- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
1. Х-хромосомаға байланысты агаммаглобулинемия (Брутон ауруы)
Брутон ауруы (БА)–В-лимфоциттерінің жетілуін тоқтататын блок. Әркімнің организмінің зақымданған ерекшелігіне байланысты барлық иммундыглобулиндердің жоғалуы немесе өте азаюы мүмкін. Кейінгі жағдайда аздап жетілген В-лимфоциттері болады. Жасушалық иммунитет қалыпты кезде, негізгі IgG декалитрде 1000-ға дейін, кейде одан көп азаяды, ал IgМ және Ig А болмайды. Еркек балалар 9-12 айға дейін ауырмайды, өйткені оларды анасынан алған енжар иммуноглобулиндер қорғайды. Одан кейін олар отит, синусит, конъюнктивит, пневмония, пиодермит сияқты қайталамалы іріңді жұқпалармен ауырады. Бұл аурулардың қоздырушылары-стрептококк. Энтеровирусқа да бейімділігі болады да, созылмалы менингоэнцефалит және дерматомиозит сияқты аурулар дамиды. Лямблиоз да жиі пайда болып, іші өтіп, арып, энтеропатия береді. Науқастардың 35 пайызында кездесетін үлкен буындардың артритінің себебі микоплазма екені анықталған. Емі - көк тамырға берілетін иммуноглобулиндер. (300-500 мг/кг салмағына, аптасына 1 рет)
2. Гипер-Ig M синдромы. Бұл синдром да Х- хромосомамен байланысты. Қанда IgM-ның деңгейі жоғары, ал IgG азайған (децилитре 150 мг-нан аз), IgА және IgЕ жоққа тән (зертханалық жолмен анықталмайды). IgД-ның да деңгейі жоғары. Шеткі қанда Т- және В- лимфоциттердің мөлшері қалыпты. Бірақ В-лимфоциттерінің үстінде Ig M және Ig Д ғана болады. Клиникасы агаммаглобулинемияға ұқсас. Балалар оппортунистік жұқпаларды қабылдағыш. Гемолиздік анемия, тромбоцитопениялық пурпура және созылған қайталамалы нейтропения сияқты аутоиммунды аурулармен жиі ауырады. Кейбір ауруларда екінші он күндікте Ig M шығаратын плазмалық жасушалар шексіз көбейеді. Поликлональдық қасиетпен жасушалық инфильтраттар көбейіп, кісі өліміне әкеледі. Кейбіреуінде абдоминальды қатерлі ісік болғаны да белгілі. Ем үшін Брутон ауруындағы сияқты иммуноглобулинді қолданады. Нейтропенияға қарсы колония белсендіретін факторларды (Беталейкин, лейкомакс, граноцит, неупоген) тағайындайды.
Селективті IgM тапшылығы. Туа немесе жүре пайда болуы мүмкін. Ұл балаларда қыздарға қарағанда 4 есе жиі кездеседі. Бактериальдық және вирустық жұқпаларға қорғанысы төмендеген, іріңді менингитке, лимфаденопатияға, Крон ауруына бейімділігі жоғары.
3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
Бұл гетерогенді антиденелер өнбейтін, тұқым қуалайтын иммунды тапшылық топ. Бұл топқа аутосомды рецессивті, аутосомды доминантты Х-хромосомамен тіркескен антиденелер тапшылығы кіреді, ЖВИ синдромы басқа иммундық тапшылыққа қарағанда кеш, баланың екінші немесе үшінші он күндік өмірінде білінеді. Еуропа халықтарының арасында жиі және еркек пен әйелдердің арасында бірдей кездеседі, ол IgА мен Ig M азаюымен көрінеді. Антилимфоцитарлық антиденелер көбейеді. Хелпер-2 шығаратын ИЛ-4 және ИЛ-5 цитокиндері азайғандықтан В-лимфоциттердің плазмалық жасушаларға айналуына кедергі болып, антиденелердің өнімі болмайды. ЖВИ-ның клиникалық көрінісіне өкпе ауруы (бронхит, бронхоэктазиялар) және қайталамалы синовиальдық жұқпасы жатады. Олардың қоздырушылары – микобактериялар, микоздар, Pneumocystis carinii. лямблиоз және энтеровирустар, герпестік жұқпаларда, менингоэнцефалиттерде жиі кездеседі. Қатерлі ісіктің дамуы да (асқазан рагы, лимфома) 50-100 есе көбейеді. Баяу жүретін аллергияның әсерінен пайда болған гранулемалар асқазан-ішек жолдарының және терінің қабынуларын көбейтеді. ЖВИ-ның емі аурудың нұсқаларына байланысты, симптоматикалық.
