінің екінші жарты жылдығын баланың сөйлеуінің дамуындағы дайындық кезеңі екенін айтқан болатынбыз.Бұл кезеңде сөйлеу тілі вербалдық емес тәсілдер – эмоционалды көріністер, мимикалық, ым – ишара ,дене қалпының күйімен алмастырылады. Өмірінің үшінші жылында бала үлкендердің сөздерін игере бастайды және сол сөздік қорының арқасында қарым – қатынасқа түседі.Осы екі кезеңнің арасындағы көпір іспеттес уақытта бала сөйлей бастайды, тек бұл бәріне түсінікті емес өзінің тілінде болады. Осы уақытты бала психологиясында «баланың еркін сөйлеуінің феномені» кезеңі деп атайды.
Алғашқы рет баланың автономдық сөйлеу тілін сипаттаған Ч. Дарвин болды. Ч. Дарвин балалардың дамуы аясындағы сұрақтармен айналыспаса да, болашақ данышпан зерттеуші ретінде, баланың жалпыға түсінікті тілде сөйлеуінен бұрын өзіндік сөйлеу тіліне ие екенін аңғара білді.Бұл баланың сөйлеу тілі үлкендердің сөйлеу тілінен, біріншіден, фонетикалық жағынан(сөздердің дыбысталуы), екіншіден, сөздің мағынасы бойынша ерекшеленеді.
Бала сөздерінің дыбыс құрамының өзгешелігі біздің күнделікті қолданатын сөздерден айқын ажыратылады. Бұл сөйлеу тілі артикуляциясы және фонетикасы жағынан улкендердің сөйлеу тілімен сәйкес келмейді.Кейде бұл үлкендердің дыбыс тіркестеріне мүлдем ұқсамайды(мысалы, «адика», «ика», «гилига»), кейде күнделікті біз қолданатын сөздердің қалдығы ретінде көрінеді («па» - упала, «бо-бо» - больно, «ка» - каша және басқалары), ал кейде үлкендердің қатты бұрмаланған сөздері, бірақ олардың ритмикалық суреттері сақталады( мысалы, «тити» - часы, «ниняня» - ненадо, «абаля» - яблоко). Бірақ бұл жағдайлардың бәрі де үлкендердің тілінде сөйлеу болып табылмайды, тек өздеріне меншікті дыбыс тіркестерін ойлап табады.Осы жерде біз үлкендердің аяқталмаған сөздерінің айтылуына қарағанда, баланың өзінің сөйлеу тілінің туындауымен соқтығысамыз. Мұның үлкен дәлелі ретінде бала сөзінің өзіндік мағынасының ерекшелігін алуымызға болады.
Дарвин бірінші болып баланың автономдық сөйлеу тілі біздің сөйлеу тілімізден мағынасы жағынан да өзгешеленетініне мән берді.
Оның осы феноменде жиі қолданылатын танымал мысалын келтірейік.
Бір күні ұл бала бөгетте жүзіп жүрген үйректі (утка) көріп, оны «уа» деп атайтын болды. Бұл дыбыстар бөгетте жүзіп жүрген үйректерді көрген уақыттан бастап шықты. Осыдан кейін бала үстелдің үстіне төгілген сүтті де сол дыбыстармен атай бастады,шалшық суды,тіпті стақандағы кез – келген сұйықтықты және бөтелкедегі сүтті де. Бір жолы бала құстың суреті бейнеленген ескі тиындармен ойнап жүрді. Ол сол тиындарды да «уа» деп атай бастады. Ақыр соңында, кішкене ,дөңгелек жылтыр заттардың барлығын да (түйме, тиын,медаль) «уа» деп атайтын болды.
Баланың автономдық сөйлеу тіліне келтірілетін мысалдар көп – ақ.
Осы секілді баланың «пу – фу» деген сөзі де йодты, жарақатты, ыстық ботқаны, түтін пайда болатын темекіні, отты және де үрлейтін барлық процестерді білдіреді. «Кх» сөзін мысықты,аң терісін, шашты, тонды және жұмсақтық пен мамықтық сезімдермен байланыстының бәрінде қолданады. Үлкендердің көзқарасымен бұл заттарда ешқандай ұқсастық байқалмайды.Үлкендер үшін жұмсақтық пен мамықтықтың тіпті де маңызы жоқ, ал сәби үшін бұл өте маңызды, себебі алғашқы жалпы қабылдауында ол сезімдеріне басшылық жасай отырып қарастырады.
Бір қызығы, заттардың әр түрлі қасиеттері бойынша да бір сөзбен аталуы.
Мысалы, бір қызда ( 1 жыл 3 ай) үнемі өрістеп отыратын «ка» сөзі 11 мағынаны білдіреді. Алғашында бұл сөзбен кішкентай қыз ойнап жүрген сары тасты(камень) атаған болатын,кейін осы сөзбен сары сабынды, сонан соң кез – келген түстегі тастарды. 1 жасында ол «ка» сөзімен ботқаны (каша),сосын қанттың кесектерін, кейін барлық тәттілерді, кейін орауышты(катушка), қалам (карандаш), сабын салатын қорапшаны және тағы да басқаларын айтатын болды.
