Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.95 Mб
Скачать

3. Антигендер мен антиденелер

3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары

Антигендер - адам және жануарлар организміне түскенде иммунды реакция шақыратын заттар. Олар бөтен ерекшелігі бар биополимерлер және олардың жасанды түрлері (аналогтары). Антигенге қарсы организмде арнайы антидене түзіледі, немесе лимфоциттердің сенсибилизациясы болып, айрықша клондары арқылы иммундық реакция жүреді.

Антигеннің үстінде арнайы иммунологиялық реакцияға түсетін, антиденемен байланысатын белсенді орталығын «детерминант» деп атайды. Иммунитет жауабының ерекшелігі детерминантқа байланысты.

Антигендердің жіктелуі:

  1. табиғи антигендер — белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо-және экзотоксиндер, тін, қан жасушалары антигендері. Табиғи антигендер гетерологиялық ерекшелігімен сипатталады.

  2. жасанды антигендер — төменгі молекулалар қосындыларынан синтезделген.

  3. гаптендер — жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке ие болады.

4) химиялық құрамына қарай белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді.

5) Ертінді антигендерге токсиндер, ферменттер жатады.

  1. генетикалық жағдайына байланысты антигендер;

  • аутоантигендер, организмнің өзгерген өз жасушаларынан шыққан антигендер; өзгерген өз жасушалары антиген болып, аутоиммундық патологиялық процесс дамытып, аутоантиденелер туғызады;

  • изоантигендер — АВО қан топтарын құрады;

  • аллоантигендер — бір түрдегі жануарлардағы генетикалық аллельді түрлерінің айырмашылығы;

  • ксеноантигендер (гетероантиген) — антиген басқа түрге жататын жануарлардан алынған.

Антигендер қасиеттері

  1. Иммуногендігі — антигеннің иммунды жауап шақыратын қабілеті, ол антигеннiң молекулалық салмағына байланысты. Молекула салмағы жоғары болса, иммуногендігі жоғары. Ол детер­минанттардың антиген молекуласындағы санына байла­нысты.

Генетикалық бөгделігі тым алыс (алшақты) болса, соғұрлым антиген иммуногендігі жоғары.

  1. Антигеннің спецификалық қасиетімен ерекшелінуі.

  2. Антиген валенттілігі молекуладағы детерминанттардың санымен бірдей. Детерминант саны көп жағдайда екеу, оның иммуногендігі екі есе көп. Жұмыртқа альбуминінің 5 детерминанты бар, дифтерия токсинінде — 8, тиреоглобулинде — 40.

Иммуногенді адъюванттар. Адам немесе жануарлар денесіне вакцинамен бір химиялық затты қосып еккенде антигеннің иммуногендігі күшейеді. Аса маңызды адьювантқа жататындар: алюминийдің қосындысы, макромолекулалық заттар (декстран, метилцеллюлоза), беткей белсенді заттар, фрейд адьюванты.

Адьюванттарды еккенде тінде қабынуды қоздырады, еккен жерінде гранулема - абсцесс береді, соның әсерінен антигендер көп уақыт сол жерде сақталып, иммунды процесті қоздыру ұзаққа созылады.

Көптеген антигендерге антигендермен бірге Т - лимфоциттері қатысса, иммундық реакцияны жақсы қоздырады. Оларға вирустар, белоктар, жасушалық антигендер жатады.

Тек қана бактериалдық полисахаридтер, тимус бағыныштылығы жоқ антигендер ғана өз алдына иммунды реакция шақыра алады.

Эритроциттер антигендері.

Эритроциттердің мембранасында 100-ден артық антигендер бар, олар 19 жүйеге бөлінген. Адам эритроциттерінде III антигеннің әр түрлері кездеседі.

  1. Гетерофильді антигендер көптеген жануарларда және бактерияларда бар.

  2. Бейспецификалық немесе түрлік антигендер (видовые). Мысалы: адамдарда бар, жануарларда жоқ.

  3. Спецификалық немесе топты антигендер. Мысалы, жеке адамдардың бірінде бар, бірінде жоқ. Эритроциттердің барлық антигендерінің ішіндегі маңыздысы АВО және Rh (резус).

АВО жүйесі (1901 ж) – 4 топқа бөлінеді

О (I) —антидене А және В (антиген жоқ)

А (II) —антиген А — бар

В (III) - антиген В — бар

АВ (IV) —антиген А және В бар.

А және В — антигендері лейкоциттерде, тромбоциттерде, әртүрлі тіндерде, түкірікте, спермада, көз жасында, зәрде бар. Олар — хрусталикте, плацентада, ми–жұлын сұйықтығында жоқ.

