Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга Жуманбаев каз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.95 Mб
Скачать

13.6. Өзге ақауларға байланысты иммундық тапшылықтар

1. Созылмалы грануломатозды ауру (Вискотт-Олдридж ауруы). Вискотт-Олдридж ауруы (ВОА) Х-хромосомына тіркескен иммундық тапшылық. Геннің әртүрлі мутациясы белгілі. Т-бағынышты иммунды жауап болмайды.

Вискотт бірінші рет қайталама гемодиареясы мен тромбоцитопениясы бар еркекті байқаған. Сонымен бірге олардың экземаға және іріңді ауруларға, оппортунистік инфекцияларға бейімділігі болған, әсіресе жиі бактериальды синуситтер, пневмония және менингиттермен ауырған. Қатерлі ауруларға да бейімділігі өте жоғары. Барлық табылған ісіктердің лимфома екені анықталған және ол миға метастаз берген.

Вискотт-Олдрич синдромы - тромбоцитопения, экзема, жиі инфекциямен сипатталады. Ауру ұл-нәрестелерде туған күнінен басталып, геморрагиялық синдроммен, ішектен қан кетуімен, дамымалы экземамен, жұқпалы аурулардың дамуымен білінеді.

Ауруды анықтағанда пациенттердің сарысуында IgM-ның деңгейі төмен, ал IgА мен IgЕ – жоғары болады. Т-лимфоциттердің саны өте азайған, В-лимфоциттердің саны көбейген, Т-лимфоциттері митогенге in vitro нашар жауап береді, баяу жүретін аллергиялық реакция жоқ.

Емі – иммуноглобулиндер егу, спленэктомия және сүйек миының трансплантациясы.

Луи-Бар синдромы (атаксия-телеангиэктазия) иммунитет тапшылығымен жүретін, (аутосомды-рецессивті) тұқым қуалайтын неврологиялық ауру. Ауру 2-3 жаста немесе одан кейін басталады.

Күн сәулесі түскенде телеангиэктазиялар, атаксия, витилиго және пигментті дақтар пайда болады. Науқастарда IgА мен IgЕ деңгейі және Т-лимфоцитердің функциясы төмен, баяу жүретін аллергия жақсы білінеді.

  1. Комплемент жүйесінің тапшылығы.

С1-эстераза ингибиторларының тапшылығы. Аутосомды доминантты жолмен тұқым қуалайды, комплемент жүйесінің С1 компоненті азайып, Т-В- лимфоциттерінің деңгейі қалыпқа жақындайды.

Клиникасы: тамағында орналасқан ангионевроздық ісік (ларингостеноз), ісік аяқ-қолында, ішінде және тағы басқада мүшелерде болады.

Біріншілік иммунды тапшылықтың генетикалық ақаулығын білудің маңызы зор. Келекшекте оған ген трансплантациясын жүргізуге болады.

Хемотаксис ақауы. Бұған қайталама ауыр жұқпалар, микроабсцестері білінетін “еріншек лейкоциттер” синдромы жатады. Кенеттен пайда болатын фагоциттердің миграциясы мен хемотаксис ақаулығына қосылса, ауыр нейтропениямен жүреді.

Актин дисфункциясының синдромы - мономерлі G-актині мен полимерлі F-актині полимеризациясының кемшілігі хемотаксис пен фагоцитоздың басылуымен сипатталады. Жасушалар үсті жақсы жазылмайды, бірақ лизосомальды ферменттерді көптеп шығарады.

Ауруларда әртүрлі қоздырушылар шақырған рецидивті жұқпалар жиі, жасушалық қабыну реакциялары басыңқы болады.

IgE гиперглобулинемиясы. Ауруларда жасушалық хемотаксис кемшілігі мен сарысудағы хемотаксис ингибиторларына байланысты хемотаксис нашар, Джоба синдромындағы жасушалық тапшылығы (хелпер-1) хемотаксис кемшілігіне байланысты, IgE гипериммуноглобулинемиясы мен циклді нейтропениясы, қызба мен тері жұқпалары, атопиялық іріңді дерматит, тері астының “суық” абсцестері дамиды. Созылмалы тері-шырыш қабық кандидозы, көбінесе гипериммуноглобулинемия E- мен жүреді. Дегрануляцияның кемшілігінен фагоциттердің хемотаксисі және олардың киллингі де нашарлайды. Пациенттер бактериальды жұқпамен ауырады. Ішектің Крон ауруының қабынған түрі хемотаксистің әлсіреуімен жүреді.