Балалардың сөйлеу тілі сайма – сай біздің тілімізге аударылмайды, себебі балалар көріп тұрған заттарын мүлдем басқаша атайды. Бір қызығы, сол балалар үлкендердің сөздерінің мағынасын жақсы түсінеді: олар анасының шашынан мысықты немесе бөтелкедегі йодты темекіден жақсы ажырата алады. Бірақ олар «кх», «пу – фу» сөздерін айтуды жалғастырады,мұны еркеліктен емес , олардың сөздері басқа мағыналарды білдіруінен.
Балалардың автономдық сөйлеу тілінің осы екі ерекшеліктерінен олардың қолданылуымен байланысты үшінші ерекшелік туындайды. Егер осы сөйлеу тілі дыбысталуы жағынан да, мағынасы жағынан да жалпыға түсініксіз болса, онда тек сол баланы білетін, оның шартты белгілерін ұға алатын адам ғана түсіне алады. Ешбір бөтен адам оның «уа», «пу – фу» сөздерін түсінбейді. Ал жақын туыстары баланы түсіне біледі, себебі олар баланың не жайлы айтып жатқанын ғана бағдарлап қоймай, сонымен бірге қандай жағдайда тұрғанын да байқайды. Мысалы, кішкентай бала ойнап жүріп «уа» деп айқайлайтын болса, онда оның су бөгетінің қасына баруын қалайтынын аңғартады, ал бөлмеде «уа» деп айтқан жағдайда түймелермен ойнағысы келгені жайында белгі береді. Бұл уақытта балалармен әңгімелесу тек нақты жағдайда ғана жүруі мүмкін(сол үшін де мұны жағдайлық деп атайды). Сөз бала тікелей қабылдайтын затты ғана көрсетеді. Егер зат көз алдында жатса, онда әңгіме не жайында айтылып жатқаны бірден түсінікті. Бірақ осы сөздер белгілі бір жағдайдан үзілген,бөлектенген түрде болса оның мағынасын түсіну мүмкін емес. Егер біздің сөздеріміз осы жағдайлардың орнын баса тұратын болса, онда баланың автономдық сөйлеу тілі бұл функцияны қабылдамайды. Олар нақты бір жағдайдағы маңыздыларын бөліп қарау үшін қолданылады. Оларда сілтеуші функциясы, атау функциясы бар, бірақ сигнификативтік функциялары жоқ.
Баланың автономдық сөйлеу тілі өз кезегінде даму кезеңінде ойлау артықшылықтарын көрсетеді. Баланың сөйлеу тілінің сатысында көз алдындағы заттардың болмауы ауызша ойлаудың мүмкіндіктерін қажет етпейді. Бейнелік жағдайдан тыс бала сөздермен ойлай алатын деңгейде емес.
Автономдық сөйлеу тілі әрбір баланың дамуында болатын процесс. Бұл уақытта баланың сөйлеу тілінің бар немес жоқ екенін нақты айта алмаймыз, себебі бала сөйлей алғанымен, сөздердің жалпыға түсінікті мағыналары толығымен дамымаған. Баланың сөйлеуінің дамуындағы келесі кезеңді баланың сөзді анық айта бастауымен қарастырамыз.
Баланың алғашқы белсенді сөзінің пайда болуы
Бала өмірінің екінші жылының келесі жарты жылдығында күтпеген оқиға болады- ол баланың сөйлей бастауы.
Бала ата – анасының өтініші бойынша сөздерді айтуы мүмкін, бірақ айналасындағылармен қарым – қатынас барысында оны пайдаланбайды. Демек , еліктеу, өзгелердің сөзін қайталап айта алу - әлі де болса балада жеке сөздік қорының қалыптасуына әкелмейді деген сөз.
Сол уақытта баланың алғашқы сөзі үлкендермен әңгімелесудің себебінен туындайды. Сөз басқа заттардың орнын басатынын айтқан болатынбыз. Олай болса, әрбір сөздің артында оның нені білдіретінін, яғни мағынасы болуы шарт. Егер мұндай зат болмаған жағдайда, егер ана мен бала 1,5 жасқа дейін өзара махаббатпен ғана шектелген болса, анасының баламен сөйлеспегенінен және баланың анасының сөздерін жақсы айтпағанынан алғашқы сөздердің пайда болмауы да мүмкін. Егер бала белгілі заттармен қызығып ойнайтын болса, бірақ мұны жалғыз жасағанды қаласа, баланың белсенді сөздері кешігіп дамиды:оның заттарды атауға құлшынысы болмайды да, басқа бір адамға сол өтініші бойынша немесе алған әсерлерін жеткізу үшін сүйенеді.Қажеттілік пен керек ету екі маңызды міндеттерді ұсынады:үлкендермен әңгімелесудегі қажеттілік атап айту қажеттілігі тек баланың үлкендермен заттық жағдайдағы бірлесуі затты атап көрсетуді және өз сөзін айтуды құрайды.
