
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
37. Гельминттік аллергия
Гельминттер, паразиттік өмір сүруімен қатар, бөліп шығаратын заттарымен сенсибилизация дамытады. Олардың антигендері иммуноглобулин Е синтезін өте күшті белсендіреді. Гельминтоздардың аллергиялық реакциялары жедел және баяу түрімен, немесе екеуімен бірдей жүреді.
Гельминттердің секреттері және экскреттері, өліктері иммуноглобулин Е синтезін белсендіреді. Көбінде жедел аллергиялық реакция басым жүреді. Иммундық жауабында Т-супрессор басылып, хелперлер мен В-лимфоциттері көбейеді. Тұрақты эозинофилия пайда болады. Эозинофилдердің иммуноглобулин Е және комплементпен (С3) кооперациясында эозинфилдердің цитотоксикалық факторлары (пероксидаза және фосфолипаза) бар гранулалары шығып, гельминттерді зақымдап дегельминтизацияға әкеледі. Антипаразитарлық антиденелер моноциттер мен макрофагтардың гельминттерге цитотоксикалық әсерін белсендіреді.
Гельминттер балалардың ақыл-ойының және физикалық жетілуіне кері әсер етеді. Гельминтоздың клиникасы гельминттердің түріне байланысты. Альвеококкоз бауырды зақымдайды. Анкилостомидозда эозинофилия, бронхопневмония, астмоидты синдром, уртикарлы бөртпелер болады. Аскаридоз-респираторлық синдром, бронхит, эозинофилия береді. Ауыр түрінде ішек бітеліп қалуы мүмкін.
Әртүрлі гельминттердің миграциялық стадиясының клиникасы қызба, миалгия, артралгиялар, дерматит, өкпе зақымдануымен, Квинке ісігі, абдоминальдық синдром, лимфа түйіндерінің шошуымен, эозинофилия, лейкоцитозбен (70 мыңға дейін 1мкл) көрінеді.
Гельминтоздың диагностикасы-нәжісті байыту әдісімен бірнеше рет гельминттерге тексеру. Сонымен бірге иммуноглобулин Е-ні ем алдында және соңында тексеру.
Гельминттер антигендерімен (PHГA, PCK, ИФА) кейбір серологиялық реакциялар қойылады. Радиоаллергосорбенттік тест арнайы антиденелерді (IgE и G) анықтайды.
38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
Пирке бірінші рет сарысу ауруын денеге жайылған Артюс реакциясы деп сипаттады. Сарысу құйғанда көбінесе жедел сарысу ауруы дамиды. Сарысу ауруының созылмалы түрі әртүрлі дәрілердің және химиялық препараттардың әсерінен пайда болады. Сарысу ауруының жедел түрінде жедел гломерулонефрит, геморрагиялық васкулит дамиды. Созылмалы түрінде аутоиммунды аурулар, сарысу коллагенозы пайда болады. Сарысу белогі адам қанында бір ай сақталады. Аурудың дамуы белоктардың мөлшеріне байланысты. Жылқы сарысу белогының және преципитиндердің комплексі антиген болып саналады. Сарысу ауруындағы аллергиялық реакциясындағы антиденелер - осы комплекске қарсы құрылған екіншілік антиденелер. Қанда ертінді иммундық комплекс реакциясы дамиды. Сарысу ауруының дамуында антиденелер (иммуноглобулиндер М және G) және комплемент қатысады. Аллергиялық реакция дамуына антиденелер титрі 8-14 күн өткенде жеткілікті болады. Ертінді имммунды комплекстер ішкі мүшелердің және капиллярлардың зақымдануының клиникасын дамытады.
Аурудың қайталануы (рецидиві) иммуноглобулин G-дің пайда болуымен және оның қанда сақталған сарысу белоктарымен байланысуына байланысты. Мұндай жағдайда ауру бірнеше айға созылады.
