- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
33. Тағамдық аллергия
Тағамды көтере алмауды 4 топқа бөлуге болады:
Асқорыту жолының аурулары (қабыну, дистрофиялық, функциональды, дисбактериоз);
Асқорыту жолының энзимопатиясы (туа және жүре пайда болған);
Психогендік және дәмнің бұзылу факторлары (әркімнің жеке дағдысына байланысты);
Тағам аллергиясы (біріншілік, екіншілік).
Тағам аллергиясында аллерген азық-түлік (тамақтық заттар) немесе асқорыту процесінде бөлінген заттар қанға өтіп, ондағы немесе ұлпадағы антиденелермен қарым-қатынасқа түседі. Сенсибилизация асқазан-ішек жолы арқылы дамиды. Консерванттарға және тағам қоспаларына сенсибилизация дамыса, алиментарлық аллергияға жатқызады.
Тағам аллергиясы жержүзінде өте жиі кездеседі. Көбінесе оны нутритивті аллергия деп атайды. Тағам аллергиясымен жасанды тамақтанатын балалар жиі ауырады. Тағам көтере алмаудың тек 25%-ы ғана иммунологиялық механизммен байланысты. Тағам аллергиясы барлық аллергиялық аурулардың 5-30%-ы арасында. Балалардың аллергиялық ауруларының 47%-ы тағам алллергиясына келеді. Тыныс алу жолдарының алллергиялық ауруларының 20%-ы тағам аллергиясына байланысты.
Асқорыту жолының әртүрлі өзгерістері (анатомиялық, физиологиялық, иммунологиялық) тағамды қорытуды, оның сіңуін бұзады. Тамақтануда белоктың көп болуы, тамақ өндірісінде консерванттарды, бояуларды қолдану, улы химикаттардың айналамызда көбейіп, азық-түлікке түсуі, гельминтоздар тағам аллергиясын дамытатын факторлар болады. Балаларда аллергиялық аурулардың көбеюі ішек-бауыр кедергісінің тағам аллергендерінің өтуіне ашық болуына байланысты.
Үлкендерде тағам аллергиясы іштің созылмалы аурулары сияқты көрініспен жүреді. Тағам аллергендері: жануарлер мен өсімдіктердің белоктары (сүт, ет, балық, дәнді дақылдар). Кейде аллергия беретіндер-цитрусты жемістер (жаңғақ, бал, какао, шоколад).
Кейбір балық псевдоаллергені - гистамин шығарып, патологиялық реакция шақырады. Балаларға сиыр сүті аллергиялық реакция береді. Ең күшті сут аллергені бета-лактоглобулин, суда ериді, 10 мин қайнатқанда антигендік қасиетін жояды. Науқастардың 45%-ында бета-лактоглобулинге сенсибилизациясы бары анықталған. Сүттің екінші антигені - казеин, қайнатқанда өзгермейді. Казеинге науқастардың 30%-ының сенсибилизациясы бар. Сондықтан сиыр сүтін аллергия бермейтін ешкі сүтімен ауыстырады.
Жұмыртқаның антигендері - овальбумин, овамукоид, қайнатқанда антигендігі азаяды. Жұмыртқаның сарыуызындағы антиген-вителлин, термолабильді.
Балықтардың ішінде аллергия беретіндер - көксерке, сазан, сайда, лақа балық, оларды қайнатқанда антигендік қасиеті төмендемейді.
Жануарлардың еттері аллергияны өте сирек береді. Балаларда аллергия бидайға, цитрусты жемістерге, үлкендерде-көкіністерге, жидектерге болатыны анықталған.
Тағам аллергиясы – тұқымқуалаушылыққа байланысты. Арнайы IgE-нің қандағы деңгейі мен HLA гаплотиптернің (В-8 және В-7) корреляциясы бар. Ұрықтың сенсибилизациясы экзоаллергендердің әсерінен дамиды. Эксудативті-катаральды диатездің аллергиялық түрінде шешесінің антигендері ұрықтың қанына түседі. Ұрықта иммуноглобулин-М құрылады. Ұрықта антиген-антидене реакциясы болмайды. Шешесінің антиденелері амниоткалық сұйыққа өтіп әртүрлі ортада айналымда жүреді.
