- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
жауабы |
С |
Е |
C |
С |
В |
D |
D |
Е |
С |
C |
Е |
B |
C |
С |
С |
№ |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
жауабы |
D |
С |
D |
А |
А |
С |
В |
D |
А |
В |
В |
Е |
С |
D |
Е |
№ |
31 |
32 |
33 |
34 |
35 |
36 |
37 |
38 |
39 |
40 |
41 |
42 |
43 |
44 |
45 |
жауабы |
А |
А |
D |
В |
D |
В |
D |
С |
D |
Е |
С |
D |
D |
D |
С |
№ |
46 |
47 |
48 |
49 |
50 |
51 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жауабы |
А |
С |
С |
С |
D |
А |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
43 Тұжырым
Иммунология – организмді патогендерден қорғайтын иммунитетті тексеретін ілім. Патогендерге бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, грибтер, атипті жасушалар және организмге генетикалық жат басқа заттар жатады.
Иммунитет жүйесінің орталық (сүйек миы, айырша без) және шеткі (көк бауыр, лимфа түйіндері, бадамша безі, пейер табақшалары) органдарында лимфоциттер жетіліп және иммундық жауапқа қатысады. Иммунитет екі түрге бөлінеді: туа (табиғи) және жүре (адаптивті) пайда болған. Туа пайда болған иммунитет бейспецификалық қорғаныс, жүре пайда болған – спецификалық қорғаныс жүргізеді. Туа пайда болған иммунитетке – макрофагтар және табиғи киллерлер, адаптивтіге-Т – және В–лимфоциттері қатысады.
21 – кесте. Туа және жүре пайда болған иммуниттердің
Айырмашылығы
|
Туа болған иммунитет |
Жүре пайда болатын иммунитет |
Физикалық кедергілері |
Тері, шырышты қабықтар |
Жоқ |
Ертінді факторлары |
Фермент лизоцим |
|
Арнайы |
Комплемент |
|
Иммуноглобулиндер |
Жедел кезең белоктары, - – интерферондары |
|
Жасушалар |
Макрофагтар, табиғи киллерлер |
Т- және В- лимфоциттері |
Арнайылық |
Жоқ |
Бар |
Иммунды естелік |
Жоқ |
Бар |
Организмге түскен бөтен агенттерді лимфоциттер өзінің рецепторлары арқылы таниды. Сондықтан лимфоциттерді иммунды қабілетті клеткалар деп атайды. Организмге түскен бөтен агенттерді (антигендерді) лимфоциттер арнайы әрекетпен танып, оларға қарсы – иммундық жауап жүргізеді.
Туа қалыптасқан иммунитет бөтен заттарды және орзанизмнің өзгерген клеткаларын (ескіріп өлген, антигендік комплекстерді) дегенерацияға ұшыратады.
Жүре қалыптасқан иммунитеттің функциясы - Т-және В-клеткалары бөтен деп таныған заттарды «байлап» және ыдырататын антиденелер немесе цитотоксикалық клеткалар түзу. Иммундық жауап гуморальдық, клеткалық болып екіге бөлінеді. Гуморальдық жауапта В-лимфоциттері антигенге қарсы бағытталған иммуноглобулиндерді өндіреді, жасушалық иммунитеттің антигенге қарсы жауабы цитотоксикалық Т-лимфоциттерін (СД8), немесе Т-хелперлерді (СД4) көбейтеді. СД8 – ішінде антигені бар жасушыларды жояды, ал СД4 – макрофагтардың цитотоксикалық функциясын белсендіреді. Т-хелперлер (хелпер 2) гуморальдық жауапқа белсенді қатысады.
В - және Т – лимфоциттерінің бір-бірінен айырмашылығы көп. Солардың ішіндегі ең маңыздысы - антигенді тану. В-лимфоциттері антигенді өзгермеген түрінде, ал Т-лимфоциттері антиген – ұсынатын клеткаларда ыдыраған ұсақ молекулярлы пептидтерді таниды.
