- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
Н.Ерненің 1974ж. жасаған теориясы бойынша, гуморальдық факторлар өзара және сәйкес иммунды қабілетті жасушалар клондарымен қарым-қатынасқа түсетін идиотиптер болып саналады.
Теорияның негізі – антигендердің детерминанттарына қарсы құрылған антиденелердің белсенді орталығы алғашқы антигендердің детерминанттарына ұқсас идиотиптік иммуноглобулиндер синтезін шақырады. Осындай идиотиптік иммуноглобулиндерді, антиидиотиптік деп атайды. Бұлардың белсенді орталығы олардың синтезін шақырған иммуноглобулиндердікімен бірдей. Сондықтан антигенге қарсы пайда болған антиденелердің белсенді орталығы аутоантигендердікі сияқты.
Бұл теория бойынша, организмде антигентанитын рецепторы бар лимфоциттермен бірге, антигентанитын рецепторларға қарсы лимфоциттер клондары да бар. Идиотип – антиидиотип торабы иммунитет жүйесінің тұрақты динамикалық жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Антигеннің организмге түсуі осы тұрақтылықты антигенмен қарым-қатынасқа түскен клондардың жағына қарай бұзады. Иммундық жауап күшейіп бірінші қатарлы антиидиотиптер пайда болып, антиидиотиптердің екінші қатарына демеу береді, сөйтіп, антигенге қарсы антиденелер синтезі түзелсе, сол антиденелерде антидиотиптер пайда болады. Бұл – І-қатарлы антиидиотиптер болып саналады. Осы антиидиотип антиген ретінде танылса, оған қарсы 2-қатарлы антиидиотиптер синтезделеді. Ол антигенге иммундық жауапты күшейтеді. Осымен селекция жүреді, өйткені клондар ішіндегі клеткалардың антигентанитын белсенді рецепторлары барына ғана арнайы антиденелерді шығарады.
Егерде антиденелердің саны аз болса, 2-қатарлы антидиотиптердің синтезі жүрмейді. Бұл жағдайда бірінші қатарлы антиидиотиптерге қарсы рецепторлары бар І-супрессорлар белсеніп, антиденелер шығаратын жасушалардың жұмысын тоқтатады.
Антиидиотиптік антиденелер иммундық жауапта маңызды рөл атқарады. Олар антиген ретінде Т - хелперлерімен, Т - супрессорларымен, В - лимфоциттерімен қарым-қатынасқа түседі. Антиидиотиптер Т - супрессорларды белсендіріп, В-лимфоциттердің көбеюін тоқтатады. Т - хелперлер антиидиотиптерді антиген деп таныса иммундық жауап жүреді. Т - хелперлері мен В-лимфоциттердің бірлескен қатысында, оларды бір-бірімен антиидиотиптік имуноглобулиндер байланыстырады. Т – хелперлерінің функциясы басты гистосәйкестік комплексінің басқаруынсыз жүреді. Яғни, антиидиотиптік антиденелердің негізінде вакцина құруға болады медицинада оны жаңалық деп есептейді.
Антиидиотиптік торап – ұзаққа созылатын иммунологиялық естелікті түсіндіретін теория.
Комплемент жүйесі
Комплемент жүйесі организмнің арнайы емес қорғаныс факторларына жатады. Опсонизация шақыруы – комплемент жүйесінің негізгі функциясы болып табылады. Комплемент жүйесінің белсенуінен кейін опсонизация беретін компоненттер бөлініп, иммунды комплекстер құрылып, фагоцитоз процесін күшейтеді.
Қабыну процесіне қатысуы – комплемент жүйесінің екінші функциясы. Комплементтің кейбір белсенген компоненттері ұлпа базофилдерінен, қан базофилді, гранулоциттерден биологиялық белсенді заттарды (гистаминді) шығарып, қабыну процестерін белсендіреді. Цитотоксикалық немесе лизис процесі – комплемент жүйесінің үшінші функциясы болады. Комплемент жүйесі белсенгенде мембранаға шабуылдайтын комплекс құрылып, бактериялардың (немесе басқа клеткалардың) мембранасына кіріп, оларды ыдыратады.
Антиген-антидене реакциясына әсері бар жаңа жүйе барын 19-ғасырдың аяғында Г. Бухнер, Ж. Борде ашты. Барлық омыртқалы жануарлардың қан сарысуына термолабильді арнайы антидене қосылғанда, антиген мембранасының еруін беретін фактор - белок табылып, оны «комплемент» (қосымша, толықтырушы) деп атады. Антиген мен антидене комплементсіз кездессе, агглютинация реакциясы жүреді, бірақ микроб өлмейді, оған комплемент қосылса ғана бактерия клеткалары ыдырайды. Антиденелері жоқ жаңадан дайындалған қан сарысуы да комплементпен біріксе, бактерияларды ыдыратады.
