
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •I тарау. Жалпы иммунология
- •1. Иммунология пәні, мақсаты мен міндеттері
- •1.1 Иммунологияның даму тарихы
- •Иммунология - адам организмінің ішкі тұрақтылығының өзгерістерін тексеретін ғылым болып қалыптасты.
- •1.2. Иммунитет туралы ұғым
- •1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
- •Иммундық жүйе
- •2.1. Жасушалық иммунитет жүйесі
- •3. Антигендер мен антиденелер
- •3.1. Антигендер түрлерi, сипаттамалары
- •3.2. Антиденелер - иммуноглобулиндер
- •4. Иммунды қабілетті жасушалар
- •5. Цитокиндер – иммунитет жүйесінің реттеуштері
- •Лимфоциттердің простагландин синтездейтін қабілеті жоқ.
- •6. Иммундық жауап және иммундық торшалардың өзара байланыстары
- •6.1. Иммундық жауап
- •6.2. Иммундық жасушалардың өзара байланыстары
- •Макрофаг
- •6.3. Апоптоз
- •7. Антиидиотиптер, антиидиотиптік торап
- •Комплемент жүйесі
- •Комплемент жүйесінің альтернативтік жолмен белсенуі
- •Комплемент жүйесінің компоненттерінің комплекстері және биологиялық белсенді бөлшектері
- •9. Сілемейлі қабық қорғанысы
- •10. Иммундық комплекстер
- •11. Гистосәйкестік жүйесі
- •12. Иммунологиялық толеранттылық
- •13. Иммундық тапшылықтар
- •13.1. Ілкі және салдарлық иммундық тапшылықтар (ит) жіктелуі
- •V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия
- •Vі. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •Vіі. Фагоцитоздың тапшылығы
- •Vііі. Жергілікті иммунитет патологиясы
- •13.2. Ілкі иммундық тапшылықтар (іит)
- •13.3. Антиденелер өндірілуінің ақаулары.
- •3. Жалпы вариабельды иммунды тапшылығы (жви).
- •Тимомаға байланысты иммундық дефицит.
- •13.5. Ілкі жасушалық иммундық тапшылықтар
- •Айырша без гипоплазиясы (Ди Джордж аномалиясы)
- •13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар
- •Комплемент жүйесінің тапшылығы.
- •13.7 Ілкі иммундық тапшылықтың жұқпалы асқынулары
- •14. Салдарлық иммундық тапшылықтар (сит)
- •14.1. Салдарлық иммундық тапшылықтарының даму жағдайлары
- •14.2. Салдарлық иммундық тапшылықтың жіктелуі
- •1. Құрама (комбинированные) сит
- •3. Лимфокиндер мен оның рецепторлары тапшылығының синдромдары.
- •3.2. Пангипогаммаглобулинемия.
- •III. Аралас иммундық тапшылығы
- •I. Комплемент жүйесінің тапшылығы
- •II. Фагоцитоз тапшылығы
- •15. Иммундық тапшылықтар түрлері
- •16. Жұқпалы аурулардағы иммундық тапшылықтар
- •16.1. Аитв-жұқпасы
- •Аитв-жұқпасының клиникалық жіктемесі (в.И. Покровский, 1989)
- •16.2. Өзге жұқпалы ауруларда болатын иммундық өзгерістер
- •1. Бауыр аурулары және иммундық тапшылық.
- •(А.Г. Коломиец және басқалар, 1992)
- •3. Бактериальды инфекциялардың салдарлық иммундық тапшылықтар
- •17. Қатерлі өспелер және иммундық тапшылық жағдайлар
- •17. 1. Ісік иммунологиясы
- •Эмбриондық ісік антигендері
- •18. Зат алмасуы бұзылғандағы салдарлық иммундық тапшылықтар.
- •19. Көз ауруларындағы иммундық тапшылықтар.
- •20. Хирургиялық операциялардан және жарақаттардан кейінгі иммундық бұзылыстар
- •21. Фертильділіктің иммунологиясы
- •21.1. Жүктіліктің иммунопатологиясы.
- •21.2. Иммунологиялық факторлардың бедеулік дамуындағы рөлі.