В – және Т – жасушалар әртүрлі эпитоптарды (кейде бірдей) таниды. Эпитоп – антигеннің иммунды жауапта антиденелермен байланысатын кішкентай бөлігі. В – және Т – лимфоциттері өзінің антигендік рецепторымен эпитоп арқылы ғана антигенді таниды. Егер эпитоптың патогендік қасиеті болса, ол иммунды жауап бойынша бейтараптанады. Мұндай иммунитетті қорғаныс немесе протективті иммунитет дейді. Егер иммундық жауап патогендігі (вируленттілігі) жоқ эпитоп арқылы құрылса, антиген бақылаудан шығып кетіп, көбейіп, организмнің ұлпаларын одан әрі зақымдай береді.
В – және Т – жасушалары сүйек миындағы дің жасушаларынан шығады. Дің жасушалары қан жасалуында үлкен рөл атқарады. Радиациядан, химиялық улы заттардың әсерінен кейін, лейкозда дің жасушаларының трансплантациясы қан жасалуын қалпына келтіреді. Көптеген медиаторлар (гуморальды факторлар) дің жасушаларының көбеюін және жетілуін белсендіреді.
В – лимфоциттері оңды селекциядан өтеді: өте аффинді В – жасушалық антигендік рецепторлары бар клеткалар өмір сүреді, ал негативті реакция беретіндер элиминацияға ұшырайды. Селекциямен таңдап алынған В – лимфоциттері сүйек миынан шығып, лимфа түйіндерінің (бадамша безге, ішек лимфа табақшаларына т.б.) В – лимфоциттері аймақтарына орналасады.
Т- лимфоциттері сүйек миынан шыққаннан кейін айырша без жетіліп, содан кейін ғана хелпер және супрессор болып шеткі лимфоидты мүшелерге (Т-тәуелді аймақтарға) орналасады.
В – лимфоциттерде антигенді тануға мембрана үстіне орналасқан (үстінгі иммуноглобулиндер) В – жасушалық антигендік рецептор (ВКР) қатысады. Иммуноглобулиннің басқа бөлігі (FС-фрагменті) антигенді байлағаннан кейін, жасуша ішіне хабар береді. Одан кейін В – лимфоциттері иммуноглобулиндерді секреторлық жолмен қан сарысуына шығарады.
Т – лимфоциттері антигенді өзінің мембранасының үстіндегі Т - жасушалық антиген рецепторының (ТКР) көмегімен таниды. Ол иммуноглобулин тұқымына жататын екі полипептидтік тізбектен тұрады, ТКР екі түрлі, олар тізбек белоктарының құрылысымен ерекшеленеді – ТКР- , және ТКР-Υ,. Т-лимфоциттердің популяцияларының рецепторлары әртүрлі, ТКР-да антиген танитын бір сайт бар, ал ВКР-да екеу.
Сансыз көп сырттан түсетін, іштен пайда болатын антигендердің бәрін арнайы анықтау қалай жүреді?. Лимфоциттердің антигендік рецептор құрылысын және олардың клеткалар үстіне орналасуын бақылайтын гендердің әсерімен керек болғанда, көптеген ВКР және ТКР рецепторлары пайда болады.
Лимфоциттер рецепторларымен антигендермен байланысқаннан кейін белсеніп, көбею факторларына жауап береді және оларды өндіреді. Бірен-саран белсенген клеткалардың көбеюі міндетті, өйткені олардан В - немесе Т - жасушаларының арнайы клондары пайда болады. Бір сөзбен айтқанда, антигенге қарсы пайда болатын иммунитет антиген-арнайы лимфоциттің клональды жолмен дамуына байланысты. Бір лимфоцит бір эпитопқа арнайы антиденелер шығарады.
Т-, В-лимфоциттері және моноцит - макрофагтар иммундық жауапта өзара қарым-қатынаста жүреді. Ал, екіншілік иммундық жауапта қатынас онша емес. Біріншілік иммун жауабы антигеннің енуімен оған қарсы антиденелердің құрылыуымен, цитотоксикалық клеткалардың дамуымен организмнің антигеннен тазаруымен, естелік жасушалардың пайда болуымен сипатталады.