Қан сарысуында антиденелер бар, бiрақ оларға қарсы организмде антигендер жоқ. Бұл антиденелер сондай антигендер кездескенде эритроциттердің агглютинациясын береді, осыған қарай қан топтарының сәйкестігін анықтап, қан құюмен емдеу жүргізіледі. Сол арқылы сот медицинасында баланың әке-шешесін анықтауға және қан тамшысының кімге жататынын білуге болады.

Rh (резус) антиген жүйесі 1940 ж. ашылған. Макака резус маймылының эритроциттерін қоянға егіп, одан алынған сарысумен адам эритроциттерін агглютинациялайды. Содан маймыл мен адам эритроциттеріне бiрдей антиген ашылып, оны «резус антигенi» деген. Осы антиген Еуропа халықтарының 85% - ында бар. Резус антигеннің 6 түрі табылған. (С, D, Е, с, d, e) Олардың ішінде маңыздысы — D. Бұл антиген жер жүзі халықтарында бар (тек Қиыр Шығыстың кейбір халықтарында жоқ). Ал шешесінің антигенінде резусы теріс, резусы оң ұрық кездессе, иммунды шиеленіс дамып, нәрестеде гемолиздік ауру пайда болады. Резус антигенін залалсыздандыру үшін, бала туар алдында антирезусты сарысу құяды.

Лейкоциттер антигендері

Безредка 1900 ж. лейкоциттерден отыздай антиген түрлерін тапқан. Бұлар тіндерде, лейкоциттерде, тромбоциттерде, фибробласттарда, тері эпителиінде, спермада да табылған. Бұл антигендер — гистосәйкестікті көрсетеді. Сондықтан оларды «трансплантациялық антиген» немесе «гистосәйкестіктің антигендері» дейді.

Трансплантациялық антигенінің химиялық құрылысында липопротеин, гликопротеин және белоктар бар. Адамдарда олар HL-А жүйесіне, тышқандарда Н2 жүйесіне жатады.

Антигендердің жүру жолдары

  1. Антигендер макрофагтардың үстіндегі рецепторларымен байла­нысып, лимфоциттердің үстіндегі антиденелік рецепторына көшеді.

  2. Антигендер макрофагтың ішіне пиноцитоз арқылы кіріп, содан тіке элиминацияға ұшырайды немесе макрофагтардың РНҚ-мен лимфоциттердің үстіндегі антиденелік рецепторларына беріледі.

  3. Антигендер антиденемен, макрофагтық дендритті өсінділерімен (отросток) кездесіп, лимфоциттермен байланысады.

  4. Антигендер макрофагпен кездеспей, тіке лимфоциттік рецепторымен байланысады, оның ішіне кіреді.

Антигендермен кездескенде лимфоциттердiң әртүрлi иммундық жауабы жүредi:

  1. В - лимфоцит иммуноглобулиндер шығаратын плазмалық жасушаға көшеді (лимфобласт арқылы), иммуноглобулиндер шығарады.

  2. Лимфоцит антигенді еске сақтайтын жасушаға ауысып, кейіннен кездескенде оны танитын болады, өйткені лимфоциттерде сенсибилизация қалады.

  3. Лимфоциттің белсенділігі көтеріліп, иммунды жауаптарда олар жасуша киллерге айналады.

  4. Антигендер көп болғанда лимфоциттердің барлық рецепторлары антигенге толып, иммундық реакция жүрмейді де, толеранттылыққа әкеледі.

Антигендерге жүретін иммунды жауаптардың кезеңдері:

  1. Антигендер біріншіден магрофагтармен өңделеді.

  2. Антигендер кіші лимфоциттермен жанасып, сенсибилизация дамытады.

  3. Лимфоциттер лимфобласттарға (трансформацияға) көшіп, көп полирибосом шығарады

  4. Полирибосомдар плазмалық жасушалар түзіп, антиденелер шығарады.

  5. Плазмалық жасушалар гуморалдық иммунды механизмді басқаратын жасушалар.

  6. 3-этапта лимфобласттар сенсибилизация­ланған лимфоцитке айналады.

  7. Сенсибилизациясы бар лимфоциттер баяу жүретін аллергиялық реакцияларға қатысып, жасушалық иммунитеттің құрамына кіреді.

  8. 5-этапта антиденелер антигенмен байланысқаннан кейін комплементті белсендіреді және өзіне орта көлемді лимфоциттерді тартып, жинайды да, иммунды реакцияның қабыну фазасын дамытады.