- •22. Аутоиммунды бұзылыстар
- •Иммундық статусты бағалау
- •1. Инфекциялық синдром
- •2. Аллергиялық синдром
- •3. Аутоиммунды синдром.
- •4. Иммундық торшалардың көбею синдромы
- •Екі деңгейлі иммунологиялық тексеру
- •23.1. Ілкілік иммундық тапшылықты бағалау.
- •23.2. Гуморальдық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.3 Жасушалық иммунитеттің бұзылуын бағалау.
- •23.4 Туа болған және жүре дамитын комплемент компоненттерінің тапшылығы
- •23.5 Фагоцитоз жүйесінің бұзылуы.
- •24. Иммундық статусты тексеру картасы
- •Нейтрофильді гранулоциттер жүйесі
- •Лимфоциттердің қызметінің белсенділігі
- •25. Иммунитет бұзылыстарын емдеу.
- •Иммунитетті ширату
- •25. 2. Иммунитет белсендіретін препараттардың жіктемесі
- •1. Табиғи қорғаныс факторлары:
- •2. Моноциттер/макрофагтар ширатушылары:
- •25.3. Иммунотропты препараттардың сипаттары
- •26. Цитокиндердің емдік әсерлері
- •27. Иммунитет тежейтін препараттар және цитостатиктер.
- •28. Спецификалық (телімді) иммунотерапия және иммунопрофилактика
- •28.1. Спецификалық (телімді) иммунопрофилактиканы жүргізудің қағидалары
- •29. Аллергия мен иммунитет механизмдерінің бірлестігі
- •29.1. Аллергиялық реакциялардың этиологиясы мен патогенезі
- •29.2. Гиперсезімталдық реакциялары
- •(П. Джеллу және Кумбс 1964)
- •Гиперсезімталдықтың анафилакциялық реакциясының түрі.
- •29.3. Гистамин және антигистаминдік преператтар
- •30. Аллергоздардың диагностикасы
- •31. Аллергиялық ауруларды емдеу қағидалары
- •IV тарау. Аллергоздар
- •32. Поллиноздар
- •33. Тағамдық аллергия
- •34 Микоздық аллергия
- •35. Дәрілік аллергия
- •Дәрі асқынуларының патогенездік жіктелуі (е.С. Белозеров, 1989)
- •Дәрілік аллергия
- •Токсикалық реакциялары:
- •3. Дәрі асқынуларының клиникасы
- •36. ЖӘндіктік аллергия
- •37. Гельминттік аллергия
- •38. Вакциналық және сарысулық аллергиясы
- •39. Аллергиялық риниттер
- •Аллергиялық синуситтер.
- •40. Құлақтың аллергиялық аурулары
- •41. Бронх демікпесі
- •42. Студенттердің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары
- •Жалпы және клиникалық иммунология тақырыптарынан тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •Клиникалық аллергология тақырыбынан тест тапсырмалары
- •1. Аллергия – бұл:
- •2. Аллергологиялық кабинеттің негізгі міндеттеріне не кірмейді?
- •3. Атопия-бұл:
- •4. Гаптен - бұл:
- •Клиникалық аллергология тақырыптары бойынша тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары
- •43 Тұжырым
- •Айырмашылығы
- •43. Иммунологиялық терминдердің қысқаша түсіндірме сөзігі
- •Әдебиеттер
1.2. Иммунитет туралы ұғым
Иммунитет табиғи және жүре пайда болатын немесе арнайы болып екіге бөлінеді. Иммунитет – паразиттерді, бөгде тіндерді, антиген заттарын өлтіріп, бөлшектеп, бейтараптап не болмаса шығарып жіберумен организмнің антиген құрамының тұрақтылығын сақтайтын, органикалық заттарға әмбебап, көпсатылы, күрделі жүретін биологиялық құбылыс.