Организм антигенмен екінші рет кездескенде Т- және В-естелік клеткалары (біріншілік иммун жауабына қарағанда) тез уақытта эффекторлық клеткаларға айналады.
Естелік жасушалар организмде көп уақыт, кейде өмір бойы сақталады. әртүрлі постинфекциялық және вакцинальдық иммунитет антигендердің иммуногендік қасиетіне байланысты құрылады.
Моноциттер/макрофагтардың функциялары:
антигенді ұсынады;
қатерлі ісік жасушаларын жояды;
қабыну процесін және жедел-кезеңді жауапты реттеуге қатысады;
бактерициттілік, өлген жасушаларды фагоцитозға ұшырату;
Т,-В-жасушаларын белсендіреді.
Табиғи киллерлер атипті жасушаларды және вируспен қарапайымдылар жұққан жасушаларды жояды.
Иммундық жауап жасушалардың өзара тікелей қарым-қатынасымен және гуморальдық жолмен жүреді. Тікелей жанасу ұсақ молекулярлы адгезивтік факторлармен және рецепторлардың байланысуымен атқарылады. Гуморальдық звено цитокиндермен (олигопептидтермен) реттеледі. Цитокиндер – интерлейкиндер, ісік некроз факторы, интерферондар, өсуді өзгертетін фактор, колоние-белсендіретін фактор.
Цитокиндерді жасушалар иммундық жауап кезінде шығарады.
Ел инфекциялы аурулармен жиі ауырады. Оның себеб, иммун жүйесі қорғанысының дәрменсіздігімен антигенге қарсы иммунды жауаптың дұрыс жүрмеуіне байланысты. Иммунды тапшылықтар ілкі (тұқымқуалайтын) және салдарлық (жүре пайда болған) болып екіге бөлінеді. Ілкілік Х-хромосомындағы мутацияға байланысты, тұқым қуалайды. Бұл мутациялар жасуша аралық берілетін сигналды бұзып, лимфоциттердің жетілуінің бұзылуына әкеледі. Жасушалардың жетілмеуі эффекторлы жасушалардың санын азайтады да, антигендерге иммундық жауап толық жүрмейді. Осы иммундық жүйесінің кемшілігі инфекциялы аурулардың басталуына, микроорганизмдердің вируленттік және патогендік қасиеттерінің толық түрде білінуіне жағдай жасайды. Көбінесе инфекциялық агент ретінде патогендігі жоқ микроорганизмдер жүреді.
Салдарлық иммундық тапшылық жағдайлар созылмалы инфекциялы ауруларда, сәулелі ауруларда, ісіктің химиялық-радиотерапиясынан кейін, сүйек миын алмастырғанда, кортикостероидпен емдеуде, организмге улы химикаттардың және экологиялық факторлардың әсерінде, стресте, ауыр хирургиялық операциядан кейін және дәрілермен емдеуде дамиды.
Ілкі және салдарлық иммунды тапшылығын емдеуге болады. Ілкі иммунды тапшылықтың тиімді емі сүйек миын ауыстыру және гендер трансплантациясы (генотерапия). Салдарлық иммунды тапшылықты емдеу үшін жасушалық немесе гуморальдық иммунитетті белсендіретін көптеген дәрілер бар. Жасушалық иммунитетті көтеру үшін Т-клеткалардың жетілуін немесе функциясын белсендіреді. Гуморальдық иммунитетті белсендіру үшін мононуклярлы фагоциттердің және В-лимфоциттердің белсендірушілері қолданылады. Кейбір препараттар иммунитеттің екі звеносында көтереді. Сонымен бірге иммунитеттің әр звеносы әртүрлі цитокиндермен реттеледі. Мысалы, интерлейкин –2 жасушалық иммунитетті белсендіретін дәрі ретінде пайдаланылуда.