Балаға аллергендер шешесінің сүтімен түскенде аллергиялық диатез дамиды. Мұндай балалардың организмі антигендер түскенде, антидене-реагиндерді көптеп шығарады.
Сүтке, астыққа балалар аллергиясы дамуы олардың организмінде ферменттердің жетіспеушілігіне байланысты. Кейін бала ержеткенде аллергия жоғалады.
Үлкендерде аллергияның дамуы арақ ішіп, ащы тағамдар жеуіне байланысты. Бұлар асқазан-ішек жолында қабынулар дамытып, аллергендердің сіңуін көбейтеді. Тағам аллергиясы тамақты көп ішкенде, тез және шикі өнімдерді жегенде дамиды, ішектен жақсы бөлшектенбеген антигендік қасиеті бар белоктар қанға өтіп кетеді. Бұған ішек ферменттерінің жеткіліксіздігі де ықпал жасайды. Аллергендер өзгермей бауыр фильтрінен өтіп кетсе, аллергия дамиды.
Іш қуысында аллергендер тым көп жиналса, құрылса, тағам алллергиясына әкеледі. Бұл жағдайлар балаға тамақты мөлшерден көп бергенде, үлкендердің жөнсіз, қалыпсыз тамақтануына байланысты болады. Иммуноглобулин А-ның жетіспеушілігіде тағам аллергиясына әкеледі. Тағам аллергиялық реакциясы үш түрімен жүреді. 1) жедел иммуноглобулин Е-мен байланысты; 2) баяу жүретін жоғарғы сезімталдықтың IV-түрімен; 3) айналымдағы иммунды комплекспен, III-түрімен. Жедел тағам аллергиясы науқастардың 30%-ында болады (30 мин-2 сағ арасында өтеді). Клиникалық көріністері кейде 12-24 сағат өткенде байқалады.
Аллергиялық реакцияның ауыр жүруіне қан сарысуындағы комплементтің азаюы; аллергиялық реакцияның медиаторларының (гистамин, серотонин) шығуы әсер етеді. Гистамин, серотониндер псевдоаллергендердің (суық, ультракүлгін сәулелену, физикалық жүктемемен) әсерімен де шығады. Тағам аллергиясы көбінесе жедел жоғары сезімталдықпен айналымдағы антиденелермен жүреді. Реакцияның ұзақтығы антиген түскеннен кейін 7-10 күнге созылады. Тағам аллергиясының тұрақты үш түрі бар:
гастро-интестинальды;
тері патологиясы;
дем алу жолының патологиясы.
Тағам аллергиясының клиникасы-қызба, қалтырау, ұшық, есекжем, Квинке ісігі, бронхоспазм, бас сақинасы, полиартралгиялар. Ішектің созылмалы ауруы болғанда ғана оның функциясының бұзылуы қосылады. Тағам аллергиясының ағымы тұрақты және циклді жүреді. Циклді түрінде аллерген-тағам бірде ауру шақырады, бірде ауру шақырмайды. Аллергиялық реакция 5-6 күнде бір рет пайда болады. Циклді түрінде сенсибилизацияның 3 фазасы және әрқайсысының 3 кезеңі бар. Бірінші кезеңінде қанда антиденелер пайда болып, лимфоциттерді сенсибилизациялайды. Бұл кезде клиникасы жоқ. Екінші және үшнші кезеңдерінде антиденелер максимум көбейеді. Тағаммен аллерген түспесе, 1-7 күн арасында жағдайы жақсарады. Егер аллерген бірнеше ай түспесе, аурудың барлық симптомдары жоғалып, тек сенсибилизация сақталып-толеранттылық дамиды. Тағам аллергиясының асқорыту жолындағы көріністері де әртүрлі: созылмалы гастрит, энтерит, панкреатит, өт шығу жолының және тоқ ішектің дискинезиясы, асқазанның жарасы, ауыз қуысында-стоматит, глоссит, хейлит. Тағам аллергиясында ащы және тоқ ішектің қабынуы жиі: іш ауырады, кебу, іші өтеді. Биопсия-аллергиялық қабыну (эозинофилия, мес торшаларының дегранулациясын, қанда IgE көбейген) анықтайды.