Табиғи иммунитет терінің, кілегей қабықтардың өткізбейтін және микробтарға қарсы қасиеттерімен, дененің микрофлорасының бәсекелес белсенділігімен, зақымдайтын факторларға тіндердің ареактивтілігімен, макрофагтар мен нейтрофилдердің фагоциттер реакциясымен, табиғи киллерлерімен, комплемент жүйесімен, лизоциммен, интерферонмен және басқа да антимикробтық протеиндермен қалыптасқан. Табиғи иммунитеттің қорғаныс механизмі организмнің даму процесінде антигенге кездеспей-ақ генетикалық жүйенің бақылауымен құрылған. Табиғи иммунитеттің факторлары кісі туғаннан өлгенге дейін өзінің белсенділігін сақтайды, олардың арнайылылық әсері төмен болады. Табиғи иммунитетті тұқым қуалайтын, түрлік, бейспецификалық иммунитет деп атайды.
Табиғи иммунитет – тума, түрлік, тұқымқуалаушылық, конституциялық (құрылымдық) иммунитет. Тұқымқуалайтын иммунитет ұрпақтан ұрпаққа беріледі, өйткені ол генетикалық жағдаймен қалыптасқан, өзгермейді. Түрге тән иммунитет дегеніміз, мысалы адам жел шешегімен малдың ауырмауы немесе ит обасымен адамдардың ауырмауы.
Тұқымқуалайтын иммунитеттің 3 түрі бар:
1. Ісікке қарсы иммунитет
2. Антимикробтық иммунитет
3. Трансплантациялық иммунитет
1.3. Табиғи иммунитет жүйесі.
Жұқпа қоздырушысынан ең бірінші табиғи иммунитет факторлары қорғайды. Патогенді организмге кіргізбейтін және шығарып жіберетін факторлары бар. Олар:
зақымданбаған тері жабылғышы, эпителиялық клеткалар. Микробтарды шығарып жіберетіндер – түкірік, қақырық, көз жасы, зәр және басқалар.
әрбір мүшелердің антимикробтық факторлары. Патогенді микробтарға тұрақтылығы бар асқазан қышқылы, зәрдің және қынап секретінің қышқылдығы, әртүрлі секреттердің антимикробтық факторлары, (май бездері), грам оң бактерияларды ыдырататын лизоцим жатады.
патогенді микробтарға әртүрлі ағзалардың (ішек, қынап, тыныс алу жолдарының) қалыпты бактериялар қарсы тұрады.
табиғи иммунитеттің келесі түрі – клеткалық қорғаныс, оған қатысты клеткалар: мононуклеарлы фагоциттер (моноциттер, тін макрофагтары); гранулоциттер (нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер);
Базофилдер қанда, тінде, тіндік немесе мес клеткалары кездеседі;
Киллерлік клеткалар (К-клетка), табиғи киллерлер (ТК-клеткалар);
Лимфокин белсендірген киллерлік клеткалар (ЛБК-клеткалар).
Мононуклеарлы фагоцитарлық жүйесі, моноциттік-макрофагтар жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: бөгде заттарды фагоцитоздайды және антидене-тәуелді киллингке қатысады. Моноциттер мен тін макрофагтарының бұл қызметі туа пайда болған иммунитетке жатады. Екінші қызметі – моноциттік макрофагтар жүйесінің арнайы адаптивтік иммунитетке қатыстылығында.
Бұл қызметте моноцит–макрофагтар Т-лимфоциттерге (тану үшін) бөтен антигенді ұсынады, цитокиндерді өндіреді. Шеткі қандағы моноциттер, тіндегі макрофагтар дін клеткаларынан бөлінеді. Қанға түскен моноциттер 2-3 тәулік ішінде тіндерге кетеді де макрофагтарға айналады.
Тін макрофагтары:
Плевральдық және перитонеальдық макрофагтар;
Бауырдың жұлдызды ретикулоэндотелиоциттері (Купфер клеткалары);
Альвеолярлық макрофагтар;
Айырша бездегі макрофагтар;
Қызыл жілік миының макрофагтары;
Остеокластар;
Синовиальды клеткалар (А түрі);
Мидың глиалдық макрофагтары (микроглиоциттер);
Бүйректің мезангиалды клеткалары;
10. Аталық безді ұстап тұратын клеткалар;
11. Көкбауыр мен лимфа түйіндерінің дендриттік клеткалар;
12. Тері мен кілегей қабықтың Лангерганс клеткалары.