4. Қандағы иммуноглобулиндердің деңгейі қалыпты жағдайдағы антиденелер тапшылығы. Мұндай науқастарда сіреспеге, дифтерияға, қан топтары антигендеріне, пневмококк полисахаридтеріне, бактериофагтарға иммундық жауап төмен. Кейде антидене жауабы тек иммуноглобулин G-ның субкласында ғана болады.
- IgG субкласының тапшылығы.
Кейде IgG2-нің тапшылығы IgА тапшылығымен бірге жүреді де, қайталама жұқпалар қосылады. IgG4-тің тапшылығында синуситтер, пневмония және бронхоэктазиялар дамиды. IgG1 және IgG3 ақаулықтарында да сондай жағдайлар көрінеді.
IgG2 және IgG3-тің қосынды тапшылығы ювенильді диабетте, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпурада және қызыл жегі ауруларында кездеседі. Балалардың эпилепсиясы IgG2 тапшылығымен жүреді. Емі - көк тамырға гаммаглобулиндерді құю.
5. IgА-ның селективті тапшылығы.
Бұл тапшылық еуропалықтарда жиі (1:500 басқалармен салыстырғанда), 185000 жапондардың біреуінде, Африкадағы американдардың 50%-ында кездеседі. Ол IgА азаюымен (1 литрде 0,1г-нан аз) сипатталады. Т - және В-лимфоциттерінің саны қалыпты. Иммуноглобулиннің шығуына әсер ететін жауапты Т-хелпер-2-нің кемшілігі болуы мүмкін. IgА тапшылығы барлар көбінесе сау адамдардай жүреді. Бірақ оларда жұқпалы аурулармен ауыруға бейімділік қауіпі жоғары. Сонымен бірге аллергиялар және асқазан-ішек, қан тамырларының қабыну аурулары кездеседі. Емі - гаммаглобулиндерді қолдану.
6. Нәрестелердің транзиторлы гипогаммаглобулинемиясы: 4-6 айлық балаларда IgG азаюы, ал 9-айға дейін IgA азаюы физиологиялық құбылысқа байланысты. Егерде иммуноглобулиндердің азаюы қалыптан көп төмендесе, әдеттегі антибактериалды емдеулер жақсы нәтиже бермейтін жұқпалар жиі дамиды. Бұл иммунитет тапшылығының негізгі себебі Т- және В-лимфоциттерінің дамуының баяу жүруі. Ондай бұзылыстар өте сирек және 2-4 жасқа толғанда қалыпқа келеді. Жұқпалы аурулармен ауыру қауіпі жоғары. Диагноз қою үшін басқадай белгілі иммундық тапшылықтардан айыра білу керек. Емі – қосылған жұқпалы аурулардан емдеу және иммуноглобулиндерді тағайындау.
13.4 Х-хромосомамен тіркелген лимфопролиферациялық синдром
Селективті иммундық тапшылық. Эпштейн-Барр вирусына иммундық жауап бере алмайды. Сондықтан олар мононуклеозбен, қауіпті инфекциялармен ауырғанда, салдарлық иммундық тапшылық пайда болады. Бірінші рет бұл ауру Дункан тұқымының үш отбасында болған. Содан бері бұл аурумен 25 тұқымнан 160 бала ауырған. Қандай генге қатысы бары әлі ашылмаған.
Тұқым қуысты лимфопролиферациялық синдромы бар науқастардың 75%-і бауыр некрозымен, сүйек кемігінің аплазиясымен ауырып мононуклеоздан өледі. Қалған 25%-інде гуморальдық иммундық тапшылықпен лимфома пайда болады. Егер лимфома болмаса, агаммаглобулинемиямен қайталамалы инфекция жиі кездеседі. Т-клеткалық иммунитет аздап қана бұзылып, СД4/СД8-ның және митогенге пролиферациялық жауаптың азаюы байқалады. Науқастардың көбінде табиғи киллерлердің саны да азаяды. Вирусқа қарсы ем (ацикловир немесе ганцикловир) жақсы нәтиже бермейді, өйткені вирустың репликация фазасы қысқа. Сондықтан антивирустық антиденелері көп гаммаглобулин тағайындаған дұрыс. Гаммаглобулиндері жоқ пациенттерге көк тамырға гаммаглобулин береді.