Сондықтан, комплемент жүйесінің биологиялық функциялары мынандай:
фагоцитозды белсендіреді;
мес жасушаларының түйіршіктерінен биологиялық белсенді заттарды (гистамин, серотонин, брадикинниндерді) бөліп шығарады;
клетка мембранасының өткізгіштігін күшейтіп, қан тамырларының тонусын төмендетеді;
оң гемотаксис – иммундық жабысу береді.
Комплемент жүйесі гуморальдық иммунитет пен фагоцитоз арқылы өздері өзара байланыс құратын қан сарысуының белоктары. Комплемент жүйесіне кіретін компоненттерін “С” әрпімен және олардың санын 1 ден 9-ға дейін белгілейді. Олар бәрі де қан айналымында енжар түрде жүреді.
Комплемент жүйесіне 25 –тен артық белоктар кіреді. Олардың тоғызы комплемент белоктары (С1-С9), қалғандары – факторлар (В, Д, Р, Н және басқалар). Комплемент жүйесіндегі маңыздысы С3 белогі. Егер ешқандай белсендіруші болмаса, ол С3а-С3в–ге өте баяу ыдырайды. Фрагмент С3в микроорганизмнің үстіне жабысады. Белсендіруші пайда болғанда, С3 классикалық немесе альтернативтік жолмен өте тез ыдырайды.
Комплемент жүйесінің белсенуі иммундық комплекс жүйесіндегі ІgM мен ІgG–нің қатысуымен жүреді. Егерде иммуноглобулиндер қатыспаса, пропердин жүйесі белсендіреді. Сөйтіп, комплементтің белсенуі екі жолмен жүреді. Біріншісі – классикалық, антиденеге байланысты жол, ал екіншісі –алтернативтік немесе пропердин жолы.
Комплементтің классикалық жолмен белсенуі ІgM немесе ІgG қатысуымен жүреді. Оның ішінде ІgG-нің 4 подкласының үшеуі ғана комплементті белсендіре алады. Солардың ішінде ІgG3-өте күшті белсендіргіш, одан кейінгі белсендіру әсері азырақ төмені ІgG1 және ІgG2. Бұл уақытта үш фрагмент те бір комплекске жиналады. Оған керекті шарттар: біріншіден, иммундық комплекстің түзілуінен иммуноглобулиннің FC-фрагментінде комплемент жүйесінің Clg компоненті байланысатын орталық пайда болады. Иммундық комплекс құрылған уақытта иммуноглобулиннің молекуласының ұзындығы қысқарып, оның құрылысында екі орталық түзіліп, олардың арасы қысқарып 1000 t-дан аспауы керек. Сонда ғана IgM –нің бір немесе екі ІgG молекуласы FC- фрагментіне орналасып комплементті белсендіреді. Оларға бірінші болып Clg, одан кейін Clr, Cls жатады. Белсенген CІ, біртіндеп С4 және С2, бұл екеуі (С4в мен С2а) бірігіп С3 конвертаза қасиетіне көшеді. С3 конвертаза С3а, С3в–ге бөлшектенді, ал С3а ертінді түрде жүреді, С3в +С4в2а байланысып, ең ақырғы компоненттің С5-9 катализатор ретінде жүреді, антигеннің мембранасына әуелі С5, кейіннен С6, С7, С8, С9 болып байланысады. Әсіресе, С8-дің келуі С9-дың көптеп (S-6 молекуласының) байланысуына әсер етеді. С8 бен С9 клетка мембранасына тиіп, оның сыртындағы түтікті өзекшені зақымдау арқылы мембрананы бұзады.
2 - сызба. Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі
С1-ингибитор
Иммундық
комплекс (ИК) + Антиген + IgM
немесе
IgG
Clg
Clr Cls Са++
ИК
+ С1
С
4а
С4 С2в
ИК
+ С14в
С2 Mg++
ИК
+ С14в2а
С3в
инакт Фактор1
C3
C2в
ИК
+ С14в2а3в
С5
ИК
– С14в2а3в5в
С6789
ИК
+ С14в2а3в56789
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен белсенуі каскадтық түрмен жүреді. Комплементтің алдыңғы компоненті белсенгенде ол бөлініп, ертінді болып қан сарысуына кетеді. Ал оның бір компоненті ИК үстінде қалып, ферменттік қасиетке ие болып, келесі комплемент компонентін белсендіріп, байланыстырады.