Балаларда тағам аллергиясы жасанды тағаммен ерте тамақтандырғанда жиі. Аллергия әртүрлі мүшелерді қамтып полиаллергияға ұласады. Балалар тағам аллергиясының жиі көрінісі – есекжем және Квинке ісігі (13-45%).
Бір жастағы балалардың экземасы тағам аллергиясынан (50%). Әуелі диатез дамып, кейін экземаға көшеді. Лор-мүшелерінің зақымдануынан отит, ринит, паротит беретіндер - жұмыртқа, сүт, шоколад. Балаларда тағам аллергиясы бронх демікпесін - 16%, ал басқа аллергоздар қосылған түрін - 45% берген. Үлкендерде бронх демікпесі болмайды.
Тағам аллергиясында лейкопения, эозинофилия, лимфоцитоз пайда болады. Балаларда нейтропения және тромбоцитопения да кездеседі.
Тағам аллергиясының диагностикасы өте қиын. Ол үшін аллергологиялық анамнез жинап, туыстарында, өзінің жас кезінде аллергоздар болған-болмағаннын анықтайды. Қандай тағамдарды ішіп-жейтінін, кәсіби зияндықтарды сұрайды. Бұл кезде дәрі ішпейді. Бір ай бойы науқас күнделік толтырады. Егерде бір тағам аллергия беретін болса, оны ішпейді. Тағам аллергиясының диагностикасына сынама қояды. Бұл мезгілде қанда антиденелер жиылады. Тағам аллергиясының диагностикасына үш нұсқалы элиминациялық сынама қолданады. 1. Күдікті тағамды рационға 7-10 күн кіргізбейді. 2. Жалпы аллергия беретін тағамдарды (шоколад, жұмыртқа, бал, жаңғақ, сүт) негізгі диетадан шығарып жібереді. 3. Бес күнге ашығу өткізіп, әртүрлі тағамдарды біртіндеп қосады. Ауру симптомдарының жоғалуы немесе қайта пайда болуы аллергияның этиологиясын көрсетеді.
Өршітетін сынамаға берілетін тағам 5 күн бойы тамаққа қосылмайды. Оны ашқарында береді. Бұл сынаманың ақпараты жоғары. Оның көрсеткіштері аурулардың 70%-да оң болады.
Аллергиялық реакцияларда қанда лейкоциттер мен тромбоциттердің саны азаяды (Видаль, 1920). Бұл феноменнің аты - гемоклазикалық криз, тағам аллергиясының диагностикасында қолданылады. Лейкопениялық және тромбоцитопениялық сынаманы бірге жүргізеді. Аллерген – тағамды тамақтанудан алып тастағаннан соң, ішті клизмамен тазартып және дәрі ішуді (антигистаминды, гормондарды) тоқтатқаннан кейін шеткі қанда лейкоциттер мен тромбоциттердің санын анықтайды. Сонымен бірге пульсті және артериальдық қысымды өлшейді. Брон демікпесінде пневмотахометрияны өткізеді. Науқасқа ашқарында таңертең тыныштық жағдайда 100г зерттелетін тағамды береді. Жоғарыды көрсетілген зерттеулерді тағам ішкеннен кейін 30, 60, 90 минөт өткенде қайталайды. Сынама оң болғанда қан қысымы 10 мм-ден көп сынап бағанасына төмендейді, тамыр соғуы минөтінде 20-ға көбейеді, лейкоциттердің саны 1 мм кв. 1000-нан артыққа және тромбоциттер 25%-ға азаяды, сыртқы тыныс алудың функциясы 14%-ға төмендейді. Бұл сынаманың ақпараттылығы аурулардың 43%-ында оң. Егерде сынамамен ауру қозса, диагнозды толық анықталады. Тері сынамалары скарификациямен және теріішіне қойылады. Теріішіне қойылатын сынаманың мәліметі жоғары, бірақ кейде жалпы реакция беріп, ауру қоздырады. Ол аллергиялық реакцияның жедел түрімен жүреді. Науқастардың 30%-ында тері сынамасы оң, оның теріс болуы да және псевдоаллергиялық реакция беруі де мүмкін. Сондықтан тері сынамасының көрсеткіші басқа тесттермен бірге қосылғанда ғана диагностиканы шешеді.
