
- •Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
- •Сәбидің 1 жылдығында ересек адамға деген қарым-қатынасының даму
- •Абуханова Асел 114-117б Сөйлеу тілінің дамуының алғышарттары
- •Арынтай Бақыт 117-121 б
- •Екінші жартыжылдықтағы танымдық белсенділіктің дамуы
- •Абилдаева Дариха 125-133 б
- •Түйіндеме
- •Глава 1 Баланың жағдайлы – іскерлік қарым – қатынас және заттық әрекеті
- •Абсаттарова Перизат 133-137б
- •Байдилда Назира 137-142б Түйіндеме
- •Қабылдаудың дамуы
- •Баймағамбет Салтанат 142-146 б
- •Бораздаева Жұлдыз 148-152б
- •Бөлеген Айкүміс 152-156 б
- •Владимир Санжар 156-160 бет
- •Ерлан Ақбота 160-164 б
- •Кусайынова Айнур 171-173б
- •Қалиева Әселхан 174-176 б
- •Ерте жастағы балалар ойынында шығармашылық элементтердің пайда болуы.
- •Көкенәлиева Айжан 177-180 б
- •Мырзақұл Інкәр 180-184б
- •1 Жастан 3жасқа дейінгі балалардың қарым-қатынасының деңгейі.
- •Пайзуллаева Жансая 184-186б
- •Тойболдиев абзал 186-190б
- •Уайтова Ақбөпе 190-193б
- •3 Жас дағдарысының негізгі феномендері
Абдуалиева Айдана 110-113б Сәбидің ересек адаммен ситуативті-іскерлік қарым –қатынасы
Екінші жартыжылдығында сәби заттармен мақсатты түрде әрекет етуді үйреніп, ересек адамдармен қарым –қатынас орнатуда жаңа позицияға тұрады. Ең алдымен ситуативті-тұлғалық таза эмоционалды тілдесу екінші орынға жылжиды. Бұл баланың әрекет етуінде айқын біліне бастайды. Егерде 7-8 айлық сәбиді қолға алып, бетіне күліп қарап, еркелетіп, мейірімділік танытып сөйлессе, бала өзін еркін сезініп, ересектің бетін қалауынша ығыстырып,манипуляцияға(мақсатты түрдегі әрекет) қолайлы және қолайлы емес заттарды- сырға, киімнің жағасын,шашты ұстап көре бастайды. Сәби ересектің өзін еркелетуін іштей ұнатқанымен, ересектің назарын барынша қоршаған ортадағы заттарға аудартуға тырысады. Еркелеткен сөздерді естігеннен гөрі балаға үлкеннің ойыншықпен ойнап отырғанын сырттай бақылау әлдеқайда қызығырақ. Бара-бара сәби эмоционалды қарым-қатынастан толықтай бас тартып, ересектермен тілдесу формасын ойыншықтармен ойнау түріне ауыстырады. Егер заттар болмаса, бала ересектен басқа да қозғалыста ойнайтын ойындарды ойнатуын талап етеді; мысалы, «ешкі туралы...»(«Идет коза рогатая..») немесе « тура жолмен... орға Бухх етіп құлау».
Аталған ойындардан 7-10 айлық сәби масаттанып, шаттанады. Алайда жәй ғана «баламен бала болып сөйлесу» сәби үшін жеткіліксіз. Оған ересекпен бірлесе отырып бірнәрсе жасау қажеттілігі туындайды. Бұл дегеніміз, алты айдан асқан сәби өзінің қажеттілігін өтеу мақсатында мейірбандық қарым-қатынаспен қанағаттанып қоймай, ең алдымен ересекпен бірлесе отырып, тәжірибелі қызмет етуге көңіл бөледі екен. Қарым-қатынас мотивтерінің ішінде алдыңғы орында іскерлік мотивтер орналасады: ересек адам сәбиді заттармен мақсатты түрде әрекет ету біліктілігімен қызықтырып, тартымды қылады. Ендігі кезекте ересек бала үшін тек қана жақсы көріп, қамқорлық көрсететін адам емес, сонымен қатар бірлесіп әрекет етудегі әріптесі болып саналады.
Сәбидің негізгі тілдесу әдістеріне( экспрессивті- мимикалық амалдардан бөлек), заттық әрекеттер мен локомоциялар кіре бастайды: байланысқа түсу мақсатында қолданылатын позалар мен жесттар( жақындау немесе алыстау,заттарды беру мен созу, талап етілетін әрекеттерді бейнелеу, ойыншықтарды лақтыру және т.б.).
Осылайша, екінші жартыжылдықта ситуативті –іскерлік атауына ие болған ересектермен қарым-қатынасқа түсудің жаңа формасы пайда болады. Мұндай байланыс баламен бірлесе отырып әрекет ету барысында туындайды. Қарым-қатынастың бұл түріне ересекпен бірлесіп қызмет ету қажеттілігі, тілдесудің іскерлік мотивтері және заттық-әрекеттік құралдар болуы тән. Ересектермен бірлесіп қызмет ету қажеттілігі заттармен манипуляционды әрекет етуге байланысты автоматты түрде пайда болмайды, алайда серіктестік қажеттілігінің туындауына апаратын маңызды шарттардың бірі болып табылады. Серіктестік құру қажеттілігінің қалыптасуының маңызды шарты - ересек адамдардың ерте жастағы сәбиге деген қарапайым көңіл бөлуінің жеткіліктілігі. Бұл шартқа ситуативті-тұлғалық қарым-қатынас кезінде қол жеткізіледі. Мұндай байланыстың жеткіліксіздігі нәтижесінде сәби екінші жарты жылдығында да ересектің еркелетуін , назар аударуын қалап, заттық-іскерлік қарым-қатынастан қашқақтай береді.
Тағы да бір маңызды шарт болып ересектің заттармен шынайы байланысын ұйымдастыру табылады. Зерттеулер көрсеткендей,заттық әрекеттерді игеру және ересек адаммен бірлесе отырып жұмыс істеу қажеттілігінің қалыптасуы сәбимен заттық әрекет аясында тұлғалық байланыс орнату кезінде табысты өтеді екен.
Ересектің баламен қарым-қатынас орнатуының сипаты жақындарына деген жақсы көрушілік, ынтықтық, құштарлық сезімдерінің қалыптасуында аса маңызды рөл атқаратындығы анықталған. Эксперименталды жұмыстардың бірінде сәбиге деген қарым-қатынасқа байланысты ересектерге қатысты көзқарасы қалай өзгеретіндігі зерттелген.
Аталмыш зерттеу жұмысында ересек адам бірінші және екінші жартыжылдықтағы сәбилерге әртүрлі қарым-қатынас нұсқаларын ұсынған:
Ситуативті-тұлғалық- еркелету және сөйлесу;
Ситуативті-іскерлік- жаңа ойыншықтарды көрсету және олармен баланың көзінше ойнау;
Тілдесу, танымдық қарым-қатынас –балаларға арналған оқулықтарды оқып беру.
Көрсеткендей, бірінщі жартыжылдықтағы сәбилерді қарым-қатынастың 3 түрі де қуантқан. Олардың мейірбандық көзқарасқа деген қажеттілігі ересектің еркелетуімен, жәй дауысымен және тікелей көңіл бөлуімен толықтай қанағаттандырылды. Ал екінші жартыжылдықтағы балалар болса ситуативті- іскерлік қарым –қатынас түрін артығырақ етіп есептейтіндігін көрсетті.
Аталған жұмыстың нәтижесі баланың ересек адамға деген құштарлығы мен ынтықтығы сәбидің жасына сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыруға тікелей байланысты екенін көрсетті.