Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.95 Mб
Скачать
  1. Иммундық жүйе

Иммундық жүйе - организмнің генетикалық дамуында қалыптасқан клеткалық және гуморалдық иммунитет құрамының тұрақтылығын сапалы қадағалайтын жүйе.

Иммундық жүйесі мына компоненттерден тұрады (Е.П. Шувалова, басқалар, 2001):

  1. Биологиялық белсенді макромолекулалар:

а) иммунды реакциялардың медиаторлары:

  • интерлейкиндер

б) өсу факторлары:

  • интерферондар;

  • ісік некроз факторы;

  • лимфотоксин;

  • эктодермальдық өсу факторы;

  • фибробластардың өсу факторы;

  • гранулоцитарлық өсу факторы;

  • макрофагальдық өсу факторы;

г) гормондар:

  • тимопептидтер;

  • миелопептидтер.

2. Иммунды қабілетті клеткалар (иммнокомпетентті):

а) Т- және В- лимфоциттері;

б) цитотоксикалық клеткалар;

в) иммунды қабілетті клеткалар шығаратын цитокиндер.

III. Иммундық жүйенің мүшелері:

а) орталық:

  • айырша без (Т-жүйесі)

  • сүйек миы (В-жүйесі)

б) шеткілік:

  • көк бауыр;

  • лимфа түйіндері;

  • асқазан-ішек жолындағы лимфоидты жиынтықтар.

Иммундық жүйе мақсаты:

- бөгде клеткалардың организмге кіруінен және генетикалық өзгерген клеткалардың пайда болуынан қорғайды;

  • ескірген (кәрі) ақаулы өз клеткаларын және дәл сол сәттегі организмнің ерекшелігіне сай келмейтін бұзылған клеткаларды жойып отырады;

  • генотипі бөтен жоғары молекулалы биологиялық заттарды бейтараптайды.

Иммундық жүйе - көпкомпоненті, бірақ барлығы тұтас жұмыс істейтін кешен. Иммундық жүйеге эволюциялық дамуында ерте қалыптасқан бейспецификалық қорғаныс компоненттері және кейін пайда болған спецификалық қасиеті өте жоғары иммундық реакциялар қатысады.

Иммундық жүйенің негізгі клеткасы - лейкоцит, оның әр түрлі популяциясы және субпопуляциясы бар.

Иммундық жүйенің спецификалық қасиеті лимфоциттермен және олар бөлетін лимфокиндер және антиденелермен сипатталады.

Иммунды жүйенің бейспецификалық қызметі (бөгде клеткаларды жою) моноциттер, гранулоциттер, бейспецификалық лимфоциттер атқарады. Бейспецификалық қорғаныс элементтерінің саны спецификалық мүшелерге қарағанда әлдеқайда көп. Сондықтан бейспецификалық элементтер бөгде антигендік заттарды жоюға бағытталған, ал спецификалық жүйе оларға хабар беру, оларды белсендіру және антигендердің жоюын бақылайтын жұмыстарды жүргізеді.

Қан, лимфа, тінаралық сұйықтық иммунитет жүйесінің клеткалық және гуморалдық факторларын қамтамасыз етеді.

Клеткалық факторларға жататындар - қандағы барлық лейкоциттер.

Бұл клеткалардың бәрінің өзіне тән морфологиялық және цитохимиялық ерекшеліктері бар.

Гуморалдық факторға жататындар:

- Гамма - глобулиндер антиденелердің (Jg A, М, G, E, D) қызметін атқарады

Комплемент - термолабильді белоктар, 25 сарысу белоктары, оның ішінде тоғызы комплементтердің маңызды компоненттері. Комплементтерді макрофагтар түзеді.

- Лизоцим – сілекейде, көз жасында, сарысуда кездесетін термолабильді фермент, макрофагтар мен эпителий клеткалары бөледі.

- Цитокиндерді - полипептид молекулаларын, иммунды компотенетті клеткалар бөледі. Олар иммунды клеткалардың жетілуіне қатысады. Оған интерлейкиндер, интерферондар, колония белсендірушілер, т.б. факторлары жатады (2-сурет).

- С-реактивті белок пен жедел кезеңнің белоктары жедел қабыну процестерінде пайда болады. С-реактивті белок лейкоциттердің қозғалуын жылдамдатады,Т-лимфоциттерімен қосылып, оның белсенділігін күшейтеді.

Иммундық жүйенің мүшелеріне айырша без, фабрициус қалтасы (құстарда), сүйек миы, пейер табақшалары (ішектегі лимфатикалық клеткалардың жиынтығы), көкбауыр, лимфа бездері, бадамша бездері, лимфатикалық клеткалар популяциясы мен лимфа, құрт тәрізді өсінді, жеке орналасқан лимфоидтық фолликулалар жатады (3-сурет).

Иммундық жүйе мүшелері орталық және шеткі болып екіге бөлінеді. Орталық иммунитет жүйесіне айырша без, фабрициус қалтасы (құстарда), сүйек миы кіреді.

Шеткі иммунды жүйе мүшелеріне көкбауыр, лимфа бездері, басқадай лимфалық құрылыстар жатады.