Қанда, бос айналымда жүрген, тағам антигеніне қарсы шыққан антиденелерді анықтау үшін бірнеше әдістер бар:
антиденелерді пассивті ауыстыратын Праустницу-Кюстнер әдісі;
базофильдерді зақымдайтын Шелли реакциясы;
тікелей жүрмейтін Бойденнің гемагглютинациясы;
мес клеткаларының деструкциясы;
лейкоцитолиз;
радиоаллергосорбентті тест (РАСТ).
Тағам аллергиясының диагностикасына гиперсезімталдықтың клеткалық реакциялары да пайдалы: лимфоциттердің бласттрансформациясы және лейкоциттердің миграциясын бөгеу, тері-терезе реакциялары.
Элиминациялық және өршіту сынамасы жақсы мәлімет береді. Кейбір авторлар алиментарлық және асқорыту аллергиясы деп бөледі. Алиментарлық түрінде аллергендерге тағамға қосылған әртүрлі заттар жатады: бояулар, дәрілер, консервирлеушілер. Кейде тағам аллергиясын біріншілік, екіншілік деп бөледі. Біріншілік - иммунологиялық өзгерістер барын көрсетеді. Екіншілік деп асқорыту жолындағы созылмалы аурулардан кейін пайда болған өзгерістерді айтады. Үлкендерде осы екеуі де бірге жүреді. Тағамға да және басқа аллергендерге де аллергия анықталады.
Сүтті көтере алмау денеде лактозаның тапшылықтығына байланысты.
Фавизм-туа пайда болған ауру, эритроциттерде глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа ферментінің генетикалық жетіспеушілігінен бұршақ тұқымдас өсімдіктерді көтере алмай, гемолиздік анемия дамиды.
Жас балаларда фенилаланин, лейцин амин қышқылдарының алмасуы бұзылуынан ауру пайда болады, онда тағаммен аминқышқылдарын беруді азайту керек. Глютеин энтеропатиясы генетикалық фермент ақаулығымен белок алмасуының бұзылуынан, бидай және дәнді дақылдардың клейковинасының сіңбеуінен инфекция мен токсиндер ішектің шырышты қабығын зақымдап, кісінің ылғи іші өтеді. Емдеу үшін тамаққа бидай, арпа нанын, ұннан жасалған тағамдарды қолданбайды.
Тағам аллергиясының жедел кезінде антигистаминдік дәрілер беріледі. Аллергиялық реакция жалпы денеге тараған жағдайда кортикостероидтер тағайындайды. Гистоглобулинмен емдеу жақсы нәтиже береді. Аллергендерден тазарту үшін асқазанды, ішекті жуады. Спазмолитиктерді, ауыруды басатын, жүрек дәрілері тағайындалады. Жедел кезінде толық ашығуға болады. Содан кейін біртіндеп антигені жоқ тағамдармен диетаны көбейтеді.
Тағам аллергиясының созылмалы түрін әртүрлі әдіспен емдейді. Аллергендері жоқ гипоаллергиялық диета тағайындайды. Тәттіні, сиыр сүтін, ұн тағамдарын, қызыл түсті көкөністер мен жемістерді аз пайдалану керек. Шетел ғалымдары 4 түрлі диета қолдануды ұйғарады, оның әрқайсында аллергия беретін қауіпті тағамдарды біртіндеп көбейтеді. Тағамды аз-аздан ішу диетотерапия әдісі - 12-15 күн бойы арнайы өлшеммен ашығып, қайтадан қалыпқа келеді. Бұл әдістер, біріншіден, аллергендерді элиминацияға ұшыратады; екіншіден, дозалы ашығу организмге өз алдына емдік әсер етеді. Жеке кісінің диетотерапиясы уақытша және тіпті аллергені бар тағамдарды ішіп-жемеу. Аурулардың тамағы әртүрлі, витаминдері жеткілікті, аз мөлшерлі болуы керек. Тұзды, көмірсуын азайтады. Арақ – шарапты, сорпаны ішпейді. Қазіргі уақытта, аллергендері жоқ диеталарда шоколад, цитрусты жемістер, жидектер, консервтер, т.б. жоқ.