Иммунитеттің бұзылуы бөгде антигендерді тануына да байланысты: цитотоксикалық лимфоциттер өз ұлпамызға шабуылдап, оны зақымдайды. Ондай ауруларды аутоиммунды аурулар деп атайды. Аутоиммунды бұзылыстар кейбір мүшелерде және жүйелі жүруі мүмкін.
Аллергиялық аурулар – иммуноглобулин Е-нің қатысымен, гиперсезімталдықпен немесе өзгерген иммундық жауап, екіншіден-оған гистамин шығаратын, үстінде иммуноглобулин Е-ге рецепторлары бар клеткалар байланысады. Рецепторлардың және лигандардың өзара байланысуы гистаминнің шығуына қан тамырларының және ұлпалардың өткізгіштігінің бұзылуына әкеледі. Аллергия сиптомдары жедел басталып, тез басылады. Қан сарысуында иммуноглобулин Е-нің деңгейінің көбеюі аллергиялық ауруға бейімділікті көрсетіп және ауырғандардың болжамын анықтауға көмектеседі.
Вакцинопрофилактика инфекцияға, ісікке қарсы иммунитет (жасушалық және гуморальдық) құрады. Вакцинаның иммуногендігін күшейту үшін адъюванттарды қосып егеді.
Вакцина – иммунитеті арнайы микробтан қорғауы керек. Егер вакцина вирусқа қарсы егілсе, жасушалық иммунитет, егер бактерияға қарсы-гуморальдық иммунитет дамуы керек.
Келешекте генетикалық жолмен ДНҚ немесе РНҚ-ы бар арнайы жаңа вакциналар құрылуы мүмкін.
Вакцинопрофилактика кісінің жасына байланысты жүргізіледі. Жас балаларды бактериальды, қарттарды вирусты инфекциялардан қорғау керек. Ауыр анамнезі бар балаларды жеке үлгімен, өлі вакцинамен егеді.
Аллергия - аллергендер қоздыратын гиперергиялық реакциямен иммундық процесс дамытып, ұлпаларды зақымдайды. Аллергендер экзо- және эндоаллергендер (аутоаллергендер) болып бөлінеді.
Экзогендік аллергендердің пайда болуына байланысты:
Жұқпалы емес аллергендерге – тұрмыстық, эпидермальдық, шаң-тозаң, өндірістік т.б. жатады.
Жұқпалы аллергендерге – бактериялар, микоздар, вирустар және т.б. жатады.
Аллерген организмге бірінші рет түскенде сенсибилизация дамып, екінші рет түскенде немесе организмде сақталып қалса, аллергиялық реакция жүреді.
Аллергиялық реакция үш кезеңмен жүреді:
Иммунологиялық кезең - организмге антиген кіргеннен бастап, антиденелердің құрылуымен немесе лимфоциттердің сенсибилизациясымен және олардың қайта түскенде (немесе организмде сақталған) антигенмен байланысуына дейінгі кезең.
Патохимиялық немесе медиаторлардың құрылу кезеңі. Бұл кезде биологиялық белсенді заттар шығады.
Патофизиологиялық немесе клиникалық көріністер кезеңі.
Аллергиялық реакциялардың түрлері:
Анафилакциялық – иммуноглобулин Е, кейде LgG қатысады;
Цитотоксикалық (аутоаллергиялық) түрі;
Иммунды комплекстік түрі (IgG және М антиденелер қатысады);
Гиперсезімталдықтың баяу түрі – сенсибилизациясы бар лимфоциттермен дамиды;
Гиперсезімталдық реакциясының белсенуші түрі.
Аллергиялық реакциялар иммунды жауаптың кемшілігімен немесе өзгеруімен жүреді. Жаңа ғасыр ел арасында аллергияның, аллергоздардың кең тарауымен басталды. Ол иммунитет көрсеткіштерінің, оның ішінде жасушалық иммунитеттің кемшілігімен байланысты. Аллергоздардың ішінде өте маңыздысы - тағам және дәрілік аллергиялар. Олардың профилактикасы дұрыс тамақтану және науқастарды емдеуде дәрілерді әр кісіге дұрыс тағайындау.