Макрофагтарда иммунды глобулиндерің (А, М, Е, G кластарының) Fс-бөлшегіне, комплемент компоненттеріне (С3, С1g, С4в, С5а), лимфокиндерге рецепторлары бар.
Макрофагтардың қозғалу миграциясы хемотаксистік заттарға бағытталады. Хемоатрактанттарға комплемент жүйесі, сарысу глобулиндері, лимфокиндер, әртүрлі клеткалардың және ақуыздардың деграданттары жатады. Бұлар макрофагтарды қабыну ошағына жинайды. Макрофагтардың қабыну ошағын хемотаксис ингибиторлары тоқтатады. Оларға – интерферон, гиалурон қышқылы, плазминоген активаторы, трипсин сияқты протеаздар ингибиторлары т.б. жатады.
Макрофагтар комплементтің компоненттерін, вазоактивті пептидтерді (простагландиндер, лейкотриендер, лейкоциттерге хемотаксис факторлары) және ферменттерді (нейтральды протеаза, қышқылды гидролаза) түзеді. Моноциттер мен нейтрофильдер бөтен заттарды жұтып, ыдыратып организмнен шығарып жіберіп отырады. Аяқталған фагоцитоз процесі бірнеше кезеңнен тұрады:
1) фагоцитоз жүргізетін клеткалардың белсенуі;
2) моноциттердің өзін белсендірген антигенге қарай жылжуы (хемотаксис);
3) сол антигенмен байланысуы (адгезия);
4) сол антигенді жұтуы;
5) антигенді қорыту (процессинг).
Жұтылған антигеннің (микробтың) айналасына вакуоль (фагоцитарлық) жиналып, фагосома пайда болады. Осы фагосома цитоплазманың ішінде лизосомаға қарай жылжыйды да, екеуі қосылып, фаголизосома құрады. Фаголизосома жұтылған бөтен затты қорытады.
Лизосомальды гранулалар бірінші және екінші болып бөлінеді. Бірінші гранулаларда көп гидролитикалық ферменттер, миелопероксидаза, лизоцим және катионды белоктар бар. Екінші гранула – арнайы, онда көп сілтілік фосфатаза, лактоферин және лизоцим бар. Егерде фагоциттер жарылса, бірінші және екінші гранулалардың ішіндегісі клетка аралық кеңістікке төгілсе, қабыну процесі дамиды. Мұндай процесті экзоцитоз дейді.
Лизосомальды гранулалардағы заттар бөтен заттарды екі түрлі жолмен ыдыратады:
Оттегінсіз механизм. Гидролиздік ферменттер (протеиназа, катионды белоктар, лизоцим) мукопептидаза болып бактериялардың пептидогликандарын бұзады, ал белок – лактоферрин бактериялардың көбеюіне қажет темірді өзіне белсенді байланыстырады.
Оттегіне байланысты механизм. Миелопероксидазаның қатысымен сутегі тотығымен немесе сутегі тотықты супероксидті анион, синглеттік оттегімен және гидрооксильдік радикалдармен, атомарлы хлормен әртүрлі микроорганизмдерге токсикалық әсер етеді.
Нейтрофилдердің негізгі қызметтері – хемотаксис, фагоцитоз және протеазалар тұзу. Нейтралдық протеазалар кинин-калликреин, қан ұю және ұюға қарсы жүйесін белсендіреді, айналасындағы тіндерді зақымдайды.
Эозинофилдер организмге үлкен гельминттерден құтылуға көмектеседі. Оның протоплазмасында катионды белоктар және пероксидаза, ал түйіршіктерінде – арилсульфатаза В, фосфолипаза Д және аллергияға қарсы әсері бар гистаминаза орналасқан. Белсенген эозинофилдер лейкотриен-4–ті көп шығарады.
Эозинофилдердің иммуноглобулиндердің G және Е класының Fс бөлігіне және белсенген С3в-ға рецепторлары бар. Эозинофилдер С3в рецепторымен, гельминттермен байланысып, өзінің белсенген заттарын шығарып, гельминттерді зақымдайды. Эозинофилдердің хемотаксис, фагоцитоз жүргізетін, белсенген оттегін шығаратын қабілеті бар.
