Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.95 Mб
Скачать

39. Аллергиялық риниттер

Риниттер мына түрлерге бөлінеді: аллергиялық ринит, вазомоторлық, инфекциялық, медикаментоздық, жүктілік риниті, кейбір эндокриндік бұзылыстарда болатын риниттер.

Дәрілік ринитті гипотензиялық дәрілер (резерпин) және контрацептивтер жиі дамытады.

Аллергиялық ринит жоғарғы тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары бар науқастардың 15-55%-ында кездеседі және Қазақстандағы барлық аллергиялық аурулардың-40% (Мошкевич В.С.). Экзоантигендер мұрынның шырышты қабығы арқылы кіреді.

Аллергиялық ринитте эпителийлердің функциялары бұзылып, мұрында иммуноглобулин А азайып, эозинофилдер көбейіп, капиллярлардың өткізгіштігі үлкейіп, вазодилятацияға және шырышты қабықтың ісінуіне әкеледі. Антигендер табиғи бөгеттерден жеңіл өтіп кіреді. Аллергендердің қайталап кіруі реакцияның иммунологиялық фазасын дамытып, медиаторлар шығады. Ісіну қан жүруін баяулатады, шырышты қабықтың қорғаныс факторлары (лизоцим азайып, мұрын секретінде рН көтеріледі, эпителий өткізгіштігі көбейеді) төмендейді. Шырышты қабық гистаминді, эозинофилдерді көп шығарады. Тұрмыстық және эпидермальдық аллергендер жедел аллергиялық реакциялар шақырады. Бактериальдық және грибтік аллергендер сенсибилизациясы баяу аллергиялық реакциямен жүреді.

Аллергиялық ринитте мұрын шырышты қабығының гиперплазиясы, базальды мембрана жұқарып іседі және эозинофилдер инфильтрациясы, шырышты бездердің гипертрофиясы анықталады. Эпителийлер ақаулары пайда болып, бокал тәрізді клеткалар көбейеді.

Риниттер аллергиялық және псевдоаллергиялық болып бөлінеді. Аллергиялық ринитте (АР) бір экзоаллергенге гиперсезімталдығы бар және аллергиялық реакция мұрында –“шок”мүшесінде дамиды.

Псевдоаллергиялық ринит - мұрын ішіндегі тамырларының неврозы, жалпы нейровегетативтік және эндокриндік бұзылыстардың бір симптомы.

Вазомоторлық ринитте вегетативтік жүйке жүйесі жұмысы бұзылған – холинергиялық немесе адренергиялық гиперреактивтілігі байқалады. Ауру жыл бойы үзіліссіз жүреді. Шылымды, түтінді, бояуды көтере алмайды. Үнемі тұмауратып, түшкіріп, басы ауырып, құлағы бітіп жүреді. Кейде вазомоторлы және аллергиялық риниттер бір-біріне қосылып кетеді.

Аллергиялық риниттердің ағымы – маусымды, тұрақты, олардың араласқан түрі болып бөлінеді. Патогенезі бойынша риниттер – атопиялық, инфекциялық-аллергиялық және псевдоаллергиялық (вазомоторлық) болады. Кәсіби түрі де белгілі. Аурудың ұзақтығына қарай жедел, созылмалы ағымды деп бөледі. Аллергиялық риниттің тұрақты түрінің (атопиялық вариант) бактериальдық аллергенге қатысы жоқ, басқа аллергендермен (үй шаңы, жануарлар эпидермистері, кейбір дәрілер, тағамдық өнімдер) байланысады.

Бактериальды және грибті аллергендер инфекциялық-аллергиялық вариантымен тұрақты ринит дамытады.

Аллергиялық риниттің клиникалық стадиялары: пароксизмді, катаральды, вазодилятаторлы. Сонымен бірге ісік, гипертрофия, полипозды стадиялары болады.

Аллергиялық ринитте (атопиялық) аллергеннің әсерімен IgE пайда болып, мұрынның мес (базофил) клеткаларына байланысады. Антиген мұрынға қайта түскенде, оған IgE байланысып мес клеткаларын ыдыратып, биологиялық белсенді заттар (гистамин, лейкотриендер, брадикинин, простагландин, тромбоцит белсендіретін факторлар т.б.) шығып, жедел риниттің клиникасын береді.

Аллерген көптеген цитокиндерді (ИЛ-4, ИЛ-5, ИЛ-3, ядерлі-моноцитарлы, колоние белсендіретін, өндіретін), хелпер-2-ні белсендіреді. Бұлар шырышты қабықтың инфильтрациясын беретін эозинфилдерді белсендіреді.

Диагноз-клиникалық-зертханалық және рентгенологиялық зерттеулермен, аллергендермен қойылатын тері және өршіту сынамалармен, аллергенді анықтайтын иммунологиялық әдістермен қойылады. Диагноз қоюда мұрын секретіндегі эозинофилдерді анықтаудың да маңызы зор. Олар, әсіресе өршіту сынамасынан кейін көбейеді.

Инфекциялық - аллергиялық риниттің қозуы жылдың суық кезінде басталып, жылы айларда (жазда) тоқтайды. Ремиссия кезінде де шырышты қабықта патологиялық өзгерістер сақталады. Егерде инфекция қайта түссе, тұмау тәрізді процесс қайта дамиды.

Аллергиялық риниттің химиялық себептерімен (аэрозольды химиялық заттардың ауамен аздаған мөлшерде түсуінде) қабыну мұрынның, көмейдің, жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуымен бірге дистрофиялық өзгерістерімен жүреді. Мұндай ауруларда вазомоторлық, гипертрофиялық, атрофиялық, поллиноздық, демікпе алды стадиялары анықталады.

Кәсіби аллергиялық ринит шырышты қабықтың құрғауымен, мұрын іші қышуымен, ауыруымен, түшкіру, ринореемен сипатталады. Аллергеннің элиминациясында мұның бәрі басылады. Егер аллергенмен жанасулық жалғасса, ауру дамып, тұрақты клиника береді. Мұрынның шырышты қабығындағы эозинофилия және патологиялық процесс бронхтарды қамтып, аллергоз өршиді. Аллергиялық риниттердің асқынуларына - синуситтер, жұтқыншақтың немесе бронхтардың қабынуы (бронх демікпесі) жатады.