Орталық мүшелерде лимфалық клеткалар пайда болады, жетіліп, макрофагтарға, лимфоциттерге, нейтрофилдерге айналады, организмді иммунды клеткалармен қамтамасыз етеді, гуморалды факторлардың әсерімен дін жасушалары Т-В- лимфоциттерді, нейтрофилді, эозинофил, базофил, макрофаг, эритроциттерді шы­ға­рып тұрады. Дін клеткаларынан түзілген Т-клеткалар әлі жетілмеген. Олар айырша безде (айыршық безі) одан әрі дамиды, гистосәйкестігін айыратын иммунды қабілетті Т-лимфоциттер клеткаларына (хелперлер - СД4, супрессорлар - СД8, киллерлер) айналады. Бұл клеткалардың барлығы антиген айыра білетін рецепторлар алады (спецификалық рецептор). Айырша безде барлық лимфоциттердің 70% ғана дамудан өтеді, ал антигенді айыра білетін клеткалар - 5-7%. Айырша безден шыққан клеткалар лимфа бездерінің милы аймағында орналасады.

Айырша бездің қыртысты қабатында лимфоциттер тез өседі, көбейіп отырады, соның салдарынан кортикалдық Т-лимфоциттердің көлемі әр түрлі болады (үлкен-d-13 мкм, орташа-d-9 мкм, кіші d-6 мкм). Бұл клеткалар рентген сәулесіне және кортизон әсеріне сезімтал. Кіші лимфоциттердің 20%-ы ұзақ уақыт өмір сүреді, олар лимфа бездеріне, көкбауырға орналасады айырша безге бағынышты аймақтар құрайды.

Сүйек миы - қан элементтерін шығаратын иммунды жүйенің орталық мүшесі болып есептеледі. Сүйек миы қызыл, сары болып бөлінеді, өйткені эриттроциттер мен лимфоциттерден тұрады. Лимфоидтық клеткалар саны 0-20%, плазмациттер - 0,4%.

Сүйек миындағы дін клеткаларынан қанның клеткалары - эритроциттер, лимфоциттер, тромбоциттер, Т-В-лимфоциттері түзіледі. В-лимфоциттердің беткейінде иммунды глобулин (антигенді айыратын) рецепторлары бар, олар генетикалық код арқылы әсерленеді (гистосәйкестігін білетін) және иммундық жауап беруге, иммундық жүйе жұмысына қатысатындай қасиет береді.

Көкбауырды кейінгі кезде иммунды жүйенің орталық мүшесіне жатқызып жүр (Кетлинский, 1998). Көкбауырда эритроциттерден басқа Т-, В-лимфоциттер, плазмалық клеткалар және ретикулярлы фагоциттер бар. Лимфоидты клеткалар жетілетін өзгерістерге түсіп, кіші, орта және үлкен лимфоциттер, лимфобласттар, плазмобласттар пайда болады.

Көкбауырдың лимфоциттерінің 20-40%-ы Т-лимфоциттер, 40-60%-ы В-лимфоциттер.

Лимфа бездері - лимфа тамырларының бойында орналасады, қыртысты және милы қабаттары бар, лимфоидты жасушалар, макрофагтар негізінде қыртысты қабатта орналасқан. Осы қабатта лимфоидтық жасушалардың көбейетін жері - фолликулалар бар. Фолликулалар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді: Біріншілік фолликулалар эмбрионды дамудың аяғында пайда болады.

Екіншілік фолликулалар нәресте туғаннан кейін 1-2 ай өткенде пайда болады. Милы қабат пен қыртысты қабаттың арасында айырша безден келген кіші лимфоциттер орналасқан.

Лимфа бездерінде де Т-В- лимфоциттерінің қарым-қатынасымен жасушалық -гуморалдық иммунды реакциялар жүреді.

Пейер табақшалары ащы ішектің шырышты қабатында орналасқан лимфа бездері: үстіңгі қабатында В-лимфоциттері, Т-хелперлері, макрофагтар, ал - эпителий жасушаларының астында Т - лимфоциттері орналасқан. Орта және үлкен лимфа бездерінде лимфоциттер көбейеді, ортасында ретикулярлық, жасушалар, макрофагтар, плазмалық жасушалар бар. Лимфа бездерінде -плазмалық жасушалар 30%, кіші лимфоциттер 40%, орташа көлемді лимфоциттер 20%, макрофагтар 10%.

Таңдай лимфа бездері (бадамша бездер) жұтқыншақта орналасып, микробтардың тыныс алу жолдарына өтуін бөгейді. Бездерде біріншілік және екіншілік фолликулалар бар. Біріншілік фолекуллалар кіші, орта, үлкен лимфоциттерден, ретикулярлі жасушалардан тұрады. Екіншілік фолликулалар көп ядролы жасушалардың жиынтығы.

Аппендикс қабырғасында лимфоидтық жасушалар (лимфоблас­ттар, пролимфоциттер), лимфоциттер бар. Т-мен В-лимфоциттердің қатысы 14:1 ден 20:1 дейін. Т-лимфоциттері кіші және орта лимфоциттерден тұрады. Қарт адамдарда тимус сияқты аппендикс те атрофияға ұшырайды.

Қан иммунитет жасушалары үшін тасымалдаушы болған­дықтан иммунды жүйе жұмысына тығыз қатысы бар.