Шеткі қанда базофилдер, тінде «мес клеткалары» – бір тұқымдас клеткалар. Тін базофилдері қан тамырларының маңында орналасқан. Мес клеткалары, әсіресе, теріде және өкпеде көп. Бұл екі клетканың гранулалары гистаминнің депосымен қоса, гистамин гепаринмен байланысқан гистамин қоймасы. Олардан басқа онда серотонин және баяу реакция беретін зат - анафилаксин, нейтрофилдер хемотаксисі бар. Осы клеткалар хемотаксис пен фагоцитоз жүргізе алады. Бұлардың үстінде IgE-нің Fc бөлігінде күшті аффинді рецепторлары бар. Организмде пайда болған IgE бұлармен байланысады да, антиген кездескенде онымен де қосылады. Сөйтіп, базофилдер мембранасының үстінде антиген-антидене реакциясы жүріп, гранулалардың биологиялық белсенді заттары белсеніп клетка сыртына бөлініп төгіледі (дегрануляция реакциясы). Сонымен гиперсезімталдықтың жедел реакциясы жүреді. Тіндер базофилдерінің дегранулациясы салдарынан тіндер-тамыр өткізгіштігі жоғарланып, қанның сұйығы қан айналымынан шығып, тері қызарып ісінеді, қышып ауырады. Тіндер базофилдері қан ұю процесін бөгеп, фибринолизде, калликреин-кинин жүйесін және арнайы факторлар мен тромбоциттерді белсендіреді.
Тромбоциттерді белсендіретін фактор – жедел жүретін аллергиялық реакцияның медиаторларына жатады. Бұл факторды базофилдер, нейтро-филдер, эозинофилдер, макрофагтар және өкпе тамырларының эндотелиялық клеткалары шығарады. Тромбоциттердің агрегациясын дамытып, серотонин босанып шығады. Арахидон қышқылының метаболиттері де (тромбаксин В2) тромбоциттердің агрегациясын береді. Тромбоциттердің белсенуі аллергиялық реакцияның және иммундық қабынудың маңызды компоненті болып саналады.
Табиғи иммунитетке табиғи киллер (ТК), киллерлер (К) және лимфокинбелсендірген киллерлік клеткалар (ЛБК) жатады.
ТК және К клеткалары нысананы сенсибилизация өтпей-ақ тіке ерітеді, ТК клеткалар ісік және ішінде вирусы бар клеткаларға өте белсенді. Ондай цитолизды кенет жасушалық цитотоксикалық дейді.
ТК-клеткалар үстінде интерферон және интерлейкин-2 (ИЛ-2) рецепторлары орналасқан. ТК-клеткалары ісіктен және жұқпалы аурулардан қорғайтындықтан, олардың қызметін «иммундық бақылау» деп атайды. ТК-клеткалары әртүрлі биологиялық-белсенді заттарды (альфа және бета-интерферондарды, ИЛ-1, ИЛ-2, лимфотоксин) шығарып иммундық процесті реттеуге қатысады. ТК-клеткаларының позитивтік иммунитет реттеуі интерферонмен және ИЛ-2-мен жүреді, ал негативтік-простагландин Е2 мен сарысудың протеиназа ингибиторларына байланысты.
ТК-клеткалар мембранасында антигенді таныйтын рецепторлары жоқ, бірақ иммунды глобулиндердің Fc-бөлігінде антиденеге рецепторы арқылы байланысты клеткалық киллинг жүргізіледі. ТК-клеткалар үстіндегі арнайы антиген белсендіретін рецепторлармен антигенді таныйды. Сонымен бірге киллинг тоқтататын рецепторлары да табылған. Ол рецептор сондай лигандпен байланысып нысана-клетканы бұзудан қорғайды. Адамның барлық ядросы бар клеткаларында лиганды басты гистосәйкестік комплексінің 1-класс антигені орналасқан.