Антигельминттік, антипротозойлық емнің де маңызы зор. Ремиссия кезінде санаторида емделу; минеральды су ішу, асқазан-ішегін тазалау, ішіне балшық апликациясын қою пайдалы.
Циметидин, тагомет-H2 рецепторының тосқауылдары, асқазанның қышқылын азайтумен бірге, ішектен гистаминнің шығуын бөгейді. Аллергия картопқа байланысты болғанда күніне 2,5 мг соланин алу жақсы көмектеседі. Тағам аллергиясын инталмен емдеу өте жақсы: налкромды 1 капсуладан тамақтанудан 1 сағат бұрын береді.
Піскен, қуырған етте белок денатурацияға ұшырап, аллергендік қасиеті азаяды.
Спецификалық гипосенсибилизация қайнаған суда еріген табиғи өнімдермен жүргізіледі. Емдеуді 1:100 немесе 1:1000 ертінділерінен бастайды. Бір шай қасықтан бастап, күнде 1 шай қасық қосып, 10 қасыққа жеткенде келесі ертіндіге көшеді. Емдеу курсі 2-3 ай. Тағам аллергендерін парентеральды жолмен беру одан да жақсы нәтиже береді.
Тағам аллергиясын емдеу жеке адамның үш кезеңді диетотерапиясынан тұрады, 1) жеке адамға диета таңдап алу (2-3 апта); 2) диетаны 2-3 ай бойы қатаң сақтау; 3) диетаны кеңейту. Диетаны таңдап алу аллергендерді табумен, күнделік жазумен, элиминациялы-өршіту сынамамен жүргізеді.
Балалардың аллергиясы жыныстық жетілу кезінде азаяды. Үлкендердің аллергиясы әр кісінің диетаны сақтауына, асқорыту мүшелерінің ауруларын емдеп, күнделікті дұрыс тамақтануына байланысты өзгереді.
Жеке кісінің диета таңдау әдістерінің үш түрін келтірейік:
Тамақтанудан қауіпті тағамды және өте сирек пайдаланатын өнімді алып тастайды.
Егер 1-әдіс көмектеспесе, 2-ші әдіске көшеді. Тағамнан 1-2-топтағы нақты аллергендер 5 күнге шығарылады. Содан кейін күнделікке жазып, күніне бір аллергенді диетаға қосып отырады.
3. Үшінші әдіс - тағам аллергозының ауыр түрінде бастапқы екеуі көмектеспесе өткізіледі. Балаға екі күн қант қоспай 600 мл-ден көп емес кефир беріледі. Екі күннен кейін біртіндеп тағамды (1-2 түрден) қосады. Күнделікке жазып отырады, қосатын тағамдар: сиыр еті, қырыққабат, кәді, арпа наны, өсімдік майы, сары май. Бұл өнімдерді базисты рацион дейді.
Егер бала кефирді көтере алмаса, базисты рационға көшеді де, оған витамині көп итмұрын, шие тұнбаларын, анар және қарақат шырынын қосады. Қанттың орнына сорбит немесе ксилит береді. Қара құмықты арпа жармасымен ауыстырады. Мал майын өсімдік майымен ауыстырады. Алма, сәбіз, картоптар пісіргенде аллергендік қасиетін жояды. Егерде тағам аллергиясы емшектегі балада болса, анасы да аллергиясыз рационға көшеді. Егер қантқа аллергия болса, қант қосылатын тағамдарды ішпеу керек. Рационда барлық витаминдер (А, С, В, В2, Е) дәрі ретінде немесе тағамдармен берілуі керек.
Егерде бала сүт ішпесе, оған кальций дәрілерін, жеміс жемесе-калий береді.
Рационда дәмдеуіш (специи) және ащы, тұзды тағамдар да болмауы керек.
Екінші кезең 3 айға созылады, баланың салмағын бақылайды.
Үшінші этап бір жылға созылады, үш ай ішінде біртіндеп жаңа тағамдар қосып, күнделікке жазып отырады. Тағамдарды әуелі жартылай қосады. Асқазан-ішек ауруларын емдеп, ферменттер тағайындайды, балалар 6 айда аллергендерден тазарады.