Пелгер-Хюета аномалиясы - аутосомды-доминантты тұқым қуалайтын ауру, фагоциттердің хемотаксисінің бұызылуымен және олардың ядроларының толық сегментацияға ұшырамауымен сипатталады.

Ихтиоз - хемотаксистің кемшілігімен, трихофитонның қосылуымен көрінеді. Хемотаксистің әлсіреуі аутоиммунды (ревматоидтық артрит, СКВ), периодонттық ауруларда, бактериальды, вирусты жұқпаларда, күйікте, т.б. кездеседі.

Киллинг кемістігі - ілкі иммунитет тапшылығы болып саналатын созылмалы грануломатозды ауруда білінеді. Бұл Х-хромосомамен байланысқан немесе аутосомды - рецессивті жолмен беріледі. Фагоцит жасушалардың тапшылығы НАДФН және НАДН-оксидазаларға, глутатионпероксидазаға, глутатион-редуктазаға және глюкоза-6-фосфат дегидроназаға байланысты. Бұларда белсенді оттегі радикалының құрылуы азайған, сондықтан фагоциттердің киллерлік қасиеті өте төмендейді. Нәрестелердің өмірінің бірінші күндерінде пиодермия, іріңді лимфадениттер, әсіресе шат лимфа түйіндері қабынады. Заңды түрде жайылған плевропневмония дамып, жоғарғы температурамен, лейкоцитозбен, ЭТЖ-жоғарылауымен жүреді.

Чедиак-Хигас синдромы-хемотаксистің, дегрануляцияның бұзылуымен, лизосомальды мембраналық ақауымен және бактериялардың клеткаішілік киллингінің баяулауымен көрінетін қосынды (күрделі, аутосомды рецессивті берілетін) кемістік. Ауруларда шамалы альбинизм, фотофобия, нистагм байқалады. Клиникасында пиодермия, тыныс алу жолдарының жұқпалары, гепатоспленомегалия, лимфаденопатия, панцитопения дамиды. Болжамы жаман.

Миелопероксидазаның тапшылығы. Тұқым қуалайтын ауру, аутосомды-рецессивті жолмен беріледі. Фагоциттерде миелопероксидазаның жетіспеуі киллингті нашарлатады. Миелопероксидазаның жетімсіздігі жүре пайда болады. Науқастарда ауыр бактериальды жұқпалар, летаргиялық энцефалит және басқалар дамиды.

Фосфорглицераткиназа тапшылығы - фагоциттердің киллинг жұмысының кемшілігімен сипатталады.

Лад-тапшылығы. Бұл туа пайда болатын жасушалардың адгезиясындағы молекулалар экспрессиясының кемшілігі, лейкоциттердің функциялары өте көп бұзылады. Мысалы, клеткалар мембранасында интегрин (LFA-1, Mac-1, р150, 95) экспрессиясының кемшілігі бар аурулардың кіндік бауы баяу бөлінеді, олар ауыр жұқпамен қайталап ауырады және оларда лейкоцитоз, іріңдеу, жоғарғы температура, периодонтит дамымайды. Кейбір ауруларда бета-тізбегінің әртүрлі антигендерінің экспрессиялары қосымша кемшіліктер береді. Науқастардағы әртүрлі жасушалардың кемшіліктері бір-біріне ұқсас болмайды. Ақаулықтың себебі бета тізбегі түзілуінің немесе олардың клетка мембранасындағы интегрендердің альфа-субъединицаларымен қатысуының бұзылуына байланысты.

Экспрессия кемшілігінен лимфоциттердің қызметі бұзылады. Кейбір ауруларда Т-киллерлердің, НК- жасушалардың цитотоксикалық функциясы тіптен болмайды. ФГА-ға пролиферативтік жауап сақталған, LFA-1 антигенінің кемшілігінде гипогаммаглобулинемия және митогенге иммуноглобулиндердің in vitro түзілуі жоқ.

Антигендер экспрессиясының кемшілігінен фагоциттердің функциялары да әртүрлі бұзылады. Ол антигендердің әртүрлі жасушаларға баруына байланысты әрбір науқастарда бірдей емес.

Экспрессияның төмендеуі немесе фагоциттер мембранасында интегриндердің болмауына мынадай өзгерістер жатады: адгезияға, жойылуға, агрегацияға, кенет миграцияға, хемотаксиске қабілеті болмайды. Жасушалар байланысатын СR-3-, CR-1 және FC-рецепторлары, белсенген оттегі радикалдар генерациясы, АТ-тәуелді клеткалық цитотоксикалығы да жоқ.