Жай киллер клеткалар (К) үстінде иммунды глобулин G-ның Fc-бөлігіне рецептор бар. Үстінде иммунды глобулин G байланған антигенді ыдыратады. Мұны Е. Moller 1965ж. ашып, антиденеге байланысты «цитоксикалық клеткалар» деген. Антигенмен байланысқан иммуногло-булин G-дың Fc-бөлігі мен К-клетканың бірігуі цитотоксикалық әсер етеді. Бір К-клетка бірнеше нысана-клеткаларды бірінен соң бірін ыдыратады. К-клеткалары кейбір аутоиммундық аурулардың (қызыл жегі, гломерулонефрит, созылмалы гепатит) дамуына қатысады.
Туа пайда болатын табиғи иммунитетте лимфокин белсендірілген киллерлерде (ЛБК-клеткалар) маңызды рөл атқарады. Бұл лимфоциттерді ИЛ-2 белсендіргенде, оларда киллинг эффект пайда болады.
Туа пайда болатын табиғи иммунитеттің келесі факторы – гуморалдық. Қалыпты қан сарысуы грам теріс бактерияларды ыдыратады. Онда табиғи антиденелер организмге түскен микробтармен байланысып, комплементті белсендіріп, микробтарды ыдыратады. Бактериялардың клетка қабырғасы екі қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – липополисахарид, ішкісі – пепти-догликандар. Антидене мен комплементтің эстеразасы сыртқы қабатты ыдыратады, одан соң қан сарысуындағы лизоцим пептидогликандық қабатты бұзады.
Өте маңызды белок – пропердин, комплементті альтернативтік жолмен белсендіреді.
Табиғи иммунитеттің келесі факторы – бета–лизин, антибактериальдық белок. Ол тромбоциттер ыдырағанда пайда болады, грам оң бактериялардан бірінші қорғаныс болып саналады.
Туа болатын табиғи гуморалдық иммунитеттің факторы – интерферон-дар, белоктар. Бұларды вирусы бар клеткалар шығарады, басқа клеткаларды вирустың зақымдауынан қорғайды. Зақымдалған клеткалардан шыққан интерферондар көрші клеткалардағы вирусқа қарсы белсенді белоктарды шығаруын күшейтеді. Осы белок вирустардың мДНҚ әсер етіп вирустардың көбеюін тоқтатады.
Интерферонның үш түрі белгілі.
альфа-интерферон - лейкоциттер шығарады, вирустар немесе синте-тикалық полинуклеотидтердің әсерімен өнеді;
бета-интерферон - фибробластардың секретімен шығады, вирустар немесе синтетикалық полинуклеотидтердың әсерімен өнеді;
гамма-интерферонды немесе иммундық интерферонды арнайы антиген әсерімен кейін Т-лимфоциттер (хелпер-1) шығарады. Гамма- интерферондар Т-лимфоциттерді, макрофагтарды, ТК-клеткаларды белсендіреді.
Лактоферрин гуморалдық антимикробтық белсенділікті көрсетеді. Бұл белок бактериалық клеткалардың зат алмасуына керек темірді өзіне байланыстырады. Трансферрин – фагоциттердің ішіндегі сарысудың бета-глобулины да осындай қорғаныс жүргізеді.
Сілекей мен сүтте (ананың) лактопероксидаза бар, оның бактерицидтік әсері миелопероксидазаға ұқсас.
Лизоцим (муромидаза) жасушаларда және сұйық ортада (көз жасы, сілекей, мұрын секреті т.б.) әртүрлі бактерияларды белсенді жояды.
Табиғи иммунитеттің кемшілігі:
организмге бөтен агент түскенде туа қалыптасқан иммунитеттің барлығы жаппай қатысып, кейде оның кері әсерлері пайда болады;
туа болған иммунитеттің агентті анықтау қызметі жоқ, сондықтан арнайы реакциясы да жоқ;
иммунологиялық естелік қалмайды.