Қолданылатын барлық вакциналар және сарысулар сенсибилизация береді. Бірнеше антигені бар вакциналардың аллергиялық қасиеті жоғары. Вакцина еккенде, оның барлық антигендеріне қарсы антиденелер түзіледі. Адам мүшелеріне туыс антигендері бар вакциналар аутоиммунды процесс дамуына әкеледі. Иммунизацияға еккен вакцина адам организмінде сенсибилизация реакциясын дамытады. Қанда медиаторлар, гистамин, ацетилхолин көбейеді. Қан элементтерінің реакциясы байқалады. Шеткі қанда эозинофилдер мен лимфокиндер көбейіп, лейкоциттер мен тромбоциттер азаяды.
Сарысу ауруының клиникасы жетінші күні дамиды, оны “сарысу ауруының синдромы” деп атайды.
Алллергиялық аурулар анамнезінде бір ауруы бар балаларда (диатез, мұрын-жұтқыншақ инфекциялары, жүктілік кезінде токсикоз болса, резус-дәл келмесе) дамиды
Сарысу құйғаннан кейін 7-20 күн өткенде теріде бөртпе, қызба, лимфа бездерінің шошуы, буындардың ісінуі байқалады. Кейде нефрит, васкулит, коронарит дамуы да мүмкін.
Аллергиялық реакциялар КДС және АКДС вакцинасын қайталап бергенде бірден немесе бірнеше сағат өткенде пайда болады. Анафилакциялық шок вакцина бергеннен кейін 1-7 сағатта дамиды. Вакцинадан кейін есекжем, Квинке ісігі, экзема болуы да мүмкін. Көпшілігінде аллергиялық реакция 2-4 тәулік өткенде көрініп, 4-5 күнге созылады. Кейде аллергиялық реакция 8-16 күн өткенде дамып, қандағы антиденелер түскен антигендерді ертінді иммунды комплекске айналдырады.
Аллергиялық реакцияны IgE-нің Fc-фрагменті жүргізеді.
Сарысу ауруында 85% терінің, 70%-қызба, 25%-лимфа түйіндерінің шошуы, буындардың өзгеруі-20% болып, басқа мүшелер де зақымданады.
Көкжөтел вакцинасын алғандардың аллергияға бейімділігі болса, бронх демікпесі бірінші егуден кейінде дамуы мүмкін. Сонымен бірге балаларда псевдокруп, спастикалық бронхитте кездеседі. Нефропатия, энцефалит, энцефаломиелит сияқты ауыр асқынулары болғаны да белгілі. Энцефалиттер баяу аллергиялық реакциясымен, аутоиммунды компонентпен жүреді. Көкжөтел вакцинасы аллергиялық реакцияны жиі береді.
Сарысу ауруының ауыр түрінде дене ыстығы жоғары, полиморфты бөртпе, тыныс алу жолының қабынуы, ауыз қуысында энантемалар, энтерит, эндокардит, энцефаломенингит дамып, ауыру бір айға созылады.
Сарысу ауруының орта ағымды түрі, көбінесе терінің зақымдануымен білініп, 2 аптаға созылады.
Жеңіл түрінде - еккен жерде есекжем, бездер шошиды.
Сарысу ауруын емдеуге антигистаминдік дәрілерді және кортикостероидтерді қолданады.
Профилактикасы. Кейде вакцина егуден бұрын немесе егуді жалғастыруға аллергологпен ақылдасу жөн. Басқадай ауруы бар кісілерді егуге болмайды. Аллергиялық ауруы болғанда да, аллергологке көрсетіп, 1-2 жылға дейін егуге болмайды. Лейкопениясы, тромбоцитопениясы бар, гаммаглобулиндері көбейген балаларды екпейді. Егу алдында тері ішіне (физиологиялық ертіндісімен 10рет ертілген 0,1 мл вакцинаны) сынама қояды. Егерде сынама оң болса вакцинаны екпейді. Гиперсезімталдығын басу үшін антигистаминдік дәрілермен емдеп, антигені жоқ тағам тағайындап барып, кейін егеді. Әртүрлі вакциналармен егудің аралығы екі айдан қысқа болмауы керек.
Сарысуды Безредка әдісімен береді. Сіреспеге қарсы сарысу дифтерияға қарсы берілетін сарысуға қарағанда, аллергиялық реакцияны өте жиі береді.