1.4. Адаптивтік арнайы иммунитет - жүре пайда болатын иммунитет. Иммунитет жеке адам өмірімен ғана байланысты, тұқымқуаламайды. Ол белсенді және енжар түрге бөлінеді. Иммунитет жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін немесе оларға қарсы егуден кейін пайда болады. Мұндай иммунитетті белсенді иммунитет дейді. Мысалы, қызылшамен, жел шешекпен ауырғандарда иммунитет өмір бойы қалады. Ал гриппен ЖРВИ кейін - 2-3 жыл ғана сақталады. Вакцина еккеннен кейін пайда болатын иммунитет белсенді иммунитеттің бір түрі. Егілгеннен кейінгі иммунитет 14 күннен кейін пайда болып, бірнеше айдан 5 жылға дейін сақталады (ауруына байланысты).
Иммунитет - жеке кісілік және коллективтік (ұжымдық) болып бөлінеді.
Жасанды-пассивті (енжар) иммунитет - ауырған немесе егілген адамнан (жануардан) алынған иммундыглобулинді еккенде пайда болады. Ол, мысалы, анадан плацента арқылы балаға беріледі. Мұндай жағдайда иммунитет 6 айға дейін сақталады. Бұл аналық иммунитет, ең бірінші жүре пайда болатын иммунитет. Пассивті иммунитет тез қалыптасып, екеннен кейін 1 ай бойы ғана сақталады.
Инфекциялық иммунитеттің бір түрі - таза емес, жұқпалы иммунитет. Ондай иммунитет аурудың қоздырғышы организмнен тазарғанша сақтала-ды. Мысалы: туберкулез, бруцеллез аурулары. Кейбір вирустардың организмде көп уақыт сақталуы да жұқпалы иммунитет беруі ықтимал.
Кейбір ауруларда жергілікті иммунитеттің де маңызы зор. Бұл эволю-циялық қалыптасуға байланысты (JgA, интерферон, лизоцим), қорғаныс заттарының табылуына байланысты шыққан ұғым. Көп авторлар жергілікті иммунитет жалпы иммунитеттің жеке көріністерінің бір бөлігі деп атайды.
Трансплантациялық иммунитет-трансплантат пен рецепиенттің антиген-дерінің гистосәйкестігі бір-біріне дәл келмегенде, трансплантанттың анти-гендерінің индукциясымен трансплантатты бөліп, некрозға ұшырататын иммунитет. Клеткалық иммунитеттің бір түрі, элиминация қызметін атқаратын Т-лимфоцит-киллерлердің пайда болуымен жүреді. Цитотоксика-лық және гиперсезімталдықпен жедел жүретін иммундық комплексттер варианттары дамуының маңызы зор. Трансплантациялық иммунитет көбінесе трансплантатқа қарсы немесе кейде трансплантат реципиентке қарсы (трансплантат сүйек миы болғанда) дамиды.
Жүре пайда болатын арнайы иммунитет Т- және В- лимфоциттерімен жүреді. Антигендердің түріне байланысты иммундық жауап клеткалық және «гуморалдық» иммунитет болып бөлінеді. Клеткалық иммунитеттің дамуы Т-лимфоциттер мен оларды жетілдіретін айырша безге қатысты. Клеткалық иммунитеттің эффекторлары: сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер және олар өндіретін лимфокиндер. Клеткалық иммунитетті бағалау үшін алдымен Т-лимфоциттерді және олардың субпопуляцияларын (Т-хелперлер-1, Т-киллерлер, Т-эффекторлар, Т-супрессорлар) анықтау қажет.
Антивирустық иммунитет клетка ішінде орналасқан вирустарды жоюға бағытталған клеткалық иммунитеттің цитотоксикалық вариантын шақырады.
Клетка сыртындағы микробтар гуморалдық иммунитет жауабының индукциясын береді.
Гуморалды иммунитеттің эффекторлары – иммунды глобулиндер. Гуморалды иммунитеттің дамуы В-лимфоциттерге байланысты. Олардың бақылауын құстарда Фабрициус қалтасы, сүтқоректілерде сүйек миы, басқадай лимфа жүйесі жүргізеді. Иммунитет деңгейін антиденелердің авидтілігімен, В-лимфоциттердің және иммунды глобулиндердің (А,G,M, E) жалпы санымен анықтайды.